Арабия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 13:38, реферат

Описание

Орта ғасырлардағы әлемді дүр сілкіндіріп, ІҮ-Ү ғасыр дүниенің үш бөлігіне – Азия, Африка, Еуропа құрлықтарына үстемдік орнатқан мемлекеттердің бірі – Араб халифаты болды. Бұл мемлекет алдымен арабтардың өздерін біріктіріп, содан соң Кіші және Орта Азияны, Сотүстік Африканы, Пиреней (түбегі) жарты аралы мен Закавказье елдерін жаулап алды. Халифаттың тарихы – бұл тек арабтар мен арабия жарты аралының ғана емес, сондай-ақ бір кездерде оның құрамына кірген Иран, Орта Азия, Сирия, Египет, Ирак, Грузия, Армения, Әзербайжан т.б. халықтар мен елдерінің тарихы.

Содержание

КІРІСПЕ ..........................................................................................................3
І-Тарау Арабтар мемлекетінің құрылуының алғы шарттары
Ислам дінінің қалыптасып, араб тайпаларының бірігуі............................11
ІІ-Тарау Халифаттың құрылуы, жаулап алушылықтары
2.1 Араб халифатының құрылуы.......................................................................21
2.2Алғашқы Төрт тақуа халифтарының тұсындағы Араб жаулап алушылықтар......... ........................................................................................24
2.3 Орта Азия халықтарының ислам дінін қабылдауы...............................29
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................43
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................45

Работа состоит из  1 файл

арабия.doc

— 310.00 Кб (Скачать документ)

                                      МАЗМҰНЫ

     КІРІСПЕ  ..........................................................................................................3 

     І-Тарау  Арабтар мемлекетінің  құрылуының алғы шарттары

    1. Ислам дінінің қалыптасып, араб тайпаларының бірігуі............................11  

     ІІ-Тарау Халифаттың  құрылуы, жаулап  алушылықтары

2.1 Араб халифатының  құрылуы.......................................................................21

2.2Алғашқы   Төрт тақуа халифтарының тұсындағы Араб жаулап алушылықтар......... ........................................................................................24 

2.3 Орта  Азия  халықтарының  ислам  дінін  қабылдауы...............................29

     ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................43

     ПАЙДАЛАНҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ...................................................45

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                       КІРІСПЕ

 

     Тақырыптың өзектілігі.  Қазіргі кезде  Қазақстан  Республикасының алдында  тәуелсіздігін баянды ету, ол үшін экономикасын дамыту міндеті тұр. Президентіміздің  1997 жылғы  қазан айындағы “Қазақстан – 2030” деген халыққа арналған  Жолдауында  бұл міндеттер айқын тұжырымдалған.  Осындай  жауапты  да  күрделі міндеттерді  табысты орындап шығу жолында  адамзат тарихындағы саяси – экономикалық қуатты мемлекеттердің құрылуы, нәтижелі  билік құруы мәселелерін жете зерттеп,  олардың үлгісінен тағлым алудың  маңызы зор.

    Орта ғасырлардағы   әлемді дүр сілкіндіріп, ІҮ-Ү  ғасыр дүниенің үш бөлігіне  – Азия, Африка, Еуропа құрлықтарына  үстемдік орнатқан  мемлекеттердің  бірі – Араб халифаты болды.  Бұл мемлекет алдымен арабтардың  өздерін біріктіріп, содан соң Кіші  және Орта Азияны, Сотүстік Африканы, Пиреней (түбегі) жарты аралы мен Закавказье елдерін жаулап алды. Халифаттың  тарихы – бұл тек арабтар мен арабия  жарты аралының ғана емес, сондай-ақ бір кездерде оның құрамына  кірген  Иран, Орта Азия, Сирия, Египет, Ирак, Грузия, Армения, Әзербайжан т.б. халықтар мен елдерінің тарихы.

     Араб халифатының  эканомикасы ол құрылғаннан кейінгі  екі ғасыр бойы Омейядтар халифаты  кезінде  және Аббаситтер билігінің  алғашқы жүз жылдығы ішінде  жедел қарқынмен дамыды. ҮІІ ғасырдың 30-шы жылдарында  құрылған араб халифаты  ХІ ғ. ортасындағы селжұқтық түріктердің жаулап алушылығына дейін экономикалық – мәдени дамуы жағынан алдыңғы қатардағы қуатты мемлекеттердің бірі болды. Араб халифатының құрамы  ала-құла болды: арабтар, еврейлер, гректер, парсылар, армян, әзербайжан, грузиндер, египеттіктер, сириялықтар т.б. Халифат үш континент аралығындағы бір орталықтан басқарылатын, бірнеше ұлттардың халықтардың басын қосқан күшті мемлекет болды.  Оның жоғары дәрежеде  дамыған, бір орталыққа бағындырылған әкімшілік аппараты болды. Олар дүниежүзілік сауда жүргізді.

     Оның экономикасының негізін  ақша және жүйелі  түрде жиналатын  алым  - салықтар қалады.  Қазынаға  түсетін  байлық, әлеуметтік –  экономикалық және  мемлекеттік  құрылыс - яғни, халифаттың ішкі және сыртқы жағдайларының бәрі қатаң сақталатын Шариат заңдарымен реттеліп отырды.

    Халифатта орта ғасырларға  тән  құнды ескрткіштер, әдеби, ғылым  - білім өмірге келді.

ХХ ғ. 90 ж. бергі уақыт әлемнің  жекелеген халықтары мен өркенниеттері үшін ірі дүмпулер мен өзгерістер заманы ғана емес, сондай-ақ бүкіл адамзат тағдырындағы бетбұрыс кезең де болып отыр. Осы “ұлы жаңару” кезеңі (Л. Спайдер) әлемдік дамудың  екі қарама-қарсы тенденцияларын: дүние жүзі елдерінің бір-бірімен барынша тығыз жақындасуы (ғаламдану) және әлемдік әр түрлі өркениет ошақтарының оқшаулануы, (локалдану) сияқты тенденцияларды байқатып отыр.

Алайда болашақ осы екі беталыстың алғашқысында екеніне күмәніміз  жоқ. Мұны бүкіл адамзат өткен  тарихы дәлелдеп береді. Енді ғана табалдырықтан аттаған жаңа ХХІ – ғасыр әлемдік өркениеттердің ғаламдық сипатын одан әрі айқындай түсуде, өйткені сан-салалы дүниежүзілік процестердің қай-қайсысының болмасын тағдыры өркениеттер тоғысы иірімдерімен тығыз байланыста болып келеді. Әр түрлі деңгейдегі интеграциялану, атап айтқанда Орталық Азия, Еуразия және бүкіл әлемдік деңгейлердегі интеграцияланудың, аса қажеттілігі жөнінде елбасымыз Н.Ә. Назарбаев  та соңғы жылдары жиі айтып жүр және оның бастамасы мұндай одақтардың құрылуы қазіргі таңда іс жүзінде асып та жатыр.

Қазаргі таңда халықаралық байланыстардың барынша кеңеюі интеграциялану мен  ғаламдану қарқын алуы бүкіл әлемдік  мәдени тарихи процеске әр түрлі аймақ  халықтарының атсалысуы мәселесінің  зерттелуін күн тәртібіне қойып  отыр. Соның ішінде әсіресе мәдениет аралық өзара ықпалдастық, оның оқшау этникалық мәдениеттердің эволюциясындағы және жалпы әлемдік өркениет дамуындағы рөлі туралы мәселенің өзектілігі барынша артып отыр.

Мәдениеттередің өзара ықпалдастығы өзара қарым-қатынасқа түскен халықтардың дамуына және бүкіл адамзаттың мәдени қорының байытылуына ықпал ететін объективті құбылыс. Осындай империялардың бірі – орта ғасырлық араб халифаты. Халифат өз дамуының ең бір шырақтау шегіне жеткен кезде “Ескі дүниенің” ширегінен астамын Солтүстік Африка, Үндістанға дейін алып жатты. Мәселе бұл мемлекеттің көлемі жағынан аса ауқымды болуында ғана емес тарих үшін ең маңыздысы – осы мемлекет әр түрлі өркениеттер ықпалдастыққа түсе отырып, жаңа, жоғары дамыған мәдениетті туғызды, бұл мәдениеттің тілі – араб тілі, ал идеологияның негізі ислам болы.

Сондықтан да арабтар жаулап алған  территорияда бағзы замандардан  бергі Тигр мен Ефраттың, Иран мен  Сирияның, Египет пен Индияның, Алдыңғы  және Орта Азияняң өркениетті халықтары  мекен етті.

Түркі халықтары ислам мәдениетін тек жай ғана тұтынушылар ғана емес, сол мәдениетті белсенді түрде  жасаушы халықтың біріне айналды.

Деректік негіздері. Бітіру жұмысын жазуда түрлі деректер, соның ішінде әсіресе жазба деректер кеңінен қолданылады.

Тақырып ислам діні мен тығыз байланысты болғандықтан ең басты дерек көзі “Құран кәрім” және Мұхаммед пайғамбардың Хадистерін пайдаландық. Орталық Азия халықтарының өміріндегі өзгерістерді зерттеу үшін бізге, ең алдымен, Қожа Ахмет Иассауи және т.б. ғұламалардың еңбектері басты дерек болып табылады. Аталған түркі ойшылдарының еңбектері түрік-ислам синтезінің тікелей жемісі болғандықтан да бұл еңбектерді зерттеу арқылы сол дәуірдің тыныс-тіршілігін, исламның келуі мен түркілер өмірінде, олардың дүниетанымында, психологиясында орын алған өзгерістерді түсінуге болады. Бітіру жұмысында соны мен бірге араб-парсы, қытай деректерін кеңінен қолдандық. Арабтардың Орталық Азияға келуін оң салдарларының бірі араб ғалымдарының түріктердің тарихын мәдениеті мен географиясын түріктердің өз отандастарын және басқа да белгілі халықтар мен салыстыра отырып қарауға болады. Ү-ҮІ ғасырлардағы арабтардың экономикасы мен қоғамдық құрылысы, тұрмыс  салты,  мәдениеті  мен діни  нанымдары жөніндегі  мәліметтерді  біз  исламдыққа  дейінгі, яғни, ежелгі замандағы  араб  өлең  жолдарынан  аламыз.  Яғни, ертедегі араб поэзиясы  Ү-ҮІ ғғ. арабтар туралы  деректер көзі  жайында Крачковский  И.Ю. былай  дейді: “Ол өлең – жырлардың құндылығы – сол кездегі араб  тайпаларының  өмірін, оның  қоршаған ортамен  қатынасын  фотография  дәлдігімен  бейнелеуінде”[7].  Сондықтан  да мамандар  бұл жырларды ислам дініне  дейінгі  араб халқын, оның тұрмыс салтын сипаттаудағы ең маңызды да беделді деректер деп есептейді.

Тарихнамалық зерттелу деңгейі:   

     Ежелгі  замандағы, исламға  дейінгі  араб  халқын, ақын - жырауларының шығармаларында бейнеленген Ү-ҮІ ғғ. Аравияның  жағрафиялық ортасын  зерттеуде  жаңа заман  кезіндегі  саяхатшылар  жинаған  әртүрлі  бай  материалды да қоса пайдалану қажет. Ежелгі ислам дініне  дейінгі Аравияның табиғи  ортасы ХІХ ғасырға дейін айтарлықтай өзгеріске ұшыраған  жоқ. Ислам діні  қалыптасқанға дейінгі арабтар поэзиясын ҮІІІ -  Х ғасырларда оларды жинаушылар  мен редакторлар біраз толықтырып, өзгертті де.

    Батыс Еуропалық оқымыстылардың  арасында  ХІХ  ғасырдың 50 – 70 жылдарында  ол поэзия  шынымен Ү – ҮІ  ғасырлардағы авторлардың  шығармалары  ма,  жоқ  әлде олардан  кейін,  халифат  құрылғаннан  соң,  яғни ҮІІІ - ІХ ғғ.  шығармалар  емес  пе деген күдіктен соң,  болды. Әрине,  бұл сұраққа  жауап  іздеушілер  әртүрлі  көзқараста  болды.  Бірақ,  негізінен  сол  Ү – ҮІ ғғ.  авторлардың шығармалары деген тұжырым жасалды.

    Бұл  мәселені  ХХ  ғасырдың 20-шы  жылдарында  ағылшын   шығыстанушысы  Маргомус С.  Пен  египеттік оқымысты  Тахао Хусейн  күн тәртібіне  тағы  қойды.  Ол екеуі  исламға  дейін  жазылды  деп  жүрген  поэзияның  авторлары  халифат  кезіндегі  ақын – жыраулар  деп  жариялады. Бірақ, бұл  пікір осы екі  оқымыстылардың ғана  пікірі  болып  қалды.  Ғылым  исламға дейінгі  поэзияның  шындық  екенін, жәнеде сол кезде (ІҮ – Ү ғғ.)  жазылғанын  мойындайды.  Дегенмен  біраз   қосымшалар,  толықтырулар,  анықтамалар  енгізілгендігін  жоққа  шығармайды.

    Араб  поэзиясы  жөніндегі   ең көрнекті  маман  Крачковский  И.Ю.  осы пікірді  қолдайды. Оның  дәлелі - орта  ғасырлардағы  авторларда  шығармалардың  кейіпкерлері,  мінез – құлық,  әрекеттері кездеспейді [5].

    Айтылып  отырған  кезең   туралы  ең  құнды  деректердің   бірі 1135  жылы қайтыс  болған  Шахрастанидің  “Кітап  ал – милал ва – нихал” (Діни  секталар  мен философиялық  мектептер  кітабы)  деген  еңбегі.  Ол шығармада  исламға  дейінгі  арабтардың  діни  нанымдарын, әдет – ғұрыптарын  баяндайтын  жеке  тарауы  бар.

    Арабтардың  алғашқы  қауымдық  құрылыстағы өмірі туралы мәліметтердің тағы бір құнды дерегі  Ибн-Халдунның “Мукамидимасы”. Ол  арабтардың  шаруашылықтары  мен қоғамдық  құрылысына  көп көңіл бөлген.  Автор арабтарды көшпелі халықтар  деп суреттейді.

    Исламға  дейінгі  арабтар  туралы  олардың  көршілері  де біраз мәліметтер  қалдырды. Бірақ,  оларды құнды  деп айту  қиын. Себебі, олар  көршілері  арабтарды жете білмеген.  Тарихшылар  үшін тек сириялық  жылнамалар  біраз  құнды дерек көзі болып  табылады.  Арабтардың Ү –ҮІ ғғ. қоғамдық  құрылысын зерттеушілердіңішінен бірінші орынға  Робертсон Смитті  қоюға болады. Оның “Ертедегі Аравиядағы  туыстық және неке” атты еңбегі  1885 жылы  Кембриджде басылып шыққан.

    Айтылып  отырған   кезең  туралы құнды еңбектің  бірі Юлиус  Вельхаузеннің “Араб  пұтқа  табынушылығының қалдықтары” деген шығармасын  айта кетуге болады. Ол Берлинде  1927 ж. жарық көрген.  Исламға  дейінгі  арабтардың  өмірі, тұрмыс салты, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы  туралы  деректер  Анри  Ламменстің бірінші еңбегінде орын алған [8].  Ү – ҮІ ғғ. арабтар  жайында  Леон  Каэтанидің екі  томдық “Шығыс тарихының очерктері” (Милан, 1911 ж.) атты еңбегінде  келтірілген. Бірінші томында  “Исламға дейінгі  Аравия”, “Ежелгі  арабтар”  геологиялық-климаттық,  әлеуметтік – экономикалық  жағдайы туралы  біраз мәліметтер береді. Ислам діні  қалыптасуы қарсаңында  арабтар туралы   мәліметтердің   тағыда бір құнды көзі – Джирджа Зейданның “Исламға  дейінгі арабтар” деген еңбегі.  Сонымен қатар Кассэн  де  Персевальдың 1847 жылы  шыққан “Исламға  дейінгі арабтар тарихы”, А. Мюллердің Санкт-Петербургте 1895 жылы  жарық  көрген  “Ислам  тарихы”, А.Е.  Крымскийдің  Москвада 1911 ж. басылып  шыққан   “Арабтардың, араб әдебиетінің  тарихы” деген  сияқты  еңбектерді  атап  өтуге  болады. Исламның шығуы  туралы  негізгі дерек  “Құран” болып табылады.  Оны  Осман халиф (644 – 656 жж.) ауызшадан  жазбашаға түсірген. Ол 114 сүреден тұрады. Бұл қасиетті  кітапта Алла  тағаланың  77934 сөзі жазылған [3].  Келесі маңызды дерек ҮІІІ ғасырдың екінші жартысында  жазылған  Мединалық Ибн-Исхактың “Алланың  өкілінің  өмірі” – “Сират расул Аллах” деген шығармасы. Ол бізге ІХ ғ. өмір сүрген филолог Ибн ишамныңөңдеуімен жеткен. “Сиратқа” ...  қосымша болып табылатын Вакыдидің (747 – 823 жж.) “ Әскери  жорықтар кітабы” – “Китаб ал – Магази” – Ислам дінінің шығуы жөніндегі тағы бір маңызды дерек болып табылады.   Ислам туралы оның негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбар туралы еуропалықтар арасындағы алғашқы шығармаларды  визаниялықтар жазды. Олар орта ғасырларды арабтармен  әрі  жиі соғысып, әрі экономикалық,  мәдени қатынастарда болып  тұрды. Византиялық  ресми  православие  бағытын  ұстанушы  грек – византиялық тарихи және теологиялық шығармалардың авторлары жалған пайғамбар, исламның  шығуына  себепкер  деп есептеген Мұхамедке дұшпандық сезіммен қарады.  Сондықтан да византиялық әдебиетте ислам бұрмаланған түрде бейнеленген.

    Батыс Еуропада  ислам  туралы мәліметтерді алғаш рет  крест жорықтары кезінде өздеріне  қас дұшпан болып көрінген дінге идеологиялық  қарсылық көрсету мақсатымен  католик миссионерлері тарата бастады.  Бірінші крест жорығынан кейін   ХІІ ғасырларда  Испанияда тұрған, араб тілін жақсы білген Католик монахы  Роберт  Кетензис  Құранды латын тіліне аударды. Бұл аударма  исламды  жоққа шығару  мақсатын  көздеген  клюнилік аббат  Петр  Благочесивыйдың бастамасы бойынша  жасалды. Мақсатқа  сай  Құран  көптеген  бұрмаланушылыққа  ұшырады.  Құранның осы  алғашқы  аудармасы  тек  1543 жылы  Швейцариядағы  Базельде  басылып шықты [16].

     Ислам тек өткен   ғасырда  ғана  ғылыми  зерттеудің  объеткісі  бола бастады.  Еуропалық   шығыстанушылар сол  кездегі   тарихнаманың  деңгейіне сай   исламның шығуын Мұхаммедтің   қызметіндегі оның жеке басының   ерекшеліктерімен  байланыста  қарастырады.

     Мұхаммедтің  өмірбаянын   алғаш  ғылыми  тұрғыдан  зерттеген   австриялық дәрігер,  әрі  шығыстанушы   Алонс  Шпренгер (1813-1893 жж.) болды.  Оның  “Мұхаммедтің  өмірі мен   ілімі”  бір дегеннен  еңбек   ескіріп, өз  мән – маңызын   жоғалтты. Шпренгер  бірден – бір дүниежүзілік   дін деген қате   көзқараста  болды.  Сол себепті де  “оның шығуын  әр қадамынан бастап  талдай  аламыз”, - деп есептеді.   Бұл арабистің мұндай  қате  көзқарасы оның  мұсылмандық тарихи – діни материал – “Сират  расул  Аллах”  пен  хадистер  жинағына  сын көзбен  қарамағандығының  жемісі [14].

    Мұхаммедтің  өмірбаяны   жөніндегі  келесі  бір Еуропалық   ғылыми  еңбек – ағылшын   Уильям  Мюирдің  Лондонда  1856  жылы  жарық  көрген  “Мұхаммедтің  өмірі”  деген  шығармасы. Шпренгерге  қарағанда У. Мюир  (1819 –1905 жж.)  отарлардағы христиан   миссионерлігіне тән деректі айыптаушылық,  дұшпандық пікір білдірді.  Исламның  шығуын  ол  Мұхаммедтің шайтанның азғыруына түсіп кетуінің  нәтижесі  деп түсіндірмекші болды. Орта ғасырлық  түнек  рухында  жазылған  Мюирдің  бұл  шығармасының  ғылыми  құндылығы  жоқ.

    Исламның  шығуының  әлеуметтік  себептерін  анықтауға бірінші   болып  неміс  арабисі   Губерт  Гримме (1864 – 1942 жж.)  өзінің  “Мұхаммед”  атты еңбегінде  әрекет  жасады.  Бірақ  оның  “Мұхаммедтің”  меккелік қызметі  кезінде  туа  бастаған  ислам – дін  емес, социалистік  қозғалыс,  әрі  ілім  болды”, - деген  тұжырымы  сын  көтермейді.  Гриммнің  еңбегінде  келтірілген  нақтылы  материалдар  назар  аударарлық.

    Монтгомери  Уотт  жазған  өмірбаян  “Мұхаммед – Меккеде”  және  “Мұхаммед  Мединада”   деген  екі  кітаптан тұрады.  Ол  кітаптар  Оксфордта  1953 –  1956 жылдары  жарық  көрген.  Ф. Бульдің кітаптары  жарық   көрген.  Ф. Бульдің  кітабымен  салыстырғанда  М. Уоттың  бұл екі  кітабы  өте  бай материалды  қамтыған. Ол материал  тек хронологиялық  тәртіпке  ғана емес, жекелеген  мәселелер бойынша  да жүйеге (мыс., “Мұхаммед және  еврейлер”,  Мұсылмандық  мемлекеттің  сипаты”,  Қоғамдық  құрылыстағы  реформа” т.с.с.) келтірілген.  Бірақ  бұл  еңбектің  ғылыми  құндылығы  төмен  себебі,  автор  мұсылмандар  арасындағы  аңыздарға күмәнсыз  иланып,  араб – мұсылмандық  тарихнама  дәстүріне  сын  көзбен  қарамаған.

Информация о работе Арабия