Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 05:13, реферат
Қай халықтың болса да ең маңызды ескерткіші оның тарихы. Сол тарихымыздың орыс отаршылдығы және кешегі КСРО кезінде бұрмаланып келгендегі, ақтаңдақтардың болғандығы ақиқат. Сол ақиқаттардың ең үлкені-халқымыздың ұлт-азаттық жолындағы күресі еді. Өткенді білмесең-болашағың бұлыңғыр. Өткенді білу-бүгініңк сабақ, болашаққа бағдар. Өзіңнің тарихыңды тану-елдігіңнің, өскеніңнің айғағы. Біз өткені жоқ халық емес едік, бірақ та сол өткенімізді біле білмей келдік. Біз тарихы жоқ халық емес едік, бірақ та тарихымызды тани алмай келдік. Я, кешегі қызыл империя тұсында тарихымыз өрескіл бұрмаланып, өктем саясаттың құрбанына айналдық. Кенесары Қасымұлы бастаған халық көтерілісі туралы шындықтыбілгенімізден де білмегеніміздің көп болғаны соның айғағы екені анық.
Кіріспе.
Ақтаңдақтар ақиқаты.
Негізгі бөлім
а) Кенесарының туып өскен жері және арғы атасы Абылай туралы.
ә) Қазақ еліне Ресей және Қоқан бектерінің отаршылдық саясаты.
б) Кенесары әкесі Қасымның және Кенесарының отаршылдыққа қарсы әділетті күресі.
в) Кенесарының ерліктері, саясаткершілігі, әскери тактикасы.
г) Ханның көтеіліс салмағын Қазақстанның күнгейіне Қырғыз еліне аудару себептері.
д) Қателіктер ханнан тараған ұрпақтары жайында.
Қортынды.
Тарих парағын түгендеу ұрпаққа парыз.
Кенесары Перовскиге жолдаған бір хатында, Абылайдың кезінде ІІ Екетарина патшайымға жіберген құжаттарындай, «Мен оған алыста, жақында болмасам да жүрегім мен жанымды салып қызымет етуге дайынмын . Маған бір шен мен грамота алып берсеңіз», - деген өтініш жасайды. Мұны Кенесарының І Николайдан атақ, шен сұрап, Орынбор әкіміне «жағылыуын » біріңғай феодалдық мемілекетті қалпына келтіру жолындағы тактикалық айла деп ұққан жөн.
Кенесары батырлығы мен тапқырлығы жөнінде Н.Н. Середа мынадай мінездеме береді: «Кенесары өз жасағының ықыласына лайық билеуші бола білді»,-деп жазды. «Ол оның жасағының рухының жоғарылығына Еуропалық әскердің қайсысының болсын қолбасшысы қызыға қарайтындай еді. Ол шабуылдары кезінде сондай жылдам, бейне бір жолындағының бәрін күйрететін дала дауылы сияқты, Кенесары алдында қандай кедергі болса да тоқтамайтын. Қайта қандай да бір кедергі болмасын оның еркін өрлендіре түсіп, өзінің ойлаған мақсатына жету жолында кездескен барлық тосқауылдар, оның ьонап сауда қуатының алдында
күйремейінше оны екпіндетіп, өз ісіне өжеттендіре түсетін. Кенесары бойындағы осы қасиеттерін біздің көшпелілер жоғары санайтын және оның серіктерінің жүректері өз басшыларына шексіз, жан қиярлық сеніммен соғатын» Ал Томас Аткинсон былай дейді: «Кенесары жеке басы көзі батыр, ұландарды арасында шексіз беделді болатын, оған олар құдайға құлшынғандай құлшынатын, ал жетесіз кеткендерді де аямайды, оларды құлшынатын, ал жетесіз кеткендерді де аямайды, оларды өлім жазасы күтетін. Жау мен кескілескен шайқастарда ұран салап, айбалыстан жарқылдап соғысқа бірінші керетін. Бұл жігіттерге сенім беретін, оның көптеген бастамасының баянды болуына негіз қалайтын...»
«К Енесары қазақтардан тамаша жауынгерлер даярлайтын. Найза мен айбалтаны ғажайып игерген, шапқыншылықтарды көз ілестірмейтін Кенесары жігіттері өздерінен көп жауды күштерімен жеңісті соғыса беретінін мен талайлардан естідім. Егер білікті офицерлер болса, қазақтар әлемдегі ең әйгілі атты әскерлерін құрар еді. Оларға тарихта даңққа бөленген Шыңғысхан жиһангерлнрінің барлық тамаша қасиеттері тән болатын.»
Е. Бекмаханов өзініңкітабында Кенесарының мықтылығы оның айлакерлігі мен атты әскерді шебер басқара білгендігіне екендігін айтады. Ол тыңшылық пен барлау жұмысын жақсы жолға қоя білді. Әскери айла, әдістемелерді қолданады: жалған, дерексіз сөз тарату, қарсылығын бағытынан жаңылдыру. Міне, осылайша дала соғысының тактикасын тамаша қолдануы, көтерілісшілердің ерлігі, ең үкіметінің озбырлығымен, шектен шыққан жауыздығымен аты шыққан, қазақтар мен отарлаушы әскерлердің ішіндегі ең күштісі мен тең жағдайда соғысуына жағдай туғызды.
Кенесары көтеріліс салмағын Қазақстанның күнгейіне, Ұлы жүз жеріне қарай көшірмекке бел байлады. Мақсаты Алатау қырғыздары мен қазақтарының күшін біріктіруді ойлайды. Кенесарыға қырғыз қалқының көмегі өте қажет еді. Бұл туралы тарихшы Сыдықовтың «История киргизии» деген еңбегінде «Қазақ ханы Кенесары Орманға өзінің өкілін жіберіп, қазақ пен қырғыздың бірігіп, ортақ жауға қарсы күресуіне өтініш жасады» - деп жазады. Орман мен Жантай ұсынысты қабылдамайды. Ақыры 1847 жылы Кенесары қырғыз жерін басып кіреді. Мақсаты қазақ-қырғыздың жауы Қоқанға және оның сенімді серіктері қырғыз манаптарына қарсы күресу еді.
Енді Кенесары қырғыздарға не үшін шапты? Біріншіден,әскер күші қажет еді, екіншіден, материалдық мұқтаждық болды. Өйткені әскер ұстау үшін мал – пұл керек екендігі белгілі. Ал, 1846-47 жылдары қарғыздардың жаны тыныш, малы түгел еді.
Ханның қателігі
Біріншіден, одақтаса бірігейік деген саясатпн емес, менің билігімді мойындап, қазақ-қырғыз ортақ хан ретінде артымнан ересіңдер деген талаппен келді.
Екіншіден, қалың бұқараны өзіне қарсы қойып алды.
Кенесары қырғыздарымен шайқасының тағдыры, қырғыздың жеңісімен аяқталатыны белгілі болды. Себебі, біріншіден патша отрядының басшылары манаптармен әскери қимыл жоспарын кеңесіп отырған. Екіншіден, қазақ сұлтаны Рүстем мен Сыпатай би он екі мың әскерін шайқас болардан бұрын алып қашып кетеді. Осы сатқындығы үшін олар патша өкіметінен үлкен сыйлықтар алады. Үшіншіден, Қоқан бектері өз әскерін Орман манаптың қарамағына береді. Көптің аты көп, топырақ шаша алмайсың. Орыс, қоқан, манап қолы үшеулеп Кенесарының қолын қоршауға алады. Осы кездері Хан Кененің оң қолы Наурызбай, жанған өрттей лапылдап:
-Кене аға, маған Ағыбай мен Құрман бас қып екі жүз жігіт беріңіз. Мен қырғыз шебін жарып өтіп, жол ашайын. Сол жерден сіздер де шығасыздар, - деп жігерін жинайды. Б9л бірден бір дұрыс жол болатын. Наурызбай жау құрсарын бұзып жарып, өте шығар да еді. Өзгелер де соны анық біліп, бір ауыздан құптайды.
-Жау шебін жарып өтіп, аты жүйріктеріміз қашып құтыламыз, ал қалғандары қайтеді? Бәрі түгел қырылмай ма? Маған сеніп, соңымнан ерген елімді жауға тастап, өз басымды амандасам, менің кім болғаным? Жоқ, жоқ өлсек бәріміз бірге өлеміз, құтылсақ бірге құтыламыз! – дейді.
Ақыры Кенесары сарбаздары қоршауға түсіп, Иман (Амангелді батырдың атасы), Бұғыбай, Бұхарбай, Құрман батырлар опат болды. Ал Кенесары қолға түседі. Кенесары соңғы шайқасы, Тоқымақ қаласының шығыс жағында Кекілік сенгір тауының етегінде болыпты. Ал Наурызбай, Ағыбай, Жеке батыр үшеуі тізе қосып, соңына ерген азғана жігітпен жау шебін бұзып-жарып өтіп кетеді. Кене ағасы жауға пенде болғанын естіген Наурызбай, сыңарынан айырылған аққудай алысқа ұзай алмай, маңайды теңіректеп жүреді. Қырғыз манаптары болса, Кенесарыны қайтерлерін
білмей дал болады. Өлтірейін десе қорқады. Наурызбай тірі жүргенде тыныштық бермеуі Қақ, қан құстырып кек алмай қоимайды. Бәрі ойласа келе ақыры Кенесарыны босатып жіберуден өзге жол таппайды. Ол жайлы Наурызбай білмейді аяулы ағасының жау қолында қалып, қор болған күйігі шыдатпай қайғыларып, ақыры:
«Кене ағамнан жаным артық емес, өлсем бірге өлем!» - деп басын өлімге берік байлайды да, жау жатағына жалғыз барып кіреді. Егер наурызбай жау қолына өзі барып түспесе, тарих парағы қалай жазыларын кім білсін. Сөйтіп, дәл жиырма бес жасында Наурызбай пәнимен бақұлдасады. Ал Кенесарыны Дайырбек, Қалша деген қырғыздың атқмінерлері осы маңда орналасқан ауылдарына алып келіп, айға жуық жеке үйде ұстапты.
«Хан болсаң қаруыңды таста, қара болсаң қамдан» дегенде Кенесары қаруын лақтырып жіберіп, өз еркімен беріліпті деседі білетіндер. Күзет те қоймапты. Хан басымен қашып кетпейтініне көздері жетсе керек. Бір күні Дайырбек «не істеп жатыр екен» деп киіз үйдің жабығынан сығаласа ұйықтап жатқан Кенесарының үстінен бір қара қозы арылы-берілі секіріп жүр екен дейді. Хан ұйқысынан оянғаннан кейін сұраса, ол «құрыды ғой, оңбай қалды ғой» дегеннен басқа ештеңе айтпапты. Бұл Кенесарының батыр ғана емес аруақты да адам болғанын көрсетеді. Содан не керек, Кенесары: «Жаман қырғыз ханыңа жолықтыр» дейді. Кенесары мен жолығуға құлқы болмайды, «маған кезіктермей-ақ көзін құртыңдар» деп бұйырады. Бұл бұйрық көп ұзамай орындалады. Қырғыздар Кенесарының Басын кесіп, Батыс Сібір генерал-губернаторы Горчаковке әкеледі, одан соң батырдың басы Петербургке жіберіледі. Денесі қырғыз жерінде қалады.
Қортынды: Тарих парағын түгендеу ұрпаққа парыз.
Кенесары көтерілісі жеңіліске үшырады. Алайда ол қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысында көрнекті орын алады. Бұл-үш жүз қазақтарын патшалық отарлауға қарсы жұмылдырған, он тоғызыншы ғасырдағы ең ірі көтеріліс болды. Бірақ Исатай-Махамбет батыста, Жанқожа Сыр бойында жеке дара жүрді. Егер, осылардың бәрі бір мезгілде Кене ханың жасыл туының астынан табылғанда, Қоңырқұлжа Қдайменди, Ахмет Жантөрин, Шынғыс сұлтанда өз бауырлары Кнесарыға қарсы майдан ашпағанда, тарих дөңгелегі басқаша айналар ма еді, қайтер еді. Әттең!
Он жыл бойы үзіліссіз Ресей империясымен, опасыз Қоқан
хандығымен соғысып өткен, ақ жолға ғұмырын арнаған, ариманы таза «алты алаштың ардағы» еді Ер Кенекем!
«Тоғыз ұлын бір төбе, Ер Төстігім бір төбе» демекші, басқа хандарымыздан Хан – Кененің орны ерекше еді.Бұл оқиғалардың өрескіл бұрмаланып келгендігі ақиқат.
Абылайдың кіндігіне өрбіген отыз ұлдың ішінен орыс патшалығына бас имей өткен тек Қасым әулеті ғана. Халқының тәуелсіздігі жолында олардың бәрі жау қолынан қаза тапты. Олар ең бақытты жандар еді,. Аталары Абылайдың өсиетіне адал болып келешек ұрпағының жолында шейіт болды.
«Кім қаншама шексіз сүйсе Отанын,
Оның тартар азабы да соншама!»-деп М. Шаханов айтпақшы, бүкіл Қасым төре әулеті қалқының азабын арқалап, Отаны үшін опат болды. Сондықтан да бұл қасиетті, бақытты ақ өлім. Ал Кенесарының атақ-даңқы тірі күндегісінен арта түспесе, әсте кемімейді, Қайта еселеп арта түседі, Тау халықтарының басшысы. Батыры Имам Шәміл орыстарға тізе бүкті, ал Кнесары бабамыз тізе бүккен жоқ, жеңілмеген қалпында кетті. Имам Шәміл көзінің тірісінде де, өлгеннен кейін де елінен зор құрмет көрген қолбасшы. «Жанымды да өзгенің емес. Құдайдың өз қолына тапсырдым» деген Шәміл Мәдинеде қайтыс болды. Сонда жерленген. Ал, Кенесарының денесі қырғыз жеріндегі Кекілік тауында «он бір жыра» деген жерде, бас сүйегі Ресейде. Кенесары хан мәңгілікке тыныс алған сәттен бастап қазақ елінің шаңырағы құлады, алып империяның отар еліне айналды, теміріне түсті.
«Кімнен таяқ жегендей, біздің қазақ баласы.
Алдырып жүрген дұшпанға ауызының аласы»-деп Кенесары айтқандай, Кенесары кейін қазақтар шіл боғындай тарады. Сөйтіп орыстың айтқанына көнді, айдағанына жүрді. Кенесары өлгенде Нысанбай жырау:
Кене ханның тұсында,
Қарт бурадай жарадық.
...Кене хан жазым болған соң,
Шілбоғындай тарадық.
Көрінгеннен қорғалап,
Кісі аузына қарадық! – деген екен.
Ал, қазір заман өзгерді. Кенесарының арманы орындалды. Еліміз жеке мемілекет, іргелі ел болды. Арыстан туған Ханымызды ұрпақ
санасында мәңгілікке қалатындай не іс тындырылды? Кенесарының басы Эрмитажда мазақ үшін әлі күнге дейін тұр. Ал денесі қырғыз жерінде.
Қазақта «Сүйегіңді қорлатпа» қасиетті нақыл сөз бар. Осы сөздің астарына терең үңілу керек сияқты.
«Орыс ойына келгенін қылып» кезінде ханымызды мазақ қылғаны баршамызға белгілі. Еңді оған жол беруғе болмайды.
Қазіргі таңдағы басты міндет:
Батырдың кеменгер басын алдырып, оның қырғыз жерінен сүйегін тауып, туған топыраққа яғни қазақтың бар қаймақтары жатқан (хандары, батырлары,билері, т.б) түркі халықтарының бесігі қасиетті Түркістанға әкеліп жерлеу қолға алынса. Бұл тұрғыдан оң істер істеліп, жалғасын тауып жатқан сияқты.
Қазақстан Ұлттық Ат спорты Федерациясының президенті Қайрат Сатыпалдыұлы Назарбаев деген азаматымыз осы тұрғыда біршама тірліктер тындыруда. Қазір Кенесарының сүйегін іздейтін экспедиция құрылды. Қазақ бекер айтпаған «Өлі разы болмай, тірі байымайды»-деп. Тарих даңғыл жол емес, құпия, қалтарысы мол бұралаң жол.Қарама-қайшылығы мол қиын заманда атқа қонып, алмағайып уақыттың құрбаны болған Кенесарының мәңгі есте қалдыру үшін не істеу керек?
Бірінші: Батырға лайықты құрмет көрсетсек, ескерткіш орнатсақ, мұражай ашсақ, әр обылыс орталығында бір көшеге Хан Кене есімін берсек.
Екінші: Кекілік сеңгірде жатқан Кенесарының сүйегін тауып, Түркістанға жерлесек. Бұл қазір ғана емес болашақ ұрпақ үшн керек. Ол-бүкіл қазақ ұлтының абыройы, мақтанышы, болатыны сөзсіз.
...Тұранның топырағын құшып жатыр,
Алаштың хан Кенедей көкжал ері ... деп кезіндеМағжан ақын жырлап өткендей. Әлі де талай еңбектер жарық көреді. «Құдайдан басқаға құл болмас үшін» күрескен кенесары ханымыздың екінші өмірі басталады ал сөз соңында батыр ұрпақтарына келер болсақ, оған қысқаша мынадай мәлімет беруг болады. Қазақтың ханының ұрпақтарына келсек оның баласы Сыздық сұлтан орыстар Орта Азияны жаулап алған кезде Түркістан өлкесінде соларға қарсы соғысқан қазақ жігіттері мен түрікпен шабандоздарын басқарып қайрат көрсеткен қолбасшы, ержүрек адам болған.
Қазақ халқының өз алдына ел болуы үшін күрескен ең соңғы
жауынгер. Ол Орта Азияда патша үкіметіне, хандарға, қытайға қарсы халықтың жауынгерлік күресін бастаған (1860-1877ж.) Сыздық туралы қвзықты әңгімелер, жырлар ел аузында көп тараған. Сыздық 1910 жылы 71 жасында қайтыс болады.
Кенесарының шөбересі, Мәскеу метрополитенін салудағы еңбегі үшін сонда ескерткіш тақтаға аты жазылып, мәңгілікке қалған аса ірі гидогеолог ғалым Натай Әзімханұлы Кенесарин өзбек бауырларға барып, жан сауғалады да туған елді зарға сағынған жүрегі 1973 жылы тоқтап, топырақ сол жақтан бұйырады.
Бұл сабақта толық меңгерту мақсатында оқушыларға жеке тапсырмалар беріледі. Мыс: Рефераттар дайындау, конспект, хабар, жоспар жасау, таблица, схема сызу, т.б. сонымен қатар логикалық тапсырмалар беру түрліше тәсілдермен жүзеге асырылады. (Картамен жұмыс,схема, т.б.) Кенесары туралы тарихи құжаттар ел аузындағы әңгімелерден үзінділер оқылып, баспасөз материалдары, әдебиеттер пайдаланып, мұғалімнің әсерлі әңгімесі көрнекі құралдармен ұштастырылады. «Фотоальбом» және «Кенеханның ерлік жолы» деген схема карта пайдаланылады. Басты талап сабақтың пәндік және саяси идеялық дәрежесінің жоғары болыуы, танымдық қабілетін танытатын әдіс-тәсілдері үнемі қолдану. Ол ұшін баланың білуге деген құштарлық сезімін ояту, жаңаны түсіндіру, ескіні үмыттырмау қажет. Тарих қолдану. Тарих пәнінің өз тілімен сөйлеу дағдысын қалыптастыру басты шарт және сабақ оқытудың түрлі әдістері мен тәсілдерін ұтымды ұштастыру керек. Сабақтың білімділігі, тәрбиелілігі, және дамытушылығы мұқият ескеріліп, мыналар назарды ұсталуы керек.
Бірінші: Білімділігі.