Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 13:38, реферат
Орта ғасырлардағы әлемді дүр сілкіндіріп, ІҮ-Ү ғасыр дүниенің үш бөлігіне – Азия, Африка, Еуропа құрлықтарына үстемдік орнатқан мемлекеттердің бірі – Араб халифаты болды. Бұл мемлекет алдымен арабтардың өздерін біріктіріп, содан соң Кіші және Орта Азияны, Сотүстік Африканы, Пиреней (түбегі) жарты аралы мен Закавказье елдерін жаулап алды. Халифаттың тарихы – бұл тек арабтар мен арабия жарты аралының ғана емес, сондай-ақ бір кездерде оның құрамына кірген Иран, Орта Азия, Сирия, Египет, Ирак, Грузия, Армения, Әзербайжан т.б. халықтар мен елдерінің тарихы.
КІРІСПЕ ..........................................................................................................3
І-Тарау Арабтар мемлекетінің құрылуының алғы шарттары
Ислам дінінің қалыптасып, араб тайпаларының бірігуі............................11
ІІ-Тарау Халифаттың құрылуы, жаулап алушылықтары
2.1 Араб халифатының құрылуы.......................................................................21
2.2Алғашқы Төрт тақуа халифтарының тұсындағы Араб жаулап алушылықтар......... ........................................................................................24
2.3 Орта Азия халықтарының ислам дінін қабылдауы...............................29
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................43
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................45
ХХ ғғ. басынан бастап бері жарық көріп жатқан Мұхаммед жөніндегі әдебиеттің ғылыми құны өте төмен.
Араб мұсылман тарихшылары жазған Мұхаммедтің өмірбаяндары Ибн Исхактың “Сиратын” ғылыми сын тұрғысынан талдамай, сол күйінде баяндау ғана болып келеді [2].
Бұл еңбектердің ішінен Мұхаммед Хусейн Хейкеалдың “Хайат Мұхаммед” (Мұхаммедтің өмірі) деген шығармасын ерекше атап етуге болады. Ол 1947 жылы Кайрде басылып шықты. Құранға сүйене отырып Хейкал ислам діні іскерлік пен бәсекелесті (конкуренция) қолдайды деген тұжырым жасайды. Мұсылман өркениетін рухани негіз, ал батыс өркениетіне қарсы қылады. Оның пікірінше, мұсылман өркениетіне рухани негіз, ал батыс өркениетіне экономикалық негіз тән. Батыс пен мұсылман әлемі арасындағы тағы да бір ерекшелік – Батыс мемлекет пен шіркеу арасында тынымсыз күрес жүріп отырса, мұсылмандар әлеміне бұл екі институт бір –біріне толықтырып, тығыз ынтымақтастық өмір сүруде.
Хейкаль исламның социалистік сипатына да жағымды баға береді. Орыс авторларының ішінде В. Соловьевтің “Магомет” деген Мұхаммедтің өмірбаяны жөніндегі шығармасы кең танымал болды. Ол Санкт – Петербурда 1896 ж. жарық көрген болатын (Алматыда – 1990) [41]. Сондай – ақ М.Н. Петровтың “Магомет Пройсхождение ислама” атты еңбегі де көңіл аударарлық. Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен қызметін проф. А. Е. Крымский едәуір зерттеді. Ол “Источники для истории Мұхаммеда” деген деректер жинағын жариялады. Сонымен қатар “История мусульманства” және “История арабов” деген еңбектерінде ислам дініне көңіл бөлді. Вашингтон Ирвингтің “Жизнь Магомета” деген кітабы орыс тіліне аударылып, оған, Н. А. Добролюбов пікір жазған. В. Ирвингтің бұл еңбегі тарихи роман жанрына жақын, яғни ғылыми құндылығы төмен.
Ислам дінінің шығуына советтік ғылыми әдебиеттерде әжептәуір көңіл бөлген. Бірнеше теориялар қалыптасты. Оның біріншісі М.Н. Поеровскийдің тарихи концепцияларының ықпалы мен қалыптасқан. М.А. Рейснердің сауда – капиталистік теориясы дүрілдеп тұрған Марксизм – Ленинизм іліміне жат бұл тория 20-шы жылдардың аяғы мен 30-шы жылдардың басында кеңінен жайылды. Сонымен қатар “көпшілік” және “егіншілік” теориялары да белгілі болды. Көпшілік теориясы бойынша ислам алғашында Аравияның бедуиндер бұқарасының мүддесін көздеді, солардың идеологиясы болды. Ал екінші теория шаруашылық өмірдегі диқандардың рөлін шектен тыс асыра көтермелеп, алғашқы ислам “кедей шаруалардың идеологиясы болды” деген пікірді дәлелдеуге тырысты. Мұхаммедтің өмірбаянын, ислам дінінің шығу себептерін белгілі орыс жазушысы В. Панова (1905 – 1973 жж.) мен оның ұлы, әйгілі арабтанушы Ю. Бахтин бірлесе зерттеген. Олардың 60- шы жылдары жазылған “ Мұхаммед пайғамбардың өмірі: Тарихи толғау” атты еңбектері кезінде Жазыл рап сериясына арнайы жазылғанымен жарық көре алмай қалған болатын. Шын мәнінде бұл тарихи толғау әлем әдебиетіндегі тарихи деректерді ең мол қамтыған Мұхаммед Ғалаиһи С-Саламның толық өмірбаяны [39]. Бұл өмірбаянды “Жазушы” баспасы қазақ тілінде 1993 жылы басып шығарды. “Ислам әлемі баспасы дүниеге келіп, діни кітаптар шығаруды қолға алды (“Егемен Қазақстан” 21. 03. 1997ж.). Енді Мұхаммед пайғамбарға, арабтарға арналған әдебиеттер көптеп шығарылады деп сенеміз. Ол еңбектердің Қазақстан тарихын, байыта түсетініне күмән жоқ. Зерттеу барсысында Қазақстандық зерттеушілерінің көзқарастары өзара және басқа да зерттеушілерінің пікірлері мен қатар талданып салыстырмалы тарихи зерттеу әдісі қолданылды. Бітіру жұмысын жазуда Батыс пен Шығыстың өзара ықпалдастығы Еуразияшылықтың тарихи тамырлары жөнінде соңғы жылдары жаңаша тұрғыда көп зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген Қазақстандық тарихшы Қ.Т. Жұмағұлов еңбектері бағыт- бағдар беретін әдістемелік теориялық негіз ретінде қолданылды [18, 19, 20, 21].
Бітіру жұмысын жазуда алға қойған мақсат - міндеттер:
Қоғам ішіндегі әртүрлі әлеуметтік топтардың ынтымағын қамтамасыз ете білу де, үш материктің көп ұлтты халықтарынан құрылған мемлекеттің ІҮ ғасырдан астам уақыт өмір сүруінің бір себебі болды. Араб халифатының әлеуметтік - экономикалық қатынастарды шешу тәжірибесін үйрену қазіргі кездегі мәселенің бірі. Бірақ өкінішке орай бұл маңызды мәселе дұрыс шешімін таппай отыр. Халифаттың көптеген елдерді оңай әрі тез жаулап алуының, оларды өз қол астында тапжылтпай ұстап отыруының себептерін зертеу, ұғу, тағлым алу біздің мемлекетіміздің жарқын болашаққа жетуіне едәуір үлес қосады деп санаймыз. Сол себепті де біз өз бітіру жұмысымыздың тақырыбы етіп “Араб халифатының құрылуы және оның жаулап алушылықтары” мәселелерін таңдап алдық.
Бұл мәселе әлі күнге дейін дұрыс шешімін таппай келе жатыр. Біздің республикамыздың саяси-экономикалық жағдайын нығайтып, өркениетті елдер қатарына қосылу үшін, 2030 жылға қарай “Орталық Азия Барыс” атану үшін араб халифатының әлеуметтік - экономикалық жағдайын жаңа, жалпы адамгершілік құндылық тұрғысынан саралау қажет.
Бітіру жұмысы кіріспеден,
екі тараудан және
Бірінші
тарауда ислам дінінің
Екінші тарауда деректер мен зерттеулерге сүйене отырып алғашқы төрт тақуа халифаттардың тұсындағы араб жаулап алушылықтарының себеп - салдары, феодалдық қатынастарға талдау жасалынып баяндалды.
Бітіру жұмысы осы екі тарауда баяндалған мәселелерден туындайтын қорытындымен аяқталады.
Бітіру жұмысының
соңында пайдаланылған
Ислам Меккеде өмірге келді. Мекке – Хиджаздың ең үлкен елді мекені. Оның төңірегі құлазыған шөл дала, өсімдік те – аз: түйе жейтін жантақ, қой-ешкіге жетерлік шағын жайылым ғана болды. Жері егін егуге мүлде жарамсыз, азын аулақ түйе, ешкі, қой сияқты түлік түрі аяғынан тозып, азық айырдан демесең, мал ұстауға да мейлінше қолайсыз. Құдықтар суы өте тереңнен шығады. Сондықтан да Меккенің тұрғындары не мал өсірумен, не егіншілікпен айналыса алмады. Мекке сауда керуенінің жолындағы зәмзәм бұлағының бойында өмірге келген [35]. Зәмзәм суының шипалы қасиеті бар. Сондықтан Мекке бірден қасиетті мекенге айналды. Зәмзәм бұлағында Каоба Храмы араб бедеуилерінің атамзаманнан табынатын орны болған [13]. Ол храмды Абрам (Ибрахим) мен оның египеттік күңі Ажардан туған баласы Исмайл салғызған деген аңыз сақталған, тек Палестинаға келгеннен кейін, пұшпағы қанамаған бедеу әйелі Сара өз қожасынан бала болмайды деп ойлаған соң, Египет перғауыны ханымына тік тұрып қызмет қылсын деп жанына қосып берген күні Ажарды құдай қосқан қосағы Ибрахимге тоқалдыққа алып береді. Кешікпей Ажар Ибрахимге Исмайлдай ұл тауып береді. Жасы жетіп, үміті үзіле бастаған кезде шағында Сара құдіреті күштінің желеп-жебеуімен жүкті болып, Исках есімді ұл туады. Сара Ибрахимді Ажарды қуып жіберуге қимады. Бірақ жаратқан Сараның талабына құлақ асты да, Ажар мен Исмайлды құдіреті күшті иллара етке Арабияның бір түкпіріне апарып салуға Ибрахимді мәжбүр етті.... Жалғыз қалған Исмайл шырылдап жылап, жер тепкілей бастады.... Баланың тепкілеген жерінен тұп-тұщы ауыз судың көзі ашылып, бұрқ ете қалды... Пайда болған зәмзәм қайнарының жанында кейін Исмайлдан тараған арабтар Қағба аталған “Құдай үйін” салды.
Қағбадағы қара тастың құпиясы әлі күнге дейін жұмбақ. Ол басында әппақ болған – мыс. Кейін пұтқа табынушылар көп сипалай берген соң қап-қара болып кетіпті. Бірнеше рет болған су тасқыны Қағбадағы қара тасты құлата алмаған.
Қала осы ежелгі қасиетті Храмның төңірегіне орналасқан. Ол храмды Меккеліктер “Алланың үйі” деп, ал өздерін “Алланың көршісіміз” деп атаған. Голландық ориенталист К.Х. Снус Хюргроанья: Аллах өзінің көршілеріне Зәмзәм суы мен тастардан, құм мен тастардан, құм мен аптап ыстықтан басқа ештеңе де силаған жоқ деп жазыпты. Мекке сауда- саттық, алым-берімге таптырмайтын жер. Қалтарыс, қаға берісі мол жолдар мазасыз, жыл он екі ай бойы ұры-қарысы үзілмейді: Оңтүстік Арабияға, Иранға, Сирияға, Жерорта теңізіне сапар шеккен керуендер осы өңірді басып өтеді. Алайда Меккенің атының шығуы оған байланысты емес. Онда арабтың көптепген тайпалары пір тұтатын көне аруақтары мен әулиелі орындары көп еді. Сондықтан да Мекке киелі орын деп айырықша дәріптелді. Арабияның түкпір – түкпірінен сабылып келіп, әулиелі орындарға түнеушілер жыл он екі ай бойы бір үзілметін [14]. Солармен алым-берім, сауда-саттық шағын шаһардың күнелтуіне жарап тұрды. Меккеден жылына екі рет қыста және жазда үлкен сауда керуендері шығатын. Оның біріншісі (қыста) – Иеменге, ал екіншісі – Солтүстікке қарай, Палестина мен Сирияға, Иракқа, тіпті Египетке бағытталған.
Ол сауда керуендерін Меккеден құдіретті тайпа-курейштер ұйымдастырылатын. Ол керуенге кез келген Меккелік кіре алатын. Керуендер алып шығатын тауарлар құны әр кезде, әр түрлі болды. Дегенмен орта есеппен 50 мың алтын тиын болатын. Курейштердің омейя руы ғана 5-6 мың ақшалық тауар жөнелтетін керуенді де сол ең қуатты Омейя руының өкілдері басқаратын.
Үлкен керуендерді жол білетін серіктер мен қорғаушы күзет жасағы алып жүретін. Түйелерді, оны айдаушылар мен жүк тиеушілерді көшпелі бедуиндерден жалдайтын. Тәжірибелі жол сілтеушілер құдықтар мен түйе жайылып, қоректене алатын жерлерді жақсы білетін. Керуен басшысы жүйрік түйеге мінген пысық жігіті арқылы Меккемен үзбей байланыс жасап отыратын Хиджаздықтар мен Недждіктер Қағбаға қажылыққа келіп отыратын қасиетті айлар белгіленді. Ол айларда кек қайтарып, қан төгуге қатаң тыйым салынды. Мекке мен оның төңірегі “Храм” деп, яғни адам өлтіру сияқты ауыр қылмыстыларға жол берілмейтін “қасиетті мекен” деп жарияланды. Сауда Мекке тұрғындарының басты кәсібі болды. Бұл қалада кім саудагер болмаса, оның тамағын тауып ішуі қиын болатын. Ислам діні шыққанға дейін Меккеде өзінің ақша жасайтын сарайы болмады. Саудада Византия мен Иран, Иемен ақшалары (алтын, күміс монеталары) пайдаланылды [29].
Саудамен қатар Меккеде өсімқорлық та кең қанат жайды (арабша –“риба”). Әжептәуір табыс табуға болатын саудаға қатысу үшін шағын және орташа байқуатты адамдар өсімқорлардан қарызға ақша алып отырды. Бай көпестер саудамен де, өсімқорлықпен де айналысты. Айталық, Вакыди: “Аббас өз тайпасының адамдарына көп ақша қарыз берген”, - дейді.
Бір диркен - бір диркемге, бір динар - бір динарға қарызға берілетін, яғни бір динар қарызға алған адам кейін екі динар етіп қайтаруы тиіс болған (100 % өсіммен).
Меккелік сауда керуенінің тұрақты бір мүшесі Тайф қаласының тұрғындары, оның ішіндегі қуатты сакиф тайпасының өкілдері болды. Меккемен Тайфтың экономикалық байланысының тығыз болғандығы соншалықты, ол қалаларды “Маккатани” – яғни “екі Мекке” деп атаған.
Тайф пен оның маңындағы
ауыл тұрғындары бау бақшасы,
жоқ меккеліктерді жеміс-
Меккедегі тайпалардың
Курейш басшыларының тек ақшасы мен тауары ғана болып қойған жоқ, сонымен қатар олардың егістік жерлері, малдары мен құлдары да көп болды. Олар асыл тұқымды жылқылардың иесі болды.
Меккеде, оған жақын жерлерде
курейштен басқа хавазин,
гатафан тайпалары
Барлық Аравиядағы политиамның ақыры жақындап келе жатты. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы, қауым мүшелерінің байлар мен кедейлер бөліне бастауы, тайпалық одақтардың құрылуы осының бәрі бір денеге, бір құдайға сену арқылы бір орталыққа бағынған мемлекеттің құрылуын қажет ете бастады.