Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 06:53, реферат
XIX ғасырдың 50-60 жылдарында Азияның шығысында капиталистік мемлекеттердің отарлық экспансиясы басталды. Англия мен Францияның Қытайдағы және Үнді-Қытайдағы соғыстары, сонымен қатар батыс державаларының Тайпин көтерілісіне қарсылығы Шығыс және Оңтүстік Азия халқын капиталистік әлемнің отарлық жүйесіне енуге мәжбүрледі.
Жоспар
1. Еуропалық державалардың отарлау саясаты
2. Англияның протекторатының орнауы
3. Орта Азиядағы Ресей саясаты. Ағылшын – орыс қатынасы
4. Ағылшын -француз қарама -қайшылықтары
5. Ұлы державалар саясатындағы Африка және әлемді отарлық бөлісудің аяқталуы
Еуропалық державалардың отарлау саясаты
Тынық мұхиты елдерінің жаулануы және әлемді отарлық бөлісудің аяқталуы. XIX ғасырдың аяғында капиталистік мемлекеттер арасында әлемді бөлісу аяқталды. Ағылшын империализмінен Суданды басып алуы ағылшын - француздардың Батыс және Орталық Африкада үстемдігі, Бур республикасының жаулап алынуы, Тынық мұхит аралдарының бөліске салынуы «бос» жерлердің қалмағандығын көрсетті, формальды түрде Азия мен Африканың тәуелсіз мемлекеттері өзгерді. Алайда, олардың барлығы жартылай отарға айналды. 1900 жылы Африканың оннан тоғызы жаулап алынғанда отарларды монополиялық иелікке алу дәуірі туындады.
Өткен XIX ғасырдың
аяғында халықаралық
Африкамен қатар 1887 жылы Англия Оңтүстік - Шығыс Азия аудандарына көз тікті. Ол Малай жарты аралының бөлінуін аяқтап, онда өзінің билігін орнатты. Франция Үндіқытайдың оңтүстік бөлігін иелене отырып, Аннам жерін 1883 жылы басып алды. Француздардың елге кіруі вьетнамдылықтардың наразылығын тудырып, Вьетнамды вассалдық тәуелділікке өтуіне жол беріледі. 1990жылдардың аяғында ауыр отарлық соғыстардың нәтижесінде Вьетнам Францияның қол астына кірді. Англия 1885 жылы Бирманы отарлау саясатында асығыстық танытты. XIX ғасырдың екінші жартысында Бирма Англияменен Францияның күрес алаңына айналды. Франция оны Үндіқытай мен Үндістан арасындағы аралық мемлекетке айландырмақ болды. Бірақ сәтсіздікке ұшырады. 3 ағылшын Бирмандық соғыс нәтижесінде король билігі таратылды. 1886 жылы Бирма Британ империясының құрамына енді. Англияменен Францияның Вьетнам және Бирма елдерін жаулауы Сиам аралдарының бөлінісуінің аяқталуына әкелді.
Информация о работе Дүние жүзін территориялық бөлісудің аяқталуы