Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 19:21, реферат
Египетте мемлекеттің пайда болуы шамамен б.э.д . V мыңжылдықта рулық құрылымның ыдырауы, ру ақсүйектерінің бөлініп шығуы және құлдықтың пайда болуы нәтижесінде жүзеге аса бастады. Б.э.д. V мыңжылдықта Египетте бірнеше құрылымдар пайда болды, олар !V мыңжылдықта екі патшалыққа- жоғарғы Египетке және төменгі Египетке бірікті, ал содан кейін, !V мыңжылдықтың соңында бір орталықтанған мемлекет құрылды.
Египетте
мемлекеттің пайда болуы
1 кезең-
ерте патшалық (б.э.д.3110-2880ж.ж), Жоғарғы
және Төменгі Египеттің
2 кезең- Ежелгі немесе ескі патшалық (б.э.д. 2880-2550ж.ж.). басты ерекшелігі: Египеттің алғашқы, айқын көрініс тапқан орталықтануы жүзеге асты. Бұ пирамидаларды салу уақыты.
1 ауыспалы
кезең (б.э.д. 2160- 2134 ж.ж.). Египет бірнеше
өзара қас ұсақ мемлекеттерге
бөлінді. Бұл кезеңнің соңында,
3 кезең- орта патшалық (б.э.д. 2050- 1700 ж.ж.). египеттің әрі қарай бірігуі жүзеге асады.
2 ауыспалы
кезең - (б.э.д. 1700- 1530ж.ж.). мемлекет
қайтадан ұсақ мемлекеттерге
бөлінді, ал оның басым
4 кезең-
жаңа патшалық (б.э.д. 2575-1087 ж.ж). ерекше
белгісі болып Египеттің XVIII династия
перғауындарының билігі астына
бірігуі табылды. Египет ірі
империяға айналады. Бұл кезеңнің
соңында Египет мемлекеті
Ежелгі Египеттегі сот өндірісі алқалы түрде жүзеге асырылатын жаңа патшалық кезеңінде 30 судьядан құралған орталық соткенбет құрылған болатын. Жергілікті жерлерде округтер мен жекеленгенқалалардың кенбеттері енгізілген. Ежелгі Египеттегі сот әкімшіліктен бөлінбегендіктен, лауазымды тұлғалар мен номархтар бір мезетте жоғарғы судьялар болып табылатын. Жоғарғы сот инстанциясы перғауын болатын.
Ежелгі
Египеттің құқығы белгілі бір
дәрежеде алғашқы қауымдық құрылымның
қалдықтарын сақтап қалған болатын, сол
себепті де құқықтың негізгі қайнар көзі
болып әдет ғұрып табылатын. Алғашқы жазбаша
заңдарды жазу б.э.д. 3000 жылы жүзеге аса
бастаған. Менес перғауын дін мәселелері
бойынша қылмыстық заңнаманы құрастырса,
Бокхорис перғауын қаржы мен сауда саласындағы
кодексті қабылдаған, ал Амасис пайғамбар
жергілікті әкімшілік заңнамалық түрде
реттеуді жүзеге асырған. Отбасы Некелік
заңнаманың ерекшелігі болып матриархаттың
қалдықтарының сақталуы табылады. Қылмыстық
құқықта аса ауыр қылмыстар ретінде перғауынның
бөлігіне қол сұғу мен мемлекеттік төңкеріс
жасау табылатын. Жазалар айрықша қатаңдықпн
ерекшеленген. Өлім жазасы екі нысанда
қолданылатын: жай түрі басты шабу және
дарға асу, ерекше түрі – отқа өртеу, ағашқа
керу және тірідей көму. Сонымен қатар,
талион түріндегі жазалар да қолданған:
бірінші түрі- кінәлінің қылмыс жасаған
мүшесіне зақым келтірілетін, екінші түрі-
кінәлінің жәбірленушіге зян келтіруі
өзіне қатысты жасалатын.
Ежелгі Қосөзеннің тарихы сяқты ертедегі Египеттің тарихы да бір жүйеге келтіріліп, терең зерттеле бастағаны Х!Х ғасыр болды. Бұған дейін библия деректерінің және грек пен латын авторлары шығармаларының кейбір үзінділерін пайдалануға тура келді, бұлардың Египеттің жазба дакументтерін пайдалануға мүмкіншілігі болмады және өзге халықтың тарихын ауыз әдебиеті бойынша баяндады. Вавилон-ассирия тарихына қарағанда, бізге белгілі болып отырған Египет өткендегісін суреттеген Геродот «Тарихы» әлде қайда толығырақ, бірақ бір жүйеге келтірілмеген.«Тарихтың атасы» Нілдің бойымен Египеттің солтүстігінен оңтүстігіне дейін саяхат шегіп, көне ескерткішткерді қарап, шайқас болған жерлерді аралап, грек тілін білетін египеттіктерден бұл халықтың әдет-ғұрпы мен өткендегі тарихын сұрап білді. Әңгімелескен адамдарының бұл мәліметтері үзінді түрінде еді, кейде бұрмаланған да болды, оны тексеруге Геродоттың мүмкіндігі болмады. Кейде египеттік саяхатшыға әңгімелескен адамдары өз ата-бабаларының әскери ерліктерін әсірелеп айтып, оны әдейі шатастырды. Олар Геродотты фараондарының сесострис деп аталатын біреуі Қара теңіздің солтүстік жағасына өтіп, скифтерді бағындырды деп сендірді. Ал шынында Египет фараондарының әскері қара теңізге ешқашан жеткен емес. Египет елінің мәселесіне арнап грек жазушысы Плутарх арнаулы («Исид және Осирис туралы») кітап жазды.Египеттің тарихымен антик заманның басқа да жазушылары айналысты, бірақ олардың бәрі де, Геродот пен Плутарх сяқты, египеттіктермен ауызекі әңгімеге сүйенді, егер олар Египет жазуын көрген болғанда оны оқи алмас еді. Б.э.д. 332 жылы Александр Македонский Египетті жаулап алғанда, ол жерге көптеген грктер барып қоныстанып, оның өткендегі тарихымен айналысушылар көбейді және Манефон грек тілінде «Египет тарихын» жазды. Ол хронологиялық схема жасады және Египет тарихындағы бірқатар оқиғаларды дұрыс фактілрді аңызда айтылғандармен қоса баяндап берді. Жоғарыда айтып өткен Египетте көптеген ескерткіштер жер бетінде сақталған көптеген пирамидалар, қабырғалары жазуға толы орасан зор храмдары. Бірақта көптеген ескерткіштерді құм басып қалған. Оны ашу үшін қазба жұмыстарын жүргізі керек болды. Соңғы кездерде археологиялық қазба жұмыстарына Египет Араб республикасының өз отанының өткендегі тарихымен айналысушы жергілікті зерттеушілер де араласты.
Египет
мемлекеті Африканың солтүстік-
Қолөнершілік қызмет саласында елеулі табыстарға қол жетті. Қолөнершілер жасаған бұйымдардан, әсіресе, аса шеберлікпен әшекейлеп жасаған керамика мен ғажайып тас ыдыстарды ерекше атап айтуға болады. Фаянсты ойлап табу- алға басудағы үлкен қадам болдыжәне бұл тұңғыш рет Египетте жүзеге асты. Египеттегі негізгі қатынас құралы болған өзен транспортының елеулі түрде дамығанын біз саз балшықтан жасалған ыдыстардағы суреттерден көріп, аңғарамыз.
Египетте
рулық тайпалық құрылым тұңғыш жазба
документтер шыққанға дейін жойылып
кеткен. Әйелдер еркектермен бірдей қатысатын
тайпа жиналысы жөнінде біз тек қана аса
маңызды мәселелерді шешуге жиналатын
еркек және әйел құдайлар жөніндегі мифтерден
ғана білеміз, ол мифтерде құлдайлар жоғарғы
құдай Раның еркімен көп санаса бермейді,
өзара дөрекі
ұрыс сөздерге барады, кейде бір біріне күш те жұмсайды. Осындай мифологиялық көріністер, сөз жоқ, рулық-тайпалық құрылыстың тұрмыс тіршілігі мен әдет-ғұрыптарынан хабар береді. Египетте де рулық байланыстардың әлсіреуімен байланысты селолық қауым қалыптасып шықты, өкінішке орай қауым жөнінде мәліметтер өте аз.
Әлеуметтік өзгерістердің сырт белгілерін біз меншік иелерінің ыдыстағы таңбаларынан көреміз. Екінші жағынан, қазбалар кезінде қолдары байланған адамдар мен әр түрлі жұмыс істеп жүрген малайлардың стату-этикаларын кездестіруге болады. Мұның барі қолға түскен соғыс тұтқындарын құлға айналдырып, күшін пайдалану жолындағы алғашқы талпыныстарды көрсетеді.
Әлеуметтік
қатынастардағы осындай өзгерістер
тайпалық құрылыстан мемлекетке көшуге
алып келді, бірақ мұның өзі, әрине,
бірден бола қойған жоқ. Алғашқы кездерде
бірнеше ондаған номдар пайда
болды. Олардың әр қайсысы, мекен
жайлар мен алқаптары және табынатын
өз қамқоршы құдайы бар белгілі бір
қалалардан тұрған. Осындай аймақты
басқарушы әкім бірте бірте тайпаның
көсемінен нағыз кішкентай
Дәстүрге орай, елдің неғұрлым берік бірлігін Жоғарғы Египет патшасы Менес жүзеге асырды, ол төменгі Египетті б.э.д. 3000 жыл шамасында бағындырып, біріккен елдің 1 династиясының негізін қалады. Елдің астанасы Абидос қаласы болды. Жылнамашылар патшалардың билік құрған жылдарының есебін сол кезден бастайды. Осы біріктіруден кейін де атырауда көтерілістер болып тұрғанмен, олар Египеттің екі бөлігінің қосылуына бөгет бола алған жоқ. Ежелгі кезде екі патшалық болғаны жайлы естеліктерінде екі түрлі- Қызыл және Ақ тәждар сақталып қалды, олар бірінің ішіне бірі киілген, сондай-ақ қатар жұмыс істейтін екі мекеменің- Ақ үй мен Қызыл үйдің болғандығы да байқалады. Алғашқы екі династия билеген кезең шартты түрде алғашқы патшалық деп аталып, екі жүз жылдан аса мерзімді қамтиды.
Елдің саяси бірігуі енді жалпы мемлекеттік көлемде дами бастаған суландыру жүйелерін кеңейтуге және жетілдіре түсуге жағдай туғызды. Қоғамдық жұмыстар мезгі-мезгіл Нил суының деңгейін өлшеп, каналдар мен платиналардың дұрыс сақталуын қадағалап отыруға міндетті патша чиновниктерінің бақылауымен жүзеге асырылды. Династияға дейінгі уақыттың өзінде-ақ экономиканың негізіне айналған ауыл шаруашылығы енді елеулі биік дәрежеге көтерілді. Егіншілікпен бірге баушаруашылығы дамиды. Елдің солтүстік бөлігінде жүзім шаруашылығы мен шарап жасау ісі, ал оңтүстігінде құрма ағаштарын өсіру көбірекорын алды. Елдің барлық бөлігінде сондай-ақ смоковница ағашын өсіру де кең тарайды.
Алғашқы патшалық ғылымында шартты түрде Ежелгі патшалық деген атқа атқа ие болған ұзақ созылған дәуірге кіріспе кезең болды. Өзін бұрынғы Алғашқы патшалыққа қарағанда Ежелгі патшалық елдің неғұрлым берік топтасуымен және орталықтанудың күшеюімен сипатталады. Төменгі Египеттің бөлініп шығуға деген әрекеттері тоқталады. Джосер патшалық құрған кезден бастап елдің астанасы- Мефис қаласы болды. Ол төменгі және Жоғарғы Египет шекарасында орналасқан, Менес патша негізін салған қуатты қамал еді.
Рудниктер
мен тас өндіретін орындар
толығынан патшаның билігінде болды.
Халықтан жиналатын алым салық көбіне
мемлекеттің емес, фараонның жеке
басының қажеттеріне