Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 18:55, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. ХХ ғасыр адамзат баласы үшін ең ауыр кезең болды. Бір емес арасына жиырма жыл салмай қайталанған бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс жалпы саны 70 млн адамның өмірін қиды. Қаншама саяси лагерлер, КСРО-дағы саяси репрессия. Ашаршылық осының бәрі ХХ ғасыр еншісіне тиесілі тарихтың ең ауыр да күрделі, қиын сынақ қойған зұлмат кезеңдері.
І Ұлы отан соғысының кезеңдері (1941-1945 ж.ж.)
1.1Ұлы Отан соғысына жалпы сипаттама.
1.2Сталинград түбіндегі шайқас.
ІІ Сталинград-Ұлы Отан шайқасын түбегейлі өзгерткен ұлы шайқас.
2.1 Сталинград шайқасына қатысқан батырлар.
2.2 Сталинград шайқасының тарихи маңызы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Зерттеушілердің пікірінше, қуғын-сүргін әскердің қорғаныс қабілетіне кері әсерін тигізді. Олардың пікірінше кадр «тазалаулары» әскердің моралдық жағдайына кері әсер етіп, кейбір азаматтардың Ұлы Отан соғысы кезінде жау жағына өтулерін қуғын-сүргінмен жуып-шаюларын мүмкін етті.
1930-шы жылдардың жаппай қуғындарына тікелей қатысқан Молотовтың пікірінше, егер 30-шы жылдардың оқиғалары орын алмағанда соғыстың кезінде сатқындар мен коллаборационистердің саны әлдеқайда көп болар еді.
30-шы жылдардың аяғында өткізілген ЖШҚӘ-нің («Жұмысшы және шаруалардың Қызыл Әскері») инспекторлық тексерістерінің нәтижесінде ондағы әскери тәртіп пен әскери дайындықтың өте төмен деңгейде болғаны анықталды. ЖШҚӘ-нің басқарушы буынының білім деңгейі де төмен болғандығы анық болды. Кеңес өнеркәсібі қамтамасыз еткен қуатты әскери техниканың көптігі де осы кемшіліктердің орнын толтыра алмады. Қару-жарақтың, әсіресе танк және ұшақ соққы қосындарындағы қару-жарақ мөлшері бойынша КСРО 30-шы жылдардың ортасында-ақ барлық басқа елдердің әскерлерінен де көп еді. Бірақ соғыстың басында ЖШҚӘ-нің әскери дайындығы оның қару-жарағының молдығына сай келмеді.
1940 жылғы маусымның
14-інде кеңес үкіметі Литваға,
1941жылдың
бірінші бөлігінде кеңес
1941 жылдың мамыр
айында әскерлер ішкі
1941 жылғы маусымның
18-інде КСРО-ның әскери теңіз
флоты мен шекара әскерлері
ұрысқа әзірлік жағдайына
Сталиннің 1941 жылдың мамыр-маусым айларындағы әрекеттеріне талдау жасағанда мына жайттарды есте сақтау керек:
Мамырдың 5-інде Сталин әскери академиялардың түлектерінің алдында сөз сөйледі, ал содан кейін «сталиндік бейбітшіл сыртқы саясат үшін» жасалған тосқа былай деп жауап берді: «бейбітшіл саясат деген жақсы нәрсе ғой, бірақ біз енді әскерімізді қайта құрып болғаннан кейін, осы заманғы шайқасқа сай келетін техникамен жарақтандырып болғаннан кейін, күшті болып алғаннан кейін, енді біз қорғаныстан шабуылға өтуіміз керек. Еліміздің қорғанысын іске асыра отырып, біз шабуылдайтын болуымыз керек. Қорғаныстан біз шабуылға өтуіміз керек»-деген болатын. Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатында қорғаныс халық комиссары Тимошенконың және Бас штабтың басшысы Жуковтың атынан, Василевскийдің қолымен жазылған, қол қойылмаған бір қатынас қағазы бар. Бұл қағаз 1941 жылғы мамырдың 15-інен бұрын жазылмаған. Қағаз Сталинге арналған, онда «Германия мен оның одақтастарымен соғыс болған жағдайда дайындық үшін Кеңес Одағының қарулы күштерін стратегиялық орналастырылуы туралы ұсыныс-пікірлер» келтірілген. Онда былай делінеді: «Германияның әскері сақадай сай дайындық күйіне келтіріліп, тылдары толығымен жазылып-дайындалғандықтан, ол қазіргі таңда бізге кенеттен шабуыл жасауы әбден ықтимал. Осыны болдырмау үшін және неміс әскерін талқандау үшін біз герман қолбасшылығының алдын алып, неміс әскері енді ғана орналасып, әлі майдан және әскер түрлерінің өзара істесуін ұйымдастыра алмайтын кезінде алғашқы соққы беруіміз керек деп ойлаймын». Одан әрі әскери қимылдардың жоспары баяндалады:«Бірінші кезектегі мақсат — Висла өзенінің шығысында және Краков бағытында орналасқан герман әскерін талқандап, Наров, Висла өзендеріне жетіп, Катовице аумағын иемденіп алу. Ол үшін мыналарды істеу қажет: а) Германияны оңтүстік одақтастарынан ажырату үшін Оңтүстік-Батыс майданның күштерімен басты соққыны Краков, Катовице бағытында жасау керек; ә) Варшава әскер тобын байлап, Оңтүстік-Батыс майданға көмек көрсету үшін қосымша соққыны Батыс майданның солтүстік қанаты Седлец, Демблин бағытында жасауы керек».1965 жылы Г. Жуков әскери тарихшы В. А. Анфиловқа мынаны айтып берді:«Германияның шабуылының алдын алу туралы ой Тимошенко екеуімізде Сталиннің 1941 жылғы мамырдың 5-інде әскери академияларды бітірушілердің алдында біз енді шабуыл жасайтын болуымыз керек деп сөз сөйлегеннен кейін пайда болды. Қарсылас біздің шекараларымыздың маңында өз әскерін шоғырландырып жатқанда Сталинның осылай сөз сөйлегені бізді алдын ала соққы беру туралы директива дайындау керектігіне сендірді. Құжатты дайындау жұмысы А. М. Василевскийге тапсырылды. Мамырдың 15-інде ол директиваның дайын жобасын қорғаныстың халық комиссарына және маған тапсырды. Бірақ біз бұл құжатқа қол қоймадық, алдымен оны Сталинге көрсетуді ұйғардық. Неміс әскерлеріне алдын ала соққы беру туралы ести салысымен ол бұлқан-талқан болып ашуланды. «Сендер немене, немістерді арандатқыларың келе ме?» - деп қорс ете қалды. Біз КСРО-ның шекарасында қалыптасып отырған жағдай туралы, оның мамырдың 5-індегі сөйлеген сөзінде айтылған ойларға негізделгенімізді айттық… «Мен бұны сондағыларды жігерлендіру үшін ғана, олар бүкіл дүние жүзінің газеттері айтатын неміс әскерінің еш жеңілмейтіндігі туралы емес, жеңіс туралы ойласын деп қана айттым!» - деп Сталин барқ етті. Осылай алдын ала соққы беру туралы жоспар аяқсыз қалды…» Жуков дәл осындай оқиғаны әскери тарихшы Н. А. Светлишинге де айтты.Бұрынғы партия мұрағатында Бас саяси басқарманың жетекшісі А. Щербаковтың уақыты 1941 жылғы маусымның басы деп көрсетілген әскери-саяси пропаганданың жай-күйі туралы директиваның жобасы бар. Оның ішінде тағы былай делінеді: «халықаралық жағдай мейлінше шиеленісті, біздің ел үшін әскери қатер бұрынғыдан да төне түсті. Бұл жағдайда «бөтен елдің жерінде өз елімізді қорғау» деген лениндік ұран кез келген мезетте іс жүзіне асырыла алады. Кеңес Одағының өміріндегі орын алған түбегейлі өзгерістер осындай.Елде орнаған осы жаңа жағдай партия ұйымдарынан Қызыл Әскерді және бүкіл кеңес халқын жалынды патриотизм, революциялық батылдық және дұшпанға қарсы жойқын шабуыл бастауға әрқашан дайын болу рухында тәрбиелеу үшін партиялық-саяси жұмысында түбегейлі бетбұрысты талап етеді».1941 жылғы маусымның 13-інде С. Тимошенко пен Г. Жуков Киев ерекше әскери округының басшыларына 1941 жылғы шілденің 1-іне дейін барлық «тереңде орналасқан» дивизиялар мен корпус басқармаларын мемлекеттік шекараға жақынырақ орналасқан жаңа лагерлерге жылжыту туралы директива шығарды. Осы сияқты директива сол кезде Батыс ерекше әскери округының басшыларына жіберілді.Маусымның 14-інен 19-ына дейін шекара маңы округтарының басшылары маусымның 22-23-іне дейін майдандық (армиялық) басқармаларды далалық пункттерге шығару туралы бұйрықтар қабылдады.
К. Рокоссовский
былай деп жазған: «Біздің авиацияның
алғы шептегі аэродромдарда
Б. Шапталов
бұл жайттарды былай
Ұлы Отан соғысындағы негізгі шайқастар: Мәскеу шайқасы – екінші дүниежүзілік соғыстағы және Ұлы Отан соғысындағы ірі шайқастардың бірі. Мәскеу шайқасы қорғаныс ұрыстары (1941 ж. 30 қыркүйек – 5 желтоқсан) және қарсы шабуыл (1941 ж. 6 желтоқсан – 1942 ж. 20 сәуір) кезеңдерінен тұрады. Неміс қолбасшыларының “Тайфун” атты арнайы шабуыл жоспары бойынша Мәскеуді басып алуды Германияның “Орталық” армиялар тобы жүзеге асырмақ болды. Бұл топ резервтегі әскерлер мен кеңес-герман майданының басқа шептерінен жіберілген бөлімдермен, әскери техникамен күшейтілді. Германия-Мәскеу бағытына 74,5 дивизия (1,8 млн-нан аса адам), 1700-дей танк, 1390 әскери ұшақ, 14000 зеңбірек пен миномет шоғырландырды. Ал Мәскеу бағытын қорғап тұрған кеңестік Батыс Резерв және Брянск майдандарының құрамында 1250 мыңдай адам, 990 танк, 677 әскери ұшақ, 7600 зеңбірек пен миномет болды. Немістер үш екпінді топ құрды. Оның екі тобы солтүстіктен және оңтүстіктен шабуылдап, Мәскеуді КСРО тылынан бөліп тастамақ болса, негізгі топ Гжатск арқылы тікелей соққы бермекші болды. Шабуылды 1941 ж. 30 қыркүйекте немістердің оңтүстік тобы, 2 қазанда орталық және солтүстік топтары бастап, кеңес әскерінің шебін бірнеше жерден бұзып өтті. Кескілескен шайқастардан соң Қызыл Армия бөлімдері 12 қазанда Калуганы, 14 қазанда Калинин қалаларын қарсыластарға қалдыруға мәжбүр болды. Немістер қазанның 16-сында Боровскіні, 18-інде Можайск мен Малоярославецті басып алды. Кеңес әскерлерінің күшін біріктіру мен басшылықты жақсарту мақсатында Резерв майданы Батыс майданға қосылып, оған басшылық ету армия генералы Г.К. Жуковқа тапсырылды. Қорғаныс шептерін салуға 450 мыңдай мәскеулік қатысты. Халық арасынан тұрақты әскери бөлімдер жасақталып, 17 қазанда Калинин майданы (командашысы – генерал-полковник И.С.Конев) құрылды. Батыс майданның 16-армиясы (генерал К.К. Рокоссовский) Волоколам бағытында, 5-армия (генерал Л.А. Говоров) Можайск, 49-армия (генерал И.Г. Захаркин) Калуга бағытында жаумен шайқаста ерлік көрсетті. Мемлекеттік Қорғаныс комитетінің қаулысы бойынша Мәскеу мен оның айналасы 20 қазаннан бастап “қоршау жағдайында” деп жарияланды. Германия 15 қарашада Мәскеуге екінші рет күшті шабуыл бастады. Қантөгіс ұрыстардан соң немістер Мәскеу-Еділ каналына дейін жетуге мүмкіндік алғанымен, Кеңес әскерінің негізгі шептерін бұза алмады. 5 желтоқсанда барлық бағыттағы жау шабуылы тоқтатылды. Мәскеу шайқасында Қазақстанда құрылған әскери құрамалар ерекше көзге түсті. Волоколам бағытын қорғаған 16-армияның құрамында Алматыда жасақталған 316-атқыштар дивизиясы (генерал-майор И.В. Панфилов) болды. Дивизияның 1075-полкінің саяси жетекші В.К. Клочков бастаған жауынгерлер 16 қараша күні Дубосеково разъезінің түбінде өшпес ерліктің үлгісін көрсетті. Қазақстанда жасақталған 238-атқыштар дивизиясы (полковник Г.П. Коротков) Тула маңында, Ақтөбеде жасақталған 312-атқыштар дивизиясы (полковник А.Ф. Наумов) Малоярославец бағытында Мәскеуді қорғауға қатысты. Мәскеу шайқасында панфиловшы батальон командирі, аға лейтенант Бауыржан Момышұлы әскери шеберлік үлгісін көрсетті. Кеңес әскерлерінің қарсы шабуылын 5 желтоқсан күні Калинин майданы 6 желтоқсан күні Батыс майданы, Оңтүстік-Батыс (Кеңес Одағының Маршалы С.К. Тимошенко) майданы әскерилері бастады. 800 шақырымға созылған майданда ұрыстар жаңа күшпен жалғаса түсті. 1942 ж. қаңтарда қарсы шабуыл Қызыл Армияның жаппай шабуылына ұласты. Шайқастардың нәтижесінде қарсыластар батысқа қарай 400 шақырымға дейін қуылып, Мәскеу, Калинин және Тула облыстарының ондаған қалалары мен жүздеген селолары басқыншылардан азат етілді. Қызыл Армияның қарсы шабуылы нәтижесінде жаудың “Орталық” армиялар тобы орасан зор шығынға ұшырап, 500 мыңдай адамынан, 1300-дей танкісінен, 2500 зеңбірегінен, 15 мыңнан аса автокөлігінен айырылды. Мәскеу шайқасында фашистік армия алғаш рет ауыр жеңіліске ұшырап, оның жеңілмейтіні жөніндегі аңыз жоққа шығарылды. Мәскеу шайқасы 2-дүниежүзілік соғыстың барысындағы түбегейлі бетбұрыстың бастамасы болып, Гитлерге қарсы одақтың қалыптасуын тездетті. Осылайша ұлы отан соғысы кезіндегі ірі шайқастардың бірі аяқталды.
Ленинград шайқасы. Ленинградтың қаһармандық эпопеясы Ұлы Отан соғысының тарихынан айрықша орын алады. Жау Ленин қаласына шабуыл жасауға бір миллионнан астам солдаты мен офицерін, 17 мыңнан астам зеңбірегі мен минометін, 1500-дей танкін және 2 мың самолетін жіберді. Ленинград 900 күн бойы қоршауда болды. Қаланың жүздеген мың тұрғындары мен қорғаушылары қаза тапты, олардың басым көпшілігі алғашқы ең ауыр ашаршылықтың және қоршаудағы суық қыстың құрбаны болды. Қаланың шығыны АҚШ пен Англияның екінші дүние жүзілік соғыстың барлық майдандарындағы шығынынан көп болды.
Үш революцияны
бастаушылар мен олардың
Ленинградқа
бүкіл халықтық көмек беруге
Қазақ ССР еңбекшілері де
Қазақстандықтар
қоршау кезінде
Көптеген
қазақстандықтар қоршаудағы
Ладогадан оңтүстік-шығысқа таман темір жол магистральдарына қызмет еткен №10 Әскери-пайдалану бөлімшесінің локомотив, вагон, жол және басқа бөлімдерінің адам құрамының шамамен алғанда үштен бір бөлігі әскер қатарына шақырылғанға дейін Қазақстанда жұмыс істеген еді. 1942 жылдың көктемінде Ленинградқа осы бөлімшенің отыз паровоз бригадасы берілді.
Ленинград
майданының түрлі
Ленинград
аспанында соғыс жылдарында
Қазақстандықтардың
үлкен бір тобы Қызыл тулы
Балтық флотының корабльдері
мен бөлімдерінде қызмет етті.
Ленин қаласы үшін болған
Информация о работе Ұлы Отан соғысының кезеңдері мен Сталин шайқасы