Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 15:06, дипломная работа
Тақырыптың өзектілігі: Кешегі халқымыздың еркіндігі мен бостандығын жойып, қазақ даласына өз билігін орнатқан Кеңестік империясындағы коммунистердің тоталитарлық қоғамы келмеске кетті. Жас мемлекетіміздің тәуелсіздікке ие болуы, оның алдына стратегиялық мақсат – саяси және әлеуметтік – экономикалық, рухани және құқықтық теңдікті қамтамасыз ететін демократиялық қоғам орнату, бүкіл әлемдік қауымдастықтың тең мүшесіне айналу болып табылады.
Кіріспе __________________________________________________1 – 9 беттер
1 – бөлім. Қазақстан астанасын Орынбордан Ақмешітке көшіру және оған қазақ зиялыларының көзқарастары_______________________________10 – 29 беттер
1.1. Орынбор Қырғыз (Қазақ) автономиялық республикасының астанасы_________________________________________________10 – 22 беттер
1.2. Қазақстан астанасын Орынбордан Ақмешітке
көшіру қажеттігі _________________________________________23 – 29 беттер
2 – бөлім. 1925 жылғы Кеңестердің Бүкілқазақстандық V съезінде қабылданған шешімдер мен қаулылар
және оның қазақ халқы үшін маңызы_________________________30 – 55 беттер
2.1. 1925 жылғы Кеңестердің Бүкілқазақстандық V съезінде қабылданған шешімдер мен қаулылар___________________________________30 – 40 беттер
2.2. Қызылорда астана болған жылдардағы республиканың экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірі______________________________ 41 – 50 беттер
2.3. «Қазақ АКСР-ның астанасы Қызылордада өткен V съездің шешімдері мен қаулылары» тақырыбы орта мектептің 10 сыныбына арналған Қазақстан тарихы пәнінде оқыту әдістемесі___________________________________51 – 55 беттер
Қорытынды____________________________________________¬__56 – 60 беттер
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі____________________________61 – 62 беттер
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Тарих және қазақ филологиясы факультеті
Қазақстан тарихы кафедрасы
Қорғауға жіберілді Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, доцент________М.Қараманова
«____»________________2009 жыл |
Д И П Л О М Ж Ұ М Ы С Ы
Тақырыбы: Қазақ АКСР-ның астанасы Қызылордада өткен
V съездің шешімдері мен қаулылары
Тарих – 050114
Орындаған: Базартай Жандос Нұртайұлы
Оқу тобы: И-05-1
Ғылыми жетекшісі: А.Айдосов
т.ғ.к.., профессор
Қызылорда, 2009 ж
М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе ______________________________
1 – бөлім. Қазақстан астанасын Орынбордан
Ақмешітке көшіру және оған қазақ зиялыларының
көзқарастары__________________
1.1. Орынбор Қырғыз (Қазақ) автономиялық
республикасының астанасы______________________
1.2. Қазақстан астанасын Орынбордан Ақмешітке
көшіру қажеттігі ______________________________
2 – бөлім. 1925 жылғы Кеңестердің Бүкілқазақстандық V съезінде қабылданған шешімдер мен қаулылар
және оның қазақ халқы үшін маңызы________________________
2.1. 1925 жылғы Кеңестердің Бүкілқазақстандық
V съезінде қабылданған шешімдер мен
қаулылар______________________
2.2. Қызылорда астана болған жылдардағы
республиканың экономикалық, әлеуметтік
және мәдени өмірі_________________________
2.3. «Қазақ АКСР-ның астанасы Қызылордада
өткен V съездің шешімдері мен қаулылары»
тақырыбы орта мектептің 10 сыныбына арналған
Қазақстан тарихы пәнінде оқыту әдістемесі____________________
Қорытынды_____________________
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі________________________
К І Р І С П Е
Тақырыптың өзектілігі: Кешегі халқымыздың еркіндігі мен бостандығын жойып, қазақ даласына өз билігін орнатқан Кеңестік империясындағы коммунистердің тоталитарлық қоғамы келмеске кетті. Жас мемлекетіміздің тәуелсіздікке ие болуы, оның алдына стратегиялық мақсат – саяси және әлеуметтік – экономикалық, рухани және құқықтық теңдікті қамтамасыз ететін демократиялық қоғам орнату, бүкіл әлемдік қауымдастықтың тең мүшесіне айналу болып табылады.
Қазақ халқының егемендік
алуымен қатар еліміздің
«Біздің мақсатымыз деп жазады елбасымыз Н.Ә.Назарбаев, - ғылымды жаңадан жасап, оны еш нәрсеге жарамай қалған, ескірген идеялардан тазартуға тиіспіз. Әсіресе, мұны қоғамдық ғылымдар саласына қолдануымыз керек» [1].
Міне осыған байланысты
халқымыздың жүріп өткен жолын
жаңаша көзқараспен жазуға және
қазақ тарихындағы «
Аталған мәселе отандық тарихнамада толық қарастырылмаған және бұл тақырыпқа байланысты ғылыми еңбектер күні бүгінге дейін аз жазылған. Сондықтан да тарих ғылымында бұл шешімдермен қаулылардың арнайы зерттелуі сол кездегі Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуындағы өмірін ғылыми негізде тура және терең түсінуге жол ашпақ.
Қазақстан астанасын
Орынбордан Ақмешітке көшіруде
Мәскеулік билік өзара
Міне, Кеңес үкіметінің үш мақсаты жинақтала келіп өлкеде халық шаруашылығын күшейту саясатының мәнін ашып көрсетеді. Бұл 1925 жылғы Кеңестердің Бүкіл қазақстандық халық шаруашылығын көтерудегі орны тарихта толық ашылмай, ғылыми тұрғыдан өз бағасын әлі күнге алмаған. Сол себептен де 1925 жылғы Қызылорда өткен Кеңестердің V съезінде қабылданған қаулылар мен шешімдерге жан-жақты зерттеу жүргізу өзекті тақырыбымыздың бірі болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Бүгінгі таңда қаралып отырған мәселеге қатысты біршама еңбектер жарық көрді. Бұл еңбектердің бағыттарына қарай мәселені шешуі мен сипатына байланысты әр түрлі топтарға бөлуге болады:
- бірінші топқа, 1925 жылғы Қызылордада өткен Кеңестердің Бүкіл қазақстандық V съезіне қатысқан қазақ зиялыларының еңбектері;
- екінші топқа, осы мәселе бойынша Кеңестік кезеңдегі зерттеулер;
- үшіншісі, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі зерттеулер.
Бірінші топтағыларға С.Ж.Асфендияров [2], С.Қожанов [3], С.Сәдуақасов [4], Т.Жүргенов [5], т.б. зерттеулерін жатқызамыз.
20-шы жылдары С.Ж.Асфендияров білім – парасаты мен күш қайратын халқына аямай қалтқысыз қызмет етудің үлгісін көрсетіп, ұлт мәдениетін өркендетуге өзінің қомақты үлесін қосқан нағыз тұлға. Ол Түркістан обкомының хатшысы бола жүріп Қырғыз АКСР-інің мүддесін толығымен қорғауға байланысты өзінің айрықша пікірін білдіреді.
Сонымен бірге, С.Қожанов «Еңбекші Қазақстан» газетінде Қазақстан Республикасының астанасын Орынбордан Ақмешітке көшіруге және Ақмешітке Қызылорда атын беруге өзіндік ұтымды пікір білдіреді. Осындай пікір қатарында С.Сәдуақасов, Т.Жүргенов те болды.
20-30 жылдары қазақтың
оқу ағарту ісін дамытуға
Қазақ АКСР-інің астанасы Қызылорда өткен V съезінің шешімдері мен қаулыларына қатысты зерттеушілердің екінші легі кеңестік тарихшылар болды. Кеңестік зерттеушілер көбіне таптық идеологиялық догмалардан арыла алмай негізгі мәселені зерттеуден тыс қалдырылды. Сол кездері Кеңестік ғалымдар шығарған Қазақ ССР-і тарихы [6] бұрмаланып, негізгі мәселеге терең бара алмады.
Қазақстанның тәуелсіздік алуы Отан тарихының жылдам дамуына, тарихи ақтаңдақтардың ашылуына жол ашылды. Әсіресе, Қазақ АКСР-інің астанасы Қызылорда да өткен V съезінің шешімдері мен қаулыларына байланысты ой-пікірлер мен ұстанымдар тарихнамада айналымға түсіп, тарихи танымдық көзқарастар туындады.
Қазақ АКСР-інің астанасы Қызылорда да өткен V съездің шешімдері мен қаулыларына тарихи тұрғыдан шолу жасап, өз бағаларын берген еңбектер баршылық. Осындай мәселеге М.Қозыбаев [7], К.Нұрпейісов [8], М.Қойгелдиев [9] сияқты танымал ғалымдардың еңбектерінде көңіл бөлінген.
Мәселен, М.Қозыбаевтың еңбектері
тарих ғылымын бұрынғы
Танымал тарихшы М.Қойгелдиевтің еңбектерінде мұрағаттық тың деректер арқылы Қазақстанның кеңестік кезеңдегі тарихы жан-жақты баяндалып, сындарлы тұжырымдар жасалады.
Сонымен қатар, бір топ өлкетанушы ғалымдар Қазақ АКСР-інің астанасы Қызылорда да өткен V съездің шешімдері мен қаулыларына байланысты зерттеулер жүргізген. Оған біздің көтеріп отырған мәселеге неғұрлым жақын келетін ғалымдардың еңбектерін атап көрсетуге болады. Соның ішінде Ы.Қалиев, А.Айдосов, М.Кереев «Қызылорда» атты еңбегін жатқызамыз [10].
Аталған зерттеушілер өз еңбектерінде Қазақ АКСР-інің астанасы Қызылорда да өткен V съездің шешімдері мен қаулыларына жан-жақты тоқтала келіп оның тарихи маңызып ашып көрсетеді.
Сонымен қатар, Қызылорданың астана болу тарихына қатысты облысымызда танымал жазушылар мен қызметкерлер зерттеу мақалаларын жарыққа шығарады. Олардың қатарына, Т.Боранғалиұлы, А.Дәулетұлы, А.Сәдібекұлы, Қ.Мырзахметұлы, Қ.Отарбаева, Н.Жакауова, т.б.
Қорыта келгенде Қазақ АКСР-інің астанасы Қызылорда да өткен V съездің шешімдері мен қаулылары отандық тарихнамада тұтастай толық зерттелген жоқ. Жоғарыда аталған зерттеушілер Қызылордада өткен V съездің шешімдері мен қаулылары жөнінде қалыптасқан пікірлерді сыни тұрғыда қараған.
Жалпы қарастырылып отырған тақырыптың бүгінге дейін арнайы ғылыми айналысқа енуінің кенжелеуі мәселенің күрделігі зерттеу жұмысына айтарлықтай салмақ жүктеді.
Тақырыптың деректік негізі: Диплом жұмысында қарастырылып отырған мәселеге сәйкес пайдаланылған деректерге жан – жақты талдау жасалды. Атап айтқанда Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағатындағы бірнеше қорлардағы істер ашып көрсетілді. Соның ішінде облыстық мұрағатқа әкелінген Қазақ АКСР-нің орталық атқару комитетінің құжаттары, яғни қаулылар мен бұйрықтар, хаттамалар, баяндамалар ғылыми айналымға енді. Сонымен қатар, Ташкентегі Өзбекстан орталық мемлекеттік мұрағатынан әкелінген Қызылорда астана болған жылдардағы құжаттар және облыстық мұрағаттағы Кеңестердің Бүкілқазақстандық V съезінің құжаттары сақталған 1 қордың 332 ісі толық пайдаланылды.
Тақырыпты
тағы бір қырынан ашатын
Тақырыптың мақсаты мен міндеті: Кеңес үкіметінің Қазақстандағы партиялық әкімшілік орындарының Қызылорда астана болғандағы 1925-1929 жылдар аралығындағы қызметі мен тарихын тың деректік материалдар негізінде, жаңа көзқарастар тұрғысында талдай отырып, оның жұмыс істеу тәсілдерін ашып көрсету – зерттеу жұмысының басты мақсаты. Осыған байланысты зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылды:
Аталған міндеттерді
орындау зерттеушілердің
Тақырыптың
хронологиялық шеңбері мен
Тақырыптың ғылыми жаңалығы: Мәселенің кешенді түрде зерттелуі. Зерттеу жұмысының негізі Қазақстан республикасынының астанасын Орынбордан Ақмешітке көшіру қажеттілігі, сонымен қатар Ақмешіт қаласында өткен Кеңестердің Бүкілқазақстандық V съезінде қабылданған шешімдер мен қаулылардың маңызын ғылыми тұрғыдан талдауға алынып, көптеген деректік құжаттар арқылы алғаш рет зертеліп, оның басым бөлігі ғылыми айналымға бірінші рет енгізіліп отырғандығы. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы төмендегідей:
Информация о работе Қазақ АКСР-ның астанасы Қызылордада өткен V съездің шешімдері мен қаулылары