Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 15:06, дипломная работа
Тақырыптың өзектілігі: Кешегі халқымыздың еркіндігі мен бостандығын жойып, қазақ даласына өз билігін орнатқан Кеңестік империясындағы коммунистердің тоталитарлық қоғамы келмеске кетті. Жас мемлекетіміздің тәуелсіздікке ие болуы, оның алдына стратегиялық мақсат – саяси және әлеуметтік – экономикалық, рухани және құқықтық теңдікті қамтамасыз ететін демократиялық қоғам орнату, бүкіл әлемдік қауымдастықтың тең мүшесіне айналу болып табылады.
Кіріспе __________________________________________________1 – 9 беттер
1 – бөлім. Қазақстан астанасын Орынбордан Ақмешітке көшіру және оған қазақ зиялыларының көзқарастары_______________________________10 – 29 беттер
1.1. Орынбор Қырғыз (Қазақ) автономиялық республикасының астанасы_________________________________________________10 – 22 беттер
1.2. Қазақстан астанасын Орынбордан Ақмешітке
көшіру қажеттігі _________________________________________23 – 29 беттер
2 – бөлім. 1925 жылғы Кеңестердің Бүкілқазақстандық V съезінде қабылданған шешімдер мен қаулылар
және оның қазақ халқы үшін маңызы_________________________30 – 55 беттер
2.1. 1925 жылғы Кеңестердің Бүкілқазақстандық V съезінде қабылданған шешімдер мен қаулылар___________________________________30 – 40 беттер
2.2. Қызылорда астана болған жылдардағы республиканың экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірі______________________________ 41 – 50 беттер
2.3. «Қазақ АКСР-ның астанасы Қызылордада өткен V съездің шешімдері мен қаулылары» тақырыбы орта мектептің 10 сыныбына арналған Қазақстан тарихы пәнінде оқыту әдістемесі___________________________________51 – 55 беттер
Қорытынды____________________________________________¬__56 – 60 беттер
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі____________________________61 – 62 беттер
1927 жылы сәуірде солтүстік жағынан (Семей) және оңтүстік жағынан (Луговая ст) Түркістан-Сібір жолының құрылысы басталысымен қарқынды жүргізіле бастады. 1929 жылғы 18 шілдеде, үкімет бұрын белгілеген мерзімінен 7 күн бұрын құрылысшылар жолды Алматыға дейін жеткізді. Осының барлығы Қазақстан астанасының Қызылордадан Алматыға көшірілуіне мүмкіншілік жасады.
1929 жылдың 6-15 сәуірінде
Қызылорда Қазақ АССР
Республика астанасы Қызылордада болған жылдары Қазақ АССР-і Орталық атқару комитетінің кейінірек ұлттық тілі мен мәдениетті дамыту барысында зардабын тигізген «Жаңа қазақ алфавитін енгізу туралы» қаулысы қабылданды [26, 81б]. Бұл құжат қазақ еңбекшілерінің шаруашылықта, қоғамдық және мәдени өмірде патриархалдық – рулық, жартылай феодалдық қатынастардың қалдығы ретінде сақталған араб алфавитінен құтылу мүмкіндігі туды деп халыққа жалған ұғым қалыптастырды.
Осының салдарынан бір
ұрпақтың өмірінде қазақтар ғасырлар
бойы ұлттық мәдениетінің інжу-маржандары
жасалып келген кітаптар, газет –
журналдар, ғылыми еңбектер, бағалы тарихи
материалдар жинақталған
Коммунистік идеологияның дем беруімен қаулыда: «Қазақ еңбекшілеріне исламмен бірге танылған араб алфавиті өзінің күрделілігімен техникалық жағынан жарамсыз болып, оны баспа өнеркәсібінде пайдалану үлкен шығынға түсті. Араб алфавиті қазақ еңбекшілері үшін өзінің мәдени – тарихи жағынан оқшау қалуына байланысты жалпы адамзаттық жетістіктерді игеру барысында техникалық кедергі болып қалды» деген көпе – кернеу күлтілдек сөйлемдер көрініс тапты.
Өкімет деңгейінде айтылған мұндай тұжырымдар шындықтан тым алыс жатқан болатын. Құранды және араб алфавитін білетін халық латын, онан кейін орыс алфавитіне көшемін деп бар білгенінен айырылып, елді жаппай сауатсыздық жайлады [16, 102б]. Осылайша өзінің тамыры сонау ертедегі Шығыс мәдениетімен байланысып жатқан ұлттың мәдениеті мен тіліне шексіз зиянкестік жасалды.
Білім мен жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктеріне табиғатынан құмар қазақ халқы енді алдымен латын, кейін орыс алфавитін қазақ және араб тілдеріне, ұлттық мәдениетке тиген зардабына қарамастан барынша табандылықпен оқып үйренуге кірісті.
Осыған сәйкес Қазатком хатшылығы 1928 жылдың 28 сәуіріндегі мәжілісінде «Қазақстанда мемлекеттік ақпаратты байырландыру туралы» қаулы қабылдады. Онда былай деп жазылған: «Теңіз, Адай, Қарқаралы және Қызылорда округтерінде аудандастыру толық аяқталған соң округтік органдардың жұмысы жергілікті (қазақ) тілде, ал басқа округтерде екі тілде жүргізілсін [16, 103б]. Тұрғындардың 80-90 пайызы бір ұлттан болатын аудандарға сол ұлттың тілінде, аралас аудандарда екі тілде жүргізілсін». Бұл жұмыс өзінің оң нәтижесін берді.
1927-1928 жылдары 646 жас
іс-қағаздарды қазақ тілінде
Басшылық құрамына жергілікті ұлт өкілдерін тарту, олардың қызметіне сенім арту ұлт саясаты жөніндегі партиялық жұмыстың негізгі талабы ретінде күн тәртібіне қойылғанымен, 1925 жылдың қыркүйегінде Қазақстанға саяси басшылыққа бекітілген Ф.И.Голощекин бұл істі саяси ойынға айналдырды. «Ұлт өкілдеріне қамқорлық жасау өзге ұлттардың мүддесіне қайшы келеді», деген жалған, қолдан жасалынған бағыт бел алды. Жергіліктендірудің мақсатын Голощекин тобы өзін ғана ойлайтын басшылардың қысымы деп бұрмалады.
Осы мәселе жайлы айтыс – тартыста сол кездегі «Еңбекші Қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің бас редакторы, өлкелік партия комитетінің бюро мүшесі, Қазатком төралқасының мүшесі Смағұл Сәдуақасов ретсіз пікірлерге жауап ретінде «Ұлттар мен националдар туралы» салиқалы мақала жариялады [25, 30б]. Бұл мақаласында ол жергіліктендіру мәселесінің ауқымы кең, маңызы жоғары мәселе екендігін жан-жақты дәлелдеді, ұлт саясатының күретамырындай мәні барлығын ашып айтты.
Бұл мәселе туралы тарихшы, зейнеткер А.Дәулетов былай деп жазды: «Бүгінгі күні, яғни ХХІ ғасырдың басында, 2001жылы Қызылорда облысының республикада тағы да бірінші болып барлық ресми кеңсе құжаттарын мемлекеттік тіл – қазақ тіліне көшіруі, сол баяғы ағаларының үлкен көрегендікпен көтерген ұлы бастамаларынан бастау алған шешімінің өмір шындығына айналуы, бүкіл егеменді еліміздің халқына ой салған, жол көрсеткен зор маңызы бар оң өзгеріс, бетбұрыс, батыл қадам екенін айтпай кетуге болмайды. Бұл сол кездегі елім, жерім, халқым деп күрескен абзал ағаларымыздың алдында бас иіп, рухтарына тағзым еткенмен бірдей» [16, 104б].
Астананың Қызылордаға келуіне байланысты мәдени өмірдің кең қанат жайғаны аян. 1925 жылы байланыс басқармасы құрылса, 1926 жылы радио торабы, радиостанса қызметін бастады. 1925-26 жылдары 100 орындық өлкелік, 45 орындық қалалық ауруханалар ашылды.
1924 жылы қазақ, орыс,
татар, украин халық театрлары
отау тіксе, 1926 жылы 13 қаңтарда қазақтың
тұңғыш ұлттық театры болашақ
классик М.Әуезовтің «Еңлік-
1925 жылы республикада 4 оқу-ағарту институты жұмыс істеді. 1926-27 жылдары Ташкенттегі педагогикалық институт Қазақ педагогикалық институтына айналды. Ректоры қоғам қайраткері Т.Жүргенов болды [5, 102б]. Жаңадан мұражайлар ашылды. 1928 жылы Бүкілқазақстандық спартакиада ұйымдастырылды. Қ.Мұңайтпасовтың басшылығымен қазақша күрестен республикалық біріншілік өткізілді.
Біртұтас Қазақстан мемлекетінің алғашқы астанасы болған Қызылорда көптеген қиыншылықтарға қарамастан, сол кезеңдегі күрделі, тарихи мәнісі болған ірі мәселелерді шеше білді. Батысы, қазақ халқын біріктіре түсуге үлкен ұйытқы болды, халқымыздың көне тарихының жаңғырған кезеңінің бастапқы қадамын батыл бастады.
Қазақ АССР Кеңестерінің VІІ съезінде Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып Ораз Исаев сайланды. Қазақстанды мемлекеттік құрылысының қалыптасу процесінде ұлттық кадрлардың қатары көбейді. Олардың ішінде Н.Нұрмақов, Ж.Сәдуақасов, Ә.Лекеров тағы басқа қоғам және мемлекет қызметкерлері болды.
Жаңа әкімшілік – территориялық аудандастыру кезінде 1929-1930 жылдар аралығында Қызылорда округы құрылды. Оның орталығы Қызылорда болды, құрамында Қазалы уезі, Сырдария губерниясы, Қарсақпай болыстығы, Ақмола губерниясы, Қызыл жаңғыл және Қайдауыл болыстығының аймағы кірді [16, 106б].
Қызылорда округі 300 мың шаршы шақырымды иемденіп, Арал, Қазалы, Аламесек, Қараөзек, Шиелі, Қарсақпай секілді аудандарды қамтыды. 1931 жылы Қызылорда аудан орталығы, ал 1938 жылдың 15 қаңтарынан бастап облыс орталығы болды.
1929 жылы әкімшілік
– территориялық құрылыс
2.3. «Қазақ АКСР-ның астанасы Қызылордада өткен V съездің шешімдері мен қаулылары» тақырыбы орта мектептің 10 сыныбына арналған Қазақстан тарихы пәнінде оқыту әдістемесі
Сабақтың тақырыбы: |
Қазақ АКСР-ң астанасы Қызылордада өткен V съездің шешімдері мен қаулылары. | |
Сабақтың мақсаты: |
- Қазақ АКСР-ң астанасы Қызылордада өткен V съездің шешімдері мен қаулылары және оның тарихи маңызын қазақ халқы үшін қажеттілігін объективті түрде түсіндіру. | |
Білімділік: |
- Қазақстан Республикасының астанасы Орынбордан Ақмешітке көшіру кезіндегі қазақ зиялыларының көзқарастарымен ұстанымдарын, сонымен бірге Ақмешітте өткен Кеңестердің Бүкілқазақстандық V съездің шешімдері мен қаулыларын оқушыларға түсіндіру. | |
Тәрбиелік: |
- Қызылордада өткен
Кеңестердің Бүкілқазақстандық | |
Дамытушылық: |
- Қазақстанның астанасын
Орынбордан Ақмешітке көшіру
кезіндегі қазақ зиялыларының
оның ішінде С.Асфендияров, С. | |
Көрнекі құралдар: |
- Қазақстанның және
Дүние жүзінің картасы, | |
Сабақ түрі: |
- Аралас | |
Сабақ әдісі: |
- диалог, пікір алмасу, топпен жұмыс | |
Пән аралық байланыс: |
- Дүние жүзілік тарих,
география, қазақ әдебиеті | |
Сабақ барысы: |
||
І. Ұйымдастыру кезеңі: |
- сынып оқушыларымен сәлемдесу, сыныптың тазалығын тексеру, оқушылардың қатысуын қадағалау. | |
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: |
| |
ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту: | ||
1917 жылы Ақмешітте кеңес үкіметі орнағаннан кейін бір ай ішінде Түркістан кеңестік автономиялық республикасы құрылады. Ақмешітте Д.Гержед бастаған большевиктер халықты қуғынға түсіріп кейін өзі қудаланады. 1924-1925 жылдары Түркістан автономиялық республикасы таратылып, оның құрамындағы Сырдария, Жетісу облыстары Қазақ АКСР-інің құрамына кіреді. | ||
ІҮ. Жаңа сабақ |
||
Сабақ жоспары: |
| |
Негізгі терминдер: |
- социализм, саяси бюро, индустрия т.б. | |
Сабақтың тезисі: 1920 жылы Қазақ республикасы
құрылғанда І Құрылтай Жиырмасыншы жылдардың
ортасында елдің Азия бөлігі ұлттық
белгі бойыншы іргелесуге көшкен
тұста Мәскеудегі орталық Орынборды
Қазақстанға қимайтыны Алайда астананың Ақмешітке көшірілуінің Қазақстан үшін үлкен маңызы болғаны белгілі. Бұрын Сібір ревкомына қарап кеткен Ақмола мен Семей облыстарының Омбы уезінен басқа жерлері Қазақстанға қайтарылды. Орталық комитет Орал губерниясын Қазақстаннан бөліп әкету ниетіне тойтарыс берді. Жетісу, Сырдария облыстарын Қазақ республикасына қайтарды. Қарақалпақ автономиясын да Қазақ АССР-інің құрамына беріп, бауырлас екі халықтың тағдырын тоғыстырғандай еді. Байырғы жерлері Бөкей ордасын, Адай болысын, Маңғыстау уезін, Қостанай округін, Астрахан губерниясының Атырау жағалауын Қазақстан өзіне нақты заңдастырып алды. Бұрын Қазақ, Түркістан, Сібір республикаларында ел басқарып отырған зиялы қайраткерлеріміз енді Ақмешітке келіп, автономия үшін тізе қосып қызмет етпек. Әлсіз, ордаға лайық ғимаратсыз, жарықсыз (электр 1926 жылы қосылды) уездік қала Ақмешіт осындай байтақ елдің астанасына айналды. Орталық деген атқа ол тек географиялық тұрғыдан ғана лайық болатын. Обалы не, Ресей үкіметі Ақмешітті көркейту үшін 4 миллион сом қаржы ұсынды. Мекемелерді жаңа астанаға көшіру және ұйымдастырушылық шараларды жүзеге асыру үшін арнайы үкімет комиссиясы құрылды. Ал еліміздің тұңғыш астанасы Орынбор ше? Осы арада орталықтың қызғаныш қимастығы айқын көрінді. 1925 жылдың 6 сәуірінде БОАК Президиумы губернияны мекендейтін негізгі ұлттар орыстар деген желеумен Орынборды қазақ автономиясының құрамынан шығарған қаулы алды. Орал губерниясының орыстар көп қоныстанған Елек уезін де ол өзімен бірге бөліп әкетті. Ресми астана атанған ақпан айы болғанымен, мемлекеттік мекемелер Ақмешітке біртіндеп, 1925 жылдың көктемі мен жазына қарай қоныс аударған еді. Осы жылдың 15-19 сәуір аралығында Ақмешітте өткен Кеңестердің Бүкілқазақстандық V съезі ерекше екі шешім қабылдады. Біріншісі: «Қырғыз халқының тарихи нақты атауын қалпына келтіру үшін Кеңестердің Бүкілқазақстандық V съезі қаулы етеді; бұдан былайғы жерде қырғыз деудің орнына қазақтар деп аталатын болсын! Осыған орай съезд республика атын Қырғыздан Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасына өзгертуге қаулы етеді». Екіншісі: «Қазақ АССР-і үкіметінің тұрған жері болып табылатын Ақмешіт қаласы - Қызылорда деп өзгертілсін». | ||
V. Жаңа сабақ бойынша топпен жұмыс | ||
1 топ. |
Орта Азияны ұлттық территориялық тұрғыдан межелеуге қызқаша шолу жасау | |
2 топ. |
Қызылорда да өткен V съездің шешімдері мен қаулыларына талдау жасау. | |
3 топ. |
Қызылорда астана болған кездегі елдің әлеуметтік, экономикалық және мәдени өмірі. | |
ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау: 1925 жылы Ақмешітте өткен Кеңестердің Бүкілқазақстандық Ү съезідің шешімдері мен қаулылары мынадай қорытындыға келді: 1. Ақмешітке Қызылорда аты берілді. 2. Қырғыз АКСР тұңғыш рет қазақ атауын алды. | ||
VІІ. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары: |
| |
VІІІ. Оқушылардың білімін бағалау. | ||
ІХ. Үйге тапсырма: |
Қазақ АКСР-ң астанасы Қызылорда да өткен V съездің шешімдері мен қаулылары | |
Тапсырма: |
«Қазақ АКСР-ң астанасы Қызылорда да өткен V съездің шешімдері мен қаулылары және оның тарихи маңызы жөнінде реферат жазу. |
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
1920 жылы Қазақ республикасы
құрылғанда І Құрылтай
Жиырмасыншы жылдардың ортасында елдің Азия бөлігі ұлттық белгі бойыншы іргелесуге көшкен тұста Мәскеудегі орталық Орынборды Қазақстанға қимайтыны байқалды. Бүкілресейлік ХІІ Кеңестер съезі Қазақ АССР-інің астанасын Орынбордан көшірудің қажеттігін ұсынды. РК(б)П Орталық комитеті мұны қолдап 26 қаңтарда бұл туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, Қазақ АССР Орталық атқару комитеті (ҚазЦИК) 1925 жылғы 9 ақпанда астананы Орынбордан Ақмешітке көшіру туралы қаулы алуға мәжбүр болды.
Алайда астананың Ақмешітке көшірілуінің Қазақстан үшін үлкен маңызы болғаны белгілі. Бұрын Сібір ревкомына қарап кеткен Ақмола мен Семей облыстарының Омбы уезінен басқа жерлері Қазақстанға қайтарылды. Орталық комитет Орал губерниясын Қазақстаннан бөліп әкету ниетіне тойтарыс берді. Жетісу, Сырдария облыстарын Қазақ республикасына қайтарды.
Қарақалпақ автономиясын да Қазақ АССР-інің құрамына беріп, бауырлас екі халықтың тағдырын тоғыстырғандай еді. Байырғы жерлері Бөкей ордасын, Адай болысын, Маңғыстау уезін, Қостанай округін, Астрахан губерниясының Атырау жағалауын Қазақстан өзіне нақты заңдастырып алды. Бұрын Қазақ, Түркістан, Сібір республикаларында ел басқарып отырған зиялы қайраткерлеріміз енді Ақмешітке келіп, автономия үшін тізе қосып қызмет етпек.
Әлсіз, ордаға лайық ғимаратсыз, жарықсыз (электр 1926 жылы қосылды) уездік қала Ақмешіт осындай байтақ елдің астанасына айналды. Орталық деген атқа ол тек географиялық тұрғыдан ғана лайық болатын. Обалы не, Ресей үкіметі Ақмешітті көркейту үшін 4 миллион сом қаржы ұсынды. Мекемелерді жаңа астанаға көшіру және ұйымдастырушылық шараларды жүзеге асыру үшін арнайы үкімет комиссиясы құрылды.
Ал еліміздің тұңғыш астанасы Орынбор ше? Осы арада орталықтың қызғаныш қимастығы айқын көрінді. 1925 жылдың 6 сәуірінде БОАК Президиумы губернияны мекендейтін негізгі ұлттар орыстар деген желеумен Орынборды қазақ автономиясының құрамынан шығарған қаулы алды. Орал губерниясының орыстар көп қоныстанған Елек уезін де ол өзімен бірге бөліп әкетті.
Ресми астана атанған ақпан айы болғанымен, мемлекеттік мекемелер Ақмешітке біртіндеп, 1925 жылдың көктемі мен жазына қарай қоныс аударған еді. Осы жылдың 15-19 сәуір аралығында Ақмешітте өткен Кеңестердің Бүкілқазақстандық V съезі ерекше екі шешім қабылдады. Біріншісі: «Қырғыз халқының тарихи нақты атауын қалпына келтіру үшін Кеңестердің Бүкілқазақстандық Ү съезі қаулы етеді; бұдан былайғы жерде қырғыз деудің орнына қазақтар деп аталатын болсын! Осыған орай съезд республика атын Қырғыздан Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасына өзгертуге қаулы етеді». Екіншісі: «Қазақ АССР-і үкіметінің тұрған жері болып табылатын Ақмешіт қаласы - Қызылорда деп өзгертілсін».
Осы орайда бүгінде Қызылорда атауы мен белгілі сәулетті қаламыздың ежелгі Ақмешіт атынан бір тұста айырылып қалып арада 64 жыл өткенде қайтарып алғанында қосымша мәлімет етейік.
1853 жылдың 13 шілдесінде
Орынбор генерал-губернаторы
Бұл қорғанды қоқандықтар
орыстың қол астындағы
Ақмешіт қамалы 28 шілдеде құлады. Он бес күн қоршағанда Перовский 165 адамынан айырылды. Бір қиырын кезінде аталары Әбілқайыр хан бодандыққа берсе, оның ұрпақтары Әлікей сұлтан мен полковник Мұхамеджан Баймағанбетов өлкенің екінші қиырын дұшпаннан азат ету үшін бас тігіп, өз отрядтарымен Ақмешітке атойлады.
Әбілқайырдың шөбересі, Айшуақ ханның немересі, Махамбет батырмен тірескен Баймағанбет сұлтанның ұлы Мұхамеджан осындай ерліктері үшін Әулетті ақсүйек, І дәрежелі Станислав, І дәрежелі Анна ордендерімен марапатталып, кейіннен генерал-майор атағын алған. Ақмешіт түбінде 1912 жылғы орыс-француз соғысының батыры Әмір Батырбеков те көзге түсті.
Сол жылдың 31 тамызында Ақмешітті алған генералдың құрметіне қамалды Перовск форты деп өзгерткен Петербор жарлығы шықты. 1917 жылғы қазақ төңкерісі Ақмешіт атауын қайтарып берді.
1925 жылдың ақпанында
біртұтас Қазақ елінің Астанасы
болған Ақмешіт екі айдан
Информация о работе Қазақ АКСР-ның астанасы Қызылордада өткен V съездің шешімдері мен қаулылары