Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2013 в 20:07, курсовая работа
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Батыс Европаның қоғамдық-саяси өмірінде буржуазиялық тәртіптер онан ары нығая түсті. Әсіресе XVIII ғасырдың аяғындағы Ұлы Француз революциясы Европада капитализмнің дамуына мықты серпін берді.
Алайда бұл капиталистік қатынастардың қарсыластары да көптеп табылды. Өмірге ене бастаған буржуазиялық тәртіптерді дворяндық-аристократиялық, феодадцық-монархиялық топтар қаламады, олар өздерінің жоғалтып алған ескі жеңілдіктерін қайта қалпына келтіруге ұмтылды. Бұлардың идеяларының бүтіндей комплексін консерватизм деп атау қабылданған.
Кіріспе ................................................................................................................................................3
I Батыс Еропалық саяси және құқықтық ойдың негізгі
бағыттары.................................................................................................................................4 - 8
1.1 Социализм идеологтарының саяси –құқықтық көзқарасы.........................................8 - 11
1.2 Франциядағы саяси ілімдер .........................................................................................11 - 16
1.3 Германиядағы либерализм..........................................................................................16 -21
Қорытынды.....................................................................................................................................22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................................................23
XIX ғасырдың бірінші жартысында Германияның саяси және рухани ахуалына өз көзқарастарымен ықпал еткен Фридрих Дальман, Роберт фон Моль, Карл Роттек, Карл Велькер, Юлиус Фребель және өзгелері сияқты неміс либерализмінің өкілдері болды. Ал Вильгельм фон Гумбольдт және Лоренц Штейннің либералдық идеялары неміс жерінен тысқа шығып, жалпы Европаға танымал болды.
И. Канттың ізбасары
болған Вильгельм фон Гумбольдт (1767—-1835)
неміс либерализмінің негізін қалаушының
бірі. Басты саяси шығармасы "Мемлекет
қызметінің шекараларын бекіту тәжірибелері"
деп аталады. Гумбольдт адам мен мемлекет
арақатынасы меселесіне келгенде гуманистік
индивидуализм позициясын ұстанады. "Тәжірибелер"
еңбегінің шешетін негізгі міндеті "мемлекет
ішіңде адам үшін неғүрлым қолайлы жағдайды
табу" болатын.
Гумбольдт XVIII ғ. әлеуметгік ғылымының қоғам (азаматтык қоғам) мен мемлекетті жіктеу дәстүрін онан ары жалғастырады. Ол мыналардың арасындағы айырмашылықтарды айқындайды: 1) ұлттық мекемелер жүйесі (индивидтердің өздерінің төменнен құрған ұйымдары, одақтары, әртүрлі өзге бірлестіктері) мен мемлекеттік институттар мен қызметтер арасында; 2) "табиғи, жалпы құқықтар" мен тікелей мсмлекеттің құрған позитивті құқығы арасында; 3) "адам" мен "азамат" арасында.
Гумбольдт қоғам мен мемлекеттің шекараларын бөле отырып, оларды шамалас келемде деп есептемейді. Оның пікірінше қоғам мемлекеттен, ал адам саяси одақтың (мемлекеттің) мүшесі азаматтан анағұрлым маңызды.Сондықтан да "табиғи және жалпы құқық" мемлекеттік зандарды дайындау мен қабылдау барысындағы позитивті құқықтың жалғыз негізі және жетекші бастауы болуы тиіс.
"Мемлекеттік құрылыс түпкі мақсат емес, ол тек адамды дамытудың құралы ғана" деген тезиске сүйенген Гумбольдтың пікірінше мемлекет өзінің қызметінде азаматтардың ішкі және сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз етуден өзге әрекеттерге бармауы тиіс. Гумбольдт — европалық ерте буржуазиялық либерализма тән "шағын (минималды) мемлекет" концепциясын қатаң сақтаушы. Азаматтардың жеке бақыты, өмір сүру тәртібі, денсаулығы, адамгершілігі және т.б. мемлекеттің қамқорлық көрсетуі идеясына ол толығымен қарсы болды.
Гумбольдтың ойынша, мемлекеттің белсенді қызметінің ауқымы тар болуы керек, өйткені адамдардың әлеуметтік қауымындағы әр алуан қызмет пен әрекеттер барысында қабілеті мен абыройы жоғары адамдар оқшауланып шығады, ал жоғары билік мұндай өзгешеліктерге шыдай бермейді. Жоғары билік мемлекеттің көмегімен ұлттың, қоғамның барлық өмірлік көріністерін, адамдардың санасы мен жүріс-тұрысын бірегейлендіруге тырысады. Индивид үшін қауіп әсіресе, мемлекеттің патерналистік (әкелік қамқорлық) миссияны өз қолына алуынан төнеді.
Гумбольдтың байқауынша, мемлекеттің тарапынан үнемі көмек күту ақыр соңында кедейшілікке ұрындыратын адамдардың қамсыздығына әкеледі. Индивидтің адамгершілігіне нұқсан келеді; біреудің жетегіндегі адам әдетте өз дербестігін жоғалтып, апатияға ұрынады. Оның пікірінше мемлекеттің билікқұмар құлдары төмендегі принципті теориялық тұрғыда да, практикалық тұрғыда да бұзады: "еркіндікке жетуге дәл еркіндіктей ықпал ететін өзге нәрсе жоқ".
Гумбольдтың мемлекет туралы пайымдауынша, мемлекеттік құрылым еркіндікті шектегендіктен, ол "қажет болғанымен зұлымдық" дегенге саяды. Мұңдай полемикалық пікірлер сөз жоқ әлеуметтік хаос пен тәртіпсіздікке жол ашады. Алайда оның "Тәжірибелерінде" келтірілген мемлекеттің кейбір әлеуметтік-қорғаушылық функцияларының пайдалылығы мен қажеттілігі, азаматтарды мемлекетті құрметтеуге шақыруы Гумбольдтың либерализмін көптеген анархиялық ілімдерден, әртүрлі бағыттағы саяси нигализмнен арасын ажыратады. Бұл тұрғыда неміс ойшылының идеялары өзінің өзектілігін жоғалтпайды.
Лоренц Штейн (1815—1890) қоғам, мемлекет, құқық, басқару туралы бірқатар іргелі еңбектер жазды: "1789 жылдан бүгінге дейінгі Франциядағы әлеуметтік қозғалыстың тарихы" (үш-томдық бұл еңбектің бірінші кітабы "Қоғам ұғымы" деп аталады), "Басқару туралы ілім", "Германиядағы мемлекет және құқық туралы ілімнің бүгіні мен ертеңі".
Штейннің
либерализмі оның әлеуметтік-
Адам өзгелерден оқшау, дара өндірістік әрекетпен айналыса алмайды. Ол өзіне ұқсас адамдармен бірге әрекет етуге мәжбүр. Осылайша қауымдастық, қоғам мәселесі туындайды. Штейн бойынша барлық қоғам құрылымының шығу көзі меншік бөлінісінен келіп шығады. Меншік иелері мен еңбек адамдары әрқашан бір-бірімен ерекше байланысты. "Меншігі жоқтардың меншік иелеріне бағыныштылығының тұрақты және өзгермейтін тәртібі" қоғамдық өмірдің зандылығы болып табылады. Бұл екі топтың қарама-қайшылығын жою мүмкін емес, ондай қоғам жоқ.
Штейннің қоғам мен мемлекет жене олардың арақатынасына көзқарасы Гегель идеяларының ықпалында болып келеді.
Осындай көзқарастары үшін ресми идеологтар оны "ақыл-есінен айрылған" деп жариялады.
Батысшылдардың көрнекті өкілдерінің бірі профессор Тимофей Николаевич Грановский (1813—1855) Мәскеу университеті жалпы тарих кафедрасын самодержавиеге қарсы қоғамдық пікірдің трибунасына айналдырды. Тарихи процестің зандылығы мен прогрессивтілігін алға тарта отырып Грановский крепостниктік тәртіптің өткіншілігін, оның тарихи ақырын дәлелдеді. Оның адамзат дамуының органикалық теориясы Ресейді әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі ретінде қарастырады да, "тевтомания" рухындағы реакциялық ұлтшылдық құрылғыларға қарсы бағытталады.
Батысшылдардың үйірмесіне, сондай-ақ П. В. Анненков, В. П. Боткин, И. В. Вернадский, К. Д. Кавелин, Б. Н. Чичерин сияқты орыс ойшылдары кірсе, В. Г. Белинский, А. И. Герцен, Н. П. Огаревтер да өз көзқарастары жағынан осы позицияға жақын болды. Олар сол дәуірдегі қоғамдық-саяси құрылысты сынап, батыс үлгілері бойынша реформалар жүргізуді, конституциялық монархияны, парламенттік құрылысты, азаматтық еркіндіктерді енгізуді жақтады.
Славянофилдердің ең көрнекті өкілдері — А. С. Хомяков, И. В. Киреевский, Ю. В. Самарин, К. С. Аксаков батыстық құндылықтарды ұстанған бағдарды теріске шығарып, орыстардың тарихи дамуының ерекше жолын, "православиелік Русьтің тыныштығы мен бейбітшілігін" мадақтады. Олар славяндық қоғамды мемлекетке, Петрге дейінгі Русьті Батысқа қарсы қойды. Славянофилдердің пікірінше Батыс елдеріндегі индивидуализм жеке меншікті, эгоизм мен қарабайыр материализмді тудырды, батыстық христиан діні (католик және протестант діндері) антикалық мұрадан қалған рационализммен бұрмаланды.
Ресейдің басты ерекшелігі ретінде славянофилдер "қауымдық бастауды", "соборшылдықты" атайды. Егер батыс елдері өз зандары және саясатымен тек сыртқы еркіндіктерді қалыптастырса, ал славяндардың шіркеулік қауымдық тұрмысы ішкі еркіндікті қамтамасыз етеді. Славяндық рухқа жат батыстық бастауларды Петр І-ң зорлап енгізуі деспотизмді әкеліп, халық пен биліктің арасын ажыратып, ішкі рухани бірлікті бұзды. Олардың пікірінше, Петрге дейінгі Русьте билік пен халықтың тұтастығы Жергілікті Соборлар (Земство) арқылы жүзеге асты. Шешім қабылдамас бұрын билік жерді тыңдайтын.
Батысшылдар сияқты славянофилдер де шаруаларды азат етуді жақтады, бірақ кез-келтен революция орыс рухына жат деп есептеді. Олар шаруа қауымдарынан соборшылдықтың, коллективизмнің көрінісін байқады.
Славянофилдерге Ресейдің мессиаңдық (құтқарушылық) ролі мен панславиңизм идеялары тән еді. Буржауазиялық Батыстың тәртіптерін теріске шығара отырып, олар православиелік орыс халқы алдымен славяндарды, кейін өзге халықтарды "капитализм күнәларынан" азат етеді деп есептеді. Осы тұрғыдан алғанда славянофилдердің бұл идеясы ресми халықшылдықтың ұраңдарына сай келсе, ал олардың шаруалар қауымы туралы идеясы батысшылдар Герцен, Огарев және Бакуниннің ілімдеріндегі "орыс социализмінің" түбірін құрады.
Анархизм - мемлекеттік және биліктің кандай түрін болса да кажеттілігін жоққа шығаратын жеке адамның шексіз бостандығын дәріптейтін, адамдар арасындагы қатынастардағы жалпыға ортақ тәртіпті мойындамайтын қоғамдық-саяси ағым болып табылады. Аталмыш ағым XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды. Оның негізгі теориялык қағидаларын жасағандардың қатарына неміс философы М.Штирнер (1806-1856), француз философы жэне экономии П.Прудон болса, анархизм бағытының көрнекті өкілдері орыс революционерлері М.А.Бакунин (1814-1876) жэне П.Кропоткин (1842-1921) еді.
Анархизмның дүниетанымдық негізі индивидуализм (дарашылдық) болды. Бұл ағымды жақтаушьшар жеке адамның бостандығына қысым жасағанның бәріне шектен тыс теріс көзқараспен қарады. Әдеттегідей анархистер мемлекеттік биліктін барлық түрлеріне жауапкершілікпен қарай отырып, олар билікті жеке адамның бостандығын камтамасыз етудегі басты кедергі ретінде қарастырды.
Сондықтан мемлекетті кез-келген саяси билікті тікелей жойылуы тиіс қауіп-катер жамандық ретінде дариялайды. Олардың пікірінше, әлеуметтік революцияның негізгі міндеті мемлекетсіз қоғамдық құрылыс орнату, өзін-өзі басқаратын автономиялық өндірістік ассоциациялар, коммуналар, провинциялар және әлеуметтік қауымдастықтар федерацияларын құру.
Әдеттегі қолданыста «анархия» термині толық хаос тәртіпсіздік деген мағына білдіреді. Бірақ анархистердің мақсатынан болашақтағы өмірдің мемлекет құрылымынсыз яғни қоғамдық процестердің жүйесіздік және басқарусыздығын білдірмейді.
Керісінше, тек анархия, яғни адамдар арасындағы қатынастардағы қандай да бір мәжбүрлеудің болмауы, олардың түсінігінше индивидтердің барлық кезде құрылуы мүмкін ассоциацияларының еркін өзін - өзі басқаруына және өзара әрекетгеріне негізделген шынайы қоғамдык тәртіпті туындауына күмән келтіруге болмайды.
Неміс жерінде либералдық
Пайдаланған әдебиеттер
1) «Саяси құқықтық ілімдер» Мұхаммедов Б.Сатаршинов.Сырымбетұлы.
2) История политических и прововых 19в. Наука 1993г.
3) История политических и прововых учены.(под.рсу.В.С. Нерсесянца)
4) Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. А.К.Мұхтарова.
5) Батыс Европаның әдебиетімен тарихы. Әшімханов.Светлана.
6) Жамбылов Д. «Саясаттану» Алматы 2005ж.
7) Кант И. Вечному миру Москва 1966г.
8) Кант И. Метофизика провов Москва 1965г.
9) Мантеско Ш.Л. О духе заюнов Москва 1955г.
Информация о работе Батыс Еуропалық саяси және құқықтық ойдың негізгі бағыттары