Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 17:12, реферат
Бірінші дүниежүзілік соғыс та қазақ халқына аса ауыр азап әкеледі. Өйткені, жергілікті халықтан жиналатын алым-салық үш-төрт есе өсті. Аса бағалы тағам бидайдың пұты қырық сомға дейін қымбаттады. Соғысып жатқан әскерді азық-түлікпен, жылы киіммен қамтамасыз ету мақсатымен қазақ елінен мыңдаған бас қой, ірі қара, таңдаулы ат алынды, аяқ киім жиналды, киіз үй әкетілді.
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қазақстан азамат соғысы қарсаңында
2. Алашорда үкіметінің құрылуы
3. Қазақстандағы азамат соғысы
4. Қазақ зиялыларының большевиктермен жүргізген келіссөзі
5. Қызылдармен ымыраға келмеген М.Шоқай
6. Қазақстанда құрылған алғашқы қызыл армия бөлімдері
Қорытынды
Азамат соғысы жағдайында Қызыл Армияны құру ісі де ойдағыдай жүзеге асырылды. Орыстармен бірге Қызыл Армия қатарына қазақ еңбекшілері де бара бастайды. Бүкіл ресейлік Атқару Комитетінің 1918 ж. мамырдағы жарлығымен әскерге еркімен бару ісі жалпыға міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылады. 1918 ж. жазында бірыңғай Қызыл Армияның құрамды бөлігі ретінде ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастайды. Қызыл Армияның Қазақстан территориясындағы ұлттық бөлімдерін жасауға Сырдария, Жетісу облыстары, Бөкей Ордасы мен Торғай облысының кеңестік үйездері (Торғай мен Ырғыз) табан тірер негіз болды.
1919 ж. Степен Разин атындағы бірінші Орынбор қазақ полкі ұйымдастырылады. 1919 ж. сәуірі мен шілдесі арасында Орал қаласын қорғауға қазақ эксадроны қатысады, ол кейін бірінші Кеңестік үлгілі қазақ полкі қайта құрылады.
Ақгвардияшыларға
қарсы күреске Қазақстан
Қазақтың
бірінші ерекше дивизионы — 1919 ж.
21 наурызда Оралда құрылған әскери бөлімше.
Орал қаласы мен төңірегіндегі қазақ
ауылдарындағы жастардан
Байтұрсынов 1919 ж. наурызда Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге аттанды. Большевиктер үстемдігі тарихи шындыққа айналды. Ұлттық автономиядан не атымен қол үзу, не большевиктермен келіссөз жүргізу керек болды. Бұған дейін автономия төңірегіндегі кереғар пікірлерді үйлестіруге үнемі ұйытқы боп келген Ахмет Байтұрсыновқа бұл міндетті өз мойнына алуға тура келді. Ағарту ісіндегі, әдебиет пен ғылымдағы, әлеуметтік қызметтегі табандылығы, білімдарлығы, бірлікшілдігі арқасында түрікшілердің де, орысшылардың да, қазақшылдардың да, либералшылдардың да, тапшылдардың да алдында үлкен беделге ие айтулы қайраткермен келіссөзге большевиктер де пейілді болды.
Қайта бұл оқиғаның төңірегінде үлкен даңғаза жасауға тырысты... Ұлттық автономия идеясын су түбіне жібергісі келмеген Ахмет Байтұрсынов 1920 жылы кеңес мемлекеттік басшыларының тікелей қолқасымен Коммунистік партия қатарына өтуге мәжбүр болды, бірақ бір жылдан соң енжарлығы үшін шығып қалды. Ол мұндай қатерлі қадамға бармаса, тек қазақтардың ғана емес, күллі Түркістан халықтарының мемлекеттік дербестігі көктей солатын еді. Уақытында жасаған мәміле арқасында қазақтарға көпұлтты Ресей құрамында таптық негіздегі автономия берілді. Қалған Орта Азия халықтарына Түркістан республикасы құрамында автономия берілді. Кейін Қазақ автономиясы Ресейдің құрамынан шығып, дербес республика боп жарияланды. Оған Түркістан республикасының құрамындағы жерлер қайтып берілді. Сөйтіп, таптық негізде болса да, қазақ жері аумақтық тұтастығын қалпына келтірді. Қазақ халқының дербес мемлекеттікке қақылы екендігі заң жүзінде мойындалды. Бұның бәріне де Ахмет Байтұрсынов тікелей еңбек сіңірді. Ол үшін дұшпанның жаласына да, достың табасына да төзуге тура келді. Бұл шын мәнінде халқының алдындағы үлкен ерлік еді. Кейін біздің егемендік алып, тәуелсіздік жариялауымызға да сол жанқиярлықпен жүзеге асқан жағдай бірден-бір құқықтық негіз болды. Әрине, Ахмет Байтұрсынов өзі армандаған ұлттық-аумақтық мемлекетілікке қол жеткізе алмады. Бірақ біз қиял дүниесінде емес, нақты тарихи аяда өмір сүріп отырмыз. Осы ғасыр басында өз тәуелсіздігі жолында қазақтардан кем күш жұмсамаған, бірақ шартты да болса, әлгідей мәртебеге қол жеткізе алмай қалған бауырлас халықтардың тағдыры өлге дейін дүдамал күйде екенін ұмытпауымыз керек. Ендеше, бұл тағдырымызға да тәубе деп, соның жолында аянбай еңбек еткен аяулы азаматтарымызды алғыспен еске алуымыз қажет. Солардың ішінде аузымызға алдымен Ахмет Байтұрсыновтың ілігуі әбден заңды. Өйткені ол бұл мақсаттың жолында мүмкін нәрсеге де, мүмкін емес нәрсеге де тәуекел ете білді.
1919
ж. 10 шiлдеде В.И.Ленин Қазақ
1919 жылғы шілдеде А. Байтұрсынов РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақ әскери-революциялық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Байтұрсыновтың ықпалымен сәуірде Алашорда басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланды. Байтұрсынов бұл тарихи кезеңде “патшалардың төрінде отырғаннан, социалистердің босағасында өлгенім артық” деген пікірде болды (ҚР ҰҚК архиві, 78754-іс, 6-т., 44-п.). 1920 ж. В.И. Ленинге Кеңес үкіметінің Қазақстанды басқару ісіндегі алғашқы қадамын қатал сынға алған хатын жолдады (қ. Байтұрсыновтың В.И. Ленинге хаттары). Қазревком мүшесі ретінде Қазақстанның Ресеймен шекарасының қалыптасу ісіне белсенді түрде араласты. Бүкілресейлік ОАК-нің 1919 ж. 27 тамызда Қостанай уезін Челябинск обл-на қосу туралы шешіміне қарсы Байтұрсыновтың жазған саяси наразылығы Қостанай уезін Қазақстан құрамына қайтаруға негіз болды. Байтұрсынов 1920 ж. сәуірде РК(б) құрамына ену туралы арыз берді. Бірақ көп ұзамай 1921 ж. партия құрамынан шықты. Қайраткердің бұл шешімінің арғы жағында большевиктердің Қазақстандағы іске асырған шараларымен және алған бағытымен келіспеушілік жатқандығы даусыз болса керек. Ол 1920 ж. тамызда құрылған Қазақ АКСР үкіметінің құрамына еніп, 1920 — 21 ж. Қазақ АКСР халық ағарту комиссары қызметінде болды. 1922 ж. Өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың, 1922—25 ж. Халық ағарту комиссариаты ғылыми-әдеби комиссиясының, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болып қызмет атқарды. Байтұрсынов түрлі мемлекеттік қызметке ат салыса жүріп, сонымен бір мезгілде өзінің жаны сүйген оқытушылық-ұстаздық жұмысынан да қол үзбеген. 1921—25 ж. Орынбордағы, 1926—28 ж. Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді.
Кеңес өкіметі 1919 — 20 ж. Алаш қозғалысына қатысқандарға жариялаған кешірімнен кейінгі уақытта да Бөкейханов өз принципіне сенімді күйде қалды. Кеңес билігі тұсында ол туған елі үшін белсенді қызметтен бас тартқан емес. 1920 ж. Қазақ АКСР Егіншілік халық комиссариаты коллегиясының мүшесі, 1922 ж. ұлттар істері жөніндегі Халық комиссариаты (Мәскеу) жанындағы Орт. баспаның ғыл. қызметкері, 1926 — 27 ж. Ресей ҒА-ның ғыл. қызметкері болды.
Дулатов Алаш қозғалысының жетекшілерінің бірі ретінде 1917 ж. Орынборда өткен 1- және 2-жалпықазақ съезіне белсене қатысып, “Алаш” партиясының бағдарламасын жазған. 1917 ж. Қызылжарда сот мекемелерінде, 1918 — 20 ж. Ташкент қ-нда Түркістан Республикасының “Ақ жол” газетінде қызмет атқарған. 1922 ж. Большевиктер жеңіп, Алашорда таратылып, енді Кеңес өкіметі жағына шыққан һәм елдегі ересен күрт өзгерістен кейін аз-кем демалып, ес жиған Жақаң 1920 жылы Ташкентке келеді. Сол кездегі Түркістан республикасының органы — "Ақ жол" газетіне қызметке орналасады. Бірақ ол жерде кешегі Алаш көсемдерінің бірі ретінде көзтүрткі бола бастады ма екен, кім білсін, көп тұрақтамай, қыр елін басып кері қайтады да, Семейге қарай бет алады. 1921 жылы сонда облыстық сотта істейді де, 1922 жылы қамауға алынады. Сөйтіп, бұдан 11 жыл бұрын патшалық тұсында жыл жарым отырған Семейдің түрмесіне тағы түседі. Бірақ бір тәуірі, бұл жолы көп отырмай, өзімен бірге ұсталған Әлихан Бөкейханов екеуі Орынборға жөнелтіледі. Онда барғаннан кейін екеуі де қамаудан босатылады.
1922 ж. 9 наурызда Семей қаласында қазақ зиялылары бас қосып, ашыққан елді аман сақтап қалу үшін сенімді азаматтарды елге шығарып, шаруасы күйлі азаматтардан жылу ретінде мал жию керек деген байламға тоқтайды. Дулатов пен Ж.Аймауытов осы іске басшылық жасап, екі-үш айда 15 мың бас ірі қара жиып, ашыққан елді мекендерге жібереді.
Большевизм лидерлерінің ұлттық зиялы қауым өкілдерімен ымыраға келуге өздері құлық танытты. Өйткені соларға революциялық құрылыс пен ағарту жұмыстарын жүктемек болды. И.Сталин: «өзіміздің ісіміз үшін осы жергілікті зиялы топты аластаудың қажеті жоқ. Қайта оларды осы іске жегу керек». 1920 жылы РКП (б) ОК Қырбюро төрағасы В.Г. Юдовский 1920 жылы «Қырғыз интеллигенциясына қарап сап түзеңдер!» деген ұрандап және мемлекеттік құрылысты жолға қою негізінде уақытша болса да таптық көзқарасты ысыра қоюға тырысайық деп үндеу тастады.
Бірақ осы сөздердің астарында да зиялы қауымға деген сенімсіздіктің бар екенін большевиктер жасыра алмады. Мұндай пиғылды біз Сталиннің Ахмет Байтұрсынов туралы РКП (б) ОК хатшысы Е.Д. Стасоваға жазған қызметтік жазбасынан байқаймыз: «Мен оны революционер-коммунист деп санамймын, және ол бізге қол ұшын беретін адам деп те ойламаймын, дегенмен оның ревком мүшесі болуы қажет деп ойлаймын». Қазревкомға Алашордашылар енгеннен кейінгі қақтығыстардың өзі мұндай үрдістің бар екенін айқындайды. Мысалы, 1919 жылдың қазан айында большевик В.Лукашев пен А. Байтрсынов арасындағы орын алған қақтығыс нәтижесінде В.Лукашевтың амалсыздан Мәскеуге қайта кетуіне тура келді.
Бірақ «ұлтшылдар мен большевиктер» арасындағы уақытша ымыраға келу саясаты 1920 жылдардың алғашқы жартысында Кеңес өкіметінің нығая түсуіне мүмкіндік берсе, екінші жағынан елдің экономикалық жағдайының тұрақтануына жол ашты. Бұл алаш зиялыларының қазақ халқы алдындағы ең маңызды істерінің бірі. Олар осы жылдары Қазақ АССР-нің территориясының шекараларын ретке келтіруге мол еңбек сіңірді. Азамат соғысына олар әрине қазақтың сойылын соғу үшін алғашқыда қару алып қызылдарға қарсы шықты, бірақ таразы басы қызылдар жағында болғаннан соң амалсыздан большевиктермен тез арада келіссөздерге отыруға мәжбүр болды. Сөйткенімен де олар азамат соғысында бар мәселе саяси биліктің тек орыстар арасында жүріп жатқанын, ал жергілікті жердегі қаймана қазақтың онымен ісі шамалы екенін пайымдай білді. Және интеллектуалды жетілген, саяси күрестерде шыңдапған алаш зиялылары кеңестер үкіметінің өздерімен тек амалсыздан және уақытша ғана мұндай келіссөздерге келіп отырғандығын түсінді...
Өкімет басына Уақытша үкімет келген соң, оның басшысы А.Ф.Керенский М.Шоқайға министрдің портфелін ұсынады, бірақ Мұстафа бұл ұсыныстан бас тартады.
1917
жылғы Ақпан төңкерісі М.Шоқай
тобының Түркістанда біртұтас
Түркістан федерациясы
1917
жылдың наурызында М.Шоқай
1917
жылдың Қазан төңкерісін
1917
жылдың 22 қарашасында Қоқанда барлық
саяси партиялар мен
1918
жылдың қаңтарында қарулы
1920 жылы қызыл армия Грузияға келгенде, М.Шоқай Түркияға қоныс аударады, одан әрі Берлин асып, кейін Францияда тұрақтады.
Қазақстанда құрылған алғашқы қызыл армия бөлімдері — 1918 — 20 жылдары Кеңестік Ресейде орын алған Азамат соғысы жылдарында ұйымдастырылған ұлттық әскери құрамалар. 1919 жылдың бас кезінен жасақтала бастады. Ордада құрылған қазақ атты әскер полкінің құрамында 6 эскадрон, пулеметшілер командасы, кіші командирлер даярлайтын мектеп болды. Полк негізінен Қызыл Армия қатарына өз еркімен келген қазақ жігіттерінен жасақталды. Полкті ұйымдастырушы және оның тұңғыш командирі Мұхамедияр Тұнғашин, комиссары Бисен Жәнікешов болды. Жас командирлер арасынан Хамит Чурин, Шәкір Жексембаев, Жұмағали Сәрсенов, Ғұсман Әзірбаев, т.б. ерекше көзге түсті.
1919
— 20 ж. Қазақстанның басқа