Дүние жүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 21:19, реферат

Описание

Зерттеудің кезеңдері:
Дайындық кезең: тақырыпты анықтау, мақсатын, болжамын айқындау, зерттеу әдіс – тәсілдерін меңгерту;
Теориялық кезең: зерттеу тақырыбы бойынша әр түрлі ғылыми әдебиеттерді жинақтау, оқу, талдау, қажетті деректерді іріктеу;
Қорытынды кезең: жинақталған материалдарды саралау, жүйелеу, ғылыми тұрғыдан зерделеу. Ғылыми жоба сайысына даярлық кезеңі.

Содержание

Абстракт ...................................................................................................... 3
Кіріспе ......................................................................................................... 4
1. Негізгі бөлім ..........................................................................................
1.1. Дүние жүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі ..
1.2. Қызыр (Қыдыр) ата ........................................................................
1.3. Қызыр түн .......................................................................................
1.4. Ұлыс күні неге міндетті түрде қазан пайдаланған? ....................
1.5. Ұлыс күні не сойылған? ................................................................
2. Наурыз көженің адам ағзасына пайдасы ............................................
2.1. Судың маңызы ................................................................................
2.2. Ет етке, сорпа бетке .......................................................................
2.3. «Ағы бардың – бағы бар» ..............................................................
2.4. «Алтын, күміс тас екен, арпа бидай ас екен» ..............................
2.6. Табиғат пен адам арасындағы байланыс ..................................... 6
3. Қорытынды ...........................................................................................
3.1. Наурыздағы салт-дәстүрлер .......................................................... 15
4. Пайдаланылған әдебиеттер .................................................................. 16

Работа состоит из  1 файл

наурыз.doc

— 136.00 Кб (Скачать документ)

Шығыс елінің ұғымы бойынша күн  мен түннің теңелер тұсында яғни, 22 наурыз күні жер-көкті жарып ерекше бір гуіл (дыбыс) өтетін көрінеді. Оны жан-жануарлар ішінде жұмақтан шыққан қой ғана сезеді дейді халық. Сол күні барлық жаратылыс, оның ішінде адам бойында да ерекше  сезім, қасиет болады. Мұндай қасиетті күндерде тырнақ, шаш алдыруға болмайды. Әркім өзін жаман әдеттен аулақ ұстағаны жөн.

 

    1. Қызыр түн

 

Қызыр түні Жаңа жыл табалдырықты аттап, үйге енгенде, «жалғыз шала сәуле  болмас» деп төрге қос шырақ жағылып қойылады. «Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады» деген сеніммен Наурызға шейін үй ішіндегі жиһаз-мүліктің шаңы қағылып, жуылып тазартылады. «Береке басынан басталады» деп, «Жыл бойына ақ мол, дән тасқын-тасқын, жауын-шашын көп болсын» деп, Қызыр түні қойманы тағамға (бидай, тары, арпа, сұлы, жүгері т.б.), ыдыс атаулыны аққа (сүт, айран, шұбат, шалап, уыз т.б.) және кәусар бұлақ суына толытарды.

Аузы дуалы қариялар мен ел басқарған  көсемдер Наурыз мейрамы үстінде  ұрпақтары ұмытпай айта жүретін аталы ұлағатты бір сөз артына қалдырылатын дәстүр болған екен. Бір күн ойланып, ойлы сөз таппаған адамды көп алдында айыптап, тіптен ағынды өзенге лақтыратын да болған. Осындай сынға ұшырап қанша ойланса да жүйелі сөз айта алмаған бір батыр суға лақтырылар тұста аузынан «Көп қорқытады, терең батырады» деген сөз шығып, жазадан аман қалыпты деген ел аузында әңгіме бар.

Қараңғы түсе екі жерге үлкен-үлкен  от жағылады. Жас ерекшеліктеріне  қарай топ-топ болып, осы екі  оттың ортасынан өтіп бара жатып, қолдарындағы басына майлы шүберек  ораған таяқтарын тұтатады. «Алас, алас, пәледен қалас!» деп өлең айтып жүріп, айнала төңіректі отпен тазалап шығады, жастар жағы жанған оттан секіреді. Оттың киелі қасиетіне сенуден пайда болған бұл тазарту (арылу) рәсімі – «аластау» деп аталады.

Алтыбақан басында жастар түнімен  түрлі халықтық ойындар ойнайды, айтысады. Бұл кеште айтылмаған ән, тыңдалмаған күй, танылмаған шешен қалмайды.

Таң ата көпшілік биіктеу төбенің  басына шығып, атқан таңды қарсы  алады.

Қазақтардың астрономиялық түсінігі бойынша, Жаңа жылда Күннің көзі көрінген уақыттан  кейінгі екі сағат уақыт «күн сәті» деп саналады. Егер кімде – кім Ұлыс күннің күн сәтінде күн шұғыласын маңдайымен тосып қарсы алса, оған Наурыздың құты дариды деген дәстүрлі ұғымға  сай, Жаңа күнді қарсы алу салты қалыптасқан. Күлімдеп көрінген Күнге иіліп сәлем беріп, «құт дарысын» деп, айнала төңірекке ақ бүркіп тарайды.

 

 

 

    1. Ұлыс күні неге міндетті түрде қазан пайдаланған?

 

Түске таман ауыл адамдары нарқазан көтеріп от жағады. Қазан  басқа ыдыстарға қарағанда қазақ  өмірі мен мәдениетінде алатын орны жоғары. Қазақ дастарқанына түсетін тағамдардың барлығы да (қымыздан басқасы) осы қазаннан өтеді. Халық жай ғана қазан демей оны «қара қазан» деп қастерлеп айтады. «Қара» сөзі қасиетті, киелі, берекелі, деген ұғымды білдіреді.

Қазан шойыннан құйылады, ұстағанға  қолайлы 4 құлағы бар. Ең үлкен қазан  он екі қарыс қара қазан немесе тай қазан дейді.

Қазанды 3 бұтты ошаққа  немесе жерошаққа асады. Тұрғылықты жерде қазандыққа орнатылады. Көшпелі елде қазан қирамас үшін қалың кенеп, киізден арнаулы қазанқап жасайды.

Қазан – тоқшылық пен  берекенің, ырыс – несібенің белгісі, қасиетті киелі ыдыс.

Қазан мықты болса, ел де мықты. Қазан  шаңырақ сияқты бүтіндіктің белгісі. Ол құрыса, ел де құриды» деп жазады. Осы бір аңыз - әңгімелердегі айтылған ойдың тобықтай түйіні тіліміздегі «қара қазан, сар баланың қамы үшін» деген сөз де сақталған.

 

    1. Ұлыс күні не сойылған?

 

Наурыз тойының ең басты бір кезеңі - өгіз сою. Түске  таман барлық жұрт жиналып, өгіз сояды. Өгіздің қанынан айналада ойнап  жүрген балалардың беттеріне, маңдайларына ою салынады. Өгізді нарқазанға салып, астына от жағады.

Ұлыс күні неге өгіз сойылады? Қазақ есепшілерінің тәжірибесіне сүйенсек, Үркер күздің басында шығыстан, қыстың басында төбеден, ал көктем басында аспан етегінен көрініп, жазға қарай мүлдем батып кетеді. «Үркердің жерге түсуі» делінетін осы кезеңге 40 күн жазғы шілде сәйкес келеді. Бұл кезеңде Үркердің көкжиектен көрінбеу себебі — Күн жолы наурыз айында дәл соның үстінен өтеді. Қазақстанның кейбір жерлерінде ғана, мәселен, Орталық өңірлерде осы кезде Үркердің қос жұлдызы бұқаның мүйізі секілді батқан күн жолының екі жағынан қылтиып көрінеді.

Аспан көгіндегі дәл  осы көріністі Қазақстан жартастарында  шимайланған петроглифтерден  - мүйізімен  Көк өгізді көруге болады.

 

  1. Наурыз көженің адам ағзасына пайдасы

 

Наурыз мерекесінің  танымдық мәні мол, жұмбақ сырлы өзіндік  рәсімдері мен шартты талаптары  баршылық .Соның бірі –Ұлыстың Ұлы  күні Наурызнамада дайындалатын  - Наурыз көже «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар» деп, көже мейілінше мол жасалады. «Жақсы тамақ қалғанша, жаман қарын жарылсын» деп, тоя ішу ғұрпы сақталған. Сондықтан болар наурыз көжені «көп көже», «тоқ көже» деп те атайды. Тіпті алаңсыз тойғанынша ішсін деген ниеттен болар, қаласа әркімнің өзі құйып алу еркі де болған. Мұның бәрі наурыз мерекесінің теңдік күні, еріктілік, имандылық мерекесі деген түсініктен туса керек.

Халқымызда ежелден 7 санын қасиетті дейтіні белгілі. Тіпті санағанның өзінде біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу деп  айтамыз. Ешқашан сегізеу, тоғызеу демеген. Ұлттық таным бойынша 7 қазына, 7 ата, 7 күн, 7 қат көк, 7 музыкалық дыбыс т.б. ұғымдарды білеміз. Осылардың қатарынан орын алатын 7 түрлі дәмнен жасалатын Наурыз көженің ерекшелігі қандай?  Әр жаңа жылда дайындалатын осынау дәмнің құдіреті неде?

 

    1. Судың  маңызы

Су – тамақ рационының маңызды құрамдас бөлігі.  Сусыз тіршілік жоқ. Адам шөлдегеннен гөрі аштыққа шыдамды келеді. Зат алмасудың барлық процестері судың қатысуымен атқарылады. Тамақты сіңіру, қанға нәрлі заттардың жетуі сұйық ортада өтеді. Зат алмасудың зиянды өнімі организмнен су арқылы шығарылады. Организмде судың жеткіліксіз болуы шөлдеуге әкеліп соқтырады да, судың артық болуы жүрек - қан тамыр жүйесінің жұмысын қиындатады, ағыл - тегіл терлетеді, қалжыратады.

Су – ғажайып зат. Су бір мезгілде 3 түрлі күйінде кездеседі Мұз – судың қатты күйі, оның сұйыққа айналуымен булануы қатар жүреді.

Су – тіршілік көзі. Тірлігі оттегінсіз өтетін ішекте тіршілік ететін бактериялар бар, бірақ сусыз өмір сүретін ағза кездеспейді. Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Сондықтан ағзалар денесінің 50-90 пайызы судан тұрады. Салмағы 70 кг адамның денесінде 50 кг су бар. Оның мөлшері 17 кг-ға кемісе, адам өледі.  Адам су ішпей 1 апта ғана шыдайды.

Судың тағы бір қасиеті – жақсы еріткіш. Ас тұзын суға салсақ, оның қатты түйіршіктері еріп, мөлдір ерітіндіге айналады. Жерге сіңген су тау жыныстарындағы әр түрлі минерал заттарын ерітеді. Бұдан судың физикалық қасиеті өзгереді. Дәм және иіс пайда болады,жылынады. Жаңа қасиеттерге ие болған жер астынан шығатын суларды минералдық сулар деп атайды. Судағы еріген заттарының мөлшері оның кездесетін жерлеріне байланысты. Ішуге жарамды судың 1л. 2-20 гр еріген тұздары болады. Ол адам ағзасына пайдалы әр түрлі сырқаттардан айығуға жәрдемдеседі. Ондай суларды шипалы сулар дейміз.  

Су табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына кіреді. Көптеген өсімдіктің 80-95 пайызы судан  тұрады.Адам ағзасының құрамында қанның, ас қорытатын сөлдің, сілекейдің құрамына кіреді.

 

    1. «Ет етке, сорпа бетке»

Ет - ең негізгі тағамдық өнімдердің бірі. Етттің дәмі әр алуан  тағамдармен жақсы үйлеседі. Қоректілігі  жағынан ең құндысы әрі жұмсағы-бұшық  ет. Бұлшық ет тканінің ақуызында адам ағзасына қажетті амин қышқылдары түгелдей кездеседі. Экстрактивті заттар етке хош иіс беріп, ас қорыту бездерінің қызметін жақсартады. Ет калориялық май ткандерінің мөлшеріне байланысты. Қоректілік және дәмдік сапасы бойынша ең тәуір етте 14-19% - ақуыз, 12-15% - май болады.

Еттің құрамы:

су – 73-77%;

ақуыз – 18-21%; 

май – 1-3%;

в1, в2, в6 дәрумендері;

минералды тұздар – 0,8-1%;

экстрактивті заттар – 1,7-2%.

Еттің құрамындағы дәрумендерге тоқталайық:

В1 – ағзада зат алмасу үшін қажет. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ағза шаршағандық күйде болып, ас қорыту процесі бұзылады. Бұл дәруменнің ой және дене еңбегімен көп шұғылданғанда, суықта ұзақ болғанда қажеттілігі мол.

В2 – жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді, ағзаның бірқалыпты өсуіне қажет.

В6 - бұл дәрумен жетіспеген жағдайда балалардың бойының өсуі тежеліп, қан аздыққа әкеліп соғады.

Сорпаның азықтық нәрі көп, асты жеңіл таратуға, жұғымдылығын арттыруға әсері мол. Сорпада  оған қайнатқан азықтардың жұғымды  қоректік заттары көп, адам ағзасына қажетті заттардың 15 пайыздан астамы осы сорпада .  Сорпасы нәрлі, еті жұмсақ, татымды, дәмді болсын деген етті салқын суға салып, отты ә дегеннен күшті жақпай, жай шымырлатып қайнату керек. Ет қайнап жатқанда көбірек сапырылса, сорпа дәмді және құнарлы болады.

    1. «Ағы бардың – бағы бар»

Сүт - сүтқоректі жануарлардың сүт бездерінен бөлінетін секрециялық сұйық. Сүттің өзі және одан өндірілетін өнімдер өте сіңімді және адам ағзасы үшін өте пайдалы тағам. Кезінде академик И.П.Павлов сүтті «табиғаттың өзі дайындаған тамаша тағамы» деп бағалаған болатын. Қоректік жағынан алғанда бұл тағамдық құндылығымен ағза үшін аса маңызды табиғи өнім.

Сүттің тарихы ертеден  басталады. Археологтар бір қазбадан тапқан ірімшік қайнататын қазанды  жер астында 5000 жылдай сақталған  деп топшылайды.

Сүтті баладан бастап, қарияларға дейін ішеді. Өйткені, ол дәрумендерге, көмірсу мен майларға, ақуыз бен минералды заттарға, микроэлементтер мен ферменттерге өте бай.

Ферменттер

Микроэлементтер

Дәрумендер

Минералды заттар:

Кальций Са – ағзаның зат алмасуына, қан ұюына қатысады. Кальций тұзы барлық азық-түлікте бар, бірақ адам ағзасы оның барлығын бірдей сіңіре алмайды. Сүтте, сүттен алынатын өнімдерде, ақ ірімшікте кальций өте көп және адам оны оңай сіңіре алады. Фосфор Р – жүректің, бұлшық еттің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін маңызы

Көмірсулар

Сүт - химиялық құрамы жағынан тамаша тағам. Оның құрамында адам ағзасының қалыпты жетілуі үшін барлық зат бар. Соған орай оған физиологиялық құндылығы жағынан бірде бір азық тең келе алмайды. Сүт басқа өнімдердің биологиялық құндылығын көтереді. Ас қорыту бездерінің жұмыс істеу қабілетін үнемі жақсартып отырады. Сүтті пайдаланып әр түрлі тағамдар дайындауға болады. Айран ұйытып, ірімшік, құрт кептіруден бастап, ботқа пісіруге дейін осы бір керемет өнім пайдаланылады. Ал сүт қосып дайындалған тағам өте дәмді болады.  Оның үстіне сүт өнімдерінің дәрулік қасиеті бар. Олар емдеу, алдын алу, диеталық тағам ретінде де қолданылады.

Құрт – ұлттық тағам. Ашыған айранды сабаға құйып, бірнеше  күн іркіт жасайды. Сабада пісілген іркітті майы алынғаннан кейін үлкен  қазанға құйып қайнатады. Іркіт баяу қайнап, жел көбігі таралғаннан кейін қоюланады. Суыған соң таза қапшыққа құйып, суын сорғыту үшін іліп қояды. Сарысуы ағып 5-6 күн бойы әбден құрғаған соң, ұсақтап бөліп, сығып, өреге жайып кептіреді. 1-2 аптадан соң өредегі құртты қапқа салып , күн көзіне кептіреді. Құртты 2-3 жылға дейін сақтауға болады. Құрт- күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады. Құрттың сарысуын сүт қосып қайнатып ірімшік жасайды. Құрт өкпе ауруына, суық тиіп ауырған кезде ыстықтай ішкізіледі. Ұзақ сапарларда құрт- әрі сусын, әрі қорек. Сарысуын ауырған малға ішкізеді, шаш жууға болады, тері илеу үшін пайдаланған.

Құрттың пайдасы:

  1. тағамдық (әрі сусын, әрі қорек, қарт адамға кернеулі ас)
  2. емдік (өкпе, асқазан ауруларына ем, шаш жуу)
  3. тұрмыстық (тері илеу үшін, ауырған малға ем)

Май - барлық азықтардың негізгі нәрі, ең негізгі құнары. Мал майының өткірлік,  дәмділік, емдік қасиеттері бар. Майлар - тағамның қажетті және ең калориялы құрамдас бөліктері.

Ағзаға 1гр. май сіңіп тарағанда, ақуыз немесе көмірсулар тарап сіңгендегіден 2 есе артық жылу энергиясы бөлініп шығады.

Майдың тағы бір қасиеті  ол өзімен бірге пайдаланылған басқа  тағамдардың жақсы қорытылып  сіңуіне ықпал жасап, оларға жағымды  дәмділік пен хош иіс береді. Май  ағзаға тек энергиялық қуат үшін ғана емес, пластикалық мақсат үшін де қажет. Ол дегеніміз жаңа клетка құрылымын жасау керек. Адам майлармен бірге А. Д. Е. дәрумендерін де алады.

А дәрумені -  көздің көру қабілетін жақсы сақтау үшін қажет. Ағзаның бірқалыпты өсуін қамтамасыз етеді. Егер бұл дәрумен жетіспесе, адамның жүзі солғын тартады, терісі, шашы құрғақтанып, қабыршықтанады, безеу бөртпелері пайда болып, тырнақтары сына береді, жарықтан жасқанып, көзі күндіз көріп, түнде көрмейді. А дәрумені малдан алынатын тағамдарда, майда, ірімшікте өте көп кездеседі.

Д дәрумені -  ағзада кальций мен фосфор тұздарын сіңіруге көмектеседі. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда бала мешел ауруына шалдығады.

Е дәрумені - бұлшық еттердің қызметін жақсартады, Ол маймен қатар, жұмыртқада, сүттің құрамында болады.

    1. «Алтын, күміс тас екен, арпа, бидай ас екен»

Тары, күріш, арпа, бидайдың тағамдық қасиеті  жоғары және жұғымды калориялы болады. Олар балалар мен ауруға шалдыққан адамдарды тамақтандыру үшін ерекше қажет. Бұлар көмірсу мен өсімдік ақуыздарының негізі болып табылады.

Информация о работе Дүние жүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі