Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 12:29, реферат
Осип Андреевич Игельстром – 1737 жылдың 7 мамырында дүниеге келген реседің мемлекеттік қайраткері, әскербасы және генерал.
Шведтің дворяндық руынан шыққан. 1753 жылы орыстың әскери қызметіне түсті. Түркістанмен бірінші шайқасында Аққырман бекінісін алған кезінде көзге түсті.
Швед соғысында қатысып, 1790 жылы Верель келісімі бойынша орыстың патша сарайынан уәкілеті болды. Бейбіт келісімшартты жасауы табысты болғаны үшін генерал Андрей Первозванныйдың орденімен, мақтау қағазы мен алтын сапымен марапатталды.
Кіріспе ....................................................................2
Негізгі бөлім ............................................................3
Қорғауға шығарылатын жағдайлар......................4
Тақырыпты зерттеу деңгейі.................................4
Игельстром мен II Екатарина рескриптері..............7
Қорытынды ............................................................10
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ....................................12
1990-2000 жылдардың басындағы
шетел зерттеулері Орта Азияны
мекендейтін түрік тілдес
Қорытындылап айтқанда осы тақырыпта жазылған қызықты және маңызды зерттеулер Бекмаханова, Әбдірова, Құндақбаева, Кабельдинов, Абусейтова, Күзембайұлы, Трепавлов, Мажитова Быков, Ерофеева және т.б сияқты шетел және қазақстандық жазушылардың еңбектерінде қарастырылады.
О.А. Игельстромның Кіші Ордадағы өзгерістер туралы
II Екатеринаға хаты
«Аса ұлы мәртебелі, бүкіл Ресейдің дара билеушісі, мархабатты патшайым, императрица ағзам!
Аса мәртебелі Патша ханым!
Кіші орда қырғыздарының жұртшылығы менің барлық орда руларына жасаған ұсынысым бойынша, әрбір рудан өздерін басқаратын бір-бір старшындарын сайлап, оларды бізді басқаратын рубасылары ретінде бекітіңіз деген өтініштерімен қоса маған жіберді. Менің Сіздің ұлы мәртебеңіздің атына өзіңізге шын берілгендік ниетпен 1786 жылдың 10 мамырында жазған ордада жазалау тәртібін орнату және әр руда бастық сайлау қажеттігі туралы өтінішіме Сіздің ұлы императорлық мәртебеңіздің сол жылдың 3 маусымындағы бұйрығыңызда Кіші орда қырғыздарында қанша рубасы сайлау керек екендігі анық көрсетілмесе де, менің Сіздің ұлы мәртебеңіздің атына жазған өтінішімде мен сол сайлаған рубасыларына қанша жалақы тағайындайтынымды жазған болатынмын, оған Сіздің ұлы императорлық мәртебеңіз маған берген бұйрығыңызда мен көрсеткен жыл сайын қажет болатын жалақы сомасын және азық-түлікті босатып тұруға келіскен болатнсыз. Сондықтан да мен рубасылығына жұртшылық сайлаған және маған бекітеге ұсынылған старшиндардың тізімін алуға кірістім. Олардың ішіне ел арасында беделі бар бірнеше атақты рубасылары кірмей қалыпты. Осы адамдардың ел арасындағы беделі мен ықпалын өз мақсаттарымызға пайдалану үшін оларды істердің дұрыс жүргізілуін қадағалыап отыратын бақылаушылар етіп қойған дұрыс болар еді. Бұл айтып отырған старшиндардың орда халқының арасындағы беделі басқалардан артығырақ. Сондақтан да олар үшін ордаға жаға лауазымдарды кіргізуді халық лайықты шара деп қолдар еді, сондықтан мен оларға басқаларға қарағанда артықшылықтар беруде міндетті түрде халықпен келісу қажет қой деп санадым. Өткен 1786 жылдың 3 маусымындағы Сіздің жоғарғы императорлық мәртебеңіздің маған берген бұйрығыңыздың алтыншы бабында қырғыз халқына ірі рулардың аса беделді басшыларынан тұратын басқару орнын сайлау керек, ол старшиндарды басты руларда бас старшиндар етіп сайлау қажет, оларға негізгі және төменгі руларды бақылап отыру жүктеледі: осылай олардың қолына халықты басқару билігін берсек, күндердің күнінде олар да өздерінің кім екенін ұғынып, билікті қолданудың қыр-сырын ұғынса, халықтың санасына ордада хансыз да тауық атып, таң шығар деген ұғымды сіңіре берер.
Қауым мұндай бас старшиндарды үш бастыру бірлестіктерінде сайлады, әлімұлында – үшеу, байұлында – екеу жіне жетіруда – екеу. Ру және үлкен рулардың тармақтарының басшылары етіп Әлімұлында 12, байұлында 14, бетіруда 13 кісі, сонымен бірге Кіші жүз арасында көптен аралас тұрып келе жатқан Орта жүздің үш руынан үш старшын сайланды. Олар осында болған кезінде қазан айының 20-сы күні мен оларды аға және ру старшындары лауазымына бекітіп, менің қатысуыммен шекара сотында олардан ант алынып, менің және осындағы шекара шептері жөнінде экспедицияның барлық мүшелерінің қолы қойылған, әрбір сайланған старшынға қандай міндеттер жүктелетіндігі, нені бақылап, нені орындау керектігін түсіндіретін нұсқаулар және Сіздің ұлы мәртебеңіздің жарлықтарымен жабдықталды,
Қырғыздар осы аға және ру старшындарының тағайындалуы мен сот орнатуды ешқандай қысымсыз, өз еркімен қабылдады; менің пікірімше, бүкіл халыққа енді тек мықты бұғалық салынып қана қойған жоқ, келек-келе осы аға және ру старшындарының көмегімен бұл өз бетімен кеткен халық жуасып, тентектігін тияр деп үміттеніп, сөйтіп ордада болған жаңа өзгерістер туралы Сіздің императорлық ұлы мәртебеңізге шын берілгендік пиғылмен хабарлап, руларға тағайындалған старшындардың тізімін, халыққа жариялаған оларды тағайындау туралы жарлық пен оларға берілген нұсқауларды жіберіп отырмын. Аса қайырымды патшамыз, кешіре көріңіз! Мен Кіші қырғыз ордасындағы осы өзгертулер кезінде бұрынғы тағайындалған ақша қаражатын біраз өсіріп жібердім. Оған ордадағы тұрғындардың көптігі және оның барлық бөліктерінде болып жатқан тәртіпсіздіктер себеп болды, сондықтан мен Сіздің ұлы мәртебеңіздің атына жолдаған бірінші өтінішімде ақша шығынының осылай артып кететіндігін болжай алмадым, бірақ Сіздің императорлық мәртебеңіз сол старшындарға тағайындаған жалақыңыздың олардың міндеттеріне ыждағаттықпен қарап, оның үстіне, ордадағы ықпалы күшті адамдар адал қызметі мен бодандық борыштарын дұрыс орындағандықтары үшін ынталандырылады, ордадағы жағдай жақсарып, қалпына түскен кезде осы тағайындалған старшындардың да қажеттілігі болмай қалады да, бұл шығын өзінен-өзі жойылады.
Сіздің императорлық ұлы мәртебеңізге шын берілген: барон Отто Игельстром.
9 қараша 1787 жыл. Орынбордан».
Императрица II Екатеринаның шекара сотын құрғанын және Қайып сұлтанды хан етіп тағайындаудан бас тартуын мақұлдап барон О.А. Игельстромға жазған рескрипті
«Генерал-поручик барон Игельстром мырза!
Қазанның 15-інде жіберілген сіздің хабарламаңызды алып, Сіздің сол жақтағы өлкенің ісіне ыждағатпен араласып, қырғыз халықтарының тыныштығы үшін аса қажетті және пайдалы Шекара сотын құрып үлергендігіңізді біздің қанағаттандықпен қабылдағанымызды білдіреміз. Сіздің қызметіңізге ынталығыңызды әділ бағалап, өзіңіз ұсынған қарамағыңыздағы ұызметкерлеріңіздің адал еңбегін марапаттап, Орынбор экспедициясының шекара істеріндегі надворный советник Петр Чуваловқа коллеж советнигі, Уфаның екінші төменгі сотының судьясы, коллеж асессоры Мендияр Бекчуринге надворный советник, Орынбор корпусының обер-аудиторы Иван Фризельге секунд-майор атақтары беріліп, олар бұрынғы қызметтерінде қалдырылды. Сіздің қасыңыздағы ахун Мұхамеджан Гусейнге қазіргі алып отырған 300 сом жалақысына тағы да жылына 200 сом қосуды бұйырамыз және ол бұдан былай бас ахун деп аталсын, сонымен бірге сіз қырғыз халқы жөніндегі біздің басқа да ойларымыз бен жоспарларымызды өзіңізге тән ынтамен, шебер түрде іске асырады деп сенеміз. Сонымен бірге өзіңіз жасаған ұсыныстарды шешу үшін, мыналарға рұксат етеміз:
Қорытынды
Жұмысты жасау барысында келесі қорытындылар жасалды:
Біріншісі – 1710-1760
жылдар – Әбілхайыр хандығы
жағынан белсенділікпен
Екіншісі –
1760 жылдардың орта шеңі мен
1780 жылдардың соңы – аймақтағы
Петербург позициясының
Бірінші кезеңде қалыптасқан
қазақ-ресей қарым-қатынасының
Пайдаланған әдебиеттер тізімі