Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2013 в 20:07, курсовая работа
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Батыс Европаның қоғамдық-саяси өмірінде буржуазиялық тәртіптер онан ары нығая түсті. Әсіресе XVIII ғасырдың аяғындағы Ұлы Француз революциясы Европада капитализмнің дамуына мықты серпін берді.
Алайда бұл капиталистік қатынастардың қарсыластары да көптеп табылды. Өмірге ене бастаған буржуазиялық тәртіптерді дворяндық-аристократиялық, феодадцық-монархиялық топтар қаламады, олар өздерінің жоғалтып алған ескі жеңілдіктерін қайта қалпына келтіруге ұмтылды. Бұлардың идеяларының бүтіндей комплексін консерватизм деп атау қабылданған.
Кіріспе ................................................................................................................................................3
I Батыс Еропалық саяси және құқықтық ойдың негізгі
бағыттары.................................................................................................................................4 - 8
1.1 Социализм идеологтарының саяси –құқықтық көзқарасы.........................................8 - 11
1.2 Франциядағы саяси ілімдер .........................................................................................11 - 16
1.3 Германиядағы либерализм..........................................................................................16 -21
Қорытынды.....................................................................................................................................22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................................................23
Тарихтың позитивті кезеңіне индустриализм жүйесін (экономиканы талантты өнеркесіпшілердің басқаруы) енгізу дәстүрлі мемлекеттік-құқықтық нысандарды бұзуды қажет етпейді. Монарх институты, өкімет (министрліктер) және өкілдік мекемелер сақталады. Бірақ бүкіл зайырлы билік жаңадан құрылған парламент — өнеркәсіпшілер Кеңесіне шоғырланады. Сен-Симонның пікірінше,: жеке меншіктік қатынастар индустриализм жүйесімен толық сыйыса алады. Бірақ Сен-Симон тек енеркәсіпшілер тобының ғана емес, бүкіл халықтың экономикалық мүддесінің жақтаушысы болды.
"Әлеуметтік физика" немесе "әлеуметтану" деген аттарымен де белгілі позитивті (қалыпты) философияның негізін қалаушы Опост Конт (1798—1857) Францияда туып өсті: Оның алты томдық "Позитивті философия курсы" және төрт томдық "Позитивті саясат жүйесі" еңбектерінде негізі қаланған жаңа ілімінің қалыптасуына Тюрго, Кондорсе және Сен-Симон сияқты ойшылдардың идеялары ықпал етті. Позитивизмнің қалып-тасуына Европада XVII ғасырдың екінші жартысынан басталған ғылыми төңкеріс те әсерін тигізді. Бұл кезде жаратылыстану математикалық негізге сүйенетін және өндіріске едәуір ықпал ететін дербес және беделді интеллектуалдық, қызмет саласына айналды. Физиканың, химияның, механиканың, биологияның дамуы барлық ғылымдардың философиямен байланысы және адамдардың шаруашылық, қоғамдық әрекетіне олардың жалпы ықпалы мәселесін күн тәртібіне қойды.
О. Конттың "позитивті философиясының "түпкі қағидасы — ғылымға нақты айғақтар мен құбылыстарды зерттеумен шектелу талабын қою болды. Осы қағидаға сүйене отырып, О. Конт болмыстың мәнділігі туралы ілім "метафизиканы" теріске шығарды. Позитивизм жаратылыстану ғылымдарының жетістіктеріне сүйенді. Конттың пікірінше, жаратылыстану ғылымы екі элементтен: біріншіден — айғақты бекітуден, екіншіден — айғақтар арасындағы себептік байланыстарды айқындаудан, заңдарды қалыптастырудан тұрады. Айғақ сезімдік таным арқылы бекітіледі, ал зандар айғақтарды индукциялық тәсілмен қорытындылау арқылы анықталады.
Жаратылыстану ғылымдарының тәсілдері қоғамды тану үшін де қолданылады. О. Конт қоғам туралы жаңа ғылым — әлеуметтануды құруды ұсынды. Әлеуметтану екі негізгі бөлімге бөлінді: қоғамдық құбылыстардың өмір сүру шарттарын зерттейтін статика және қоғамдық құбылыстың дамуын, адамзат қоғамының прогресін зерттейтін динамика.
Конт қоғам эволюциясының негізін адамдардың көзқарастарындағы өзгерістер деп қарастырады. Оның қоғам дамуының үш кезеңі (теологиялық, метафизикалық және позитивті) туралы ілімі негізінен Сен-Симонның концепциясын қайталайды. Теологиялық кезең (1300 жылға дейін созылды) барлық құбылыстарды табиғаттан тыс күштердің әрекетінің салдары деп қарастырумен сипатталса, метафизикалық кезең (1300 жылдан 1800 жылға дейін, Реформацияны, Ағартушылықты, Революцияны қамтиды) тәжірибеден тыс орналасқан "түпнегіз", "субстанция", "өзіндік зат", "абсолюттік рух", "материя" деген сияқты ойдан шығарылған ұғымдармен айқындалады. Үшінші, позитивті кезеңде, "адамзаттың ақыл-ойы болмыстың шығу тегі мен мақсатын және құбылыстардың ішкі себептерін зерттеуден бас тартады" да, "әртүрлі жеке қүбылыстардың арасындағы байланыстарды бекітумен" шектеледі.
Саясат саласында теологиялық кезенде монархиялық теориялар, метафизикалық кезенде республикашыл концепциялар, табиғи құқық, қоғамдық шарт туралы ілімдер басым болып келсе, жаңа позитивті саясат нақты ғылымға негізделеді. Теологиялық дәуірге әскери типтегі қоғам сәйкес, метафизикалық дәуірде индивидуализм, либерализм және демократия пайда болады. Ал позитивті кезенде әскери типке қарсы қойылатын өнеркәсіптік типтегі қоғам қалыптасады.
Жетілген мемлекетті Конт социократия деп атайды, бұл қоғамдық ынтымақтастық пен үйлесімділікке негізделеді. Бүтіндей органикалық тұтастық ретіңде көрінетін қоғамда әрбір индивид бүтіннің бөлігі ретінде белгілі бір функцияларды атқарады.
О. Конт қоғамдағы топтарды мойындайды, тап күресіне теріс көзқарас ұстанып, оларды ынтымақтастыққа шақырады. Қоғамға позитивті принциптер енуінің нәтижесінде ол "анархиялық республикадан" да, "реакциялық аристократиядан" да арылады. Қоғамдағы ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін позитивті саясат өз парызын орындау құқұғынан өзге құқықты мойындамайды. Қоғамның барлық мүшелері белгілі бір қоғамдық қызметтер атқаруы тиіс. Меншіктің өзі де қоғамдық функция болып табылады. Капиталға, меншікке ие болу қоғамдық тұрғыда пайдалы деп саналды.
1.3. XІX ғасырдың бірінші жартысында Франциядағы саяси-құқықтық ойдың дамуы 1789—1793 жылдардағы Ұлы буржуазиялық революцияның жетістіктерімен байланысты. Революцияның нәтижесінде "бостандық", "теңдік", "туыстық" сияқты бірқатар жаңа саяси құңдылықтар өмірге енді. Бұл кезеңде Францияда Наполеон және оның режимінің құлап, Европа елдерінің саясатына ықпалын тигізген реакциялық контрреволюциялық "Қасиетті Одақтың" (1815 жыл) құрылғанымен, Бурбондар әулетінің таққа қайта оралып, елде монархиялық құрылыс орнағанымен революцияның негізгі жетістіктерін жоя алмады.
Қалыптасқан осындай жағдайларда француз буржуазиясының идеологгары капитализм дамуы үшін қажет "иңдивидуалды құқықтар мен бостандықтарды" негіздеуге үлкен көңіл қойды. Олар бостандыққа қауіп-қатер феодалдық реакция тарапынан да, революциялық кезеңнің демократиялық теориялары тарапынан да төнуі мүмкін деп қарастырады.
Француз либерализмінің негізін қалаушының бірі публицист ғалым және саяси қайраткер Бенжамен Анри Констан де Ребек (1767—1830). Констан саяси және тарихи-діни тақырыптарға бір қатар шығармалар жазды, оның ішіндегі ең танымалы өзінің мемлекет туралы либералдық ілімін ыңғайлы жүйелі формада баяндаған "Конституциялық саясат бағыты" еңбегі. Констан бұл еңбегінде жеке инициатива, кәсіпкерлік бостандығы, сөз бостандығы, ар-ұят бостандығы ретінде түсіндірілетін индивидуалды еркіндік мәселесіне баса назар аударады.
Констанның пікірінше, Жаңа замандағы европалықтардың еркіндігі мен антикалық заман адамдарының еркіндігі арасында алшақтық бар. Ертедегі халықтар саяси билікті жүзеге асыруға қатысу құқығымен (заң қабылдау, сотқа қатысу, лауазымды тұлғаларды сайлауға қатысу, соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешу және т.б.) сипатталатын саяси билікті ғана білді. Антикалық республикалардың азаматтары (Афиныдан өзге) ұжымдық егемеңдікті іске асыруға қатысу құқығына ие болғанымен, жеке өмірде мемлекеттік шектеу мен бақылауға бағынышты болды. "Антикалық заманда адамдар өзінің жеке саяси салмағы мен мемлекет басқарудағы ролін сақтап қалу үшін өзінің жеке тәуелсіздігінен бас тартуға бейім болып келді". Олар міндетті түрде дінді, әдет-ғұрыптарды, өмір тәртібін сақтады; қоғамдық институттар байлықтың жинақталуына кедергі болып, тендікті ұстап тұрды. Ерте дүниедегі остракизм, аграрлық зандар, цензура және т.б. институттар осыны дәлелдейді.
Ал жаңа халықтар, Констанның пікірінше, еркіндікті басқаша түсінді. Саяси билікке қатысу құқығы ерте замандағыдай құңды емес, өйткені мемлекеттер үлкейіп кетті және бір азаматтың дауысы енді шешуші маңызға ие емес. Оның үстіне құлдықтың жойылуы бұрынғыдай саяси істерге көп көңіл бөлетін бос уақытты да келмеске кетірді. Ертедегі халықтардың жауынгерлік рухы коммерциялық рухпен алмасты; қазіргі халықтар өнеркәсіппен, саудамен, еңбекпен айналысады соңдықтан басқару мәселелерімен айналысуға уақыт таппағанымен қоймай, мемлекеттің өз жеке істеріне араласқанын тіпті қаламайды да.
Демек, Констанның түйіндеуінше, мемлекет фнукциясын атқаруда әрбір индивидтің тікелей, үнемі қатысуы еркіндіктің бұл типінің қатаң міндетті элементіне жатпайды.
Констан практикалық-саяси тұрғыдан индивидуалдық, еркіңдік мәселесін қарастырғанда, адамның материалдық және рухани автономиясы, оның заңмен сенімді қорғалуы алдыңғы орында тұрады. Оның пікірінше, мемлекеттің мақсаты мен құрылымы осы құндылықтарға бағьнуы тиіс. Саяси өмірді ұйымдастырудың осындай табиғи тәртібі мемлекет институттарының индивидуалдық еркіндік іргетасынан қаланған пирамвданы елестетеді. Мұнда мемлекеттің саяси тұтастығы елдегі әртүрлі ұжымдардан құралған жүйені білдіреді.
Констан адамдар еркін болса өз өмірін дербес және саналы түрде өткізе алады деп сенеді. Олар қандай да бір тұлғадан тыс күштің ықпалынсыз өздерінің индивидуалдық күш-жігерінің есебінен өзіне лайықты өмір сүруге қабілетті. Осы көзқарастарға сүйене отырып, Констан жалпы құдіретті халық егеменділігінің қажеттілігі туралы руссоистік тезиске түзету енгізеді. Оның шекарасы "жеке адамның дербестігі мен өмірінің" басталатын жерінен аякталуы тиіс.
Алайда, Констан мемлекеттің әлсіз болуын қалайтын либералдардың қатарына жатпайды. Ол билік институттарының әлеуметтік пайдалылығынын, нақты шараларын қатаң анықтауға, олардың компетенцияларының шекараларын дәл бекітуге тырысады. Бұл шаралардың өзі қоғамға қажет мемлекеттік биліктің көлемімен қатар мемлекетке қажет құқықтардың мөлшерін (сапасын) белгілейді. "Өкімет өз саласынан тысқа шықпауы тиіс, бірақ өз саласында оның билігі шексіз болуы керек" деген ұстанымға сүйенетін мемлекеттің күшін әлсіретуте болмайды. Констан үшін ешқашанда бейқам және әлсіз мемлекет саяси идеал болған емес.
Қазіргі мемлекет Констанның ойынша, формасы жағынан констатуцияльгқ монархия болуы қажет. Ол бұл қүрылымға бекерден-бекер басымдылық бермейді. Конституциялық монархтың бейнесінде саяси қауымдастық Констан ойынша, "бейтарап билікке" ие болады. Ол белгілі үш"классикалық" билікген (заңшығарушы, атқарушы, сот) тыс, оларға тәуелсіз және сондықтан
олардың бірлігін, кооперациясын, қалыпты қызметін қамтамасыз етуге қабілетті. "Король әрбір билік тармағының бір-бірін теріске шығармай, керісінше бір-бірімен келісімді жене үйлесімді әрекет етуіне мүдделі. Бейтарап, реттеуші және төрелік етуші билік ретіндегі король билігі идеясы монархияның заманға лайық бейімделген ("модернделген") түрін құқықтық мемлекет құрылымына енгізу талпынысынан туындайды.
Индивидуалдық еркіндіктің кепілі ретінде баспасөз бостандығына сүйенген қоғамдық пікірмен және жалпы қоғаммен қадағаланатын мемлекеттік билік институттарымен қатар құқық маңызды рөлге ие болады. Бұл — Констанның мызғымас ұстанымы. Құқық өзінің бүкіл болмысымен еркіншілдікке қарсы
тұрады. Адамдардың бақытты және үйлесімді өмір сүруін әкелетін өркениетгің қажетті алғышарттары (материалдық, әлеуметтік-медени, рухани) дайын болғанымен, XIX ғасырдың басында ол өркениет кері қарай жүрді. Буржуазиялық қоғамның құрылысын аяусыз сынға ала отырып, Фурье онан құтылудың тәсілдерін анықтауға тырысады, XVIII ғасырдың соңында француз төңкерісіңде қолданған саяси тәсілдер өзін ақтамағандықтан, оны толық теріске шығарады. Халықтың қазіргі бейшара қалпы қоғамның негізін әртүрлі әлеуметтік топтардың (меншік иелері мен пролетарийлер, еркін кәсіп өкілдері, жұмысшылар мен егіншілер және т.б.) өкілдерінен тұратын өндірістік-тұтынушы бірлестіктер — ассоциациялар құрағанда ғана жойылады. Ассоциациялық құрылыстың, яғни "жаңа шаруашылық және социотарлық әлемнің бастапқы ұйымдары фалангалар болады. Бір-біріне тәуелсіз, ұйымдасуы бірдей фалангалардың торабы (әрқайсысы шамамен 1600 адамнан тұратын) бүкіл елдерді, құрлықтарды, бүкіл жер шарын қамтитын болады. Фалангалар ешқандай орталық билік жүйесімен байланыспайды. III. Фурьенің мұндай қондырғысы Жаңа замандағы саяси дамудың объективті үрдістерімен мүлдем сәйкес келмеді.
Ірі ағылшын социалисі Роберт Оуэн (1771—1858) өнеркәсіптік төңкеріс және оның салдарынан туған таптық қақтығыстар дәуірінде өмір сүрді. Бұл оның реформаторлық көзқарасына ықпал етті.
Оның көзқарастар жүйесіндегі негізгі орынды адамдардың мінез-құлқы туралы ілім алады. Бүтіндей қоғамдық топтардың мінез-құлқы да осылайша сыртқы ортаның ықпалымен қалыптасады. Р. Оуэн өзінің ұсынған адам мінез-құлқы туралы ілімі адамдарға әділетті құрылған қоғамға қарай жөн сілтейді деп сенді.
Өмірде орын алған
Сол замандағы әлеуметтік-экономикалық тәртіптерді сынай отырып, Р. Оуэн капитализмдегі өндіргіш күштердің, ірі өнеркәсіптің өсуі, ғылыми-техникалық білімнің дамуы табиғат заңдылығына сай "неғүрлым жоғары құрылымды қоғамның қажеттілігін тудырады деп сенді. Ол ең алдымен адамдардың санасындағы революциядан үміттенді. Әртүрлі әлеуметтік-топ өкілдерінің ізгі еркімен жүргізген реформаторлық әрекетінің нәтижесінде, Оуэн бойынша, "ақиқаттың, байлық пен бақыттың игі жүйесі", "қоғамдық меншік пен кооперация тұтастығыңың" жүйесі, "жаңа адамгершілік әлемі" орнайды.
Бұл жаңа құрылыстың бірлігі, "молекуласы" өзін-өзі қамтамасыз ететін коммуна, "қауымдастық қыстағы". "Қауымдастың қыстақтары" ұлттық ауқымдағы федерацияға (державаларга) бірігеді, ал кейінірек халықаралық деңгейде тұтастанады. Бірнеше жылдардың барысында ол бүкіл планетаға таралып, жер шарының барлық түкпірінде зандардың барлығына бірдей жинағы, басқарудың біртұтас тәртібі қызмет етеді. Жердің тұрғындары біртұтас отбасына айналады. Коммуналар (мүшелерінің саны 300-ден 3000 мыңға дейін) тек қоғамдық меншікгің, коллективтік еңбектің негізінде әрекет етеді, барлығының құқықтары мен міңдеттері тең болады. Коммуна мүшелері арасында шынайы өзара көмек қатынасы орнайды, аурулар, мүгедектер, кәрі-лер ортақ қамқорлыққа алынады, жеткіншектерді оқыту мен тәрбиелеудің рационалды және гуманды жүйесі енгізіледі. Әдеттер бірыңғай ізгілікті болады және марапаттау мен жазалау қажеттілігі жойылады.
XIX ғасырдың 30—40 жылдары Батыс Европаның" рухани өмірінде революциялық-утопиялық коммунизм концепциялары да бой көрсетті. Неміс жерінде либералдық қозғалыс XIX ғасырдың алғашқы онжылдықтарында тасталып 1848—1849 жылдардағы революция қарсаңыңда өзінің ауқымы мен ұйымдасуы жағынан да, идеялық-теориялық жағынан да біршама жетістіктерге жетті. Революцияға дейінгі кезенде қалыптасқан ерте неміс либерализм сипаты жағынан "конституциялық қозғалыс" болды. Онда-ғы бытыраңқы неміс мемлекеттері үшін қолайлы саяси-заңгерлік тәртіптерді ұсынған әртүрлі үлгілердің мазмұнында сол кездегі Батыс Европадағы либералдық ұстанымдар мен қалыптар мол ұшырасты. Ағылшын және француз либералдары сияқты неміс либералдары да өзінің әлеуметтік тірегін орта буржуазиялық топтардан іздеді. Сонымен қатар олар партикулярлық мүдделерді көздемей, замана талабына сай жалпы игілікті жақтайтын монархтардың саналы әрекеттерінен де үмітгенді.
Информация о работе Батыс Еуропалық саяси және құқықтық ойдың негізгі бағыттары