Гумилев Еуразияның

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 17:19, биография

Описание

Төл тарихымызды білуге, ұлтымыздың қайнар көзін ғылыми негіздеуде, салт-дәстүрімізді жүйелеуде өз ұлыларымызбен қатар тер төге еңбектенген өзге ұлт өкілдері де болған. Сондықтан да біз өз тарапымыздан мұндай адамдарға құрмет көрсетуге тиіспіз. Сондай елеулі адамдардың бірі – Лев Гумилев. Ол аса көрнекті энциклопедист ғалым. ХХ ғасырдың тарихшысы, этнологы, географы, түркологы. Ол адамзат қарым-қатынасындағы жаңа ғылымды – этнологияны (этногенез теориясын) жасап шыққан тұлға.

Работа состоит из  1 файл

гумилев.docx

— 32.89 Кб (Скачать документ)

Төл тарихымызды білуге, ұлтымыздың қайнар көзін ғылыми негіздеуде, салт-дәстүрімізді жүйелеуде өз ұлыларымызбен  қатар тер төге еңбектенген өзге ұлт өкілдері де болған. Сондықтан  да біз өз тарапымыздан мұндай адамдарға  құрмет көрсетуге тиіспіз. Сондай елеулі адамдардың бірі – Лев Гумилев. Ол аса көрнекті энциклопедист ғалым. ХХ ғасырдың тарихшысы, этнологы, географы, түркологы. Ол адамзат қарым-қатынасындағы  жаңа ғылымды – этнологияны (этногенез  теориясын) жасап шыққан тұлға.

 

Гумилев Еуразияның түркі тілді  халықтарының шынайы тарихын қалпына келтіру мен зерттеуге елеулі үлес қосты. Ресейде Еуразияның тарихын жазған көрнекті ғалымдар аз емес, бірақ Гумилев, қоғамдық ортада қалыптасқан пікірге қарамастан, шындықты жеріне жеткізе айтуда бәрінен оқ бойы озық тұрды. Бұған мысал ретінде оның Русьте татар-моңғол езгісі болған жоқ, керісінше татарлар мен орыстар арасында белгілі бір одақтық байланыс болды деген батыл тұжырымын айтсақ болады. Орта ғасыр аумалы да төкпелі кезең болды. Ол уақытта Еуропа қандай да бір айта қаларлық жетістіктерімен мақтана алмайтын. Сондықтан да татар-моңғол басқыншылығы Ресейдің дамуын көп уақытқа тежеп тастады деген пікірлердің барлығы да негізсіз.

Лев Гумилевтың мұраларынан мынадай маңызды қорытынды жасауға болады: Ресейдің екі қайнары – славян және түркі, православие және ислам бастаулары, Киев Русі мен Алтын Орда бар. Соңғы жылдарда біздің тарихымызға жаңаша сипаттама беретін Ресейде, Қазақстанда, Қырғыстанда, Татарстанда көптеген еңбектер жарық көрді. Сондықтан осы елдердің ғалымдарының басын қосатын, әлемнің таңдаулы мамандарын қатыстыра отырып Еуразияның шынайы тарихын жазып шығатын уақыт жетті.

“Татарстанның оңтүстігін қамтитын Ұлы Жібек жолы Азия арқылы өтеді. Сонымен қатар басқа бір көлік  дәлізі  болды, ол – Солтүстік  Еуропаны Азиямен жалғастырған Ұлы  Еділ жолы. Осылайша Қазан қаласы түрлі  жолдардың, әртүрлі мәдениеттердің түйіскен жері болып табылды. Осыған байланысты Ресей мен Қазақстанда  исламның елеулі рөл атқарғандығын атап айтқан орынды. 11 қыркүйектегі қайғылы оқиғадан кейін исламды қаралау, оны терроризммен қабыстыру өршіп тұр. Батыс пен Шығыстың, христиандық пен исламның арасында “Берлин қабырғасы” болмауы тиіс. Шетелдік идеялық ағымдармен әуестенбей, керісінше біздің имамдарымыз ресейлік және қазақстандық дәстүрлерді орнықтыруға баса мән бергені абзал болар еді”, – деп санайды Татарстан Президенті Минтемир Шаймиев.

“Лев Гумилевтің ғылыми мұраларындағы еуразиялық идеялар” деп аталатын Қазандағы (2005 ж.) халықаралық конференцияға қатыса отырып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі таңда біздің бәріміз өзіміздің мәдени-тарихи қауымдастығымызды, ортақ еуразиялық тамырларымызды айқын сезіне бастадық деп атап көрсетті. Әрі бұл ХХІ ғасырдағы интеграцияланудың қуатты серпініне айналып отыр. Ресей мен Қазақстан халықтары арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың жоғары деңгейі біздің бұрынғы өткендеріміздің бастаулы іргетастарынан қаланған. Тұлдырсыз жерде интеграциялық идеяларды қалыптастыру, сөз жоқ, мүмкін емес. Жүзеге асыру – одан да қиын. Екіжақты Қазақстан – Ресей қатынастарын орнықтыру осыған объективті түрде келуді талап етеді. Өйткені достық пен шынайы көршілік тамыры орта ғасырлық Еуразия тарихымен сабақтас. Нақ сол кездері, көне ғасырларда,  біздің халықтарымыздың арасында ортақ еуразиялық үлгі қалыптасты. Түркілер мен славян тайпалары сан ғасырлар бойына шынайы көршілік қатынастарда болды. Олар жат жұрттық басқыншыларға қарсы тізе қоса қарсы тұрды, ал өздерінің бір-біріне деген құрметін тек ұлы билеушілер ғана емес, сонымен қатар қарапайым адамдар арасындағы некелік одақпен нығайтып отырды. Бұл көп жағдайда түркі халықтары – қазақтар, татарлар, башқұрттар және басқалар арасындағы өзара қарым-қатынаста айқын байқалды.

Біздің Елбасы былай деп атап көрсетеді: түркі халықтарының тарихы неғұрлым тереңге тамырын жайған сайын, олардың әлемдік өркениеттегі ықпалы соншалықты кеңейе түседі. Түркология жөнінде ғылыми еңбектер әлемнің  әртүрлі тілдерінде қаншалықты көп жазылғанымен, бұл тақырып әлі де аз зерттелген күйде қалып отыр. Әлемге әйгілі мәдениеттанушылар түркі өркениетін жеке және дербес тақырып ретінде қарастырып отырған жоқ. Мұның басты себебін ең алдымен патшалық Ресейден, бұдан кейін ұлттық мәдениетті қолынан келгенше тұмшалауға, тұншықтыруға ұмтылған Кеңес Одағының өктемдігінен іздестірген абзал.

Біздің Президентіміздің айтуына  қарағанда қазір мүлде басқа уақыт туды. Түркі халықтарын әлемнен оқшауландырып келген “темір тор” күйреді. Оның есесіне әлемде жаһандану үдерісі  басталды. Осы жаңа сыннан сүрінбей өту және жаһанданудың ғаламат тасқынында халықтарымыздың бірлігін, тілдерінің тұтастығын, мәдениетінің ортақтастығын сақтап қалу үшін, бізге рухани интеграциялану керек. Бейбіт өмір сүру, еуразиялық кеңістікте халықтар мен мемлекеттік экономиканы интеграциялау бүгінде ең өзекті мәселе. Сондай-ақ ол әлемдік ауқымда да өте маңызды. Халықтар өзінің ерекшеліктерін сақтай отырып, өзара құрметтеушілікте өмір сүруі тиіс. Кейбір мемлекеттер және олардың жетекшілері солай жасауға тырысып бағуда. Барлық адамдар тең. Ешкім де әлемдік билеп-төстеушілікке ұмтылмауы қажет. Өмірде бәрі де өткінші. Ұлан-ғайыр өлкенің азулы билеушілері Кир, Дарий, Македонский, Шыңғыс хан, Әмір Темір және басқалардың билігі қалай аяқталғаны тарихтан белгілі. Бүгінгі таңда біздің уақытымыздың азулы елдері терроризммен күресуді өз мойнына алып отыр. Ал оның астарында не жатқандығын түсіндіріп жатудың қажеті шамалы.

Терроризмнің шынайы идеологиялық сипаты – дарвинизм мен материализм  деп санайды әлемге танымал ғалым  теолог Харун Яхья. Адамдардың басым  көпшілігі ағылшынның әуесқой табиғат  зерттеушісі ұсынған өркендеу (эволюция) теориясы нақтылы ғылыми дәлелдерге, зерттеулерге және тәжірибелерге негізделген  емес деп санайды. Сондай-ақ Харун  Яхья Дарвин осы теорияның негізін  қалаушы болып табылмайтындығын айтады, қала берді бұл теорияның  қағидаларына негіз болатын бірде-бір  ғылыми дәлел жоқтығын тілге тиек етеді. Жер бетіндегі тіршіліктің  даму сатылары қарабайыр, сонау ерте кездердегі материалистік философия  қағидаларына негізделіп, табиғат заңдарына  орайластырылған.

Тек мифтік идеяларға әсіре еліктеуге  негізделген мүлде негізі жоқ  теорияға сүйенген әлемдік билікке ұмтылушылық көптеген қайғы-қасіреттердің, адамдардың зорлық-зомбылықтарды бастарынан өткеруінің бірден-бір себебі болды. Адамдар санасына дарвинизм мен материалистік философия идеяларын сіңіру арқылы Жаратушы Алла тағаланың жер бетіндегі ақыл иесі – адамның рөлін түсінуге кері ықпал етті. Егер осыған дейін дінге сенуші адамдар Жер бетінде адам не үшін пайда болған, оның Жаратушы алдындағы парызы қандай деген сұрақтарға: “Адам баласын Құдай жаратқан және ол Жаратушының үйреткеніндей, салауаттылықпен өмір сүруі тиіс”, деп жауап қайтарса, енді жауап мүлде басқаша сипат алған: “Адам Жер бетінде тіршілік иесінің кезеңдік дамулары және тіршілік үшін күресуі барысында анағұрлым әлділері құрып кетуден аман қалған маймылдан тараған”, – дейді.

Бізді қоршаған ортаның қатал заңдары  адамзатты орасан зор идеологиялық алдаудың апанына түсірді. Өйткені  дарвинизмнің “ғылыми” теориясы билікке  ұмтылушылық пен шиеленістерге  бастаған фашизм, коммунизм, маоизм және басқа да көптеген адамзатқа жат  режимдердің тамыр жаюына “қолайлы”  идеологиялық негіз қалады. Харун Яхья өзінің кітабында дарвинизм теориясының кейбір құпия астарларына, ХІХ ғасырдың ортасынан бастап қазіргі қоғамдағы оның адамзат тарихындағы рөліне талдау жасайды, бұрмаланған және мән-мағынасыз идеологиялық ілімдердің пайда болуы мен дамуына қолайлы орта қалыптастырған дарвинизм идеяларына қарсы дәлелді уәж айтады, біздің заманымыздың ең өткір проблемасына айналып отырған дарвинизм мен терроризм арасындағы көзге көрінбес байланыстарды ашып көрсетуге ұмтылады.

Дарвинизмнің ең басты қателігі оның “өмір – бұл күрес” дейтін ілімі. Осы ілім анағұрлым күшті  әрі сол ортаға бейімделген органикалық  заттар мен ағзаларға қолдануға  жарамды, өйткені күшті әлсізді  табанына басып жаныштап отыруы тиіс. Бірақ бұл идеяны адамдарға қатысты  қолдануға болмайды. Дарвинге жүгінсек, “артықшылықты раса” өмір сүру күресінде жеңіске жетуі тиіс. Оның ойынша олар еуропалық ақ адамдар да, ал африкалықтар мен азиялықтар бұл күресте жеңіліс табуы керек. Ол тіпті бұлар көп кешікпей құрып кетеді деген тұжырым жасайды. Мысалы Дарвин былай деп жазады: “Тек ғасырлармен ғана өлшеуге болатын алдағы аз уақыттың ішінде өркениетті раса оларды сөз жоқ құртып тынады, ал бұдан кейін әлемдегі жабайылардың бәрін жояды. Сонымен бірге антропоморфты маймылдар “яғни маймылдың адамға айналу сатысындағылар” да құртылып жіберіледі. Адам мен оның жақын тектері арасындағы алшақтық жедел қарқынмен ұлғая түседі, өркениетті адамдар мен жабайылар арасындағы айырмашылық мысалы Кавказ халықтары мен гиббондар арасындағы сияқты алшақтайды, қазіргі кезде ол негр немесе автралиялықтар мен гориллалар арасындағыдай сипатта”. Міне, атағы әлемге әйгілі ғалымның сөзі осындай. Дарвиннің өз теориясын жасау кезінде идеялық “серпілісті” сол кездегі зиялылар ортасында кеңінен танымал болған британдық экономист Томас Мальтустың кітабынан алғандығы белгілі. Ол жер бетіндегі адамдар саны өте көп, олардың көбеюінің жолын кесу қажет дейді. “Соғыс, аштық және жұқпалы аурулар сияқты алапат апаттар халықтың санын азайтуға қажетті механизм болып табылады, өйткені адамдардың белгілі бір бөлігі, басқаларының жақсы өмір сүруі үшін өлуі тиіс. Тек осындай “(үздіксіз) перманентті соғыстың” нәтижесінде ғана адамзат өмір сүре алады”, – деп санайды Мальтус.

Дарвин үздіксіз шиеленісті ауқымы зор табиғи құбылыс ретінде қарастырады. Бұл тіршілік үшін күресте әрқашан  күштісі және жағдайға анағұрлым  жақсы бейімделгені жеңіске жетеді, ал бұл тек солар өмір сүруге құқылы, өйткені осы заң табиғаты тұрғысынан өзін ақтай алады деп мәлімдеуі содан. Өнегелік құндылықтар мен рухани жетілу оның іштен шыққан “шұбар жыланы” — “өмір сүру үшін күрес” идеясының басты жауы болды. Ол сол кезде Құдай жаратты деген “ақылсыз” діни түсініктерді серпіп тастауға барлық адамдарды шақырған тағы бір “ғылыми”  ұранды ойлап тауып, қазіргі заманғы “ғылыми” жаңалыққа сенуді ұсынды. Егер ХІХ ғасырда дарвинизм идеясы расизмнің саясатын “ақтауға” теориялық негіз қаласа, ХХ ғасырда эволюция теориясы нацизм идеологиясының пайда болуына алғышарттарды қамтамасыз етті. Гитлер мен Розенбергтің бағдарламалық мақалаларында Дарвиннің “табиғи іріктеу”, “табиғи селекциялау” және “расалар арасындағы өмір сүру үшін күрес” сияқты тұжырымдар қолданыс тапқан. “Meіn Kampf” (“Менің күресім”) кітабында таптық шайқас туралы Гитлер “жаңа расалық иерархияға негізделген теңдессіз ұлы жаңа мыңжылдық империяда адамзат, табиғат әу баста соған бейімдеген, тарихы анағұрлым биікке өрлеудің шыңына шығар еді” деп жазады.

1933 жылы Нюрнбергтегі Германия  ұлттық-социал жұмысшы партиясының  съезінде Гитлер: “...жоғары арий  расасы барлық өзінен төмен  расаларды бағындыруы тиіс... бұл  табиғаттың өзі туғызған заңы  жер бетінде өмір сүрудің бірден-бір  үйлесімді заңы болып табылады”,  – деп ашық мәлімдеген болатын. Дарвиннің идеяларымен қаруланған Гитлердің әлемге нендей қайғы-қасірет әкелгендігін біз жақсы білеміз. Ол адамзатты бұрын-соңды болып көрмеген үлкен апатқа ұрындырды. Көптеген саяси және этнос топтар, әсіресе еврейлер гитлерлік “селекциядан” өткізіліп, концентрациялық лагерлерде мыңдап қырылды. Соғыс 55  миллион адамның өмірін жалмады. Осы орасан зор апаттың басты себебі ағылшынның әуесқой табиғат зерттеушісі Ч. Дарвин екендігін былайғы көпшілік біліп жатқан жоқ, дейді Харун Яхья.

Осы арада еліміздегі жетекші саясаттанушылардың бірі, ғылым докторы Марат Тәжиннің айтқандарынан мысал келтіре кеткіміз келеді. “Екінші миф деп мен геосаясаттық дарвинизм мифін атар едім. Әскери терминдерді саясатқа көшіру орын алып отыр. Сөзім жалаң болмауы үшін бірқатар мысалдар келтіре кетейін: қай жерде де “біреу біреулермен соғысып жатыр”, қай жерде де “әлде-әлде”  – не біз оларды немесе олар бізді психологиясы, “егер жау берілмесе – оны құртар болар” идеясы, ақпараттық майдан, ресурс үшін майдан, билікке қол жеткізу үшін майдан жүріп жатыр. Барлық адамзат қауымдастығы – аймақтық социумды немесе нақтылы ұлттық мемлекетті – геосаяси дарвинизм терминдерін белгілі бір ұлттық ерекшеліктерді бүкіл өркениетті, мәдениет аспектілерін сыпырып тастайтын сыпырғы ретінде қарастырады. Мұның өте қауіпті екендігі сол, адамдар санасына біртіндеп сіңіп, “кім күшті болса, соның сөзі өтеді” дейтін ұғымды орнықтырады. Бұл саяси кеңістікті орнықтыруда ақиқатқа айналып келеді”. М.Тәжин пікірінің дұрыстығы мынада. Бүгінде әлем Дания газеттерінде жарияланған бірнеше суреттерге бола екіге жарылды... Мұхаммед пайғамбардың карикатурасы, бұдан кейін оны бірқатар еуропалық газеттердің көшіріп басуы әлемдегі барлық мұсылмандардың  толқуын туғызды. Кейбір ислам және араб мемлекеттерінде іс дипломатиялық санкциялардан, бойкоттар мен қарсылықтардан да асып түсіп, Дания  елшілігі мен консулдығына тікелей шабуыл жасауға дейін ұласты. Біздің Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да осыған қатысты өз көзқарасын білдірді. Ислам адамдарды немесе жануарларды бейнелеуге тыйым салады. Алайда осы тыйымдар әрдайым, оның ішінде Мұхаммед пайғамбарға қатысты сақтала бермеген. Мысалы, ХІV ғасырда Осман империясында және Сафавидті Иранда Мұхаммед пайғамбардың бейнесі салынғаны белгілі. Атап айтқанда, Ыстамбұлдың мұражайында сақталған “Мирадж-наме” кітабында пайғамбарымыздың беті ашық көрсетілген.

Карикатура төңірегіндегі айқай-шу Мұхаммедтің бейнесінде тұрған жоқ, керісінше оның қандай сипатта салынғандығында болып тұр. Дінге сенушілердің және діни беделділердің көзқарасы тұрғысынан қарағанда мұнда масқаралаушылыққа жол берілген. Мұндай оспадарлық үшін ислам тарихында көптеген суретшілер мен ойшылдар, оның ішінде “Ана-ль-Хакк” (Мен – Ақиқатпын) деп жазған сөзі үшін өлімге кесілген Халладж аль-Мансұр да бар. Өйткені ол өзіне Алланы ерекшелендіріп тұратын сөзді арнаған. ХІV ғасырдағы суфизмнің көрнекті ақыны Насимидің Алеппо қаласының моллалары атына ғайбат сөз айтқаны үшін тірідей терісі сыпырылған.

Мемлекеттіміздің негізін қалаушы  ретінде қазақ халқына үлкен  жауапкершілік пен байыптылық түсіп  тұр. Әрине біздің ерекше толеранттығымыз  бұдан да былай даму үстінде болуы  қажет. Ислам біздің елде өркендеу жолында. Мұсылман елдерінің арасында қарқынды дамып келе жатқан мемлекетпіз. Біз  исламның адамзат баласына ең құнды, тазалық пен достықты, махаббат пен  сыйластықты, имандылық пен ізгілікке  жетелейтін тағы да басқа жақтарын үлгі және өнеге ретінде тұтамыз. Біздің елімізде қазан айының 18 жұлдызы  — рухани келісім күні деп саналады. Дінбасыларымыз бір-бірін, халықтарымызды құттықтап тұрады. Мұсылмандардың Құрбан айт мерекесі мен христиандардың Рождество күндері демалыс күндері  болып жарияланды.

Еліміз әлем діндерінің тұңғыш съезін (2003 ж.) үлкен абыроймен өткізді. Биыл (2006 ж.) екінші съездің өтуі жоспарланып  отыр. Дүниежүзі халықтарының алдында  еліміздің деңгейі мен шоқтығының биіктігі тағы да дәлелденеді. Бұл біздің жерде ешқандай қақтығыстар орын алмайды дегенді білдірудің бірден бір айғағы. Қазақстан тек қана ТМД елдерінің арасында емес, басқа  да елдердің арасында көшбасшылық туын биік көтеріп келеді. Бұл дәлелденген  айғақ.  

Еліміздің бүкіл әлемде шоқтығының биіктігін білдіретін бір мысал Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі атына Еуропалық одақ ортодоксалды шіркеуінің басшысы, Франция митрополиті Еммануельден жеделхаттың түсуі. Онда Франция митрополиті: ”Біз сіздердің сезімдеріңізді түсінеміз, сонымен қатар сізден беделді Дінбасы ретінде қазіргі шиеленіскен жағдайды бейбіт түрде шешуге көмектесуіңізді сұраймыз”, делінген.  

Соңғы кездері ішкі саясатымызға көп көңіл бөлудеміз. Алайда әлемде не бір күрделі мәселелер көтеріліп жатыр. Біз өзімізді әлемдік проблемалардан оқшау ұстай алмаймыз. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымызды келемеж қылған жағдай әлемде ушығып тұр. Сонау шетте жатқан Дания мұсылман дініне кіретін 1,5 миллиард халықтарды дүрліктіріп отыр.

Жеткіншек ұрпаққа рухани тәрбие беру бізді бүгінде басқа проблемалармен қатар толғандырып келеді. Сонымен  қатар ол кейбір ересек адамдарға  да қажет. Өйткені өмірлік маңызы бар мәселелерді шешуде біз өзімізді көбірек ойлаймыз да, айналамыздағы  өзіміз сияқты адамдардың қадір-қасиеттерін  ескере бермейміз. Қоғамда қандай орын алса да өзінің күнделікті тұрмысындағы іс-әрекеттерде дәстүрлі рухани және жалпы адамзаттық құндылықтардан ауытқымайтын адамдардың кемшіліктері мен жауы болмақ емес. Маңайындағылармен келісімде  өмір сүру адамның басты принципі. Әлемдегі барлық ұлы дәстүрлі діндер осыны уағыздайды. Ислам бүгінде  бізге нан сияқты қадірлі дейтін Қайрат Сатыбалдының айтқанымен келіспеу мүмкін емес. “Рухани бай болмай адам материалдық байлықпен толық  бақытты бола алмайды”, деген оның ойымен әркімнің келісетіндігіне күмән  жоқ. Біздің іргеміздегі мемлекеттердің есті адамдары да осы ойға табан  тірейтіні сөзсіз. Мысалы, Ресей  Федерациясының Бас прокуроры Владимир Устинов жастарды рухани тәрбиелеуде  өз пікірін ашық айтып жүр: “Ашкөздік, парақорлық, қызмет бабын асыра пайдаланушылық осыдан шығады. Егер біздің барлығымыз әу бастағы өнегелік тамырларымыздың  желісін үзбесек, егер рухани бастауларымызға  бет бұратын болсақ, әзірге “бала  санасы ештеңемен уланбаған” болса, мектептерде діни сабақтарды жүргізудің артықшылығы жоқ. Сондай-ақ Ресейдің мемлекеттік университеттерінде тоеологиялық факульттер ашу қажет. Ресей қазірдің өзінде осы маңызды іске қосылды. Олар христиан священиктері мен мұсылман имамдарын әскери бөлімдерге енгізе бастады. Әрбір адамның өз сеніміне өз жолымен келетіндігін өмір көрсетіп отыр. Көптеген мемлекет басшылары, өздерінің  қандай да бір діни сенімді қасиеттеп, құрметтейтіндігін қаншалықты жасырғанымен, өзінің бұрынғы ата-бабалары ұстанған жолдарынан таймайтындығы, салт-дәстүрінен айнымайтындығы белгілі. Көптеген ғарышкерлер галактика – аспан әлемінде біздердің жалғыз еместігімізге, сыртқы бір құдіреттің барлығына, солар бізге ықпал етіп отыратындығына сенімді. “Ғарышқа ұшуым – мені Аллаға әкелді”, – дейді Талғат Мұсабаев. Ол бір сөзінің ретінде кейбір адамдардың өздерін “жер кіндігі” немесе айналасындағыларға меңмендік көрсетіп әрең сөйлейтіндеріне, менсінбеушілігіне қайран қалатындығын білдірген еді. Бұдан асырып айту мүмкін емес.

Информация о работе Гумилев Еуразияның