Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 17:19, биография
Төл тарихымызды білуге, ұлтымыздың қайнар көзін ғылыми негіздеуде, салт-дәстүрімізді жүйелеуде өз ұлыларымызбен қатар тер төге еңбектенген өзге ұлт өкілдері де болған. Сондықтан да біз өз тарапымыздан мұндай адамдарға құрмет көрсетуге тиіспіз. Сондай елеулі адамдардың бірі – Лев Гумилев. Ол аса көрнекті энциклопедист ғалым. ХХ ғасырдың тарихшысы, этнологы, географы, түркологы. Ол адамзат қарым-қатынасындағы жаңа ғылымды – этнологияны (этногенез теориясын) жасап шыққан тұлға.
Өкінішке қарай, сый мен құрмет тек жастардың ғана емес, сонымен қатар кейбір ересек адамдардың арасында да өзінің қадір-қасиетін төмендетіп барады. Көптеген адамдарда ар мен ождан ұғымының сипаты терістелуде. Олардың көпшілігі ақшаны бірінші кезекке қойып отыр. Соның салдарынан, миллиондаған қаржыны қолына ұстағандар, адамгершілік ізгілік мұраттарды естерінен шығарып, қайырым мен ізгілікті ұмытуға айналған. Міне осы тұста тағы да рухани өсуіміз бен мәдениетіміздің дамуы туралы ой толғап, бұл мәселенің шешілу жұмысы қай деңгейде дегіміз келеді. Еліміздің Мәдениет және ақпарат министрі Е.Ертісбаев “Казахстанская правда” газетіне берген сұхбатында (13 мамыр 2006 ж.) мәдениеттілік пен патриоттыққа тәрбиелеу, тіл мен тарихи мұраларымызды, басқада құнды мәселелерді шешіп, оны сақтап ары қарай дамыту туралы ойларын айтады.
Мемлекет басшысының дінге деген
көзқарасына қатысты
Рас, бүгінгі қоғамымызда
Осы орайда адамзатты қайғы-қасіретке, оның ішінде бүгінгі таңдағы шиеленіске, әлемдегі екі ұлы діннің қарама-қарсы келіп қалуына соқтырып отырған сан ғасырлардан бергі түйін тарқамай келе жатқан жайларға тоқталмасқа болмайды. Ол тағы дарвинизмнен келіп шығады. Неге десеңіз бұл теория ХХ ғасырда адамзат баласын ештеңемен өлшеуге келмейтін зардаптарға ұрындырған көптеген мәні теріс, зұлымдығы басым идеологияның “ғылыми” іргетасы қызметін атқарды емес пе. Барлық өзге идеологиядағылар сияқты дарвинизмнің де өзіндік “этностық нормалары” мен “әдістері” бар. Сол арқылы ол басқаша ойлайтындардың санасына әсер етіп, оларды өз ықпалына қарай көндіктіреді.
Мұны олар екі жолмен аңғарта алмақ. Біріншісі, бұлар озық көзқарастарды құрметтеп және адамгершілік биік парасаттылықты ұстана отырып олармен байланыс орнатуға ұмтылады. Мысалы, біздің Қазақстан сияқты. Екіншісі, олар өзі тектестерді табанының астына салып, өзінің басымдылығын көрсететін күрес жолын таңдауы мүмкін. Мұндай мысалдар аз емес. Біз өзіміз терроризм деп айдар тағып отырған озбырлық осы екінші тәсіл. Бұл арада қанды жолды уағыздайтын дарвинизм мен коммунизмді ешбір айналып өтуге болмайды. Коммунистер әу баста-ақ Дарвин теориясын қолдаушылар және соны жан-тәнімен қорғаушылар болды. Ресей коммунизмі аталарының бірі Плеханов марксизмді “әлеуметтік ғылымға қолдануға икемді дарвинизм” ретінде қарастырған. “Дарвинистік білім беру” коммунист кадрларын қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Мысалы, тарихшылар мынадай фактіге айрықша назар салады: жас кезінде Сталин мейлінше дінге берілген адам болған, бірақ Дарвин кітаптарының негізінде ол діннен алшақтап, нағыз атеист болып шықты. Қытайда коммунизмнің қалыптасуында дарвинизмнің ықпалын жан-жақты зерттеген Гарвард университетінің тарихшысы Деймс Пусей “эволюция мен коммунизм теориясы арасында мызғымас байланыс бар... Коммунизм – бұл атеистік философия. Егер ХХ ғасырдағы 120 миллион адамның өмірін қиған диалектикалық шиеленістердің коммунистік тұжырымдарының астарына үңілетін болсақ, дарвинизмнің адамзат баласына қаншалықты қайғы жұтқызып, қан құстырғандығын жете сезінеміз”, дейді. Мысалы, 1917 жылғы төңкеріске дейін Қазақстан Ресейдің түркі тілді халықтарының арасында саны жағынан екінші орын алса, Кеңес мемлекеті дәуірлеген өткен ғасырдың – 50-ші жылдардың ортасында біз өз жерімізде бар болғаны 29 пайызды ғана құраған азшылыққа айналдық. Осының барлығы мәдениетімізді, дәстүрімізді және тілімізді жоюға соқтырды. Төлқұжаттарда ұлтыңды көрсетпеу де жоспарланды. Кеңес халқы деген ортақ қауымдастық құру міндеті күн тәртібіне қойылды. Шет елдерде – мейлі сен қазақ немесе армян, грузин немесе татар бол, – бұлардың барлығын орыстар деген түсінік қалыптасты. Қазақстанға қуатты мемлекеттің аграрлық-шикізаттық орны мен рөлі берілді. Сондықтан да Қазақстан республика деп аталып, өз Конституциясы болғанымен, ол бүгінгідей егемен елдіктің тырнағына да тұрмайтын тұмшаланған қоғам болды.
Үндінің антропологы Лалита Видьярти дарвиндік даму теориясы қоғамдық ғылымға расизм идеясын әкелді және “өмір сүрудің дарвиндік теориясы анағұрлым жарамды деп қоғамдық ғылымдар тарапынан жылы қабылданды, әрі олар адамзат дамуының түрлі сатыларында ақ адамдар өркениетке қол жеткізді дегенге сенді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында расизм ақиқат құбылыс ретінде батыс ғалымдарының көпшілігі тарапынан мойындалды” деп санайды. Биохимия профессоры Майкл Бехе (АҚШ) дамуды зерттеушілердің барлығы да Жер бетіндегі жанды және жансыздың барлығының жаратылысына қатысты жоғары ақыл аясында қандай да бір көңілге қонымды дәлел келтіре алмайды дейді. Бүкіл әлемдегі ондаған мың ғалымдар эволюция теориясының ғылыми негізі жоқ екендігін дәлелдеді, Жер бетінде тіршіліктің пайда болуының ойдан шығарылған сценарийін жоққа шығаратын мыңдаған зерттеулер мен ғылыми жұмыстар жазды. Эволюция теориясы балықтар немесе қосмекенділерге жататын тіршілік иелерінің негізгі топтарының шығу тегіне көңілге қонымды түсінік бере алмайды, сондай-ақ ол осы топтарды құрайтын жекелеген түрлердің пайда болу мәселесінде де дәрменсіз. Жастары миллиондаған жылдармен есептелетін тасқа айналған қаңқалардың (мәселен, акуланың қаңқасы 400 млн. жыл, шегірткенікі 40 млн. жыл, құмырсқанікі 100 млн. жыл) бүгінгі бар түрлерінен ешбір айырмашылығы жоқтығы тіршілік иесі қарапайым түрінен күрделіленуіне қарай кезеңдік даму арқылы пайда болмағандығын, керісінше бір сәтте әлдебір құдіреттің әсерінен пайда болғандығын дәлелдейді. Геологияда осы бір тосын құбылыс “Кембрий жарылысы” деп аталады.
“Тұркан баласы” деген атаумен белгілі қаңқа бүгінгі күндегі табылған сүйектердің ең көнесі болып табылады. Бұл қаңқаның жасы шамамен 1,6 миллион жыл. Оның бойы 1 метр 80 сантиметр 12 жастағы ер бала екендігі белгілі. Оның қаңқасы қазіргі адамдардың қаңқасынан еш айырғысыз. “Тұркан баласы” адамның ойдан шығарылған дамуы туралы барлық болжамдарды жоққа шығаратын нақтылы мысал бола алады. Антикалық теңізшілер алғашқы адамдар бізден де ақылды адамдар болған дейді... Өйткені олар осыдан 700 мың жыл бұрын кеме жасаумен айналысқан. Осы арада мынадай сұрақ туады: кеме жасау білімі мен технологиясын меңгерген адамдарды “алғашқы” адамдар деп қалай айтуға болады? Технология – грек тілінен аударылғанда “қол еңбегі” деген мағынаны білдіреді.
Соңғы жылдардағы ғылым дәлелдеп отырғандай, неандертальдар Еуропада бұдан 100 мың жыл бұрын пайда болған, және де 34 мың жыл бұрын қалай пайда болса, солай ғайып болған немесе басқа тектермен араласып кеткен. Олардың адамдардан бір ғана өзгешелігі қаңқасының анағұрлым ірі және басының үлкендігі ғана. Табылған айғақтар неандертальдардың өлгендерді жерлегенін, музыкалық аспаптар, үй шаруашылығы заттарын жасағандығын, киім тігумен айналысқандығын және тағы басқа істермен шұғылданғандығын дәлелдеп отыр.
Әйгілі орыс эволюционистерінің бірі
А. Опарин өзінің “Тіршіліктің пайда
болуы” деген кітабында, өкінішке қарай,
тірі клеткалардың пайда болуы дамудың
бүкіл теориясын өз бойына сіңіріп
отырған шешімі табылмаған сұрақ
деп жазады. Сан Диего институтынан
геохимик, профессор Джеффри Бада
“тіршіліктің пайда болуы күні бүгінге
дейін жауабы жоқ жұмбақ” дейді.
Даму теориясының философиялық негізін
қалаған материализм ХІХ
Көптеген адамдар белгілі бір ғылымда табысқа жеткен ғалымның аузымен айтылған сөздердің барлығын ақиқат деп қабылдайды. Алайда, біздің көпшілігіміз мұндай оқымыстылардың да, әрбір жекелеген адам сияқты, өз сенімі мен идеологиялық көзқарасы болатындығын ескере бермейміз. Шын мәніне келгенде, қандай да бір ғылыми дәлелдерге арқа сүйеген эволюциялық теорияны жақтайтын ғалымдар көпшілікке өзінің жеке басының сенімі мен көзқарасын таңуға тырысады. Кездейсоқтық ретсіздік пен күйретуден басқа ештеңе туғызуы мүмкін емес дегенді айқын сезіне отырса да, бүкіл Жаратылыс және әрбір жанды мен жансызға тән үйлесім, зерде мен сыр-сымбат тосын құбылыстың әсерінен дегенді жоққа шығара алмайды. Палентология, биохимия, анатомия сияқты қазіргі заманғы ғылым салаларының арқасында бүкіл тіршілік иесі – Жаратушы Алланың жасағаны екендігін көз жеткізе дәлелдеп отыр. Адамзат баласы жанарын қайда қадаса да, нені зерттесе де айналамыздағы тіршілік атаулының барлығы әлдебір жоғары ақыл иесі бар екендігін айғақтап тұрады. Кез-келген жәндік немесе теңіз түбіндегі кіп-кішкентай балық адамның ақыл-санасы бойлай алмайтын сыр-сымбатымен, ерекше жаратылысымен өзгеше екендігімен таң қалдырады. Осының бәрі бүкіл табиғатқа әмірін жүргізіп тұрған ең жоғары ақыл-ой иесі Жаратушы бір Алланың барлығының дәлелі.