Абай Құнанбаев

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 07:24, реферат

Описание

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбаев қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы Шыңғыс тауының баурайындағы Қасқабұлақ деген жерде туған. Шыққан ортасы — ауқатты, тобықты руының белгілі ел билеушілері боллған. Әкесі Құнанбай кезінде болыс, аға сұлтандық қызметтер атқарған. Ал атасы Өскенбай, арғы атасы Ырғызбай — өз заманының атақты билері.

Работа состоит из  1 файл

Абай Құнанбаев.docx

— 351.70 Кб (Скачать документ)

АБАЙ  ҚҰНАНБАЕВ (1845-1904)

Балалық және жастық шағы

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбаев қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы Шыңғыс тауының баурайындағы Қасқабұлақ деген жерде туған. Шыққан ортасы — ауқатты, тобықты руының белгілі ел билеушілері боллған. Әкесі Құнанбай кезінде болыс, аға сұлтандық қызметтер атқарған. Ал атасы Өскенбай, арғы атасы Ырғызбай — өз заманының атақты билері.


Құнанбайдан —  Құдайберді, Төңірберді (Төкежан), Абай, Ысқақ, Оспан, Қалиолла (жас кезінде өлген), Ысмағұл деген жеті бала туған. Солардың ішінде Абай жас кезінен-ақ ерекше көзге түсіп, келешегінен үлкен үміт күттірген. Сырт көзге момын және сөзге иланғыш, аңқау Абай жас кезінен өлең, әңгімеге әуес болады, ертегі-аңыздарды кұмарта тыңдайды. Әжесі Зере мен анасы Ұлжанның аузынан естіген ерітегі-аңыздар — Абай сусындаған халық әдебиетінің алғашқы үлгілері.

Кішірек кезінде ауыл молдасынан аздап сауат ашқан Абайды әкесі он жасында Семейге оқуға жібереді. Әуелі ол Ғабдул-Жапардың, кейін Ахмет-Ризаның медресесінде оқиды. Болашақ ақын өзімен сабақтас шәкірттерден анағұрлым үздік . Мектепте жүргізілетін дін сабағын жеңіл меңгеріп, , парсы тілдерін үйренеді, бос уакытын кітап оқуға, өз бетімен ізденуге жұмсайды. Шығыстың классик ақындары Низами, Сағди, Хафиз, Физули шығармаларымен, ертегі, , қиссалармен Абай осы кезде танысқан.

Балалық шағындағы өлең жазамын деген талабын:

Физули, Шәмси, Сайхали,

Науаи, Сағди, Фирдоуси,

Хожа Хафиз  — бу һаммәси,

 Мәдәт бер я шағири фәрияд! -

Шығыс ақындарына сиынудан бастауы да Абайдың оларға деген сол кездегі ынтасын байқатады. Медреседегі уағыздармен шектеліп қалмай, араб, парсы, түркі

тілдерін игеру арқылы шығыс классиктерін оқып-үйренуге жетуі — Абайдың аса зор табысы.

Медресенің соңғы  жылында Абай, мұсылманша оқумен қатар, Семейдегі "Приходская школаға" түсіп, үш айдай орысша да оқыған. Бұл — Абайдың кейін орысшаны өз бетімен үйреніп, игеріп кетуіне негіз болған.

Он үш жасында  Абайды әкесі Құнанбай оқудан шығарып, өз қасына алады да, ел билеу ісіне баули бастайды. Ел басқару кызметінде өз орнымды басар ұлым осы ғой деген үмітпен, Абайға әр түрлі жол көрсетіп, тәрбиелейді.

Ел ісіне араласу  — білімді, саналы, ойлы жас Абайдың  ел танып, жер танып есеюіне, халықтың әдет-ғүрып, тұрмыс-салтын терең танып-білуіне жол ашады. Әкесіне ере жүріп, ол сол кездегі шешен-билердің ортасына түседі. Солардан сөз үйреніп, билікке керек қазақтың ескі сөз, жөн-жобасын, мақалдап, тақпақтап айту үлгілерін зерттейді. Бұл жол Абайды халықпен жақындастырады. Ол ескі әңгімелерді халық ішінен үйренеді. Сол әңгіме-жырлардағы елдің зарын, мұңын, әкімдер қиянатынан көрген зәбірді, ел ақындарының атқамінерлер жайындағы сынын көп естиді. Сөйтіп, бір жағынан, Шығыс, орыс мәдениетінен хабары бар Абай ел тарихымен таныса келе, ақыл-ойы толысып, көзге түсе бастайды. Балалықпен ерте қоштасып, ел ісіне араласқан ол елдің тұрмыс-тіршілігін, атқамінер әкімдердің қиянаттарын, шаруасы шайқалып жүдеген кедей шаруаларды, барымта-бақталастықты, содан туған лаң-пәлелерді көреді. Өздері надан, ел тағдырын ойламайтын басшыларға сынай карайтын болады. Мұның бәрі Абайға әке жолын ұстаудың жетімсіздігін, халыққа жақын басқа жол іздеу қажеттігін аңғартады.

Осыдан бастап Абайдың әкесі Құнанбаймен, оның маңындағы қошеметшіл топпен ісі мен сөзі бір жерден шыға бермеген. Бірде Құнанбай ез баласының халықшыл мінездерін ұнатпай оған: "Сен жұрттың бәрімен күліп сөйлесесің, жайдақ су сияқтысың. Жайдақ суды ит те, құс та жалайды, кісіге қадірің болмайды. Көрінгенмен жақын боласың, кісі танымайтын желбегей жүрген кісінің басына ел үйірілмейді", — деп мін тағады. Әкесіне жауап ретінде Абай: "Қолында құралы бар бірен-саранға ғана тиетін шыңыраудағы судан қойшы-қолаң, жарлы-жақыбайдың бәріне бірдей пайдасы тиетін жайдақ су артық деп білемін", — депті.

Бүл жағдайлар  — халықтың өмір сүруі мен келешегіне түрліше көзқарасы қалыптаса бастаған Абайдың ел билеу қызметінен шеттей бастауына әкеледі. Ендігі жолды ол кітаптан, озық елдердің мәдениетінен іздейді.

"Ізденіс  жолында"

Өнер-білім жолындағы ізденісін Абай өз бетімен үйрену арқылы дамытады, орысша кітаптарды көп оқиды. Семей кітапханасынан кейде өзі барып, кейде арнайы кісі жіберіп, кітаптар алдырады. Қысқы айларда қалада ұзақ жатып, кітапханада отырып, түрлі тақырыптағы кітаптарды оқитын болады. Сөйтіп жүріп, ол 1870 жылы Петербургтен жер аударылып келген жас төңкерісшіл Е.П. Михаэлиспен кездеседі. Кітапханада Л.Толстой кітабын сұрап тұрған қазақты көріп таңырқаған Михаэлис оған таяп келіп, жөн сұрайды. Осылайша басталған екеуінің таныстығы кейін үлкен достыққа айналады.

Михаэлис Петербург  университетінің студенті болып  жүріп патша үкіметіне жақпайтын сөз-әрекеттері үшін осында жер аударылған. Ол Н.Г.Чернышевскийдің жолын қуған және онымен жақын таныс болған. Соның көмегімен Абай ендігі жерде керек кітаптарды іріктеп, жүйе-жүйемен оқитын болады. Ол орыс, батыс әдебиеттерін, философиялық, қоғамдық дамудың мәселелерін қарастырады, осыдан барып Абай: "Дүниеге көзімді ашқан — Михаэлис", — деген. 1880 жылдарда Михаэлис арқылы ол Долгополов, Леонтьев сияқты айдауда жүрген демократтармен танысады. Бұл жылдары Абай орыс әдебиетінің классиктері Пушкин, Лермонтов, Салтыков-Щедрин, Некрасов, Толстой шығармаларын және Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов сияқты революцияшыл-демократтардың еңбектерін оқиды. Еуропаның бірталай ақындары мен ғалымдарының, ежелгі заман даналарының туындыларымен танысады. Олардың ішінде Сократ, Платон, Аристотель, Байрон, Гете, А.Дюма, Спенсер, Льюис, Дарвин, Дрепер тағы басқалардың шығармалары кездеседі. Сол арқылы Абай әдеби білімін, дүниетанымын кеңейте түседі.

Ақынның халқын ғылым, өнер жолына үндеуі мен демократтық көзқарасты қабылдауы, өмір шындығын терең танып, қоғамдық қайшылықтарды өткір сатира тілімен аяусыз шенеуінің бір тамыры осы мұраларда жатыр. Олар Абай бойындағы ақындық талантты оятты, оның жетіліп, дамуына жәрдемдесті. Оған дейін ойын-сауықтарда өзіл-қалжың ретінде шағын шумақтарды суырыпсалып айтқаны болмаса, ол ақын болуды мақсат етпеген. Оның өлеңдерінің жүйелі, ақындық үлгіде жазылуы 1882 жылдан басталады. Бұл жылы жазылған "Қан сонарда бүркітші шығады аңға" және Лермонтовтан аударған "Бородино" өлеңдері -Абайдың ақындығын өзіне де, өзгелерге де мойындатқан шын мәніндегі көркем туындылар. Мұның алғашқысында ақын қазақтың аңшылық өнерінің суретін нанымды әрі көркем етіп көз алдыңа келтіре жырлаған. Лермонтовтың "Бородино" атты өлеңін қазақшаға дәл, түпнұсқаға жақын етіп аударуға тырысқан. Бірақ өлеңнің тек алғашқы шумақтары ғана сақталған.

80-жылдардың орта кезінен бастап, Абай ақындық жолға біржола бет бұрады. Бұл кездегі оның өлеңдерінің қай-қайсысы болсын — толысқан ой-сананың жемісі. Бұған дейін арагідік жазған өлеңін өз замандасы Көкпай атынан таратып жүрген Абай 1886 жылдан бастап өз атына көшірген. Бұл жағдайды Көкпай ақын былай деп еске түсіреді:

"1880 жылдан  бастап, 1886 жылға шейін Абай әрбір  өлеңді жазып жүрді. Бірақ бұл уақыттағы сөздерінің барлығын "Көкпай сездері" деп жүргізді. Кейін Омбыда "Дала уалаяты" мен "Серке" газеті шықканда, бірер өлеңін тағы да менің атымнан жіберді. Осы хал 1886 жылға шейін келді де, сол жылдың жазында ел жайлауға шықты. Абай аулынын ең өрістеп барып орнықпақ болған жайлауы Бақанас өзенінің бойы еді.

Көш жүріп кетті. Біз Абаймен бірге бірнеше  кісі болып, артынан келдік. Осы жылы Абай аулында доктор Долгополов та қонақ еді. Ауыл Бақанастың бойындағы Көпбейіт деген жерге қонып жатыр екен.

Абай қонып  жатқан ауылды көріп: "Осы суретті  өлең қыл", — деді. Мен біраз өлең қылып едім, жақтырмады да, өзі жазбақшы болды. Сонымен үй тігіліп болып, бәріміз жайланған соң, Абайға келіп едім: "Өлең Көкшенің бойынан асайын деді ғой",—деді. Мен: "Асса, басында мен қолқалап алған нәрсе емес еді, енді өзіңіз ретін тауып, қайтып аларсыз",—деп қалжыңдадым. Сөйтсем, сол күні "Жаздыкүн шілде болғанданы" жазған екен, оқып берді. Өзі жазған сөзіне ең алғашқы рет, аз да болса, қанағат қылғанын көргенім сол. Менің қалжыңыма орай қылып: "Сен соғымыңа бір ту бие ал, мен енді өлеңімді өзім алайын", — деді.

Осы жылдардан  бастап Абай өлеңді үзбей жазуға тырысқан. Бірақ ел арасындағы шиеленіскен тартыстар оның әдебиетпен бірыңғай шұғылдануына мүмкіндік бере бермеген.

"Дүние де өзі, мал да өзі"


1995 жылы  жарық көрген

"Абай" эяциклопедиясының

мұқабасы




Абайдың ақындық жолға бет бұрғандағы алғашқы сөзі мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналады. Оның 1885 жылы жазған "Жасымда ғылым бар деп ескермедім" өлеңі бұл тақырыптағы тұңғыш шығармасы болумен қатар, ақынның сөз өнері жолындағы жаңа ізденісін де танытады. Абай мұнда, ең алдымен, жаңа үлгідегі ақынға керек ғылым жайын сөз етеді. Ғылым-білімді кезінде зерттей алмағанына өкініш білдіреді. Өз қателігін балаларын оқытумен түзеуге бет алғанын айтады.


Сонымен қатар ол "Қызмет қылсын, шен алсын" деген халық мүддесіне жат тәрбие жайын мінеп, сынайды.

Жасымда ғылым  бар деп ескермедім,

 Пайдасын көре тұра тексермедім.

 Ер жеткен  соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Баламды медресеге біл  деп бердім,

 Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.

Бұл — өткенге кұр өкіну емес, келешекте жастардың өзі тәрізді опық жеп қалмай, білім мен өнер қуатын шағын бос өткізбей еңбектенуіне жөн сілтеу. Шығарма Абай ақындығының халықтық, ағартушылық мақсатқа қарай бет алғандығының белгісі тәрізді. Кейінгі туындыларында ақын бұл идеяны тереңдете түседі.

1886 жылы Абай "Ғылым таппай мақтанба", "Интернатта оқып жүр" деген өлеңдер жазды. Мұның алғашқысы ұстаз ақынның кейінгі ұрпаққа айтар өсиеті түрінде жазылған. Бүкіл өлең бойына Абай "ғылым" деген сөзді қайталап айта отырып, адам бойындағы қазынаның үлкені және әрбір жігерлі жастың талпынатын арманы — ғалым болуы керектігін түсіндіреді.

Ғылым таппай мақтанба!

Орын таппай баптанба!

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге, —

дейді ол. Сөйтіп, ғылымға берілудің, ғалым болудың  жолдарын әңгімелейді.

Ғалым болмай немене,

Балалықты қисаңыз.

Болмасаң да ұқсап  бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

"Ондай болмақ қайда?" деп,

Айтпа, ғылым  сүйсеңіз!

Сізге ғылым кім бірер,

Жанбай жатып  сөнсеңіз.

Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз, — дейді.

Ғылым жолы — әділдік жолы. Оны ұстаған адам ескі жолмен жүре алмайды.

Надандарға бой  берме,

Шын сөзбенен өлсеңіз.

Немесе:

Надандықпен кім  айтса,

Ондай түпсіз сөзге  ерме, —

дегенде, ол ғылым  үйренетін жастың қараңғы, надан  қауымнан өзгеше болуын қалайды.

"Интернатта  оқып жүр" өлеңінде Абай әлгі ойларына тың пікірлер қосады. Мұнда, сыншылдық басым. Ақын патшалық ел билеу жүйесіне, оқыту тәртібіне сын айтады. Халыққа пайдалы емес, залалды болып шығатын әкімдер мен шалағай төрелердің оқудағы мақсатын көрсетеді.

Орыс тілі, жазуы 

Білсем деген  таласы

Прошение жазуға

Тырысар, келсе шамасы.

Ынсапсызға не керек,

 Істің ақ пен қарасы.

Нан таппаймыз  демейді,

Бүлінсе елдің  арасы,

...Аз білгенін көпсінсе,

Көп қазаққа епсінсе,

Кімге тиер панасы?

Ақын мұндай мақсатпен ғылым қууды қуаттамайды. Олардың "Иә тілмаш, иә адвокат" болу ниетіне Салтыков пен Толстойды әдейі қарсы қояды. Толстой мен Салтыков-Щедрин сынап, масқаралаған орыс шенеуніктерінің бейнесін олардың есіне салады.

Тіл мен теңеу, түр жағынан алғанда да, "Интернатта оқып жүр" өлеңі — жаңалығы бар шығарма. Осы өлеңде Абай "интернат", "военный қызмет", "прошение", "адвокат", "здравомыслящий", "коренной", "счет", т.б. орыс сөздерін қолданады. Оларды ұйқастыра отырьш, еркін пайдаланады және оларды ақын орыс мәдениетін үгіттейтін өлеңге әдейі кіргізген.

Озық мәдениет пен ғылымды, білімді игерген жаңа адамның бейнесін ақын кейін өз ұлы Әбдірахман (Әбіш) өліміне байланысты жазған өлеңдерінде жасайды. "Ғылым оқып білгенше, тыныштық, тыным таппаған, дүниені кезіп көргенше, рақат іздеп жатпаған" Әбдірахманды ол "жаңа жылдың басы" санайды. Оның бойындағы бауырмалдықты, адалдықты, қарапайым мінезді басқа жастарға үлгі етеді. Оның "аз өмірін ұзартқан" ғылым деп ұғады ("Көргені мен білгені жүзге келген шалдан көп").

"Қалың елім, қазағым"

Бұл кезде жазған өлеңдерінде Абай озық мәдениетті насихаттаумен қатар, әлеуметтік, азаматтық санасы өскен халықтың үлкен қайраткері дәрежесінде көрінеді. Оның өлеңдерінен еңбекші халық мүддесін қорғаған азаматтың үні естіледі. Өзі ел билеуші тап ортасынан шықса да, тарихи дамудың беталысы мен қоғамдық шындықты түсінген ол еңбекші шаруаға шындап бет бұрғанын байқатады. Оларды "елім", "жұртым", "халқым" деп, дос тұта сөйлейді. Осы бетбұрыста Абай сол халықты жүдетіп, шаршатып отырған ұнамсыз әрекет-мінездерді, олардың ішкі сырын үлкен шеберлікпен ашатын психолог ақын ретінде танылады. Заманы мен өзі өмір сүріп отырған ортаның кемшілік-қайшылықтарын өткір және әділ мінеп-сынайды.

Бұл сарын, әсіресе, Абайдың "Қалың елім, қазағым, қайран жұртым" деп аталатын өлеңінде анық байқалады. Мұнда өз халқының басындағы қайғы-мұңды көріп дерттеніп, "Қалың елі — қазағының" қазіргі халіне қинала сөйлеген ақын бар. Ел ұйтқысын бұзған, оның берекесін кетірген әкімсымақтарға деген оның ызасы да мол.

Бас-басына би болған өңкей қиқым,

Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?—

деп, ол ел ішіндегі адамгершілік жағынан да, мінез-құлық  жағынан да татымсыз топты бөліп  көрсетеді.

Абайдың алғашқы сыншылдық өлеңдері XIX ғасырдағы орыс реализмінің сыншыл сарынын үлгі тұтқанын, сол жолдағы ізденісін, беталысын байқатады.

Татулық пен тұрақтылық

Халқының келешегін  ойлап егілген, сол үшін ұнамсыздықты аямай сынау арқылы түзетуді ойлаған Абайдың жас ұрпаққа айтар ақылы да, уағызы да аз болмаған. Соның бірі — достық мәселесі. "Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат" өлеңінде ол тіршілікте өзі көрген, халық тәжірибесі танытқан шындықты айта отырып, жастарды шын адамгершілік жолына, қиянатсыз, адал достыққа үгіттейді. Оларды жалған татулық, бояма мінезден сақтандырады.

Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,

 Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз.

 Күншіліксіз  тату бол шын көңілмен,

Қиянатшыл болмақты естен кеткіз.

 

Бір жерде бірге  жүрсең, басың қосып,

 Біріңнің-бірің  сөйле сөзің тосып.

Біріңді-бірің ғиззат, кұрмет етіс,

Информация о работе Абай Құнанбаев