Кенесары Қасымұлы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 20:28, реферат

Описание

fee

Работа состоит из  1 файл

Кенесары Қасымұлы.doc

— 75.00 Кб (Скачать документ)

         Бірқатар феодалдық топтардың  Кенесарыны қолдамауы, Ресей империясынан  көптеген жеңілдіктер алған сұлтандар  мен билердің орталықтанған феодалдық  мемлекетті  қалпына келтіруге  мүдделі болмауы – көтерілістің жеңілуіне негізгі себебі болады. Жүзге жіктелгенқазақ рулары көтерілісті өз жерінде қолдап, Қоқан және қырғыздармен күресуден өздерін алшақ ұстады; Кенесарының өзін қолдамаған ауыларға озбырлығы да көтерілісшілер қатарын сиретті;  Кенесары Бұхар, Қоқан феодалдарымен арпалыста  күшін сарқып,  патшалы Ресейге қарсы бүтін халықты біріктіре алмайды.  Кенесарының тәуелсіздік жолындағы күресі де және  осы жолда тек қана түркі халықтарының күш біріктіруі арқылы оң нәтиже күтіп, әрекет етуі де оның кең қарымды саясаткер, көреген стратег екендігін аңғартады.  

    Кенесары  – Қазақ хандығының   соңғы ханы 

         Кенесары хан әулетінің шежіресі. Кенесары ханның бәйбішесі Күнімжан  ханымнан (арғын руының қызы) үш  ұл туады: Жапар, Тайшық, Ахмет.  Екінші әйелі Жаңыл ханымнан бес ұл туады: Құшар (кейбір деректерде Омар), Әбубәкір, Құсман, Сыдық, Жақша. Кенесарының үлкен ұлы Жапар Ресей империясы әскерлерімен болған соғыста тұтқынға түсіп, көп жыл айдауда болады. Ақырында Бекет батырмен бірге қашып  келеді. Денсаулығы нашарлағандықтан көп кешікпей  қайтыс болады. Кенесарының ұлы Сыдық (Сыздық) сұлтан (1839-1910) әке жолын қуып, Ресей империясына қарсы күресті. Тайшық пен Ахмет сұлтандар амалсыз патша үкіметіне барып қызметке тұрады. Қоқандықтармен болған  бір соғыста Тайшық сұлтан қатты жарақаттанып, қайтыс болады. Ахмет сұлтан алғашында Шу бойндағы қазақ, қырғыз елдерін Қоқан шапқыншылығынан қорғап тұрады. Шымкент уезді ашылған соң Ахмет сұлтан онда уезд басшысының үшінші жәрдемшісі болып тағайындалып, осы жұмыста  жиырма жыл істейді. Қазақ рулары мен патша әкімшілігі арасындағы қатынастарды реттеп тұрады. Ахмет сұлтан қырық алты жасында қайтыс болады. Ахмет сұлтанның ұлдарының ішіндегі ең белгілісі (1878 - 1837) Алашорда партиясын құрушылардың қатарында болған, саяси қуғын – сүргін құрбаны . 1996 жылы толығымен ақталып шығады.

         Әзімжан ұлдары: Натай, Мұхамедхан, Мадияр, Тәуке, қыздары: Хамида, Напуса, Аян, Баян. КСРО- ға еңбек сіңірген  геолог, геология-минерал ғылымының  докторы, гидролог, Өзбекстан ҒА-ның  мүшесі Натай Әзімханұлы Кенесарин кезінде абасының  атын алып жүргені үшін қуғындалып, Қазақстанға қоныс аударуға мәжбүр болған.

         Кенесарының Әбубәкір атты ұлының  шөбересі, ұстаз әрі домбырашы,  өнер қайраткері Файзолла Үрімізов  пен жиендері арасынан Кеңес  Одағының Батыры  Александр Гаврилович Моисеевский сынды генерал шықты.  

Кенесары  – көреген стратег 

         Кенесары қазақ халқының дербес мемлекеттілігін қалпына келтіру, халқын бодандықтан құтқарып, басын біріктіру, азаттық пен бостандыққа қол жеткізіп, тәуелсіз ел ету мұратын көздеген сұңғыла саясатын, қараткер, ірі мәлімгер, дарынды әскери қолбасшы ретінде ел есінде қалды. Оның дипломатиялық және саяси белсенділігі, Ресей үкіметінің әскери-әкімшілік орталықтары мен сол тұста көптеп құрылып жатқан бекіністерін жою жөніндегі шешімдері жіне жақты әскери қимылдары  сол кезгі тарихи құжаттар мен зерттеулерде көрініс тапты. Саяси ахуал оған қарулы күрестен басқа таңдау қалдырмағаны анық. Оның әкімшілік және сот реформаларын жүргізгені, биліктің орталықтандырылуын күшейтуге тырысқаны, өз армиясын заман талабына сай  қайта құрғаны, артиллерияны қолданып, әскери тактиканы дамытқаны, қатал тәртіпке бағынған, ұтқыр тәсілдермен әрекет ететін әскерқұрі білген әділ бағасын алуда Кенесарының  өмірі мен азаттық жолындағы күрес көптеген ақын-жазушылардың шығармаларына арқау болды. Нысанбай ақынның «Кенесары - Наурызбай» дастаны (ХІХ ғасыр) 1875 жыл сұлтан Жантөриннің тәжімасымен «Орыс географиялық қоғамы  Орынбор бөлімшесінің жазбаларында» орыс тілінде жарияланды. ХХ ғасырдың 30-жылдары Мұхтар Әуезов  «Хан  Кене» пьесасын (сахнаға бірер қойылуынан кейін тыйым салынған), 60-жылдары И. Есенберлин «Қаһар» романын жазды. Алғашқы зерттеулер ішінде «Қазақ сұлтаны Кенесары Қасымовтың бүлігі» деген тақырыппен Н. Середеның 1870 жылы «Вестник Европы» журналының бірнеше нөміріне бастырған кітабының дерек көзі ретінде маңызы зор.  1888 жылы Ташкентте «Кенесары мен Сауық» деген атпен шыққан Кенесарының баласы сұлтан Ахмет Кенесариннің естеліктер жинағы да құнды еңбек болып табылады.  Кеңес үкіметі тұсында Кенесарының күрес жолына іргелі ғылыми зерттеу арнаған  тарихшы Е. Бекмаханов («ХІХ ғасыдрдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» 1947 ж) саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Кенесары тұлғасына жаңаша қарап, оның шынайы бағасын беру ісі Қазақстан тәуелсіз мемлекетке айналғаннан кейін қолға алынды. Тарихшылар (Ж. Қасымбаев, т.б) өз зерттеулерін жариялады. 2002 жылы Кенесары туғанына 200 жыл толуына орай Халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Астана қаласында Кенесарыға арналған ескерткіш қойылған және онда оның есімімен аталған көше бар. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер 

  1. Е. Бекмаханов «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан», 1947жыл
 
  1. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 4 том 500-502 беттер
 
  1. Ж. Қасымбаев  «Қазақстан тарихы»  8- сынып

Информация о работе Кенесары Қасымұлы