Абай Құнанбаев

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 07:24, реферат

Описание

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбаев қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы Шыңғыс тауының баурайындағы Қасқабұлақ деген жерде туған. Шыққан ортасы — ауқатты, тобықты руының белгілі ел билеушілері боллған. Әкесі Құнанбай кезінде болыс, аға сұлтандық қызметтер атқарған. Ал атасы Өскенбай, арғы атасы Ырғызбай — өз заманының атақты билері.

Работа состоит из  1 файл

Абай Құнанбаев.docx

— 351.70 Кб (Скачать документ)

Түрғандай бейне  қорқып, жаның шошып.

Абай үлкен достықты отбасылық  өмірден, жастар сезімінің түрақтылығынан, әйелге адамгершілік, әділет тұрғысынан қараудан іздеді. Ол жастардың адал махаббаты мен шын достығын уағыздады. Ескі әдет-ғұрып заңдары бойынша өзі бастан кешкен өмір сабағына сүйене отырып, ол шынайы достық сезімді жоғары қояды. Жас ұрпақты ескі тәрбиенің кертартпа жағынан жирендіріп, жаңа өнеге ұсынады. Бұл түрғыда оның "Өкінішті көп өмір кеткен өтіп", "Кейде есер көңіл кұрғырың" деген өлеңдерін еске алу орынды. Бұл өлеңдердің лирикалық кейіпкері — шын достық пен махаббатын таппай күйзелген жан. Ол "сол досты" іздеп күңіренеді, жоқтайды.

Махаббатсыз дүние  бос,

Хайуанға оны  қосыңдар.

Пайда, мақтан — бәрі тұл,

 Доссыз ауыз тұшымас,  —

деген өлең жолдары—мазмұны жағынан ақынның ой түйіні, өсиеті іспетті. Бұл өлеңдер жас ұрпақты ақын аңсаған достыққа, махаббатқа үгіттейді.

"Өлең —  сөздің патшасы"

XIX ғасырдағы орыс әдебиетін, оның халықтық негізін терең зерттеу Абайды ақьн мен ақындықтың мұрат-мақсаты жайлы жаңа көзқарасқа алып келді. Ең алдымен, Абай сөз өнерін үлкен қоғамдық күш, әлеуметтік тартыстың кұралы деп таныды. "Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы" атгы өлең — бұл тұрғыдан ақын бағдарламасы тәрізді. Онда Абай өлеңге қойылатын көркемдіктің жаңа шарттарын белгілейді.

Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар  ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке  жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Бұл — жақсы өлеңді даналықтың айғағы деп ұғу. Мұның ар жағында өлеңнің түрі мен мазмұнының бірлігін талап ету ("Іші алтын, сырты күміс" болуы), оны "бөтен сөзбен былғамау" талаптары қойылады.

Көркем сөздің асылы — поэзия деп жоғары бағалай отырып, бір кез Абай қазақ ортасында оның қадірін кетіріп жүрген ақындарды сынауға ауысады.

Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,

Мақалдап айтады екен, сөз қосарлап.

Ақындары ақылсыз, надан келіп,

Көр-жерді өлең қыпты, жоқтан қармап.

 

Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,

 Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.

 Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,

 Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап.

Бұл сын, негізінен, өлең сөзді әлеуметтік шындықты суреттеуге емес, күнкөріс қамына жұмсаушылар мен "көр-жерді өлең" қылушыларға арналады. Сол арқылы ақын қазақ арасында өлең сөздің "қадірсіз" көрінген себебін ашады. Сөйтіп, өз поэзиясында жаңа мақсат барын жариялайды.

Ескі бише отырман  бос мақалдап,

 Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.

Сөз түзелді, тыңдаушы сен  де түзел,

Сендерге де келейін  енді аяңдап, —

дейді ол. Бұл  шумақтың соңғы жолдары ақынның  өлең сөздің мазмұнын өзгертумен байланысты, тыңдаушыларды да тәрбиелеу қажеттігіне назар аударғанын байқатады. Оларды халық тағдырын жырлайтын жаңа үлгідегі поэзияны түсіне білуге, бағалауға шақырады.

Батырды айтсам, ел шауып алған талап,

 Қызды айтсам, қызықты айтсам, қыздырмалап.

 Әншейін күн өткізбек әңгіме үшін,

Тыңдар едің бір  сөзін мыңға балап, —

деп, ескі ақындар жырын тыңдауға үйреніп қалған ұғымды

сынап алатыны  да бар.

Қоғам мен адам өміріндегі поэзияның орны және қызметі

жайындағы ойын Абай "Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол"

(1888) атты өленінде  тереңдете түседі.

Туғанда дүние  есігін ашады өлең,

 Өлеңмен жер қойнына кірер денең.

Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,

Ойласаңшы бос  қақпай, елең-селең.

Бұл ойын ақын бала туғандағы шілдехана, қыз ұзатқандағы тойбастар өлеңдері, адам өлгенде айтылатын жоқтаулармен дәлелдей келіп, өмірде өнермен байланыссыз еш нәрсе жок екенін көрсетеді. Абайдың бұл пікірі "алғашқы қоғамнан бері қарай өнер адам баласының күнкөріс қарекетімен қатар жүргізілген рухани құралы болды" деген ғылыми көзқарасқа дәл келеді.

Осы негізде ақын өз әріптестеріне жаңа талап қойып, олардың ел мұңына жақын болуын қалайды. Халық алдында өзінің де күлкі болмауын, сөздің де қадірін кетірмеуін тілейді.

Сый дәметпе, берсе  алма еш адамнан,

Нең кетеді жақсы өлең сөз айтқаннан?

Сүйінерлік адамды сүй, қызмет қыл,

Аулақ бол әнін сатып нәрсе алғаннан, -дейді.

Өлеңнің ермек  емес, өнер екенін ол ылғи баса айтады. Өз өнерін халық мүддесіне жұмсауды мақсат етеді. Оны мына шумақтан да байқаймыз.

Мақсатым — тіл ұстартып, өнер шашпақ,

Наданның көзін қойып, кеңілін ашпақ.

                Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,

               Думан-сауық ойда жоқ, әуел баста-ақ.

Ақын мен ақындық міндет туралы ойланғанда, Абайдың осы мәселені тереңдете қарастыру, ел құлағына сіңіре беру үшін қайта бір оралғанын "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін" (1889) атты өлеңінен көреміз.

Мен жазбаймын  өлеңді ермек үшін,

 Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.

 Көкірегі — сезімді, тілі — орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін!

Өзінің ақындық мақсатын осылай көрсете отырып, Абай бұл өлеңде шығарманың мазмұнына қатысы жоқ сөзуарлықты, ескі қиссаларда, соған еліктеп қисса жазатын ақындарда кездесетін "әсіре қызыл" теңеу, жалған қызықшылықты суреттеуді сынап өтеді.

Өлеңі бар, өнерлі інім, сізге

 Жалынамын  — мұндай сөз айтпа бізге. 

Өзге түгіл өзіңе пайдасы жоқ,

 Есіл өнер қор болып кетер түзге, —

деген сездермен  ол жас буын ақындарға тағы да тілек артады.

Үш жылдың (1887,1888,1889) ішінде біріне-бірі жалғас жазылған бұл үш өлеңде Абай ақынның қоғам алдындағы қызметі мен сөз өнерінің күші жайындағы ойын тереңдетіп, толықтыра түсті. Бұл ой, түптен келгенде, әдебиеттің халықтығы туралы орыстың революцияшыл-демократ-тарының эстетикалық көзқарасымен үндеседі. Белинский мен Чернышевскийдің әдебиетті өмірге жақындату, сол арқылы қоғамдық дамудың өзекті мәселелерін батыл көтеру жайлы ойлары Абайға күшті әсер еткен. Осы идеяға сүйене отырып, ақын қазақ ортасындағы өлең сөздің маңызын көтеруге күш салады. Жаңа сөзге лайық жаңа оқушы, тыңдаушы тәрбиелемек болады. Бұл — Абайдың қазақ әдебиетіне әкелген үлкен жаңалығы.

Табиғат лирикасы

Абайдың дүниежүзілік озық поэзиядан алған тағы бір үлгісі—табиғат лирикасы. Табиғат — адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Оны әлемнің классик ақындарының бәрі де жырлаған. Дәуірі мен ортасына, өзінің жеке басының көңіл күйіне байланысты әр ақын оны өзінше

жырлаған. Оның жылдың төрт мезгілі жайлы өлеңдері 1886—1890 жылдар аралығында, ақынның әлем поэзиясын тереңдеп оқып, үлгі тұтқан кезінде жазылған. Сондықтан да ақында әр өлең сайын өзінше іздену, табиғаттың өз суреттерін беруде, табиғат пен адамның, ортаның байланы-сын тануда жаңа үлгілер туады.

Абайдың бұл тақырыптағы тұңғыш өлеңі—"Жаз" (1886). Осы өлеңнің өзінде Абай — ақындық мәдениеті іріленген, шебер өнер иесі. Мұнда жазғы табиғаттың көркем көрінісі мен неше алуан қызықты құбылысы асқан шеберлікпен суреттеледі. Көрініс, құбылыстардың бейнелері жарқын. Көк орай шалғыны мен бәйшешегі толысқан жайлау мен әлі қонып үлгермеген ауылдың қарбалас тіршілігі қимыл-қозғалысымен түгелдей суретке түседі.

Жаздыкүн шілде  болғанда,            Ат, айғырлар, биелер,

Көкорай-шалғын, бәйшешек,        Бүйірі шығып, ыңқылдап.

Ұзарып, өсіп толғанда;                  Суда тұрып шыбындап,

 Күркіреп жатқан өзенге                 Құйрығымен шылпылдап,

 Көшіп ауыл қонғанда;                    Арасында құлын, тай

Шұрқырап жатқан жылқының     Айнала шауып, бұлтылдап.

Шалғыннан жоны қылтылдап,

Өлеңде әзілдесіп, күлісіп үй тігіп жатқан қыз-келіншек, ат үстінде мал аралаған ауыл иелері, шешесін жағалап, қыңқылдаған жас балалар, жылқы соңында салпылдаған жылқышылар мен су жағалап, құс салған бозбалаларға дейін алынып, толықтырып тұр. "Өлеңнің ішінде жанды тіршілік, қайнар қызу мол болғандықтан, — дейді Абай шығарма-шылығын көп зерттеген Мұхтар Әуезов, — түрі мен өлшеу ұйқастарында да аса жанды, қызулы жүрдектік бар... Тұтас бітімді, келісті келген өлеңнің аяғына шейін орайлас ұйқастар айнымай созылып отырады. Өлең тілінде үлкен байлықпен қатар тапқырлық, дәлшілдік мол".

Қыс табиғатын  Абай бұдан өзгешелеу стильде  суреттеген ("Қыс", 1888). Бұл — нағыз классикалық поэзия үлгісінен туды. Бірақ бұл әрекет табиғаттан гөрі, адамның — жанды тіршіліктің әрекетіне ұқсайды. Абай қысы Н. Некрасовтың "Аяз атасы" тәріздес.

Ақ киімді денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды,

 Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

 Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Абайға дейінгі  әдебиетте қысты жанды адам (шал) бейнесінде суреттеу әдеті болмаған. Бұл — Абай жаңалығы. Оның үстіне, ақын оны қазақтың бейжай, енжар жатқан даласына қорқынышты үрей әкелген қатал бейнеде алады. "Демалысы — үскірік, аяз бен қар, кәрі кұдаға" теңейді. Бұл жерде қазақтың байырғы ұғымы қолданылады. Мазасыз, сұрампаз, еселеп алып, тыным бермейтін кәрі құданың бейнесі арқылы қыстың да қайталап соғып, көшпелі елдің тіршілігін тарылта беретін жайын суреттейді. Өлеңде мал баққан қазақ даласының қысқы тіршілігі мен пейзажы шыншылдықпен шебер суреттеледі.

Абайдың табиғатты  суреттеудегі жаңаша ізденісін, өсу-өрлеуін танытатын туындылары — бұдан кейінгі жазылған күзге арналған екі өлеңі — "Күз", "Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі-ай" (1889). Бұл өлеңдерде өмір мен табиғат шындығы жаңаша идеялық-көркемдік тұрғыда берілген. Алдыңғы екі өлеңде ақын назар аудармаған көшпелі елдің жүдеу тіршілігі, таптық, қоғамдық қайшылықтар соңғы өлеңдердің негізі мазмұнын құрайды. Көшпелі елдің күзгі тіршілігі мен табиғаттың жүдеу көрінісін:

    Жасыл  шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай,

                                Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айырылған  ағаш, қурай,

— деп суреттеген ақын ізінше-ақ осындай ортадағы кедей үйдің тұрмысын көрсетуге ауысады. Күзгі суықтағы бай мен кедей үйлерінің тіршілігін бір-біріне қарсы қояды. Үлкен адамдар ғана емес, жас бала, кемпір-шалға дейін атап, осылардың өз ортасындағы күнкөрісі шындығын ашады.

Кедейдің өзі жүрер малды бағып,

 Отыруға отын жоқ үзбей жағып.

 Тоңған иін жылытып, тонын илеп,

Шекпен тігер  қатыны бүрсең қағып.

 

...Қар жауса  да тоңбайды бай баласы,

 Үйі жылы, киіз тұтқан айналасы.

Бай ұлына жалшы  ұлы жалынышты,

Ағып жүріп  ойнатар көздің жасы.

Бұл суреттер Абайдың  қазақ ауылындағы таптық жікті айқын танып, оның сыртқы көрінісін ғана емес, ішкі сырын да түсіне бастағанын байқатады. Ол еңбекші елдің мұңына ортақтасады. "Байда мейір, жалшыда бейіл де жоқ, аңдыстырған екеуін кұдайым-ай",—деп ренжіп, байға: "Жас

бала, кемпір-шалын тентіретпей, бір қыс сақта, тас болма сен де о ғүрлы", — деген тілек айтады.

"Жазғытұры" (1890) өлеңінде де Абай бұл мезгілдің өзіне тән суреттерін жасайды. Мұнда табиғат әлеміне кірген жаңалықтың иесі — "ата-анадай елжіреген күннің көзі" көбірек айтылады. Ақын сезімі қыстан қысылып шыққан ел қуанышына ортақтасады.

Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,

                                  Күлімдесіп, көрісіп, кұшақтасып,

  Шаруа қуған жастардың мойны босап,

    Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.

Ақын қазақ  даласындағы жазғытұрғы мезгілдің суреттерін толық бере отырып, оның ел тіршілігіндегі орнын жанға жайлы, енбекке қолайлы сипатын да атап өтеді. Мал семірер, ақ пенен ас көбейер, Адамзат көңілі өсіп, көтерілер.

Абай табиғатты  жырлауға кейін де оралып отырған. Бұл тұрғыдағы сәтті іздетстерінің қатарына оның "Желсіз түнде жарық ай", "Көлеңке басын ұзартып" өлеңдері жатады. Бұларда ол табиғатты сырттай тамашаламай, өлең кейіпкерінің көңіл күйімен, ішкі сезімімен табыстыра, ұштастыра суреттейді. Әсіресе соңғы өлеңде кешкі табиғаттың сұрғылт суреті ақын көңілінің күңгірт бейнесімен шебер астасу, қиюласу табады.

Көлеңке басын  ұзартып,

Алысты көзден жасырса,

Күнді уақыт қызартып,

Көк жиектен асырса,

 

Күңгірт көңілім  сырласар,

Сүрғылт тартқан  бейуаққа.

Төмен қарап мұңдасар,

Ой жіберіп  өр жаққа.

Бұл жолдар табиғаттан алған әсерді ақынның жүрек сыры жайлы ойларымен толықтырады. Оның күңгірт сезімі алабұртып, мұңға тартып, оқырманды да ойландырады. Ол өз басының шарасыз күйін, іске аспаған ойларын адасқан күшікке теңейді ("Адасқан күшік секілді, ұлып жұртқа қайт-қан ой"). Айласыз, әлсіз күшіктің көшкен елдің жұртында қальш, ұлып-ұлып қайтқан бейнесін ол өз басының трагедиялық күйіне ұқсатады. Сөйтіп, жалғыздық тақырыбына үлкен әлеуметтік, философиялық мән-мағына береді.

Адам мен табиғаттың бірлігі тақырыбын әлем поэзиясынан ала отырып, Абай қазақ өмірімен байланысты кең дамытты. Бұдан: "Ақын неғұрлым даныпшан болса, соғұрлым табиғатпен терең араласып, оны құшағына тұтас қамтып алады. Сөйтіп, бізге табиғатты барынша байланыстыра көрсетеді" деген В. Белинский сөзінің шындығы көрінеді.



Информация о работе Абай Құнанбаев