Дүние жүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 21:19, реферат

Описание

Зерттеудің кезеңдері:
Дайындық кезең: тақырыпты анықтау, мақсатын, болжамын айқындау, зерттеу әдіс – тәсілдерін меңгерту;
Теориялық кезең: зерттеу тақырыбы бойынша әр түрлі ғылыми әдебиеттерді жинақтау, оқу, талдау, қажетті деректерді іріктеу;
Қорытынды кезең: жинақталған материалдарды саралау, жүйелеу, ғылыми тұрғыдан зерделеу. Ғылыми жоба сайысына даярлық кезеңі.

Содержание

Абстракт ...................................................................................................... 3
Кіріспе ......................................................................................................... 4
1. Негізгі бөлім ..........................................................................................
1.1. Дүние жүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі ..
1.2. Қызыр (Қыдыр) ата ........................................................................
1.3. Қызыр түн .......................................................................................
1.4. Ұлыс күні неге міндетті түрде қазан пайдаланған? ....................
1.5. Ұлыс күні не сойылған? ................................................................
2. Наурыз көженің адам ағзасына пайдасы ............................................
2.1. Судың маңызы ................................................................................
2.2. Ет етке, сорпа бетке .......................................................................
2.3. «Ағы бардың – бағы бар» ..............................................................
2.4. «Алтын, күміс тас екен, арпа бидай ас екен» ..............................
2.6. Табиғат пен адам арасындағы байланыс ..................................... 6
3. Қорытынды ...........................................................................................
3.1. Наурыздағы салт-дәстүрлер .......................................................... 15
4. Пайдаланылған әдебиеттер .................................................................. 16

Работа состоит из  1 файл

наурыз.doc

— 136.00 Кб (Скачать документ)

Ақуыз – қозғалысты қамтамасыз етеді, яғни бұлшық еттердің жиырылуы мен жазылуы. Өкпеден сіңіріп алған оттегін бүкіл денеге таратады. Ақуыз мал мен өсімдіктен алынатын өнімдерде кездеседі. Олардан алынатын ақуызды дұрыс ұштастыру арқылы ақуызы жеткілікті тағам әзірлеуге болады.

Көмірсу – бұлшық еттің, жүйке жүйесінің, жүректің, бауырдың қызметі үшін ағзаның майды қалыпты сіңіруі үшін өте қажет. Тамақ құрамында көмірсу болмаған жағдайда тамақтағы май толық сіңбейді де денсаулыққа зиян келтіреді. Көмірсу өсімдік өнімдерінде өте көп сонымен қатар сүтте, бауырда болады.

Аз мөлшерде дәрумендер мен калий, кальций, магний, фосфор, темір тұздары болады.

Ұлттық тағамдардың  жұғымдыларының бірі саналып, біраз  ас түрлерінің дәмін келтіретіні  – тары. Тары өте құнарлы дақыл.

Тарының құрамы: ақуыздың - 10-15, көмірсудың - 59, майдың – 38 пайызы бар.

    1. Табиғат пен адам арасындағы байланыс

 

«Жеті» санының қазақ  үшін қастерлі екенін жас бала да біледі. «Наурыз көже» нұр - сәулені түзетін жеті түрлі түске орай, жеті түсті топтамаға кіретін дәм - тағамнан құралатын нәрлі де қуатты, қасиетті ас екені белгілі:

КӨК – су. Көктемде тасыған су жер - дүниені көк толқын етеді.

ҚЫЗЫЛ – ет (соғымнан сақталған мүше, сүрі, арнайы сойылған малдың жас еті…). Барлық ет тағамын қызылға балайды.

ЖАСЫЛ – дән (бидай, арпа, тары…). Жерден өсетін өнімдердің бәрін жасыл өсімдіктің дәні деп түсінеміз.

АҚ – сүт (сүт, сүттен жасалған тағамдар, қатық, айран…). барлық сүт тағамдарын ақ сүтке теңеу орынды.

САРЫ – май (сары май, тоң май…).өзінің түсінің сарылығымен бірге ең асылын «сары майдай» сақтаған.

ҚОҢЫР – бидайдың, тарының талқанын көжеге қосатын ұнды, кеспені қоңыр түске теңейді. 

ҚАРА – тұзды қасиетті қара дәм, қарабас тұз дейді.

Тағамдағы тұздың алатын орны

Тұз -  адам организмінің қалыпты жұмыс істеуі үшін бірден-бір қажетті зат. Ол тағамның дәмін келтірумен бірге, тканьдердегі су мөлшерін реттеп, асқазан сөлінде тұз қышқылын түзеді. Адам ағзасына күн сайын тамақ арқылы орта есеппен 10-15 грамдай ас тұзы сіңіріледі. Ас тұзы тағамның барлық түріне қолданылады. Тамаққа тұзды дұрыстап салудың маңызы зор. Етке тұзды пісерден 30 минут бұрын салу керек.

Тұздың адам ағзасына пайдасы:

  1. Жүйке жүйесінің қызметін жақсартады;
  2. асқазан сөлінде тұз қышқылын түзу;
  3. қан мен тканьдегі су мөлшерін реттеу;
  4. зоб ауруларын емдеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қорытынды

Наурыздағы салт –  дәстүрлер

Наурызнама  – шат - шадыманды ойын-сауық, той.  «Ол күнде  Наурыз деген  бір жазғытұрым   мейрамы  болып, наурызнама қыламыз деп   той - тамаша қылады   екен» (Абай). Кей   жерлерде наурыз тойы деп те аталады. Бұл күні үлкен болсын, кіші болсын осы мейрамға келіп, көңілді  ойын-сауықтар жасалады. Мұнда  шарап  ішу, ренжісу сияқты   жағымсыз әдеттерге  қатты тыйым  салынған.Тойға ат жарыс, палуан күрес, басқа да спорт бәсекесі, айтыс, түрлі  ойындар мен көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Әркім үлкендерден бата тілейді. Наурызнама бұрын 3-9 күнге  созылатын, халықтық  ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары кеңінен қолданылатын  ерекше үлкен жиын той.

«Наурызнамада қыз-жігіттер жиналып, бас қосып ұйқыашар әзірлейді. Ол ет, уыз сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Қыздар өздерін ұнатқан жігіттеріне «Ұйқыашардан» дәм таттыратын болған. Мұның мәнісі оларды «ұлыстың ұлы күні» ұйықтап қалмасын деген ескі ұғымнан туған.

Жігіттер қыз-келіншектерге  сақина, сырға, айна, тарақ   сияқты сыйлықтар береді.Оны  селт еткізер  деп атайды. Бұл дәстүрлі сыйлықтағы айна - пәктік пен жастықтың, тарақ - әдемілік пен сұлулықтың, иіссу - бүршігін жаңа жарған жауқазындай құлпырудың, жайнай түсудің белгісі.

Бүл күні қарттар да естен  шықпайды. Оларға арнап жылы-жұмсақ тағамдардан бел көтерер деп аталатын дәм дайындалы, таратылады.

Наурыз-тілек. Достық көңіл мен  тілектестіктің, адамгершіліктің белгісі, әрі тойдың жарасты салтының бірі ретінде айтылған.

Наурыз төл. Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар наурыз төлі деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, малжанды қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады. Төл басы сатылмайды, оны ешкімге сыйға бермейді.

Наурызкөк - наурыз айында ұшып келетін  көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсты шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурыз келдің бе?» деп шақырып, жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейді.

Наурызшешек. Наурыз айында өсетін жапырақты, түрлі-түрлі гүлді, қауашақты әсем өсімдікті (шөп). Оны үйде де өсіреді ...Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның  таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі.  Наурызшешек  «Қызыл кітапқа» енген сирек кездесетін бағалы өсімдік қатарына жатады.

Наурызша. Наурыз айында  жұп-жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «наурызша» деп атайды.

Наурыз есімі. Наурыз күнінде немесе айында туғандарды халық бақытты санаған. Сондай себеппен оларға Наурыз есімін беретін болған. Мысалы: қазақ халқында Наурызбай Құтпанбайұлы (1706-1781),  Наурызбай Қасымұлы (1822-1847) атты әйгілі батырлар болған.  Алтын Ордада Наурыз есімді хан (1359-1360) болғаны тарихтан белгілі. Наурызгүл, Наурызбек, Наурызәлі деген адам аттары да жиі кездеседі.

 

  1. Пайдаланылған әдебиеттер
  2. ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың халқына Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан » 2007,  ақпан

2.    ҚР 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы. Астана, 2005 жыл

3.    Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы. 2007, наурыз

4.    «Ақиқат» журналы 1993, № 42

5.    С.Кенжеахметұлы «Қазақ халқының салт – дәстүрлері» Алматы, 2004

6.    «12 жылдық білім» Республикалық ғылыми - әдістемелік және ақпараттық – сараптамалық журнал 2006, № 4

7.    «Наурыз» Аруна баспасы, 2001

8.    К.Хикмет «Даналық сүрлеуі» «Қасиет» баспасы , Алматы, 2006

9.    А.Жүнісов «Фәниден бақиға дейін» «Қайнар» баспасы, Алматы 1994

 

 




Информация о работе Дүние жүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі