Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 13:56, реферат

Описание

Осы кезге дейін сұлтан, кейіннен ақ киізге көтеріліп хан сайланған Абылайдың немересі Кенесары көтерілісінің басталу себептерін жеке автордың әрқалай түсіндіріп жүргені байқалады. Барлық дерлік авторлар осы мәселені немесе оған жақын жәйттерді көтерген тарихшы немесе публицистер көзқарасының бір түйісетіні: он жылға созылған көтерілістің басты себебі – патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсылық. Әдетте XIX ғасырдың 20-жылдарында Орта жүзді қамтыған, басқа басқа аймақтарды шарпыған халықтық қозғалысты Кенесарының ғана есімімен байланыстырады.

Содержание

Көтерілістің көзден таса беттерінен. Қасым төре тұқымы неге көтерілді? 2
Қазақстанда патшалық Ресейдің отарлау саясатының күшеюі және оған қарсы Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық күресі (1837-1847 ж.ж.). 3
Кенесары бастаған ұлт-азаттық күресінің 3-4 кезеңдері мен көтерілістің Қазақстан тарихындағы маңызы. 6
Патшалық отарлау саясатына қарсы Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының зерттелуі туралы. 9
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 132

Работа состоит из  1 файл

Рефферат.docx

— 27.09 Кб (Скачать документ)

Қоғамдық дамудың феодалдық  сатысынан аса алмаған қазақ  жұртының бытыраңқылығы (Байтақ қазақ  даласы: Үш жүз, Бөкей ордасы- бәрі бірігіп, біртұтас елдігін көрсете алмады);

Ұлт-азаттық қозғалысын қазақтың нағыз  деген бай-шонжарлары, ауқаттылар қолдамады, қайта олар өздерінің жеке бастарының мүддесін жоғары қойып, сатқындық, опасыздық  жолына түсіп, патша әскерлері мен  жендеттеріне көмек көрсетті;

Көтерілісшілер (арасында батырлары  болғанымен), негізінен бұқара халықтан шыққан қара шаруалар болды да, мұндай жауапты да шешуші күреске келгенде, олардың әскери дайындығы төмен  болды, жетілдірілген қару-жарақтары  болмады;

Қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысын біржола тұншықтыруға, Қазақстанның отар ел ретінде қала беруіне көршілес Қоқан, Хиуа, Бұқар хандықтары мен  қрғыз манаптарының өте мүделі болғандықтары  дәлелденді.

Патшалық отарлау саясатына  қарсы Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ  халқының ұлт-азаттық қозғалысының зерттелуі туралы.

Шоқан Уәлихановтың еңбектерінде бұл  көтеріліс шындықты бұрмалай қортындылады: “Бүлікші сұлтан Кенесарыны – 1) феодалдық  монархиялық қозғалысқа бас болды; 2) Хандық билікті қалпына келтіруге  тырысты; 3) Орта Азия феодалдық мемлекеттеріне ұқсас сондай саяси құрылымды  аңсап, жеке дара қазақ хандығын құрғысы  келді, ”- т.б. шындыққа сыймайтын кері пікірлер айтылды.

XIX ғасырдың II жартысында орыстың  тарихшыларының ішінде Кенесары  көтерілісін арнайы зерттегендер  М.Красовский мен И.Завамишин  болды. Бұл екі автордың ерекше  бөліп алып қарайтынымыз:

 М.Красовский Кенесары көтерілісін  патшалықтың сыртқы саясатымен  байланыстыра талдайды. Әрине, бұл  жері көңілге қонады. Дегенмен, автор, 1822 жылғы патшалықтың Хандық билікті  жою туралы уставы (жарғысы- Е.Ы.) шығуының салдары себеп болған  көтеріліс болса да, патшалықтың  жаулап алу саясатын ақтау  бағытын ұстап отырғандығын аңғартады;  Кенесары көтерілісінің әр қилы  жақтары туралы нанымды тарихи  деректер В.Поттоның еңбектері  мен Қазақстан Республикасы Орталық  Мемлекеттік архив қорларында ғана шындық тұрғысынан көптеп кездестіруімізге болатындығын ерекше айтуымыз керек.

1831 жылдарда Польша азаттық қозғалысына  ат салысқан Адольф Янушкевич  өз еңбегінде Кенесарыға көтерілістің  көсемі ретінде қарап, әділ  баға беруге тырысып, іштартқандығын  білдіреді.

Ал Кеңес үкіметі тұсына келетін  болсақ, Кенесары көтерілісі туралы: 1) большевиктік идеология; 2) топ күресі; 3) саяси әлеуметтік принциптерге негізделген  монокомунистік бағыт ұстаған зерттеулер көптеп саналады.

1837-1847 жылдардағы Кенесары көтерілісінің  ақиқат жолмен тарихи елеулі  оқиғаға айналған, 1947 жылы жарық  көрген, қазақ халқының бір туар  перзенті, көрнекті тарихшы Ермұхан  Бекмахановтың атақты, тарих ғылымына  қомақты үлесімен қосылған монографиялық  зерттеуі болып табылады.

Әрине, бірқатар белгілі ғалым-зерттеушілер қиын заманның тұзағына түсіп қалмақ үшін өз көзқарасатрынан, идеялық сенімінен  бастарын ала қашты. 60-жылдары қырғыздың  ғалым-зерттеушілері де Кенесары көтерілісіне объективті түрде баға берді.

Алайда, әлі де болса Кенесарының  қайшылығы мол, күрделі тарихи тұлғасы  толық зерттеліп бітті деп  айту қиын.

Кенесары бастаған орыс отарлау  саясатына қарсы қозғалыс туралы құнды құжаттар бірнеше ірі-ірі  мемлекеттік архивтерде сақтаулы. Олар - Мәскеудегі Орталық әскери тарихи архиві. Мәскеудегі Мемлекеттік тарихи архивте – Сыртқы істер Министірлігінің  қоры: Санк-Петербургтегі Орталық  тарихи архив; Өзбекстанның Орталық  Мемлекеттік архмві; Орынбор мен  Омбының облыстық Мемлекеттік архивтері; Бірен-саран мәліметтер басқа да архивтерде кездеседі.

Қорыта айтсақ, Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы  объективті түрде жалпы ұлттық мақсатпен  ынта-ықыласты халық қамын, үстем  тап өкілі де қорғайтынын дәлелдеді. Қазақтың дербес, тәуелсіз мемлекетін құрудағы бұл қозғалыстың тарихи мәні зор екені сөзсіз.

Сонымен қатар, архивте кеңес үкімтінің  жоғарғы билік пен басқару  және сот мекемелерінің архив  қорларында данышпан ғалым Ермұқан  Бекмұхановты шолақ ғалымдардың  жабылып қудалап, Кенесарының рухын  топтаған сұмдық-зұлымдық құжаттары  да мәңгілік сақтауда жатыр.

Ұзақ тарих көшінде іргелі ел болып қалыптасу жолында еш халыққа  ұқсамайтын дәстүрі, қасиеті, рухани байлығы  бар ұлт болып қалыптасуында  Кене хан бастаған ұлт-азаттық, Отан қорғау соғысының мәні мен маңызы қайта жаңғырып, терең ағына алуы қажет деп білеміз.

Бостандық сүйгіш ұлы Кенесарының қазақ  халқының шәшилі деген. Тарихи көзқараспен  қарағанда ол кейінгі жылдары  әділетті бағасын алып жүр. Тек егемендік  алғаннан кейін ғана біз бостандық  үшін күрескен өз халқының батырын  ашып баға беруге мүмкіндік алдық.

Оның  ұлы атасы Абылайхан қан төкпей дипломатиялық қатынасқа бас  ұрған болса, Кенесары ел үшін тәуекелге  бел буып күресті. Сұлтан Кене бибіт  келісімге жол сала отырып орыстардан Абылайдың қазақ халқыныңханы деп  тануды сұранды. Бірақ толығымен  қару жарақпен қаруланған әскері бар  үзірлері, патшалықтың тек қылышпен жабдықталған қазақ хандығымен тең  болғысы келмеді. Бас ұрсаңда, ұрмасаңда  бағындыратынын білдірді. Бұл ұлы  державаның шавинистік саясаты еді. Ұлы Абылай мен әкесі Қасым  мемлекетінің егемендігін ұстап  қалғысы келді. Бірақ алып көрші  қазақтың кең даласын ашық түрде  шабуыл жасады.

Ал  Кенесарыға келетін болсақ, оның жолы ауыр болды. Қаншама кедергілерге қарамастан өз басын тігуге сескенбеді. Орыс патшалығына  дипломатиялық саясатын іске аспайтынын жақсы түсінді. Бірақ жол қалды, ол – шайқас. Жеңіске жетуі екі  талай қан көп төгілетінін  сезгенмен тәуекел етті.

Кенесары  шын мәнінде өз халқының батыры ұлы  Әлейхан Бөкейханов тарихи қозғалыс жайлы жазғанда былй деді: “Халықты бір мемлекет қылып біріктіріп оны  сақтау саясатында Кенесары ұлы атасы  Абылайдан асып түсті”.

Қан төгіс келген егемендігімізді қорғай отыра, өз бабалаымыздың алдында  бас иуіміз керек. Олардың әр төгілген қанында болашағымыз бен бостандығымыз  жатыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

Е.Т. Ыбырай “Кенесары бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық күресі (1837-1847 ж.ж.)” –  Алматы, 1998.

Қасымбаев Жанұзақ  “Кенесары хан” – Алматы, 1993.

Ысқақов Нұрмағанбет  “Хан Кененің жорықты жолдарымен”  – Астана, 2003.

Мұхатова  Оразгүл Хасенқызы “XIX-XX ғасырлардағы Қазақстан тарихнамасы” – Алматы, 2002.

Жамбылов  Диас Әбушахманұлы “Қазақстандағы ұлт-азаттық  қозғалыс” – Алматы, 2001.

Сұлтанов  Тұрсын Икрамұлы “Қазақ мемлекетінің құрылуы. Қазақ хандығының тарихы”  – Алматы, 2000.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс