Қазақстан Республикасы рәміздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Декабря 2011 в 06:48, реферат

Описание

Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық сүйіспеншілігінің түп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан да ата-бабамыз осындай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен.

Содержание

Кіріспе

1. Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы

2. Қазақтың ата-заңы

2.1. Конституция - Қазақстан республикасының негізгі заңы

2.2. Мемлекеттік саяси биліктің Конституциядағы саяси көрінісі

2.3. Конституциядағы көрсетілген ҚР азаматтарының міндеттері мен құқықтары

3. Қазақстан республикасының мемлекеттік елтаңбасы

4. Қазақстан республикасының мемлекеттік туы

5. Қазақстан республикасының мемлекеттік әнұраны

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

елтан, ту, ануран.doc

— 224.00 Кб (Скачать документ)

    39 баптың 3 пунктінде азаматтардың  құқықтарын, яғни азаматтық құқығы, өмір сүру құқығы, жеке өміріне,  өзінің және жанұясының құпиясына  қол сұғылмауына,  мемлекет органдары  мен лауазым иелерінің кінәсінен  шеккен зиянды қайтарып алуына т.б құқықтарын тіпті ең төтенше жағдайлардың өзінде де шектеуге рұқсат бермейтіні айтылған.

    Конституцияда жеке, азаматтық және саяси құқықтарға, осы құқықтардың  кепілдігіне  айтарлықтай көңіл  бөлінеді.

    Жеке  меншік құқығы заңмен қорғалады (6 бап.). Жерді меншіктеу құқығы бекітіледі (21,25 бап.), сонымен қоса өзінің мүмкіндіктерін және мүліктерін кәсіпкерлік қызметте және заңмен тыйым салынбаған экономикалық қызметте еркін пайдалануына құқықтары бар. Бұл нарықтық экономиканың тұрақты дамуы, экономикалық реформаның алға жылжуы үшін сенімді конституциялық негіз жасауды қамтамасыз етеді.

    Қазақстан Республикасының   Конституциясының 13 бабында  әр адамның өзінің бостандығы мен құқығын сот  арқылы қорғай алатыны көрсетілген. Әр адамның заң мамандарынан көмек алуға, үкімді Жоғары сотқа қайта қаратуға, жазаны жеңілдетуді сұрауға құқығы бар.

    Азаматтардың  медициналық көмек алуына, мемлекеттік  оқу орындарында  тегін орта білім  алуына кепілдік беріледі. Ал орта білім  алу Конституция бойынша міндетті деп табылған.

    Республика  азаматтарының құқығы мен міндеттерін  сөз еткенде, екі мәселені ерекше атап өтуге болады. Бірі – заңды  түрде белгіленген салықтарды, алымдарды  және өзге де міндетті төлемдерді төлеу  әркімнің борышы әрі міндеті болып  табылады, екіншісі – Отан қорғау әрбір азаматтың қасиетті парызы және міндеті.  Азаматтардың құқығы мен міндетін сөз еткенде бұл талаптардың адамдардың өз құқықтарын көбірек біліп, міндеттерін орындауға келгенде ұмытшақтық танытатыны жиі кездеседі.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ЕЛТАҢБАСЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ГЕРБI, елтаңба — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемл. гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — гербтiң жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қ. р. м. г-нiң авторлары — Ж.Мәлiбеков пен Ш.Уәлиханов. 
 

4. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ – Қазақстан  Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң  “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемл. ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемл. туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемл. тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.  
 
 
 
 
 
 
 

5. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫ 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының мәтіні  

сөзі: Жұмекен  Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев  

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,     әні: Шәмші Қалдаяқовтыкі

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңкымыз шықты  ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты  ғой!  

Қайырмасы:

Менің елім, менің  елім,

Гүлің болып  егілемін,

Жырың болып  төгілемін, елім!

Туған жерім  менің – Қазақстаным!  

Ұрпаққа жол  ашқан,

Кең байтақ жерім  бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған  уақытты,

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!  

Қайырмасы:

Менің елім, менің  елім,

Гүлің болып  егілемін,

Жырың болып  төгілемін, елім!

Туған жерім  менің – Қазақстаным!  

  
 
 
 
 

    Қорытынды

 

    Халық өзі дауыс беріп қабылдаған заңын әрдайым әділ деп есептейді. Заңға құрмет болмайынша, оны қастерлеу ішкі қажеттілікке айналмайынша, заңның құдіреті шамалы болады. Конституция мәртебелі болуы үшін, оның принциптері, қағидалары қоғам, мемлекет, халық өкіметінің туы, қазығы, мәні болуға тиіс.

    Заң жақсы жұмыс істеуі үшін, оны бұлжытпай  орындау азаматтардың күнделікті дағдысына,  үйреншікті әдетіне айналуға тиіс. Әртүрлі амал-айламен заңды айналып  өтуге тырысушылық өркениетті елдің  мәдениетіне жатпайды.

    Бізде қылмыс, ұрлық-қарлық, жемқорлық көп. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы  заң бекерден-бекерге шығып отырған жоқ. Бұл қылмыстың дәрежесі қоғамға, мемлекетімізге, едәуір қауіп төндіріп, алға басуымызғ бөгет бола бастады.

    Заңды қабылдағаннан соң оны мүлтіксіз орындау қажет. Қалың көпшіліктің заңды жаппай мойындауын, іштей түйсініп сезінуін, өз өмірінің басты ережесіне айналдыруын қамтамасыз ету оңай шаруа емес.

    Заң беделге, мансапқа, лауазымға, ақшаға, байлыққа сатылмай, тек ақиқатқа бас  иеді. Біз де келешекте осыған жетуіміз керек.

    Біздің  Негізгі Заң  дүние жүзіндегі  ең жас Конституциялардың бірі. Нағыз  сәби шағы. Оған өзгерістер енгізуге кейде  ұсыныстар болады. Бұлай өзгерістер енгізе беру Конституцияның беделін  көтермейді. Уақыты келгенде, пісуі  жеткенде ғана өзгерістер енгізген жөн.  
 
 
 
 
 

    Қолданылған әдебиеттер тізімі: 

  1. Казақстан республикасының Конституциясы. Алматы 1995 ж.
  2. Нысанбаев Ә. “Жалпы ұлттық келісім және демократиялық даму”. Егеменді Қазақстан газеті. 1997 жыл. 25-26 наурыз.
  3. Қалмырзаев Ә. Халықтың қуаты бірлікте. “Ата-заң арналары”. Егеменді Қазақстан газеті. 1998 жыл. 27-тамыз.

Информация о работе Қазақстан Республикасы рәміздері