Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 13:30, реферат
Алтын адам — Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 – 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан. [1]Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған.[2] Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында.
Есік
жауынгерінің бүкіл киімі мұқият
ойластырылған. Ол шебердің сән әдістері
мол құралдарын шығармашылықпен
пайдаланғанын, білімін, іскерлігін білдіреді.
Ол үшін жануаралар бейнелері оюдың үзігі
ретінде ғана маңызды емес. Зооморфтік
сарындардың өміршеңдігін өрнектілікпен
үйлесімді үндестік табуы өте күшті көркемдік
тиімділік туғызады. Тіптен Есік өнерінің
қияли желілері, қаншалықты тосын болса
да, шыншыл және өміршең. Есік қорғанының, сондай-ақ Жетісудың басқа сақ ескерткіштерінің торевтикасында жыртқыштар бейнелері пұтнамаларының жалпы ерекшеліктері, оның шығу тегінің жергілікті екендігін білдіреді және бұл зергерлік бұйымдар сырттан әкелінген деуге негіз жоқ. Бұл заттарда "аң стиліндегі " скифтік-сібірлік өнермен ортақтық көп, сонымен бірге жергілікті металл өңдеушілердің қолтаңбасын сыйпаттайтын ерекше белгілер де аз емес. Жануарлар түрлерінің ерекшеліктері атап көрсетіледі. Жыртқыштарды бейнелегенде торевт өзінің назарын дене иілісінің жұмсақтығына және азулы ауызына аударады. Тұяқтылардың тұяғы, мүйізді және басқалары мұқият бейнеленген. Алайда гиперболизация шамалы немесе бейнені мұқият сомдау қиынырақ болған жерге қолданған. Мысалы, қанжардың жүзінде барлық жануарлар сұлбасы бейнеленген, оның есесіне жыртқыштардың тырнақты табандары, ақсиған ауыздары және жымқырылған үшбұрышты құлақтары, арқарлардың, ешкілердің және бөкендердің қарағайдай мықты мүйіздері, тұяқтары, қояндардың үлкен дөңгелек көздері, салпақ құлақтары үлкейтіп көрсетілген. Есік қорғанынан жануарлар бейнесінен басқа өсімдікті және геометриялық өрнектелген заттар табылды. Шиыршықтар, жапырақтар, жапырақшалар, қауыздар, түйнектер түріндегі алуан қиыстырулар неғұрлым жиі ұшырасады. . Геометриялық пішіндерден квадрат, тікбұрыш, ромбалар, дөңгелекшелер, жарты ай жиірек салынған. . Мұндай түр барлық ұсақ тоға-жапсырмаларда бар. Бірақ Есіктегі геометриялық және өсімдікті өрнектерде шартты түрде берілген "аңдық стильдің" кейбір белгілері бар. Бұл тұмсық түріндегі және тұяқ түріндегі пластинкалар. . Көптеген заттардың арасында жалғыз олжа болып табылатын антропоморфты бейне ерекше ынта тудырады. Мөр жүзігінің қалқаншасында беттің сопақша ұзартылуымен, ұзын көрінген мұрнымен, кесек иегімен адам басының қырынынан теріс батыңқы бейнесі басылған. Көзі бадам дәні тәрізді, құлағы ширатыла көрсетілген. Бас киімі таң қаларлық. . Осы кезеңдегі көшпенділер өнері аңдық бейнелердің толық басымдылығымен сыйпатталатын фактісін ескеретін болсақ, онда антропоморфтық бейнелеулер өте сирек кездеседі. Есік бұйымдарының көпшілігі металдан құю, қалыптау және нақыштау техникасымен жасалған. Көркем бұйымдардың дөңгелек мүсін, биік бедер, бәкене бедер және жазықтықты сұлбалы бейнелеулер түрі бар. Есік металл өңдеушілері өндірісте түрлі материалдарды: металды, ағашты, матаны және теріні кең пайдаланады. Олар бір бұйымды жасауда металды ағашпен, түрлі металды өзара, теріні ағашпен, теріні матамен білгір қиыстырды. Қамшының ағаш сабы мен бас киімнің шошақ басы әшекейлері алтынмен апталған. Темір мен алтынды үйлестіру семсерде, қанжарда және қасиетті ағаштар бейнесінде қолданылады. Бұл заттарда темір негіз алтын тіліктермен жозыланды, алтын сымдармен тартылды және табақшалы алтынмен оралды. Шапан мен етіктегі барлық екі мың төрт жүз он бір үшбұрышты алтын тоғалардың қола негізі бар. . Есіктегі өнер туындылары скифтік-сібірлік өнердің "аң стилі" ескерткіштеріне жатады, оның бір ерекшелігі жануарларды бейнелеу сәнділік қызметіне қатаң бағынады. Сарындары мегзеуге ұшырайды және берілген түрінде қалпына келтіріледі, бірақ бейненің табиғилығы мен шыншылдығына зиян келтірмейді. Қазақстан аумағындағы жазудың ертедегі ескерткіші деген жазуымен күміс ыдыс олжалардың арасында ерекше орын алды. . Бұрынғыға қарағанда, қазір Қазақстанның сақ тайпалары 2400 жылдан бұрын жазуды білген деген мәселені ғылымда берік негізде қоюға болады. Рас, оның тілдік белгілері туралы қорытынды шығару әлі ертерек. Қазіргі уақытта жетісулық сақтардың түрік тіліне жататындығын дәлелдеу мүмкін емес, сол сияқты оларды иран тілінде сөйлейтін халықтар отбасына жатқызу пайдасына сенімді дәлелдер жеткіліксіз. . Бұл этнографиялық олжаның басқа астары - б.д.дейінгі 4-6 ғасырлардың өзінде қазақстандықтардың жазуы болғандығы маңызды. Жазудың шығу тегі әзірге шамамен болжануы мүмкін. Ежелгі тілдер жөніндегі мамандар И.М.Дьяконов, В.А.Лившиц, С.Г. Кляшторный есіктік жазу әлі күнге әлемдік ғылымға белгісіз әліпбимен жазылған деп санайды. Мұндай тұжырым бұл әліпбиді Жетісу сақтары немесе әлдебір қолданылған жазулар, мысалы арамей жазулары негізіне туыс тайпалар шығарған дегенді болжайды. Есік қорғаны бейнелеу өнерінің шығармалары өнердің әлемдік тарихындағы жарқын беттер болып табылады. Ертедегі торевтиканың бұл жаућарлары Жетісу сақ тайпаларынан шыққан суретші-шеберлердің қолымен жасалған. Оларды шеттен әкелінген деуге біздің ешқандай дерегіміз жоқ, шығуы жергілікті екендігіне ешқандай күмән жоқ. |
Пайдаланған әдебиет