Аймауытов, Жүсіпбек

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2013 в 09:32, биография

Описание

Аймауытов, Жүсіпбек (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.

Работа состоит из  1 файл

ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ.doc

— 233.50 Кб (Скачать документ)

Күнікейдің басынан  өткен бұл жайларды жазушы сол  дәуірдің тарихи-әлеуметтік шындығымен сабақтастыра суреттейді. Ескіліктің бұғауын бұзып, қыздың ұзатылған  жерінен қашып шығуын, сүйгені  Байманға қосылуын баяндау арқылы жазушы сол кезеңдегі адамдар санасында оянған азаттық, бостандық идеясын жеткізуге тырысады. Бірақ әлі де болса шын бостандық жоқ, қазақ ауылына шынайы азат өмір жеткен жоқ еді. Күнікейдің соңғы тағдыры, Байманның опасыздығы осыны аңғартады.

Өзін осылайша талантты прозашы ретінде танытқан Жүсіпбек Аймауытовтың қаламынан бірқатар көркем әңгімелер де туды. 1918 жылы жазалған "Бетім-ау, құдағи ғой" атты әңгімесінен бастап, 1927 жылы жазылған "Ханалар тарихына" дейінгі аралықта өмірге келген "Елес" (1924), "Әнші" (1925), "Боранды болжағыш әулие" (1926) тәрізді әңімелерінің қай-қайсысынан да өзі өмір сүрген дәуірдегі елдің тұрмысын, ой-арманын, заман тынысын жетік білетін әрі оны көркем тілмен, парасатты оймен өрнектеп жеткізе алатын тамаша прозашының қолтаңбасы айқын байқалады.                          

“Боранды болжағьпп  әулие" әңгімесінде қазақ ауылының қыстың бір боранды күніндегі  өмірі суреттеледі.

... Сақылдаған сары  аяз. Қарадан қарап тұрып бірдеме  шарт ете түседі. Не терезенің  шынысы шатынайды, не жер, не мұз қақ айырылып, ырсиып қалады. Жермен бірге мұздақ қар да жарылып кетеді. Ақырында сары аяз мұрныңды қариды. Жеңіңнен шығарсаң, қолың илікпей, тас боп қалады. Түнде пешке қойып кептіріп алған етік, биенің бір сауымында ағаштай қақиып, таяқпен қақсаң сақ-сұқ етеді. Осындай күндерде біз мал жаямыз.

Қыстың аязды күнін  жазушы осылайша дәл әрі көркем тілмен суреттейді. Бұдан әрі ұйтқып соққан боран, ыққан мал, адасқан малшылар жайында баяндайды. Сол боранда  бірқатар мал қырылады. Әңгіме кейіпкері: "Шіркін, бұлай боларын алдын ала болжап білсем-ау", — деп армандайды. Кейін қалаға барып барометр туралы естиді. Соған қолым жетсе деген арманға беріледі.

Шағын ғана әңгімеде автордың өмір көріністерін суреттеудегі тамаша шеберлігі байқалады. Жазушы ұсынып отырған суреттер тура өмірдегідей қарапайым әрі түсінікті. Шын таланттың қаламынан туғаны байқалады.

Жазушының "Әнші" әңгімесі де дәл осындай нақты оқиғаға, өмірде болған тарихи адамның төңірегінде  құрылған.

...Жетішатыр — жақсы  қала. Қаптап жатқан қазақ. Жазы-қысы—қымыз, ойын-сауық— "кататься". Айт, той, құдалық, ат жарыс, күрес. Маскүнем. Төбелес. Үй қыдырған көлең-көлең ақ жаулық... Жаз шықса— пароход, паром, желқайық, жасыл арал, қалың орман... Көкке шыққан, гуләйт соққан, масайраған шат көңіл... Сырнай-керней... Қызық думан... Қайткенмен сергек қала.

Әңгіме Ертістің жағасындағы  Жетішатыр қаласының өмірінен алынған  осы суреттермен басталады. Қала тұрғындарының күнделікті тіршілігі  осындай қысқа-қысқа образды ұғымдармен берілген. Адам туралы бір ауыз сөз  болмаса да, қала адамының жай-күйін әбден жеткізіп тұр.

Одан әрі қымыз дастарқаны. Қымыз құюшы қыз Шекет, қымызға  құмартқан қалалықтар. Осындай бір  сәтте дастарқанға әңгіменің  бас кейіпкері әнші жігіт Әмірқан  келеді. Ән салады. Кейін Әмірқан  қала жастары дайындаған спектакль-концертке қатысып, көпшіліктің қошеметіне бөленеді.

Оқиға желісі әңгімені баяндаушы  мен Әмірқанның арасындағы достыққа ойысады. Екеуінің сырласуы, Әмірқан  мен сұлу қыз Ақтамақтың арасындағы ғашықтық хикаясы,  жігіттің қызды алып қашуы, орта жолда қолға түсіп, сүйгенінен көз жазып қалуы, әншінің көз жасы, жабырқаған сәті баяндалады.

Әңгіме оқиғасы өтетін Жетішатыр қаласы — Семей, ал әнші Әмірқан — қазақтың жезтаңдай  әншісі, әйгілі Әміре Қашаубаев еді. Жазушынын көркем бейнелеу шеберлігі  Әмірқан — Әміренің әншілік кұдіретін, ән айтқан кездегі сипатын суреттеуге келгенде аса ғажайыптанып көрінеді. ...Ұшатын құстай қымтанып, қомданып алды, Отырғандар аузын ашып аңырды. Әнші жіберді. Бір бірауыздан ән салды, Азда болса бірегей болды.

Сүмірейте, қылмита соқты; желдете құтырта соқты. Лебізі құлаққа жағып кетті, жүректі тербетті, тамырды желпіндірді; бойды шымырлатты.

Бұл — ән айтып отырған  әншінің бейнесі. Жазушы қаз-қалпындағы әсем сурет жасайды. Әншіні асыра  мақтамайды, дәл бағасын береді. Ж. Аймауытовтың суреттеуіндегі Әмірқан елден оқшау тұрған ерекше адам емес. Көппен бірге тыныстап, айналасына өнерін сыйлап, ойын-сауық құрып жүрген қарапайым жандардың бірі. Оның қуанышы да елмен ортақ, өзгенікі секілді өзіне жетерлік арман-мұңы да бар.

Тұтастай алғанда, Жүсіпбек Аймауытовтың көркем әңгіме жанрындағы еңбегі қазақ әдебиетінін көркемдік-эстетикалық көкжиегін кеңейте түскен құбылыс болды.

Драмашы ретінде Жүсіпбек Аймауытов  ерте танылды. Семейде оқып жүргенде жастардың ойын-сауық кештеріне  қатысып, өнер көрсеткен, басты рөлдерде ойнаған. 1917 жылдың аяғында оның "Ескі тәртіппен бала оқыту", "Рәбиға" атты тұңғыш пьесалары жазылып, сахнада қойылды. Кейінірек 1925 жылы "Ел қорғаны", "Мансапқорлар", 1926 жылы "Қанапия мен Шәрбану", "Шернияз" атты драмалық шығармалар жазады. Жүсіпбектін драмалық шығармаларына қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтар негіз етіп алынады. Олардың негізгі тақырыбы — азаттық, бостандық идеясы. Халықты оқу-өнерге шақырады. Ел азаматтарын белсенді қимылға үндейді. Әйелдердің теңдігін қорғайды.

Жүсіпбек Аймауытов — өз дәуірінің  келелі мәселелерін көтерген көптеген мәнді мақалалардың авторы. Кезінде "Абай" журналында, басқа да басылымдарда жарияланған мақалаларында ол аласапыран өзгерістер заманының шындығын насихаттауға ұмтылды. Сонымен бірге, әдебиет мәселелері төңірегіндегі мәселелерді қозғап, бірқатар әдеби-сын мақалалар жазды. 1918 жылы М. Әуезовпен бірігіп жазған "Абайдан соңғы ақындар", 1923 жылы жазған "Мағжанның ақындығы туралы", 1925 жылы жазылған "Сұңқар жыры", "Аударма туралы" атты мақалалары арқылы ол әдебиет сыншысы ретінде танылды. Оларда Жүсіпбектің әдеби шығарманы жазушы өмір сүрген дәуірмен, тарихи кезең ерекшеліктерімен байланыстыра отырып талдау шеберлігі айқын байқалады.

Жүсіпбек Аймауытов оқу-ағарту мәселелеріне қатысты бірқатар ғылыми еңбектер де жазды. Оның халыққа білім беру орындарында ұстаздық, жетекшілік қызмет атқара жүріп жазған жас ұрпақты жаңаша тәрбиелеу, жаңаша білім беру мақсатын көздеген "Тәрбиеге жетекші" (1924), "Психология" (1926), "Жан жүйесі және өнер таңдау" (1926) атты елеулі кітаптары мен оқу құралдары кезінде халық тағдыры үшін ерекше рөл атқарған еңбектер болды.

Жүсіпбек Аймауытов кезінде  аудармашы ретінде де танылды. Ол аударған А.С. Пушкиннің, Н.В. Гогольдің, А. Дюманың, Дж.Лондонның, Г. Мопассанның, В. Шекспирдің, К. Берковичтің, С. Чуйковтың шығармалары жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ аударма өнерінің өрісін қаншалықты кеңейтсе, жазушының әлем әдебиетінің көрнекті туындыларын қазақ тіліне аударудағы тамаша аудармашылық талантын да соншалықты айқын танытты. 

Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы,драматург,публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.

Туып  өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.

Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары  Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.

Жүсіпбек  жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.

1911—1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.

1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады.

Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады.

Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік  партия қатарына өтеді (1919).

Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне  делегат болып қатысып, Қазақ  АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920).

Мұнан соң Семей губерниялық оқу  бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы.

Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922—1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924—1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926—1929) қызметтерін атқарады.[1]

1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған., Шымкенттегі педагогика техникумының директорлығы - міне, мұның бәрі Аймауытовтың жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күрес жолын, өмір белестерін көрсетеді. 1929 ж. басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Жүсіпбек 1931 ж. атылған. Астан-кестең ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, әлеуметтік төңкерістер, ұлы революциялар заманында өмір сүрген Аймауытов өзінің осы қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгірді. Ол В. Шекспир, В. Гюго, Г. Мопассан, А. С. Пушкин, Н. В. Гоголь, Л. Н. Толстой шығармаларын, «Интернационалды», бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика, психология, методика, эстетик, тәрбие туралы зерттеулер тудырды; әдебиет, эстетика, сын саласына араласты; сан алуан публицистик. мақалалар жазды; «Қартқожа», «Күнекейдің жазығы», «Шернияз», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар» пьесалары, «Комплексті оқыту жолдары», «Жан жүйесі», «Өнер таңдау», «Мағжанның ақындығы туралы» еңбектері - күрделі таланттың қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалар. 1918-19 ж. Семей қаласындағы М. Әуезовпен бірлесіп «Абай» журналын шығарды. Осы журналда «Екеу» деген бүркеншік атпен, Әуезовпен бірлесіп, «Абайдың өмірі және қызметі» (1918, № 2), «Абайдан кейінгі ақындар» («Абай», 1918, № 3) деген мақалалар жазды. Бұл мақалаларда Абай өмірінің бірталай қыры сөз болып, оның поэтик, мұрасының аса құндылығы көрсетіліп, кейінгі ақындардың ұлы ұстаздан үйренуі шарт екендігі нұсқалды, Пушкин орыс әдебиетінде қандай тарихи қызмет атқарса, Абай да қазақ әдебиеті үшін сондай тарихи іс тындырғаны орнықты дәлелденген. Қазақ әдеби тілінің қалыптасуына, оның поэтикалық мәдениетінің ержетуіне Абай шығармаларының қаншалықты әсері барлығын көрсеткен. Абай поэзиясының ұлттық дәстүрмен қоса Шығыс, Батыс әдебиеттерімен байланысы қарастырылған. Аймауытов - қазақ әдебиетінде Абайдың шығармашылық мұраттарын ілгері жалғастырған ең ірі тұлғалардың бірі.[2]

Мазмұны 

[жасыр] 

  • 1 Шығармалары
  • 2 Сүйінші, алаш баласы, Жүсіпбек аймауытұлы. ЕЛЕУСIЗ ЕРЛЕР
  • 3 Еңбектері
  • 4 Пайдаланылған әдебиеттер
  • 5 Фильмдер
  • 6 Сыртқы сілтемелер

 

[өңдеу] Шығармалары

Жүсіпбектің қаламынан туған мол  мұраны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет  және өнер институтының ғалымдары жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп, 1996-1999 жылдары  бес том етіп жарыққа шығарды. Сөйтіп, қазақ оқырманы әйгілі суреткердің шығармаларымен арада 60 жылдан астам уақыт өткенде қайта табысты. Ол қазақ әдебиетінде көркем прозада алғаш лиризм әкелген, сондай-ақ пейзаждың үздік үлгісін, психологизмнің терең иірімдерін тамыршыдай дәл басқан нәзік стилист суреткер. 1918 —19 ж. М.Әуезовпен бірге Семейде «Абай» журналын шығарып, «Екеу» деген бүркеншік атпен, Әуезовпен бірлесіп, «Абайдың өмірі және қызметі» (1918, №2), «Абайдан кейінгі ақындар» («Абай», 1918, №3) деген мақалалар жазды. А-тың көркем шығармалары эстет. бояуының қашықтығымен, көркемдік қуатымен, стильдік даралығымен қазақ әдебиетінде соны бағыт қалыптастырды. А. пед. оқу орындарында қызмет істей жүріп, жас ұрпақтың жан-жақты білім алуын көздеген еңбектер, оқу құралдарын жазды. Оның пед., псих. және методика саласында жазған ірі еңбектері өз уақытында елеулі рөл атқарды. Олардың ішінде «Тәрбиеге жетекші» (1924), «Психология» (1926), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926) т.б. бұл бағыттағы ғылымның бастауында тұрған ірі ғылыми еңбектер Жүсіпбек аз ғана ғұмырында әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек етіп, құнарлы шығармалар қалдырған. Бес томдық шығармалар жинағында оның өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасы, «Рабиға», «Мансап қорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалары, көптеген әңгімелері мен «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, балаларға арналған ертектері, сын мақалалары мен аудармалары енген.[3]

Бұлардың сыртында «Тәрбиеге жетекші» (1924 ж.), «Психология» (1926 ж.), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926 ж.), т.б. ірі ғылыми еңбектері бар.

Жүсіпбек Аймауытов қаламынан  туған мұралардың қай қайсысы  да оның кесек дарын иесі екендігінің, гуманист суреткерлігінің, жалтақсыз ұлтжандылығының жарқын айғағы. Оның шығармалары өзі ғұмыр кешкен заманның, өзі араласқан қоғамның мұқтажын өтеуге, оның ақ қарасын парықтауға арналған. Сөйте тұра көркемдік тегеуріннің қуаттылығы, идеялық ұстанымдарының сонылығы, сөз қолданудағы шеберлігі Жүсіпбек шығармаларының өміршеңдігіне кепіл болмақ.

[өңдеу] Сүйінші, алаш баласы, Жүсіпбек аймауытұлы. ЕЛЕУСIЗ ЕРЛЕР

Алаштың аймаңдай тұлғасы, қазақ қара сөзінің құлжасы Жүсіпбек Аймауытовтың жарияланбаған оншақты әңгімесі мен қазіргі оқырманға мүлдем беймәлім болып келген елуден астам мақалалары мен очерктері табылып отыр. Қапастағы қараңғы қоймадан, шаң басқан архивтен шиырлап іздеп олжа салған, сәуле түсіріп осы інжу-маржандарды қайыра қалың жұртқа ұсынып отырған дарынды ақын, әдебиеттанушы ғалым, Жүсекең мұрасын зерттеуші – Нұржан Қуантайұлы. Жүсіпбек Аймауытұлының бұл шығармалары оның «Ғылым» баспасынан жарық көрген 5 томдық толық жинағына да енбегендігін, екінші рет ешқайда жарияланбағандығын айта кеткіміз келеді.

Информация о работе Аймауытов, Жүсіпбек