Дүние жүзін территориялық бөлісудің аяқталуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 06:53, реферат

Описание

XIX ғасырдың 50-60 жылдарында Азияның шығысында капиталистік мемлекеттердің отарлық экспансиясы басталды. Англия мен Францияның Қытайдағы және Үнді-Қытайдағы соғыстары, сонымен қатар батыс державаларының Тайпин көтерілісіне қарсылығы Шығыс және Оңтүстік Азия халқын капиталистік әлемнің отарлық жүйесіне енуге мәжбүрледі.

Содержание

Жоспар

1. Еуропалық державалардың отарлау саясаты

2. Англияның протекторатының орнауы

3. Орта Азиядағы Ресей саясаты. Ағылшын – орыс қатынасы

4. Ағылшын -француз қарама -қайшылықтары

5. Ұлы державалар саясатындағы Африка және әлемді отарлық бөлісудің аяқталуы



Еуропалық державалардың отарлау саясаты

Работа состоит из  1 файл

01Дүние жүзін территориялық бөлісудің аяқталуы.doc

— 73.50 Кб (Скачать документ)

Дүние жүзін территориялық бөлісудің  аяқталуы

 

Жоспар

 

1. Еуропалық державалардың отарлау  саясаты

 

2. Англияның протекторатының орнауы

 

3. Орта Азиядағы Ресей саясаты.  Ағылшын – орыс қатынасы

 

4. Ағылшын -француз қарама -қайшылықтары

 

5. Ұлы державалар саясатындағы Африка және әлемді  отарлық бөлісудің аяқталуы

 

 

 

Еуропалық державалардың отарлау  саясаты

 

 

 

Осман империясы үшін капиталистік мемлекеттердің таласы.

 

XIX ғасырдың 50-60 жылдарында Азияның  шығысында капиталистік мемлекеттердің  отарлық экспансиясы басталды. Англия мен Францияның Қытайдағы және Үнді-Қытайдағы соғыстары, сонымен қатар батыс державаларының Тайпин көтерілісіне қарсылығы Шығыс және Оңтүстік Азия халқын капиталистік әлемнің отарлық жүйесіне енуге мәжбүрледі.

 

Капиталистік державалар өзінің отарлық саясатын жүргізу үшін барлық жағдайды пайдаланды: әскери қимылдар, саудаға ену, қаржыны өмірлік құлдық ету, миссионерлердің қызметі, дипломатия.

 

Отарлық саясат жүргізілген аудандарда буржуазиялық дипломатия әдісі арқылы шығыс елдерінің ішкі саясатына қол сұғу, «халық теңдігі» атты жамылғы фразаларды пайдалану арқылы үстемдік жүргізу елді қанаудың бір көрінісі ретінде танылды. Мұндай отарлық экспансияның алдыңғы қатарында XIX ғасырдың ортасында Англия тұрды. Англиядан кейін шығыс және оңтүстік шығыста Франция мен АҚШ, ал Солтүстік Шығыс Азияда патшалық Ресей үстемдікке қол созды.

 

Феодалдық мемлекеттердің ортақ дипломатиялық  сипаты өз мемлекетін тұйықталу саясатынан арылту болса, шығыс дипломатиясы оған қарсы тұрмақ болды. Олар капиталистік державалардың талабын элсіретпек немесе бейтарап етіп қалдыру ойымен бір - біріне қарсы қою арқылы өзара қақтығыстырды. Шығыстың құқықсыз халық бұқарасы феодалдық езгіге түсе отырып, отарлық құлдыққа бас ұрды. Олар заңды түрде елдің сыртқы және ішкі саясатына араласа алмады.

 

XIX ғасырдың екінші жартысында  Азия мен Африканың кең аудандарын  басып алу арқылы батыстың  капиталистік державалары бүл  елдерді экономикалық және саяси  бағынышты етті. Мұндай тәуелді  мемлекеттер қатарына Түркия, Иран, Ауғанстан жатты.

 

70-жылдардың басында Осман империясының шетелдік державаларына бағыныштылығы айқын байқалды. Шетел капиталистері эквивалентті емес сауданы, тең емес келісімшарттарды, капитулляция режимін пайдалану арқылы және Оттоман империя банкіне үстемдік ете отырып, өз саясаттарын ашық жүргізді. Олар Түрік феодалдары мен компрадорлық буржуазияға сүйенді.

 

Берлин конгресінен кейін ұлы  державаларға Осман империясының бағыныштылығы  артты. 1879 жылы Түркия өзін толығымен  банкрот деп жариялады. Шетел  несие берушілерімен жүргізілген келіссөздерден кейін, 1881 жылы желтоқсанда Мұхарем декретіне қол қойды. Декрет бойынша сұлтан Оттоман мемлекеттік қарызын басқаруды бекітті. Басқару басында несие беруші мемлекеттер өкілдері: Англия, Франция, Германия, Австро -Венгрия және Италия түрды. Түрік үкімет комиссары тек кеңес беру құқығына ғана ие болды. Франция капиталистеріне Сириядағы, ағылшындарға Измирдегі темір жол капиталы берілді. Бағдат жолын салудағы ірі концессияға неміс капиталы иелік етті.

 

Осман империясында жаңа шетел банктері пайда бола бастады. Стамбулда Франция банкінің бөлімшесі ашылды. Ал 1888 жылы бірнеше батыс Еуропа банктері бірге отырып, «салоник банкінің» негізін қалады. Сонымен қатар, капиталистік державалар Түркияны саяси жағынан да өздеріне тәуелді етті. 1883 жылы Түркияға герман әскери миссиясы шақырылды. Шетел кеңесшілері флотта, жандармерияда тағы басқа мемлекеттік аппарат бөлімдерінде қызмет етті.

 

Түркияның тәуелді мемлекет ретінде  өзінің ерекшеліктері де болды. Соның  бірі Түркия Азиядағы ұйымдасқан және әскери қимылдарды жетік меңгерген армияға иелік етті.

 

 

Англияның протекторатының орнауы

 

 

 

¥лыбританияның қол астына өткен  Ауғанстан. XIX ғасырдың соңғы ширегінде  Иранның Англия мен Патшалық Ресейге  тәуелділігі арта түсті. Ағылшын  және орыс, кейінірек басқа да шетел кәсіпкерлері шах үкіметіне маңызды концессиялар жасау керек екендігіне мәжбүрледі.

 

1862 - 1872 жылдарда ағылшындар Иранда  Лондон мен Үндістанды байланыстыратын  телеграф торабын салу туралы  келісім жасауға көндірді. Біраз  уақыттан кейін солтүстік провинцияларда патшалық Ресейдің басшылығымен жасалған телеграфтар пайда болды. Оңтүстік Иранның тас жолдары ағылшын отарлаушыларының, ал солтүстіктегі тас жолдар орыс патшалығының бақылауына берілді.

 

1890 жылы Иранда теңіз жол салыну  жөніндегі келісімге қол қойылды. Өйткені Англия бұл жол арқылы Ресей екеуінің арасында қайшылықтар туса орыс әскері өз жасағын Үндістан шекарасына апара алар еді. Ал Ресей болса, арзан ағылшын тауарларының Иранның солтүстік бөлігіне енуінен қорықты. 1872 жылы шах ағылшын телеграф агенттігінің бастығы барон Рейттерге 70 жылдық концессияны ұсынды. Ол бойынша ағылшындарга жол құрылысында, минералды және орман байлықтарын игеруде монополистік кұқық берілді. Рейттерге Иран кеден басқару қызметі де өтті. Рейттер концессиясына қарсы елден наразылық туындады. Шах үкіметі қаржылай таршылық көре отырып, шетелдіктермен тағы басқа әр түрлі келісімдер жасауға мәжбүр болды.

 

Иран шетел монополияларының қаржылық тәуелділігіне көнді. 1889 жылы шах  үкіметі Рейттерге 1872 жылы күшін  жойған концессияны қайта қарау туралы ұсыныс жасады және империялық (Шахиншах) банкті құруды тапсырды. Бүл шетел банк банкноттар шығаруға монополиялық кұқық алды, тиын сарайын бақылауға алып, шетел валютасының курсын қадағалады. Солтүстік Иранның экономикалық өмірінде Тіркеу қарыз беру банкі ерекше орынға ие болды. Ол 1890 жылы орыс капиталисі Поляковтың басшылығымен құрылған болатын. Орыс және ағылшын банктері арасында қызу тартыс басталды. Мемлекеттік аппаратта шетел кеңес берушілерінің рөлі артты. Почта және телеграф министрлігінде ағылшын кеңесі, кедендік хаттамалықта Бельгияның еншісі артты. Астанадағы және солтүстік аудандардағы қызметтерге орыстар, оңтүстіктегі ағылшындар тағайындалды. XIX ғасырдың аяғында Иранның жартылай отарға айналу процесі аяқталды. Шах, министрлер, губернаторлар, шетел отарлаушыларының жол сілтеушілеріне айналды. Оңтүстікте ағылшын, солтүстікте орыс имперализмі орнады. Олардың әрқайсысы жоғарғы мәртебеге жетуді көздеді.

 

Шетелдіктердің отарлық езгісінен  Ауғаныстанда қүтыла алмады. Өйткені  ол Үндістанға, Иранға, Орталық Азияға өтетін көпір болып саналды. Ағылшындықтардың бүл елді басып алу саясаты 1839 -• 1842 жылдардағы ағылшын - ауған соғысы кезінде - ақ басталған болатын. 70 -жылдары Англия үкіметінің басына Дизраэлидің консервативтік кабинетінің келуі нәтижесінде бүл ел өзінің жаулап алу саясатының кең ауқымды бағдарламасын жасады.

 

1875 - 1878 жылдары Ағылшын - Үндістан  үкіметі Ауғанстанның әмірі Шер  Али Ханды Ауғанстанды ағылшын  протекторатына айналдыратын келісімді  жасауға мәжбүрледі. Ауғандықтар мұндай ауыр талаптарды орындаудан бас тартты және Кабулға ағылшын резиденттерін кіргізбейтінін мәлімдеді. Алайда 1879 жылы 26 - мамырда жаңа әмір Якуб -хан Гандамахта ағылшын өкілімен Ауғанстанды тәуелді мемлекет ететін келісімшартқа қол қойды. Кабулда ағылшын резиденциясы орналасып, олардың қолына Кандагар облысы өтті. Ағылшын дипломатиясы Ауғанстанды Ресейге қарсы пайдаланбақ болды. Ресейге оңтүстік Түрікменстан қосылғаннан кейін, 1885 жылы Ауғанстан мен орыс әскері арасында жанжал туғызуға мүмкіншіліктер жасалды. Таш - Кеприде Ауған әскері талқалданғаннан кейін, Ресейге қарсы әскери қимылдар тоқтатылды. Сыртқы саясаттағы қиыншылықтарға қарамастан Ауған үкіметі ішкі істерде де дербестігін сақтап қалды.

 

 

Орта Азиядағы Ресей саясаты. Ағылшын - орыс қарама - қайшылықтары

 

 

 

1869 жылдың  басында Британ сыртқы істер  министрі Лорд Кларендон орыс  елшісі Брунновпен Англия мен  Ресейдің Орта Азиядағы ықпал  ету аймағы жөніндегі келіссөздер  және екі мемлекет арасында  «басқа да қол сұғушылықтан  корғайтын белдеуді» сақтау керек екендігі жөніндегі мәселелер талқыланды. Британ үкіметі бұл жақындасу Үндістан халқының Ресей тарапынан қолдау көрсететіндігіне үмітін туғызып, елдің солтүстігіне көтеріліс тудыратынына кәміл сенді. Патшалық үкімет Ауғанстанды бейтарап мемлекет деп санап, оның істеріне қол сұқпауды ұсынды. Бірақ ағылшын министрлігі бүл талаптарды қабыл алмады. Англия Ауғанстанды өзіне тәуелді мемлекет ретінде қарастырып, оның солтүстік бөлігіндегі иеліктерінің шекарасын анықтауда еркіндік танытты. Патша үкіметі мен осындай мәселелерді шешу үшін Петербургке Үндістанның вице - королі Д. Форсайт іс - сапармен келді. Екі ел арасында үш пункттен тұратын келісімге қол қойылды:

 

1.     Ауғанстанның территориясы болып  Шер - Али - хан иелігіндегі  жерлер танылсын.

 

2.   Әмір өз территориясын Бұқар жерлері арқылы кеңейтуден бас тартуы қажет.

 

3.   Орыс  үкіметі Ауған территориясына  Бұқар әмірлігі тарапынан қол  сұқпаушылығын бақылауы тиіс.

 

50-60 жылдары ағылшын - орыс қайшылықтары Ирандағы, Ауғанстандағы және Орта Азиядағы дипломатиялық қатынастардың орталық түйіні болды. Британ отарлаушылары өздеріне Түркия, Иран, Ауғанстан жерлерін басып алып, бағындарғысы келді. Бірақ бүл Англияның қолынан келмеді. Олар өздерінің агрессорлық жоспарлары бойынша Ауғанстанды өздеріне тәуелді етіп, Иранда өз үстанымдарын күшейтті. Англия өзіне тәуелді мұсылман мемлекетінің тізбегін құрауды жоспарлады. Осы негізде Хиуаға, Орта Азияға өзінің эмиссарларын жіберді. Патшалық Ресей Иранға ықпал етуші бірден - бір мемлекет болып қала берді және Орта Азиядағы үлкен территорияның қосылуы арқасында (бұл территорияларда Қоқан және Бұқар хандықтарының үстемдігі жүрді) өз позициясын күшейтті. Англия мен Ресейдің Орта Азия нарығы және плацдармы үшін күрес күшейе берді.

 

70- жылдардағы ағылшын - орыс  күресі шабуылды екі мемлекет  те жасағанын көрсетеді. Жаулап  алу шикізат көзін өз қолдарына  алу үшін жүргізілді. Орта Азияның  біртіндеп Ресейге қосылуы бүл  елдерде шаруалардың наразылығын  тудырды. Ал Англияның саясаты болса, Ауғанстан арқылы басқа мемлекеттерді де жаулап алу. Олар Ауғаныстанда құпия агенттерді қаруландырып, оларды Түркмения мен Батыс Қытайды жаулап алуға аттандырып отырды. Орта Азиядағы ірі алпауыттарды бағындырудағы екі елдің жүргізген саясатына XIX ғасырдың 70 -жылдарының аяғында Франция араласты. Франция императоры Ресеймен қарым - қатынасты жүйелі түрде орнатқанымен, Англиямен жағдай қиынға соқты. Гардан миссиясы Тегеранға келіп, қару - жарақ жасау ісіне жастарды үйрету мектебін ашты. Бұл Иранға Англия мен Ресейге қарсы тұрудағы көмек болды. Гарден Иран үкіметімен тең емес келіссөздер жасады. Мұнда Грузия Француздардың көмегімен Иранға қосылатыны жөнінде айтты. Бұл Наполеон тарапынан жасалған отарлық саясаттың бастауы еді. Орта Азияны Пиреней жарты аралына үстемдік жүргізудегі көпір ретінде пайдаланбақ болды. Алайда, Гарданның саясаты жүзеге аспай, ол Ираннан кетуге мәжбүр болды. Ізіншала Иранға Джонс үкіметінің елшілері келді. Одан кейін Оузлидің Иранға келуімен жаңа келіссөздер жасалды. Англия жыл сайын Иранға 200000 көлемінде жәрдем ақша төлеуге және қандай мемлекет пен болмасын соғысқан жағдайда әскери көмек беретінін жариялады.

 

 

Ағылшын - француз қарама - қайшылықтар

 

 

 

Орта Азиядағы ірі алпауыттарды бағындырудағы екі елдің жүргізген  саясатына XIX ғасырдың 70 -жылдарының аяғында Франция араласты. Франция императоры Ресеймен қарым -     қатынасты жүйелі түрде орнатқанымен, Англиямен жағдай қиынға соқты. Гардан миссиясы Тегеранға келіп, қару - жарақ жасау ісіне жастарды үйрету мектебін ашты. Бұл Иранға Англия мен Ресейге қарсы тұрудағы көмек болды. Гарден Иран үкіметімен тең емес келіссөздер жасады. Мұнда Грузия француздардың көмегімен Иранға қосылатыны жөнінде айтты. Бұл Наполеон тарапынан жасалған отарлық саясаттың бастауы еді. Орта Азияны Пиреней жарты аралына үстемдік жүргізудегі көпір ретінде пайдаланбақ болды. Алайда, Гарданның саясаты жүзеге аспай, ол Ираннан кетуге мәжбүр болды. Ізіншала Иранға Джонс үкіметінің елшілері келді. Одан кейін Оузлидің Иранға келуімен жаңа келіссөздер жасалды. Англия жыл сайын Иранға 200000 көлемінде жәрдем ақша төлеуге және қандай мемлекет пен болмасын соғысқан жағдайда әскери көмек беретінін жариялады.

 

Шах оқтын - оқтын шетелдік басқыншыларға  наразылығын білдіріп отырды. Әсіресе  экономикада ауыр концессиялардан  бас тартып, кейбіреулеріне келісуге мәжбүр болды. XIX ғасырдың 70 - жылдарында Иранның ішкі жағдайы да қиын еді. Жұмысшылар әсіресе, шаруалар Франция мен Англияның тарапынан қыспакқа түсті. Олардың наразылықтары Бабидтер көтерілісінен кейін де басылмады. Франция мен Англияның ықпал ету аймағы ету үшін күресі де елдің сыртқы саясатына соққы берді. Елге әкелінетін тауар саны азайып, шетке шығару да қиынға соқты. Француз ағылшын жэне ағылшын орыс қайшылықтары өз ішінде ғана емес, үстемдік орынатқылары келген елге де әсерлерін тигізді. Алайда, Ресей тарапынан жасалған көмек елді тоқырауға түсірмеді.

 

 

¥лы державалар саясатындағы Африка және әлемді отарлық бөлісудің аяқталуы

 

 

 

XIX ғасырдың  ақырғы ширегінде Африканы бөлісу  Еуропалық зерттеушілердің көмегімен  жүзеге асты. Ғасыр ортасында Орталық Африка өзендері ашылып, Нілдің бастаулары табылды. 1869 жылы Суэц каналының ашылуы капиталистік державалардың, әсіресе, Англия мен Францияның отарлық саясатының басталуына әкелді. 1878 жылы Египетте Нубар - паша бастаған Еуропалық кабинет құрылды. Қаржы министрі болып ағылшындар әлеуметтік қызмет бөлімін Франция атқарады деп жарияланды. Шетелдік министрліктер шаруаларды салыққа батырып, помещиктерді еңбекке тартуға мәжбүрледі. 1881 жылы Тунисті Францияның басып алуы бүкіл елде наразылық туғызды. Тунис халқының арқасында Франция отарлаушылары тас және темір жолдарды сала бастады. Солтүстік Африкада XIX ғасырдың аяғында тек ғана Марокко өзінің тәуелсіздігін сақтап қалды.

 

Егер ағылшын  отарлық экспансиясы Каир-Кейптаун жоспары бойынша жүргізілсе, Франция саясаты Атлант мұхитынан Үнді мұхитына дейінгі жерлерді жаулау әрекетімен жүргізілді. Еуропалық державалар жағалаудағы негізгі аудандарды басып алғаннан кейін ішке енуді көздеді. Бүл аймақтарда Франция мен Англия арасында кейін Германия мен шиленістер басталды. 1894 жылы Францияның билігі батыс Африкада орнады. Батыс Африканы бөлісу аяқталғанда, Англия Гамбияның сағасындағы біраз елді - мекендерді ғана иемденді. Нигерді жоғары бойлай отырып, ағылшындар Франциямен қақтығысты. 1890 жылы батыстағы ағылшын және француз иеліктерін межелеп бөлу туралы келіссөздер жүргізілді. Солтүстік және оңтүстік Нигерияда Британ протектораты орнады. 80 - жылдары Германияның экспансиялық бағыты басталды. Камерун жэне Того арқылы Нигер және Чад өзендерін жағалай ағылшын және француздарға параллель бағытта шықпақшы болды.

 

80 -жылдардың  басында шығыс Тропикалық Африка  ағылшын, француз, неміс отарлаушыларының  бақталастық алаңына айналды.  Әсіресе, белсенділікті Германия  танытты. Шығыс Африкаға басып  кіру 1984 жылы жеке компания құрған «Германия отарлаушыларының одағы» арқылы жүзеге асты. 1885 жылы бас компания бірнеше шақырымға созылған Португал иеліктерінен солтүстікке қарай орыналасқан территорияға иелік етуге қол жеткізді. Аз уақытта Германияның иеліктерінің көбеюі Лондонды алаңдатты. 1885 жылы Британ үкіметінің бұйрығы бойынша сұлтан Занзибара Германияға өз иеліктеріне енуіне наразылық жариялады. Шығыс Тропикалык Африкада ағылшын және герман иеліктерінің арасында аттамалылық пайда болды. 1888 жылы Германияның иеліктерінде арабтар жергілікті халықтармен қосылып бас көтерілулер ұйымдастырды. 1889 жылы Бугандағы көтеріліске араласқан Англия бұл елді де өзіне бағындырды. Шығыс және Тропикалық Африкада ағылшын және герман иеліктерін межелеп бөлісу 1890 жылы аяқталды. Оған негіз болған «Гельголанд трактаты».

Информация о работе Дүние жүзін территориялық бөлісудің аяқталуы