Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 16:25, реферат
Қазіргі қазақ тіліндегі сан есім – дербес сөз табы. Ол басқа сөз таптарынан лексика-семантикалық, грамматикалық жағынан ерекшеленеді.
1.Cан есім лексикалық семантикалық мағынасы.
2.Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері.
3.Сан есімнің мағыналық топтары.
4.Сан есімнің түрлері.
5.Қолданылған әдебиеттер.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым
Министрлігі.
Атырау Бизнес және Құқық
колледжі.
Тақырыбы: Есептік
және бөлшектік сан есімдері.
Дайындаған: Каналина Есенбике фк-11-1 с/б
Тексерген: Ихуанова. Г. З.
Атырау – 2012 ж.
Жоспар:
1.Cан есім
лексикалық семантикалық
2.Сан есімнің
морфологиялық ерекшеліктері.
3.Сан есімнің
мағыналық топтары.
4.Сан есімнің
түрлері.
5.Қолданылған
әдебиеттер.
Cан есім.
Қазіргі қазақ тіліндегі сан есім – дербес сөз табы. Ол басқа сөз таптарынан лексика-семантикалық, грамматикалық жағынан ерекшеленеді.
Сан есімнің лексика-семантикалық сипаты
Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер – заттың немесе заттық ұғымдар мен құбылыстардың санын, мөлшерін, бөлшегін, ретін білдіретін сөз табы. М: Жеті атасын білген ер жеті жұрттың қамын жер.
Қазіргі қазақ тіліндегі бардық сан есімдер жиырма шақты сөздер арқылы жасалады. Оларды бірлік, ондық, жүздік, мыңдық сандар деп беруге болады.
Миллион, миллиард сан есімдері түркі тілдеріне, соның ішінде қазақ тіліне де орыс тілі арқылы енген. Қазақ тіліндегі қолданылатын түмен сөзі монғол тілінен енген сансыз көп деген мағынаны білдіреді.
Морфологиялық құрамы жағынан сан есім дара, күрделі болып екіге бөлінеді.
Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер дара сан есімдер деп аталады. М: Екінші тілек тілеңіз.
Дара сан есімдер іштей негізгі және туынды болып бөлінеді. Негізгі дара сан есімдерге морфемалық бөлшектерге бөлінбейтін сөздер жатады.
Туынды дара сан есімдер әртүрлі грамматикалық жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады. М: Үшеуі шүрегейді қайтеміз деген сөзге түседі.
Күрделі сан есімдер дара сан есімдердің тіркесуі және қосарлануы арқылы жасалады. М: Он төрт, бір-екі.
Сан есімдердің негізгі бір ерекшелігі – басқа сөз таптарынан жасалмауы. Барлық сан есімдер есептік сан есімдердің өзара тіркесу, қосарлану, әртүрлі жұрнақтардың жалғануы негізінде қалыптасқан.
Қазіргі қазақ тілінде семантикалық жағынан сан есімдерге жақын біраз сөздер тобы бар. Олар:
Бір мағынасын білдіретін сөздер: жеке, дара, жалғыз, жалқы; екі мағынасын білдіретін сөздер: егіз, қос, пар; төрттен бір мағынада ширек сөзі; уақыт мөлшерін білдіретін сөздер: сүт пісірім уақыт, шай қайнатым, биенің бір сауымындай уақыт.
Бұл сөздер
мөлшерлік мағынада қолданылғанымен,
лексика-грамматикалық
Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері
Сан есім – дербес лексика-семантикалық ерекшеліктері, өзіндік морфологиялық белгілері, синтаксистік атқаратын қызметі бар сөз табы.
Айырмашылығы – зат есіммен тіркесіп, сандық жағынан анықтау және зат есімсіз қолданылып, сандық атауды білдіру, басқа сөз таптарынан жасалмайды.
Сан есім
контексте қолданылуына қарай заттың
нақты санын, ретін, мөлшерін, бөлшегін
білдіреді, сандық мағынаны тұспалдап,
болжап көрсетеді. Осыған байланысты сан
есімдерге сөзтүрленім
Сан есімдердің негізгі қызметі заттық ұғымдар мен құбылыстарды сандық жағынан анықтау болғандықтан, әдетте морфологиялық өзгерістерге түспей қолданылады. М: Бес нәрседен қашық бол.
Сан есімдер
зат есімнің жалғауларын
Сан есімдер құрамына қарай дара, күрделі болып екіге бөлінеді. Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер дара сан сан есімдер деп аталады. Екеуі де маған жалт қарасып. Негізгі және туынды сан есімдердің тіркесуінен я қосарлануынан жасалған сан есімдер күрделі сан есімдер деп аталады. Үш жүзден аса кретьян соғысы, қарсылығы болған екен.
Күрделі сан есімдердің құрамындағы сан есімдердің тіркесуі мынадай жолдармен болады:
а) бір санды екінші санға қосып айту арқылы. М: 13-14 жасында Гүлияны Бұзаубаққа алты қараға бергеніне, міне, 4-5 жыл болды.
б) бір санды екінші санға көбейтіп айту жолы арқылы. 5 мың жылқы 25 сомнан сан125000 болады.
Күрделі сан есімдердің тіркесуі арқылы жасалатын осы тәсілдер қосылмалы және көбейтілмелі, ал екеуінің де араласып келіп жасалуы аралас күрделі сан есімдер тіркесі деп аталады.
Контексте қосымша күрделі сан есімдердің соңғы компонентіне жалғанады. Біздің заманымызға жеткен үлгілердің ең көнесі, әрі көлемдісі – 1960 жылы жазылған атақты дидактикалық шығарма – «Құдатғу білік».
Қазіргі қазақ тілінде 60, 70, 80, 90 сан есімнің құрылысы ерекше. Ал-пыс, жет-піс сөздеріндегі –пыш, -мыш элементі ескі дәуірде он мәнін берген, бірігу арқылы жасалған сан есімдер.
Сан есім
сөйлемде жеке сөйлем мүшесі болумен
бірге кейде күрделі сөз
Лексика-семантикалық жағынан сандық ұғымды білдіретін сөздер
Қазіргі қазақ тілінде семантикалық жағынан сан есімдерге жақын сөздер бар. Олар: қос, егіз, жарты, жарым, жалқы, жалғыз, дара, сыңар, шақырым, т.б. Оларды лексика-семантикалық ерекшеліктеріне қарай мынадай мағыналық топтарға бөлуге болады. Санның тура мағынасында қолданылатын сөздер:
Ескерту: Кейбір мысалдарға сандық ұғымды білдіретін сөздерауыспалы мағынасында қолданылған.
Сан есімдердің сөйлемдегі қызметі
Әдетте анықтауыш қызметін атқарады. Сонымен бірге сан есім белгілі жағдайда сөйлемнің барлық мүшелерінің қызметін де атқарады.
Сан есім ілік септігінде тұрып та, матаса байланысып анықтауыш болады. М: Екеуінің осы тұрысы – қылмысты адамның сыртынан бақылаған күзеттегі қарауыл секілді.
Арифметикалық амалдардың тіркесу жолдары
Қазіргі қазақ тілінде арифметикалық амалдарды жүргізу үшін белгілі бір формаларда тұруды қажет ететін тіркестерді қолдану қалыптасқан. Математикада амалу алдардың төрт түрі қолданылады. Олар: қосу, алу, көбейту, бөлу.
Сан есімнің мағыналық топтары
Есептік сан есім
Есептік сан есім заттың нақтылы санын және абстракты сандық ұғымды білдіріп, қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді.
Есептік сан есімнің арнайы грамматикалық көрсеткіштері жоқ, олар түбірден тұрады.