Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 17:12, реферат
Бірінші дүниежүзілік соғыс та қазақ халқына аса ауыр азап әкеледі. Өйткені, жергілікті халықтан жиналатын алым-салық үш-төрт есе өсті. Аса бағалы тағам бидайдың пұты қырық сомға дейін қымбаттады. Соғысып жатқан әскерді азық-түлікпен, жылы киіммен қамтамасыз ету мақсатымен қазақ елінен мыңдаған бас қой, ірі қара, таңдаулы ат алынды, аяқ киім жиналды, киіз үй әкетілді.
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қазақстан азамат соғысы қарсаңында
2. Алашорда үкіметінің құрылуы
3. Қазақстандағы азамат соғысы
4. Қазақ зиялыларының большевиктермен жүргізген келіссөзі
5. Қызылдармен ымыраға келмеген М.Шоқай
6. Қазақстанда құрылған алғашқы қызыл армия бөлімдері
Қорытынды
Астананың
Қызылордаға көшіп келуіне
Алаш зиялыларын
саясаттан қуа бастағанымен оларды
өздері халықты ағарту, мәдениет, ғылым
салаларында көшбасшылығын сақтап қала
алды. Кейбір тұстары қызылдар жағындағы
қазақ зиялыларының әрекеттерімен дөп
келіп те жатты. Алаш зиялыларының еңбегін
амалсыз бағалағандығының бір көрінісі
ретінде 1923 жылы А. Байтұрсыновтың 50-жылдығын
республика деңгейінде атап өтуінен байқауға
болады. Большевизмге қарсы тұрған алаш
зиялылары зорлық-зомбылықсыз әрекет
етіп әрі ұлттық тұтастықты жіті қадағалаумен
болды. Тек қана Мұстафа Шоқай ғана большевиктердің
күні ертең барлық алашордашылардың көзін
жоятынын алдын ала көрегендікпен айта
әрі жаза білді. Басқалары да істің арты
насырға шабатынын түсінгенімен большевиектермен
тіпті олар шайтан болса да келіссөз жүргізу
арқылы ұлттың тұтастығын сақтап қалуды
көздеді. Расында азамат соғысына алдымен
қызылдарға қарсы шыққан, артынша олармен
келсісөздер жүргізген алашордашылар
өз мақсаттарының кейбір тұстарына қол
жеткізді. Соның бірі қазақтың жерінің
шекарасын нақтылау десек қателесе қоймаймыз.
1. Маданов. Ұлы дала тарихы, Алматы, 1998 ж.
2. Қазақстан тарихы очерктер. Алматы 1999 ж.
3. Мусин Ч. Қазақстан тарихы, Алматы 2003 ж.
4. Қазақ ССР тарихы, 4-том. Алматы, 1985 ж.
5. Нұрпейісов К.,
Алашорда, А., 1995ж.