Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 13:30, реферат
Алтын адам — Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 – 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан. [1]Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған.[2] Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Алматы
Технологиялық Университеті
ЭжБФ
Тақырыбы: «
Есік қорғаны. Алтын
адам »
Тексерген: Багашарова Б.Т.
Алматы, 2011
Алтын
адам — Алматы облысындағы Есік
Ол 1969-70 жылдары Мемлекеттік сыйлықтың
лауреаты, тарих ғылымдарының докторы,
ғылым мен техникаға еңбегі сіңген қайраткер
Кемел Ақышұлы Ақышевтің қазба жұмыстары
кезінде Алматы қаласынан 50 шақырым жердегі
Есік қорғанынан табылған, біздің дәуірімізге
дейінгі V-IV ғғ.жатады.
Кемел Ақышұлы Ақышев 1924 жылы Павлодар
облысының Баянауыл ауданында туған. Әскери
училищені аяқтаған соң майданға аттанады.
1950 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің
тарих факультетін бітіреді. КСРО ҒА Археология
институтының Ленинград бөліміне аспирантураға
түсіп, 1953 жылы Мемлекеттік Эрмитаждың
Ғылыми кеңесінде кандидаттық диссертациясын
қорғайды.
Студенттік жылдары археологиялық қазба
жұмыстарына қатысады. 1955 жылы Қазақ КСРО
ҒА Тарих, археология, этнография институтының
археология бөлімінің меңгерушісі, содан
кейін Әлкей Марғұлан атындағы ҚР ҰҒА
Археология институтының бас (негізгі)
ғылыми қызметкері болады. 2000 жылы Астана
қаласына көшіп, Лев Гумилев атындағы
Еуразия Ұлттық университетінде археологиялық
реконструкцияның лабораториясын құрады.
Археологтар алғаш рет әлемдік тәжірибеде
барлық республика көлемінде Археологиялық
карта жасап, онда материалдық құндылықтың
5 мыңға жуық ескерткіштері есептеліп,
сипатталады. 50 жылдардың соңында К.Ақышевтің
қазба жұмыстары кезінде табылған сақ
дәуіріне жататын Бесшатыр қорымы оның
ғылыми өмірбаянынан ерекше орын алады.
Одан
жинақталған материалдарды
Бұл бағыт Есік қорғанынан «Алтын адамды» тапқанда да әрі қарай жалғасын тапты. Қорғандардың көпшілігі ертеде тоналған, тек бүйірдегісі ғана, яғни жас сақ көсемінің жатқан жері аман қалған. Қазу тәсілі мен түрлі сызбалар арқылы «Алтын адамның» бейнесі қайтадан жаңғыртылды.
Сақтар түсінігінде ескірмейтін, шірімейтін алтын зат мәңгіліктің символы ретінде болған. Ғылымнан белгілі, тірі кезінде алтын бұйымдар тек патшалардың киіміне ғана жапсырылған. Ал о дүниеге алтын әшекей заттармен аттандыру оның өмірін мәңгілік ету идеясымен байланысты болу керек.
“Алтын адам” 1969-1970 жылдары тарих ғылымдарының докторы, академик Кемел Ақышев бастаған археологтар тобының қазба жұмыстары нәтижесінде Алматы қаласына 50 шақырым жердегі Есік қорғанынан табылған. Топырақ қорғандармен ұштасып жатқан зираттар солтүстіктен оңтүстікке қарай аумағы үш шаршы километрдей жерді алған. Бұл қорғандар патша қорғандары деп аталады. Есік қорғанының диаметрі 60 метр, биіктігі 6 метр. Бір қорғанда орталық зират және қырынан жерленгендердің зираты бар болғаны анықталған. Орталық зират бірнеше қайтара тонаудың нәтижесінде өзінің бұрынғы қалпынан өзгерген. Тонаушылар қырынан жерленген зиратты таба алмаған, ол ешкім тимеген күйінде түгелдей сақталған. Бейітте ұзындығы 1,5-3 метрлік Тянь-Шань шыршасынан жасалған табыт болған. Ағаш табыттың солтүстік бөлігінде ұзыннан жатқыза жерленген адамның қаңқасы, ал оңтүстік және батыс бөліктерінде ыдыс-аяқтар орналастырылған. Жерленген адаммен бірге киімінен алтын пластиналар, белбеу, қару-жарағы, жанынан қола айна, жақұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылған. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, жылқы, түрлі құс бейнелерін беретін хайуанаттар стилі деп аталатын скиф-сақ зергерлік өнерінің үздік үлгісі. Жерленген адамның басынан бастап аяғының ұшына дейін 165 см.
Есік обасы біздің заманымыздан бұрын V-IV ғасырларда өмір сүрген сақ тайпаларының тарихы мен мәдениетінен хабар беретін аса көрнекті ескерткіш. Обадан табылған 4 мыңнан астам бұйымдардың көбі алтыннан жасалған.
Бас киім 150-ге жуық әшекей заттармен безендірілген. Биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70см шамасындағы бас киімі әшекейлердің орналасуына байланысты үш бөліктен тұрады: көк әлемі, жер әлемі және жер асты әлемі. Арқардың алтын статуэткасы бас киімнің ең ұшында орналасқан. Ол таудың мәңгілік қар-мұз басқан шың құздарын мекендеуші жануар тәңірге бір табан жақын, «кіршіксіз» деп есептелген. Әсемдікті көрсетіп тұрған жан-жағындағы төрт жебе, әлемнің төрт жағын бейнелейді. Олар сабы жіңішке алтын лентамен спираль сияқтандырып оралған және жоғары жағы жапырақ тәрізденіп, ортасы қуыс болып келген. Бұл бас киімдегі жебе тәрізді әшекейлер әлемнің төрт жағын бейнелейді. Ал құстың қанаттары жоғарғы билікті, жоғарғы әлемді білдіреді.
Сақ тайпаларының мифологиялық бейнелерінің бірі – жылқы болып есептелінген. Бас киімде бір-біріне қараған екі жылқы бейнесі кездеседі. Ол кәдімгі мініс жануары, әлем аймақтарының бірінен-біріне өтудің көлік құралы, тәңірдің бұйрығын сақтап жеткізуші, дүниені жалғастырушы буын. Сонымен қатар жылқы адамдар әлемі мен аспан әлемі арасындағы дәнекер болған және ол өзінің иесіне өлімнен кейінгі сапардан соңғы мақсатына жетуіне көмектеседі деген.
Сақ жауынгерінің
бас киімінің дәл ортасында таңғажайып қанат
Құстардың бейнелері негізінен көк аспанның нышаны болып есептеледі. Құс бейнелері нақтылықты, дәлме-дәл мергендікті, жылдамдық пен тегеурінділікті де білдіреді. Мұндай бейнелер жүйріктік пен ұшқырлық болсын деген тілектен туындаған. Құстың ерекшелігі, олар бір жағынан-құс, яғни аспан аясының нышаны, ал екінші жағынан, бұл құстардың табиғаты, яғни биологиялық ерекшеліктері оларды Ғарыштың төменгі өрісімен байланыстырады және аспанда тек Құдай ғана мекендейді, ал оған құс қана ұшып жете алады деген ұғымдар қалыптасқан. Сондай-ақ, құс көсемнің билік нышаны да болып есептелген.
Таудағы барыс – бұл образ жоғарғы әлем – аспанды білдіреді. Жалпы алғанда жоғарғы дүние мен адамдар әлемін байланыстырушы-«әлемдік тау» деген мағына береді. Жауынгер идеалын кейіптейтін барыс бейнесі ер жүректіліктің, тәкаппарлықтың, еркіндіктің және патшалық тұқымның нышаны санатында есептелген. Осыған қарап еліміздің болашаққа ұмтылысын білдіретін барыс образы мемлекетіміздің елдік рәміздерінен лайықты орын алып отыр.
Бас киімнің
артқы жағындағы табиғат
«Тауешкі» бейнесіндегі әшекей де кездеседі. Ол ірі де мықты мүйізі бар тұяқты жануар ретінде жаратылыстың ортаңғы аймағымен байланысты болған. Оны өмір бәйтерегімен, әлем өзегімен байланыстырады. «Тауешкі» жердегі рухты «көктегі жайылымға», яғни жоғарғы әлемге апарады деген наным қалыптасқан. Тау ешкісі «таза» құрбандық жануары, Құдайлар және жоғарғы әлемнің жануары ретінде қабылданған.
Мойнында домалақ жүзік сияқты үш оратылған алтын алқа, екі ұшында жолбарыстың бас пішіні бейнеленген. Бұйымның материалы мен көркі оның көшпелі ақсүйек өкілдерінің сән-салтанаттық киімінің ең маңызды элементтерінің бірі екендігін көрсетіп тұр.
Үстінде үшбұрышты алтын жапсырмалармен тағылған қысқа қамзол, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тағалармен өрнектелген. Бұл жапсырмалардағы басты идея – көк аспан идеясы, яғни күн нышаны мен кульминациясы. Пластиналардың киімге тігуге арналған тесіктері бар. Бұл киімді ұсақ, жұқа шытыралармен безендіру, күнделікті тұрмыста киюге арналмаған. Мұндай ұсақ бұйымдар жерлеу ғұрпына арнайы дайындалған. Ежелгі халықтардың ұғымы бойынша алтын мәңгі өмірді, қуаттылықты білдірген. Бір жағынан, алтын белгілі бір топтың өкілін білдірсе, екіншіден, бағалы металл ретінде күн Құдайы ұғымдарымен байланысты болды және осылайша жерленген адамды мәңгілік өмірге жетеледі.
Қысқа қамзол – құрастырмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, сонымен қатар 16 тоға бұғы бейнесінде жапсырылған. Белдікті безендірген шығыршық және алтын белдік бас. Оған барыс бейнесі және иіріліп жатқан қасқырды бейнелеген. Қасқыр мен барыс басқа әлемді бейнелейтін және жендеттік жасайтын жыртқыш болып есептеледі. Сондықтан да жауынгер идеалын кейіптейтін қасқыр образы ер жүректіліктің, тәкаппарлықтың, еркіндіктің және патша тұқымының нышаны ретінде саналған. Шексіз даланың жауынгерлері өздері қасқырға «еліктей» отырып, олардың сарбазға қажетті қасиеттерін «бойына жұқтырып», өздерін «қасқыр», «барыс» түрінде сезінетін болған.
Бұғы мүйізінің үлкендігі сонша, тұтасымен арқасын жауып тұр және аяқтарын бүгіп жатыр. Бұғы ертеде тотемдік аң болып есептелді, яғни оған табынған. Ол мифологиялық, дүниетанымдық, діни және сақ тарихымен тығыз байланысты. Бұғының мүйіздері тым ұзын әрі салалы, арқасына қарай жайылған, сирақтары бауырына бүгілген. Ширыққан серпінді қалпы дәл берілген. Бұлшық еттері жиырылып тұрғандай әсер қалдырады.
Белдіктің оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластинкалар бұғы және жылқы бейнесінде жапсырылған қынға салынған темір ақинақ.
Жылқы және қару-жарақ, бұл екеуі далалық көшпелі образынан айрылмас алғашқы діни құндылыққа ие болған дәнекерші деген ұғым, яғни батырлық негізімен байланысты және патшаға мәңгілік өмір бере алатын қасиеттерге ие болатын жануар.
Оң жақ қолында екі алтын жүзігі бар. Оның бірінің бетінде тәж киіп қырынан қараған адам бейнесі, ал екіншісінде айналы қалқаншасы бар. Айналы қалқанша биліктің белгісін білдіреді. Жүзік адам жанымен жалғасып және жер әлеміндегі болып жатқанның бәрін ғарышқа жеткізіп тұрады деген ұғым болған, сондай-ақ жерге бағыт бағдар беруші болып есептелген. Саф алтыннан тұратын бұл жүзік асқан шеберлікпен, үлкен талғампаздықпен жасалған.
Мөр жүзікте мамандардың айтуынша, ежелгі көшпенді тайпалар мен кейбір жергілікті халықтардың құдайларының бірі – Митра бейнеленген. Бұл «мөр» рөлін атқарған деген жорамал да бар.
Аяғында өкшесі жоқ ұзын қонышты етік. Сақтардың мифологиясы, олардың қоғамдағы дәрежесі, көшпенділердің идеологиясы олардың киген киімдерінен айқын көрінген. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген көрнекті елбасы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Бұл олжа сақтар мәдениетін, олардың мифологиясын, өнерін, жазуын, әлеуметтік құрылысын зерттеуге мүмкіндік береді. Сақ жауынгерінің киімі өте күрделі де үйлесімді композиция.
Барлығы қорғандағы бейіт ішінде металдан, балшықтан жасалған 31 түтік және күміс қасық пен ағаш ожау да бар екен. Ыдыстар мынадай тәртіп бойынша орналастырылған: қабірдің оңтүстік қабырғасында ағаш түтікшелер, ал батыс жағында балшық және металл түтікшелер, құмыралар.
Жазу
мәдениетінің сол кезде жоғары дамығандығын, күміс
1. Ғалым, тіл маманы Алтай Аманжоловтың оқуы бойынша: «Аға, саған (бұл) ошақ! Жат адам тізеңді бүк! Ұрпағымызда ас-су мол болғай!
Қазақтың шаңырағына бөтен адам келгенде еңкейіп кіріп, сәлем беріп, асығыс болған жағдайдың өзінде тізе бүгіп отырып кетеді. Ол шаңыраққа деген құрмет. Осы үрдіс сыры да Алтын адамның қасынан табылған күміс тостағандағы жазудан басталған болу керек. Күміс тостағандағы жазу ғалымдармен әлі зерттелу үстінде.
Бұл ескерткіштер осы арадағы өмір сүрген тайпалардың мәдениет дәрежесінің, әлеуметтік-экономикалық даму сатысының, бірдей өмір сүру сипатының этникалық және қан жағынан туыстық, жақындық белгілерін дәлелдейді.
Бөлімі: Түркітану
Жетісудағы
сақ патшаларының ең жарқын ескерткіші
Есік қорғаны болып табылады. Қорғандағы
жерлеу б.д.дейінгі 4-5 ғасыр деп белгіленген.
Ол 40-тан астам қорғаннан тұратын үлкен
бейіттің оңтүстік шетіне орналасқан.
Қорғанның көлденеңі 60 метр, биіктігі
6 метр. үйіндінің астынан археологтар
екі жерлеу орнын тапты. Олар ортасы мен
бүйіріне (оңтүстік шетіне) орналасқан.
Орталық бейіт бірнеше рет тоналған, содан
ол бүлінген, шеткі молаға ешкім тимеген.
Жерлеу лақаты Тянь-Шань шыршасының өңделген
бөренесінен қиып салынған. Оның ұзындығы
2,9 метр, көлденеңі - 1,5 метр, биіктігі -
1,5 метр . Лақаттың оңтүстік және батыс
бөліктеріне ыдыстар, солтүстік бөлігіне
жерленген адам орналастырылған.
"Есік" қорғанындағы бейіт, сірә,
былайша тұрғызылса керек: алдымен негізі
батыстан шығысқа бағдарланған тік бұрыш
түрінде мүрде шұқыры қазылған. Шұқыр
түбіне бөренеден қиып жерлеу камерасын
жасаған. Оның конструкциясы барынша қарапайым:
біркелкі ұзындықтағы бес қатар бөренелерді
камера қабырғаларын құрайтындай етіп
көлденең орналастырған. Бөренелер бұрыштарында
өзара байланыстырылмаған, ал линиялары
тиіп тұр, камераның көлденең және ұзына
бойғы қабырғаларының бөренелі дөңбек
ұштары бұрыштарында біріне-бірі кигізілген,
бұл үйіндіден сақтаған. Тастың үсті бөренелермен
көлденең жабылған. Бір-біріне тығыз қиюластырған
жақсы өңделген он тақтайдан жасалған
еденде көмілген адамның түрлі заттары
жатты. .
Сірә, өлген адамға арналған еденнің учаскесіне
ұсақ алтын белгілермен кестеленген маталық
төсеніш жайылған. Оған бар рәсімдерімен
жарқыраған парадтық киімімен, толық қару-жарағымен
марқұм болған адам арқасынан, басын батысқа
қаратып жатқызылған.
Оң жақ беліне ағаш қынапты темір қылыш
байланған. . Иықтан асынған былғары белбеудің
қайыстарын алтын құрсаулар мен жолбарыс
басының кедір-бұдырлы бейнесі әшекейлеген..
Сол жағындағы белдігінде темір ақинақ
ілінген, оның ағаш қыны желіп келе жатқан
бұлан мен жылқы түрінде орындалған екі
алтын табақша тігілген терімен қапталған.
. Оның әшекейлерінің арасында екі цилиндрлік
қаңылтыр белгі ерекшеленеді. Олар - бүктелген
қасқырдың бедерлі бейнесі бар айқаспалы
белдіктерге арналған оқ сауыт. .
Сол қолының шынтағында алтын ұшты символикалық
жебе, одан жоғары - сабы кең алтын лентамен
оралған қамшы, одан да жоғары-қола айнасы
мен қызыл бояуы бар сәндік жібек дорба
жатыр.
Бөлме еденіне өлгендер азығымен ыдыстар
қойылған. Рәсімдік ыдыстар құрамына жазуы
бар күміс шыны және бір шетте тұрған алтын
жалатқан қола табақ кіреді. . Онда жыртқыш
құстардың тұмсығы мен тұяғы түрінде орындалған
бірнеше алтын табақшалар жатты.
Ыдыстарды орналастыруда белгілі тәртіп
сақталған. Саз және ағаш ыдыстар бөлек
тұр. Оңтүстік қабырғада ағаш ыдыстар
орналастырылған, оның сыртында - екі қатарда
- екі табақ, алдыңғы қатарда - табақшалар
мен ожау, . Басқа қабырғада бір қатарға
бір-біріне тығыз етіп саз құмғандар тізілген,
олардың алдында табақшалар, солардың
арасында сондай-ақ бірге - екі күміс кесе
мен қасық бар. . Қола кесе жерленген адамның
басында, сыртта тұр. Камераның шығыс қабырғасындағы
еден учаскесі заттардан бос. Бесшатыр
қорғандарындағыдай сияқты камераға ену
шығыс жақтан болғанға ұқсайды. .
Жерлеу рәсімінен кейін мүрде қысқа бөренелермен
жабылған, шұңқырға топырақ толтырылған,
содан кейін үйіндіні көтерген. Со алыстағы
дәуірдің жерлеу рәсімінің егжей-тегжейін
осы заманғы адамның көз алдына келтіруі
қиын. Салт жоралардың аяқталу кезеңінің
бір көрінісі ретінде мынандай вариант
ұсынуға болады. Көп адам қатысқан қаралы
шеру жерлеу орнына қарай баяу жылжуда.
Алдыңғы еркектер, бәлкім абыздар, қайтыс
болған адамның денесі салынған зембілді
көтеріп келеді, одан төгілген алтын жамылғы
қозғалыс қимылымен үндес желбірейді,
отыз бір адамнан тұратын тізбек (мүрдеге
қойылған ыдыстардың санына сәйкес) жоралғы
ыдыстары мен тамағы бар ыдыстарды әкеле
жатыр, ал одан әрі тоқтаусыз ағынмен туысқандары,
жауынгерлер, қарасты аумақтың барлық
тұстарынан жеткен тайпаластары келеді.
Жерлеу орны бұрыннан дайын және осында
тұрған дін басылары дене қашан өздеріне
берілетін сағатын күтіп тұр. Және солар
өмір таусылған жұмбақ дүниеге аттандырудың
құпия-cалтанатты процесін аяқтайды. Міне,
ақырында, қаралы шеру діттеген жеріне
жетеді, бүкіл үлкен тобыр, оның ішінде
туған-туысқандары жоғарыда қалады, мүрдедегі
бөлінген орынға жатқызу үшін, алдын-ала
зембілден алынған жапқышты төсеп, шұңқырға
тек абыздар денені көтеріп түседі. Олар
мүрде еденіне екі мың үш жүз жылдан астамнан
кейін қазу кезінде археологтар тапқан
тәртіппен ыдыстарды орналастырады. Олар
мүрдені бөренелермен жабады және содан
кейін мыңдаған тайпаластары жерлеу қорғанының
алып төбешігін тұрғызуға қатысады. Солай
болуы керек. Біз ештеңені білмейміз, ата-бабалардың
дінге табыну, жерлеу ғибадатының осы
бір күрделі жоралғы салттарынан, барлық
егжей-тегжейін, сірә, ешқашан білмеспіз
де. Қорған "жылнамасы" шалынған құрбандар
мен берілген ас туралы біздер үшін ештеңені
сақтамаған. Олар, әрине, болды, бірақ ол
қорғаннан тыс басқа жерлерде өткен.
¤кінішке қарай, сақ тайпаларының жерлеу
рәсімін көз алдыңа қайта келтіруде жазба
деректер жеткілікті көмектеспейді. Оның
есесіне сақтарда жерлеу рәсіміндегі
өлгендерге табыну толықтығы белгілі
Геродот скиф патшасын да, "барлық басқа
скифтерді" - қарапайым адамдарын да
жерлеу рәсімдерін егжей-тегжейлі суреттейді,
олардың ата-баба қабірін аса қасиеттейтінін,
ал мүрдеге семсер мен күнге құрбан шалатынын
баса көрсетеді. (Геродот). Азия сақтарының
рәсімдері туралы жазбаларда одан да аз.
Басқа грек тарихшысы Ктесийдің (б.д.дейінгі
400 жыл шамасы) хабарлауының арқасында
ғана сақтардың өздерінің әйел патшасы
Заринаның табытының үстінен алып қорған
орнатқаны және оған алтын статуя қойғаны
белгілі болды. Бұл деректер өте маңызды,
бірақ сақ жерлеу рәсімін қайта елестету
үшін жеткіліксіз. Сондықтан археологиялық
деректер зор маңызға ие болады. Міне,
солар ғана ертедегі жерлеу рәсімінде
орын алған мүмкін болған варианттардың
бір көрінісін шамамен объективті түрде
жаңғырту мүмкіндігін береді.
Антропологтардың айқындауынша, "Есік"
қорғанында жерленген адам 17-18 жаста болған,
физикалық түрі бойынша ол сақтарға жатады.
Жауынгер киімі де ерекше ынта туғызады.
Оның киімдерін, бас киімін және аяқ киімін
4000 астам көркемдігі жоғары алтын тоғалар
мен табақшалар әшекейлеген. Есік жауынгерінің
киіміндегі жеке жануарлы, өсімдікті сарындағы
барлық тоғалар күрделі, толық үйлесімді
композицияға біріккен. . Бас киімнің оюлы
аймағында көп желілі композиция ерекше
айқын және мәнерлі берілген. . Егжей-тегжейлі
тоқтамастан, тек құстары отырған өскен
ағаштарымен тау түріндегі табақшалар
шеңбері бойынша дөңгелене орналасу Жетісу
үшін соншалықты тән шын мәніндегі тау
пейзажының айқын картинасын жасайтындығына
ғана назар аударамыз. . Барыстарымен және
таутекелерімен тау көрінісі желісімен
келесі аймақ тағы да зор әсер қалдырады.
Бұл сюжеттерде ойдан, қиялдан шығарған
ештеңе жоқ, шебер күнделікті өмірден
көргендерін, туған тауларының көрінісін
және сонда тіршілік еткен жануарларды
бейнелеген. Бірақ ол жансыз көшірмеші
болып қоймаған, көсемнің салтанатты бас
киіміндегі жыртқыш аңдар бейнесінің
семантикасында терең мән мен мазмұн жатыр.