Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 18:55, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. ХХ ғасыр адамзат баласы үшін ең ауыр кезең болды. Бір емес арасына жиырма жыл салмай қайталанған бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс жалпы саны 70 млн адамның өмірін қиды. Қаншама саяси лагерлер, КСРО-дағы саяси репрессия. Ашаршылық осының бәрі ХХ ғасыр еншісіне тиесілі тарихтың ең ауыр да күрделі, қиын сынақ қойған зұлмат кезеңдері.
І Ұлы отан соғысының кезеңдері (1941-1945 ж.ж.)
1.1Ұлы Отан соғысына жалпы сипаттама.
1.2Сталинград түбіндегі шайқас.
ІІ Сталинград-Ұлы Отан шайқасын түбегейлі өзгерткен ұлы шайқас.
2.1 Сталинград шайқасына қатысқан батырлар.
2.2 Сталинград шайқасының тарихи маңызы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Деректерге көз жіберсек, Сталинград шайқасына 2 миллионнан астам адам, 26 мың зеңбірек пен миномет, 2 мыңнан артық танк және соншалықты ұшақ қатысқан. Мұндай шайқасты адамзат бұрын-соңды естіп-көрмеген болатын. Сталинград шайқасы зор майдан ғана болып қойған жоқ, ол дүниежүзілік соғыстың барысына түбегейлі өзгеріс жасаған тарихи оқиға да болды. Осы шайқастың жеңіспен аяқталуына КСРО халықтарымен бірге Қазақ елі еңбекшілері де зор үлес қосты. Ордалықтар да ерекше көзге түсіп, Сталинград қаласын қорғауға мыңдаған ұлдарын аттандырды. Бір мысал келтірер болсақ, 1942 жылдың 18 маусымында Батыс Қазақстан облысында дайындықтан өткен 26 225 жауынгер Сталинград майданына жіберілген. Батыс Қазақстан облысы сол кездегі Сталинград облысымен 300 шақырымға жуық шекара арқылы шектесетін, жаудың Еділ өзеніне шығуына байланысты облыстың аудандары Сталинград майданының тылына айналды. Ол Орда, Жәнібек, Казталов, Фурманов аудандары болатын. Ал Жәнібек, Сайқын, Шонай темір жол стансалары Сталинград майданының қарамағына енген. 1942 жылы Орал-Урбах-Красный Кут-Сайқын-Верхний- Басқұншақ-Паромная темір жол стансалары арқылы жүк тасылған. Соғыс өртінің аудан аумағына жақындауына байланысты, Мемлекеттік қорғаныс комитетінің бұйрығына сәйкес 1942 жылдың тамыз айынан бастап, Орда ауданы Сталинград майданының қарамағына енгізіліп, аудан “Соғыс жағдайында” деп жарияланған. Оның барлық шаруашылығы мен тұрмыс тіршілігі майданның қажетіне бейімделген. Облыстық партия конференциясында партия комитетінің бірінші хатшысы А.Василевский естелігінде былай деп көрсетіпті: “Орал қаласы, Жәнібек, Казталов, Орда, Фурманов аудандары Сталинград майданының ең таяу аумағына кіріп отыр. Сондықтан партия, кеңес ұйымдарынан өте қырағылықта болу талап етіледі. Майдан мен тыл мәселелерін тығыз байланыстырып шешу қажет”.Облыстық, аудандық партия активтерінің жиналыстары үрей туғызушылықты болдырмаудың, тәртіпті нығайтудың, майданға көмекті күшейтудің және өзі тұрған қала, село мен ауылды қорғауға дайындықты арттырудың ең маңызды шаралары белгіленген. Жер-жерде ерікті батальондар ұйымдастырылып, жалпы тәртіппен барлық кәсіпорындардың, тұрғындардың тыныштығын сақтау жөнінде тұрақты кезекшілік тағайындалып, әкімшілік қорғаныс қимылдарын реттеуді ұйымдастырған. Ордада қыздарды медбике жұмысына дайындайтын курстар ашылған. Кенттер мен ауылдарда жау авиациясының шабуылынан сақтану шаралары жан-жақты қарастырылыпты.
Орда поселкелік гарнизоны бойынша:
1. Майдан командованиесінің
бұйрығы бойынша осы күннен
бастап Орда поселкесі
2. Орда поселкесінің
әскери коменданты етіп
3. Мемлекеттің барлық
жергілікті органдары,
4. Поселкедегі қозғалыс тәртібін 24.00 сағатқа дейін (жергілікті уақыт) орнатамын, одан кейін арнайы рұқсаты жоқ адамдар тоқтатылып, комендантқа жолданады. Сағат 4.00-ден бастап қозғалысқа рұқсат етемін.
5. Орда поселкесінің
мекемелері, өнеркәсіп орындары, барлық
тұрғындары қараңғылық
Орда поселкесінің гарнизон бастығы полковник Мидия”. “24 қыркүйек, 1942 жыл. Орда поселкесі. Орда аудандық атқару комитетіне. Майдан қолбасшысының бұйрығы бойынша Орда поселкесінде Мемлекеттік әуе флоты Киев ерекше авиатобының бас отряды орналасуда. Аталған бөлімше жауынгерлерінің орналасуына көмектесуіңізді сұраймын. Авиатоп командирі подполковник Чанкотадзе. Топтың военкомы батальон комиссары Горбань”.
Неміс әскерлері
Сталинград майданының
Қорыта келгенде, Ұлы Отан соғысы жылдары өзге де майдан далаларында көрсеткен ерліктерімен қатар Кеңес Армиясының Сталинград шайқасындағы аса маңызды тарихи жеңісінде тылдағы қажырлы да қайратты еңбегімен шыңдалған Батыс Қазақстандықтардың алар орны ерекше. Осы Сталинград түбінде басталған Ұлы Отан соғысындағы түбегейлі бетбұрыста олардың үлесі зор. Барлық Кеңес Одағының еңбеккерлері қатарында оларда «Барлығы да майдан үшін, барлығы да Жеңіс үшін» қағидасын басшылыққа ала отырып Жеңіс күнін жақындатты. Бұл Жеңіс – зор тарихи-саяси тағылымы мол оқиға. Оған қатынасушы жауынгерлердің қазіргі ардагерлеріміздің өшпес ерлігін марапаттау, насихаттау, бүгінгі ұрпақтың ой санасына жеткізу – біздің тарихи борышымыз, әрі парызымыз болып саналады.Осы қанды оқиға қасіреті туралы 1985 жылы дивизия командирі генерал Василий Иванов Орда ауданының басшыларына хат жазып, онда қаза тапқандарды темір жолға таяу маңға, жергілікті тұрғындардың күшімен жерленгендігін айтып, олардың мүрдесін қайта жерлеуді және ескерткіш қоюды сұраған екен. Содан 43 жыл бұрын жауынгерлер жерленген орынды іздестіру жұмыстары басталды. Олардың мәйітін табу оңай болған жоқ. Тек Сайқын селосының тұрғыны, сол кездегі жан түршігерлік оқиғаға куә болған зейнеткер Полякованың көмегімен қабір табылды. Аудандық партия, кеңес органдары сол жылы қаза тапқандардың мүрделерін Сайқынның оңтүстік жағына қайта арулап қойды. Олардың рухына арнап ескерткіш орнатылды. Иә, Шоңай стансасына 30-дан астам бомба тасталды. 1942 жылдың 6 қазаны күні таңертеңмен 10 дұшпан ұшағы Сайқын стансасына тағы да шүйлікті. Бұл жолы жаудың бомбасы Сталинград қаласынан көшіріліп әкелінген жұмысшылар отбасына түсіпті. Бомбадан темір жол да бүлініпті. Ол тез арада қалпына келтіріліп, пойыздардың қозғалысы қамтамасыз етілген.1942 жылдың қазан-қараша айларында Жәнібек, Сайқын, Шоңай стансаларына 11 рет жеке-жеке, 22 рет топ-тобымен немістің 138 ұшағы 538 бомба тастаған. Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның жасаған актісі бойынша неміс авиациясының шабуылынан екі ауданның шеккен шығыны 7 161 693 сомды құраған. Ордадан 4613 адам майданға аттанып, оның 3028 оралмай қалған. Жеңістің 65 жылдығы аталып өтіп жатқанда ауданан майданға қанша адам аттанды, олардың қаншасы мерт болды, қаншасы аман қалды деген сұраққа сол кездегі Орда ауданынан Орда әскери комиссариаты арқылы ұрыс майдандарына 4613 адам аттанса, олардың ішінен майданнан оралмағандары – 3028 адам, ұрыс даласында қаза болғандары – 1408 адам, хабар-ошарсыз кеткендері – 1410 адам, жарақаттан қайтыс болғандары – 206 адам, ал тұтқында көз жұмғаны – 4 адам. 1945 жылдың 24 наурызында жерлесіміз Темір Масинге Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. 1947 жылы Батыс Қазақстанда қуаңшылық болды. Шілденің ыстық күндерінің бірінде шабындықта алапат өрт шығады. Тайпақ аудандық партия комитетінің хатшысы болып жүрген кезінде батыр тілсіз жаумен арпалысады. Ол өрт ішінде қалған екі әйелді құтқарамын деп қатты күйік алып, кейін сол жарақатынан қайтыс болады. Батырлықтың, батылдықтың, елді сүюдің, адамды қадірлеудің, қамқор болудың, керек болса басты бәйгеге тігудің үлгісі осындай-ақ болар.Қазақтың, қазақтың ғана емес-ау, бүкіл Шығыстың жарық жұлдыздары Әлия мен Мәншүк десек, Мәншүк те Орданың аруы. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк Мәметова өз еркімен Қызыл әскер қатарына алынып, майдан шебінде таңдаулы пулеметші болғаны тарихтан мәлім. Ержүрек қыз орыстың ежелгі қаласы Невель үшін болған шайқаста өшпес ерлік үлгісін көрсетіп, көз жұмды. Осы ерлігі үшін 21 жасар Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Тағы бір батыр – Ахмедияр Хұсайынов. Ол неміс-фашистермен шайқаста табандылығы, әрі батылдығымен көзге түсіп, майданда ерлік ісімен танылады. Сол ерлік бағаланып, 1943 жылы 1 қарашада қатардағы жауынгер Ахмедияр Хұсайыновқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейін Ахмедияр ағамыз Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітіріп, бүкіл өмірін ұстаздық қызметке арнады. Нарын құмынан қырандай түлеп ұшқан Хиуаз Доспанова Кеңес Одағының Батыры атағын ала алмаса, Тәуелсіз Отанының Халық Қаһарманы болды. Немістер “Жезтырнақтар” (“Ночные ведьмы”) деп атап кеткен ұшқыш-қыздар қатарында жүріп, жау бекіністеріне талай ойран салды. Хиуаз жау шебіне 300-ден астам түнгі әскери жорыққа шыққан екен. Ұлы Отан соғысы майданындағыдай ерлік еңбек елде де жалғасқанын мына деректер растайды. Аудан бойынша 24 адам Социалистік Еңбек Ері атануы осы сөзімізге дәлел болса керек. Сталинград түбіндегі шайқасқа Қазақстанда жасақталған 27, 29, 38, 387-ші атқыштар дивизиясы; 81-ші атты әскер дивизиясы; 152-ші атқыштар бригадасы; 156-шы атқыштар батальоны; 129-шы минометті полк; 410-шы танкке қарсы шабуылдаушы жеке дивизия қатысты.
Сталинград шайқасына қатысқан қазақстандық полктер мен дивизиялар. 27-атқыштар дивизиясы. Жалпы жоғарыда айтып өткеніміздей Сталинград шайқасына қатысқан дивизия, полк, батальон және жекелеген жауынгерлердің көптеген бөлігі қазақстандық болатын, олардың барлығын тізіп айту мүмкін емес. Солардың ішінде КСРО халық батыры атағын алған батырлар мен жоғары құрметке ие болған дивизия полктердің тізімін ұсынуды жөн көрдік. Негізінен алғанда сол аталған жауынгерлер мен полк дивизиялардың соғыстағы жағдайына қарап соғыстың қалай өрбігенін байқауға болады. 1941 ж. желтоқсанда Қызылордада 75-дербес теңіздік ат-қыштар бригадасы құрылды. Командирі — I рангалы капитан К.Д.Сухиашвили, комиссары - А.А.Муравьев болды. Бригада 1942 жылғы 3—17 ақпан аралығында Старая Руссаның шығы-сында немістердің қорғаныс шебін бұзып өтіп, Панфилов ди-визиясымен бірге жау тылына 150 километрлік жорык жасай отырып, Холм каласына жетті. Осы ұрыстарда немістердің 16-армиясын қоршауды аяқтап, 56 елді мекенді азат етті, 2 мың-нан астам баскыншының көзін жойды2. Ақпанның екінші жартысында және наурыздың бірінші жартысында бригада Локня — Холм тас жол бойындағы шепті .ұстап, гитлершілердің біздің әскерлеріміз қоршап алған Холм гар-низонымен қосылуға тырысқан барлық әрекеттерін іске асырмай тастады. Корпус командирі арнаулы бұйрықпен бри-гада құрамына алғыс жариялады, онда: "Барлық қызыл флот-шыларды, командирлер мен саяси қызметкерлерді қаһарман-дық ерлік көрсеткені және өжеттігі үшін үкімет наградалары-на ұсынуға бұйырамын"3, - делінген. 1942 ж. 17 наурызда бригада 3-гвардиялық атқыштар бригадасы, ал 21 мамырда 27-гвардиялық атқыштар дивизиясы болып қайта құрылды да, Сталинград майданына жөнелтілді.Дивизия құрамы республиканың әр түкпірінен келген қазақстандықтардың есебінен толықтырылды. 1942 ж. 23 та-мызда 27-гвардиялық атқыштар дивизиясы генерал К.А.Кова-ленко басқарған армияның қатарына қосылып, Тянь-Шано станциясынан Нижне-Гниловск, Вертячи бағытында қорғаныс ұрыстарын жүргізді. 4-танк армиясының әскери Кеңесі 1942 ж. 7 қазандағы бұйрығында Сталинградтың солтүстік-ба-тысында ұрыс жүргізген 27-гвардиялық атқыштар дивизиясы-ның жеке құрамаларына алғыс жарияланды.Сталинград майданындағы қарсы шабуыл алдында диви-зия жауынгерлері арасында 30 ұлттың өкілдері болды. Кең көлемді саяси жұмыс жүргізілді. Жаңа толықтырылған құрам-дағы жауынгерлер бөлімнің Қызыл Туы алдында гвардиялық ант берді.Гвардияшылар 1942 ж. 1 желтоқсанына дейін үздіксіз ұрыс жүргізді. Осы уақыт аралығында олар 150 километр алға жыл-жып, 10 елді мекенді азат етті, жаудың 1500 солдаты мен • офицерінің көзін жойды, 29 танкісі мен өздігінен жүретін зеңбірегін, басқа да көптеген құрамаларды талқандады. Ста-линградты қорғауда және қарсы шабуылға шыққан кезіндегі жауынгерлік ерлігі үшін 27-гвардиялық атқыштар дивизиясы-; нын 1213 жауынгері мен офицері үкімет наградаларын алды, ал? Дивизия туына Қызыл Ту ордені қадалды.27-гвардиялық атқыштар дивизиясы Клетск плаццармы-; нан өзі ІІіабуылға кірген үш аптаның ішінде жаудың бекініс; шебін бұзып өтіп, 3300 солдаты мен офицерін жойып, 1900-ге жуық адамын тұтқынға алды3. Донбасты, Запорожье мен Солтүстік Тавриені азат етуге қатысқан дивизия^гитлершілердің төрт полкін, екі барлау отряды мен бір батальонын талқандап, жаудың 5 мындай солдаты мен офицерініні көзін жойды. 27-Қызыл тулы гвардиялық атқыштар дивизиясы| (командирі - В.С.Глебов, комиссары - Д.П.Никишин) жауынгерлерінің Одесса бағытында жүргізген ұрыстарда'; көрсеткен ерлігі де сүйсінерлік. Атап айтқанда, олар дұшпанті ның Ингулец өзеніндегі қорғанысын бұзып, Новый Буг село-; сы мен оның жанындағы жол тораптарын азат етуге қатысты,: операция аяқталар кезде Одессаны солтүстігінен жәнеі солтүстік-батысынан айналып өтіп, төменгі Днестрге шықты.> Дивизияның жеке құрамының осы шайқастардағы ерлігі мек қаһармандығы жоғары бағаланып, оған "Новобугтік дивизия" деген құрметті атақ берілді. Дивизия туына екінші орден II дәрежелі Богдан Хмельницкий ордені қадалды. Шабуылды өрістете отырып, 27-гвардиялық дивизия мен оның көршілері көктемгі лайсаңға қарамастан, одан әрі ілгеріледі, сөйтіп, нау-рыздың орта шенінде Жаңа Одессаға шығып, шайқаса отырып, Оңтүстік Бугтан, Тилигулдан және бірнеше су жайылмалары-нан өтті, содан соң олар Одессаны солтүстіктен және солтүстік-батыстан орағыта айналып, көрші құрамаларға осы ірі портты қаланы азат етуге көмектесті.Люблин-Брест операциясы кезінде 8-гвардиялық армия 18 шілде күні жау қорғанысын бұзып, Батыс Буг өзеніне шықты. Бұл армияның қатарында генерал В.С.Глебов бастаған 27-гвардиялық атқыштар дивизиясы да болды.Дивизиясының саяси ұйымы Кеңес өкіметінің саясаты мен Қызыл Армияның фашистерден өз елі мен көрші халық-ты азат ету жолындағы күресінің мақсатын түсіндіруде үлкен жұмыс жүргізді, поляктар үшін арнайы газет шығарып тұрды. Осындай жұмыстардың нәтижесінде, Батыс бугтағы поляктар 27-гвардиялық атқыштар дивизиясының өскерлерін өздерінің туыстарындай құшақ жая қарсы алды. Поляк азаматтары ке-ңес әскерлеріне миналанған жерлерді көрсетіп, оларды тазар-туға атсалысты. Мысалы, Анна Рудковская 32 минаны залал-сыздандыруға көмектесті1. Кептеген поляк азаматтары кеңес жауынгерлерін аман сақтап қалу үшін өз қандарын берді.27-гвардиялық атқыштар дивизиясының қазақстандық жауынгерлері С.П.Храпко (Батыс Қазақстан облысы), М.Ю.Левин (Петропавловск), К.Рысқалиев (Гурьев), Н.Да-рынбаев (Қызылорда облысы), К.Құсатаев (Павлодар облы-сы), К.Мұқанов (Ақмола облысы), тағы басқа жауынгерлер Висла өзенінен өтуде және оның арғы жағалауын алуда ерлік көрсетті. Осы ұрыстарда батальон командирі Б.С.Верижни-ков пен бөлімше командирі П.Бочек Кеңес Одағының батыры атағын алды.
29-атқыштар дивизиясы. 1942 ж. көктемінде Ақмола қаласынан Оңтүстік-Батыс майданына женелтілген 29-атқыштар дивизиясы да Сталинг-рад бағытын қорғайтын әскерлердің құрамында болып шық-ты. Бұл құрама Орта Азия әскери округінің 1941 ж. 4 желтоқ-сандағы бұйрығы бойынша құрылып, 18 қаңтардағы бұйрығы бойынша 458-атқыштар дивизиясы деген алғашқы аты өзгертіліп, оған 29-атқыштар дивизиясы деген ат берілді. Ди-визияны жасақтау ісі 1941 ж. 15 желтоқсанында басталды.29-атқыштар дивизиясының құрамында үш атқыштар, бір артиллерия полкі жөне басқа да қосымша бөлімдер болды. Олар, негізінен, сапер, санитарлық, байланыс батальондары, танк жойғыш артиллериялық дивизион, барлаушылар ротасы, авторота сияқгы арнайы бөлімдерден құралды.Дивизиянын құрамында барлығы 11840 адам болды. Бұл, әрине, адам құрамы жағынан сол кездегі штат бойынша то-лық қалыптасқан құрама еді. Ал сол кездегі осындай құрама-лардың жалпы жағдайы туралы маршал К.К.Рокоссовский соғыстың алғашқы жылдарындағы жағдайды еске ала отырып, былай деп жазды: "Дивизияда 8 мың жауынгер болатынын біз ұмытқалы көп болған. Біздің құрамаларымызда адам саны 3,5, тіпті 2 мың адамнан аспады. 4 мың адамы бары сирек еді, ол да бір-екі ұрыстан кейін негізгілермен шамаласа қалатын". Осы айтылғандардың тұрғысынан қарағанда, 29-атқыштар ди-визиясы өзінің саны жағынан да, сапасы жағынан да командованиенің тапсырмасын орындауға әзір тұрған тың әскери құрама болды.Дивизияның командирлігіне полісовник Н.Ф.Шабрев, ко-миссарлығына И.В.Шурша, штаб бастықтығына подполков-^ник Д.С.Цалай, саяси бөлімнің бастықтығына А.С.Киселев тағайындалды. Бірнеше ай әскери дайындықтан өткеннен кейін 29-атқыш-тар дивизиясы 1942 ж. наурыз айында Тула маңына орналасқан резервтегі 1-армияның құрамына барып қосыдды.Майдан шебіне дивизия 10 шілдеде жөнелтілді де, 17 шілдеде Сталинград темір жолының бойындағы Жутово станциясында пойыздан түсірілді. Бұдан кейін дивизияның бөлімдері 64-армия1 штабьшың бұйрығы бойынша, жорық тәртібімен 60 километрдей жер жүріп, Дон өзенінің шығыс жағасындағы Суворов және Верхне-Курмоярская станция-ларының арасында қорғаныс шебін құрды. Дивизияның міндеті - неміс әскерлерінің Доннан өтуіне мүмкіндік берген 29-атқыштар дивизиясы бөлімдерінің Дон бойындағы бекінген жері екі армиянын (64 және 51) аралығы ғана емес, екі майданның да түйіскей жері болатын, өйткені 51-армия Солтүстік Кавказ майданына қарайтын еді. Шілденің 19-ы күні кешке қарай дивизия бөлімдері белгіленген учаскеге орналасып та алды.Армия қолбасшысынын бұйрығы бойынша, 19 шідде күні дивизия құрамынан танк батальонымен күшейтілген бір бата-льон бөлініп, одан жылжымалы, яғни алдыңғы шептік отряд құрылды. Бұл отряд Цимлянская станциясының маңына, Донның сол жағалауына өтіп кеткен фашист әскерлерінің бөлімдерін жоюға жіберілді Сөйтіп, 29-дивизияның жылжы-малы отряды 20 шілдеден бастап Дон өзенінің бойында шай-қасқа кірісті. Міне, осы күннен бастап, дивизия жауынгерлері үшін Сталинград шайқасы басталды.1942 ж. 20 шілдеден бастап, Дон өзенінің шығыс жағала-уында қорғаныс ұрыстарыяа қатысқан 29-дивизия Сталинград шайқасы аяқталғанға дейін дамылсыз ауыр ұрыс ортасында бодды. Тамыз айының ішінде дивизия бөлімдері Ақсай өзені бойында және Абганерова станциясының түбінде жау танктерінің шабуылдарыиа тойтарыс беріп, бекініс шебін қорғап тұрды. Бұл шайкастарда дивизия бөлімдері жау әскерлерін орасан зор шыгынға ұшыратты. Бірақ күші басым жаумен бетпе-бет шайқаста дивизияның өзі де әлсіреп, қата-ры қатгы сетінеді. Соған қарамастан тылға жарып өткен 6-неміс армиясының шабуыды шілденің аяқ кезінде тоқтатыл-ды. Кеңес әскерлерінің Донның батыс жағалауында табан тіресіп жүргізген қорғаныс ұрыстары фашист командование-сінің Сталинградты жедеЛ алмақшы болған жоспарын іске асыртпай тастады. Сол кезде өзінің шабуылын күшейте түсу үшін фашистер командованиесі Сталинфадқа карай 4-танк ар-миясын жіберді, бұл армияның авангарды 5 тамызда Абганеро-ва маңына шықкан еді. Мавданның осы учаскесінде 29-дивизия-ның жауынгерлері жаумен табан тіресе ұрыс жүргізді1. Қазақстандықтар халықтың: "Өліспей, беріспең-дер!" деген тапсыр-масын адал орындап, жаппай ерлік көрсетті.Қазақстан жауынгерлері өз позицияларын берік ұстап тұрды. Жақсы ұйымдастырылған қорғаныс барлаумен, қарсы шабуылдармен ұштасып отырды. Дивизияның бөлімдері жау-ды Волганың жағалауына өткізбеді. "Волганың ар жағында біз үшін жер жоқ!" дегён, мерген Василий Зайцевтің сөздері бүкіл майданға тез тарап кетті, қаланы қоршаушылардың бар-лығының да, соның ішінде қазақстандық жауынгерлердің де теңдесі жоқ ерлігі мен бұрын-сонды болып көрмеген табан-дылығы осы сөздерден-ақ білініп тұрды.
Информация о работе Ұлы Отан соғысының кезеңдері мен Сталин шайқасы