Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 16:25, реферат
Қазіргі қазақ тіліндегі сан есім – дербес сөз табы. Ол басқа сөз таптарынан лексика-семантикалық, грамматикалық жағынан ерекшеленеді.
1.Cан есім лексикалық семантикалық мағынасы.
2.Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері.
3.Сан есімнің мағыналық топтары.
4.Сан есімнің түрлері.
5.Қолданылған әдебиеттер.
Есептік сан есімдер құрылысы мен дәрежесіне қарай бірлік, ондық, жүздік, мыңдық сандар болып бөлінеді. Бірлік 1-10, ондық 10-90, жүздік, мыңдық сандарға жататын есімдер: жүз, мың.
Осы аталған топтарды құрамына қарай дара және күрделі деп бөлуге болады. Дара сан есімдерге бірлік, ондық сан атаулары және жүз, мың сөздері жатады. Күрделі сан есімдер жоғарыда аталған сан есімдердің бір-бірімен өзара тіркесуі арқылы жасалады. Он бірден бастап жүздік, мыңдыққа дейінгі сан есімдерден жасалады.
Есептік сан есімдер септік, көптік, тәуелдік жалғауларын қабылдайды да, заттық мәнге ие болып, зат есімнің қызметін атқарады.
Есептік сан есімдер төмендегідей тұрақты тіркестер құрамында кездеседі:
Бір сан есімі: Бір жасап қалу, бір киер, бір қайнауы ішінде, бір қыдыру жер, бір сабақ жіп бермеу, бір сөзді, бір шөкім, бір қайнатым уақыт т.б.
Екі саны: Екі асығыс, бір қарбалас, екі дүниеде, екі жарты бір бүтін, екі жеп биге шығу, екі жүзді.
Үш саны: Үш қайнаса сорпасы қосылмау, үш ұйықтаса түсіне кірмеу.
Төрт саны: төрт арыстың баласы, төрт аяғы тең жорға, төрт түлік мал, төрт көзі түгел.
Бес саны: Бесаспап адам, бес бересі алты аласы жоқ, бесенеден белгілі.
Алты саны: Алты қырдың асты, алтыбақан.
Жеті саны: жеті қабат жер асты, жеті ата, жеті күн, жеті түн, жетісін беру.
Тоғыз саны: Тоғыз жолдың торабы, тоғыз қабат торқа, тоғыз құмалақ.
Қырық
саны: Қырықтың бірі қызыр, қысқа күнде
қырық шабу, қырқын беру, қырық күн.
Реттік сан есім
Реттік сан есім заттың саналу ретін, орын тәртібін білдіріп, нешінші?деген сұраққа жауап береді де, есептік сан есімдерге дауыссыз дыбыстардан кейін –ыншы, -інші, дауысты дыбыстардан соң –ншы, -нші жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады. М.: Бірінші рет қатты өкпелегенін жасыра алмай барады. Құрамына қарай дара, күрделі болып бөлінеді.
Қолданылу стильдік ерекшелігіне қарай реттік сан есімдерін жасайтын жұрнақтар ондық, жүздік, мыңдық сандарға қарағанда, бірлік сандарға жиі жалғанатыны байқалады.
Ескерту: -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнақтары – құранды. Қосымша 5-8 ғасыр жазбаларында –нч түрінде келеді, ал кейінгі дәуірдегі ескерткіштерде –нчы болып келеді. Сонымен –ншы қосымшасының соңғы элементі –ы тәуелдік жалғауы деген пікір бар.
Синтаксистік қызметі жағынан реттік сан есімдер зат есімнің алдына келіп, анықтауыш болады. Бұл – негізгі қызметі. Тентекті тәртіпке шақыру – бірінші парыз.
Реттік
сан есім сандық ұғымды білдірумен
қатар заттық мағынада өолданылады.
Осындай мәнге ие болумен байланысты
әртүрлі грамматикалық
Реттік сан есім сөйлем аяғына келіп, жіктеліп, баяндауыш болады. Мынасы – төртінші. Реттік сан есім басқа тұлғада түрленбей тұрып және шығыс септіктің көнеленуі арқылы жасалған реттік мағынаны білдіретін қыстырма сөздің де қызметін атқарады. Біріншіден, әйтеуір қазақ баласын оқытқаным ғой.
Реттік
сан есімдер сөз тудырушы жұрнақтар
қабылдап, басқа сөз табына айналып
кетеді. Олар –лей жұрнағы арқылы жасалған.
Екіншілей сөзі(үстеу), -лік –
біріншілік сөзі(зат есім).
Жинақтық сан есім
ҚҚТ-гі жинақтық сан есімнің заттың жинақталған сандық мөлшерін білдіріп, нешеу?деген сұраққа жауап беріп, сан есімдерге –ау, -еу жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады.
Жинақтық сан есімдер 1-7 арасындағы сан есімдерге –ау, -еу жұрнағы жалғау арқылы жасалады. Алты, жеті сөздерінде –ы, -і түсіріліп қолданылады.
Жинақтық сан есімдердің бір өзгешелігі – зат есімдерсіз жеке қолданылып, заттық мәнге ие болып, әрі сандық, әрі заттық мағынаны бірдей білдіріп жүретіндіктен, зат есімдердің грамматикалық,формаларымен түрленеді, яғни көптеледі, септеледі, тәуелденеді. Досың көп болса да, біреуі жетпей тұрады.
Ж.с.е.тәуелденіп, атау септікте тұрып, бастауыш қызметін атқарады. Екеуі де мұздай киініпті.
Ж.с.е.ілік септікте тұрып анықтауыш болады. Дәме екеуіміздің желіміз оңынан тұрады.
Атау, ілік септіктерден басқа септіктерде тұрып толықтауыш қызмет атқарады. Екеуін алдап.
Күрделі құрамына, сөйлем аяғында келіп, баяндауыш болады. Қазір Мусинде қалған лауазым екеу-ақ.
Ж.с.е.ішіндегі біреу сөзі өзінің нақтылы мағынасы негізінде субъекті орнына жиі қолданылумен қатар прономинализацияланып, есімдік сөз табына ауысқан. Контексте ғана ажыратылады. Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді.
Морфологиялық тәсіл негізінде етістік тудыратын –ла, -ле жұрнақтарын қабылдап, жаңа сөз жасайды: екулеп, үшеулеп. Синтаксистік тәсілмен ж.с.е.қосарланып немесе ара сөзімен бірігу арқылы үстеу сөз табына айналып кетеді: екеу-екеулеп, екеу-екеуден, екеуара.
Ж.с.е.құрамы
жағынан тек дара түрінде ғана
қолданылады.
Топтық сан есім
ҚҚТ-де топтық сан есімдер заттар мен құбылыстардың санын топтап көрсетіп, қаншадан?нешеден?деген сұраққа жауап беріп, есептік, болжалдық сан есімдерге шығыс септігінің көнеленген қосымшаларының жалғануы арқылы жасалады. Біз екі-үштен бөлініп кеттік.
Топтық
сан есімдер морфологиялық
Сонымен бірге топтық сан есімдер мағынаны білдіретін –дан, -ден, -тан, -тен жалғауы сан есімге емес, олардың анықтайтын тіркескен сөзіне жалғанатын реттері де болады. Жұмабекке жұмыскер басына үш сомнан ақша алу керек.
Топтық
сан есімдер грамматикалық
Болжалдық сан есім
ҚҚТ-гі сан есімдер заттар мен құбылыстардың санын дәл білдірмей, шамамен болжамдап, тұспалдап көрсетіп, қанша?неше?қай шамалы?қаншадай? секілді сұрақтарға жауап береді.
Болжалдық сан есімдердің синтаксистік тәсіл арқылы жасалуы:
- Есептік сан есімдерген –лаған, -леген, -даған, -деген, -таған, -теген жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады.
- Сан есімдерге –дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары арқылы жасалады.
-дай, -дей жұрнақтардың сан есімдерді жасауда мынадай ерекшеліктері бар:
1. Бірлік саны қосарланған тұлғаларға (40-50-дей, 20-30-дай).
2. Ондық, жүздік, мыңдық көбейтілмелі сандарға (үш жүздей, он мыңдай) көбірек жалғанады. –дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары сан есімдермен тіркесіп, мезгілдік, көлемдік мағынаны білдіретін сөздерге жалғанып, болжалдық мағынаны білдіреді.
3. –лап,
-леп, -дап, -деп, -тап, -теп жұрнақтары
сан есімдерге жалғану арқылы
болжалдық сан есімдер
4. –ер
жұрнағы бір сөзіне жалғану
арқылы болжалдық ұғым
5. Есептік сан есімдерге көптік жалғауы, сонан соң жатыс септіктің жалғауы жалғануы арқылы болжалдық мағына туындайды. Жасы он сегіздерге не жетіп, не жетпеген жас қыз келіп кірді.
Болжалдық сан есімдердің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы:
- Есептік сан есімдердің қосарлануы арқылы жасалады. Түбектің аумағы – қырық-елу гектар.
- Есептік сан есімдерге шақты, ш амалы, қаралы, таман, жуық, астам, асқан, келген, таяу, тарта сөздернің тіркесуі арқылы жасалады.
Болжалдық сан есімдер сандық ұғымды білдіріп, зат есіммен тіркескенде, грамматикалық қосымшаларды қабылдамайды. Қалғандары арамызда бес-алты адам.
Б.с.е.барлығы
грамматикалық қосымшалармен түрлене
алмайды. Оны ішінде –дай, -дей формасы
арқылы жасалған тәсілі және қосарланған
сан есімдер ғана қолданылады.
Бөлшектік сан есім
Бөлшектік сан есім заттар мен құбылыстардың бөлшектік санын, үлесін білдіреді. Б.с.е.морфологиялық құрамы жағынан күрделі болып келеді.
Б.с.е.тілде жай бөлшек және ондық бөлшек болып жасалады. Бөлшек сандар сан есімдер тіркесінің бөлігі шығыс немесе ілік септіктің бірінде, ал алымы тәуелдік тұлғада тұруы арқылы жасалады. Қарашық лашқарларының үштен бірі Жәнібек жағына шықты.
Б.с.е.есептік сан есімдерге жарты, жарым, ширек сөздерінің тіркесуі арқылы және жеке тұрып қолдану арқылы жасалады.
Екі жарты – бір бүтін. Ал соңғы бір жарым айда екеуі күн сайын кездесіп тұрды десе де болғандай.
Біздің ұлы жеңісімізге ширек ғасыр толды.
Ондық бөлшектік
сан есім бөлімі ондық, жүздік, мыңдық
сияқты болып жасалады. Бес бүтін
оннан үш немесе үш ондық, бес бүтін
жүзден бес немесе бес жүздік.
Пайдаланылған
әдебиет:
1.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: 1998 ж.
2.А. Ысқақов, Қазіргі қазақ тілі, 1974 ж.
3.Қазақ тілі:С.Исаев, К.Назарғалиева, Ж.Дәулетбекова. Алматы: Атамұра,2002ж.
4.Ш.К.Бектұров қазақ
тілі лексика фонетика морфология синтаксис