Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 18:02, статья
В этой статье, учитывает труды некоторых ученных и сравнивая информаций местных копателей колодцев, рассмотрены колодцы и технология копания колодцев , которые занимают очень важную роль в кочевой жизни казахов живущих в западной регионе Казахстане, особенно Мангистауском регионе.
ҰБТ дайындық курсының Қазақстан тарихы пәні мұғалімі
Маңғыстау құдықтары: қазылу технологиясы мен пайдалану ерекшеліктерінің кейбір мәселелері.
Бұл мақалада Қазақстанның
Батыс аймағын, оның ішінде Маңғыстау,
өлкесін жайлаған қазақтардың көшпелі
тұрмысындағы маңызды орын алатын шыңырау,
құдықтардың атаулары мен қазылу
технологиясы бір қатар ғалымдардың келтірге
Преподаватель дисциплины «История Казахстана» курса Национального Единого тестирования
Мангистауские колодцы: технология копания и некоторые проблемы особенности использования.
В этой статье, учитывает труды некоторых ученных и сравнивая информаций местных копателей колодцев, рассмотрены колодцы и технология копания колодцев , которые занимают очень важную роль в кочевой жизни казахов живущих в западной регионе Казахстане, особенно Мангистауском регионе.
Mangystau shafts: The digging tecnology and some problems of using features.
Taking intwo account some scintifique proceedings
and coparing the information of Native shafts diggers, in this article
considered the shaft and the tecnology of shaft degging, which play the main rool
in the Nomatice life of Kazakh piple, living in the nord region of Kazakhstan,
especielly in the Mangystau region.
Ұлан ғайыр далалы өңірді жайлаған қазақ халқының негізгі шаруашылық көзі бұл – мал шаруашылығы екені белгілі. Алтай мен Еділдің арасын жайлаған қазақ халқы табиғи жағрапиялық ерекшеліктеріне байланысты көшіп қонудың өзіндік түрлерін келтіріп шығарған: меридиандық, далалық (құдықтарды айналып көшу) және тікелей көшу. Мердионалдық көшпенділер жазда солтүстікте, қыста оңтүстікке қарай көшеді. Бұлар нағыз көшпенді малшылар. Далалық (құдықтарды айналып көшу) дегеніміз шөлдік, шөлейттік жайылым жерлерде құдық қазып, сол құдықтар бойынша айналып көшіп жүрген. Анығырақ айтқанда, жылдың әр мерзіміне арналған жайылымды жерлерге құдық қазып, сол жердің шөбін малын жайып, құдықтың суын ішіп тұрақтаса, белгілі уақыттан кейін, ол көшпенділер қоныстарын ауыстырып, келесі құдығына көшіп барған [1, 40 бет]. Далалық аймақта қоныстанған қазақ халқының тұрмысына назар салсақ, солтүстіктен оңтүстікке қарай көшіп қону үрдісі етек алғаны және көшу жолында малшыларды сумен қамтамасыз ететін арнайы қазылған құдықтардың маңызды рол атқарғанын көреміз. Жалпы көшпелі қазақтың мал суғаратын құдықтары туралы сөзді өте ерте заманнан бастағанамыз жөн. Себебі археология ғылымы дәлелдеп отырғандай, ең алғаш құдықтар қола дәуірінде қазыла бастаған. Мысалы, Солтүстік Қазақстандағы Шағалалы қонысында жүргізілген қазба жұмысы кезінде, қазылған құдықтар анықталған [2, 94 бет].
Қола дәуірінің соңында мал басының көбеюі және халықтың өсуі жайылымдық мал шаруашылығының пайда болуына әкелгені белгілі. Оған Орталық Қазақстанның тарихи топографиясы дәлел бола алады. Шөл мен шөлейт аудандарда қоныстардың пайда болуына жер асты су көздері себеп болатыны белгілі жайт. Сумен қамтамасыз ету мәселесі көптеген құдықтар қазу және су жинайтын жайылымдар салу жолымен шешілді, оның іздері Жезқазған мен Ұлытау қоныстарында анағұрлым жақсы сақталған [3, 26 бет].
Енді негізгі мәселе Маңғыстау құдықтарына ойыссақ, тарихи деректер Маңғыстау және Үстірт үстінде неолит заманының жұрнақтары алғашқы қауым адамдарының әуелі теңіз жағасында, бұлақтары бар таулы аймақтарды жайлап, кейін еріген қардан, жауған жаңбырлардан көл тұратын қатқылдық пен тақырларды, табиғи қазан шүңқырларды сағалап, қоныс аудара бастағанын, қолындағы қару жетілген сайын тайыз жерден су шығатын құмақтарды қоныстануға шыққанын байқауға болады. Мұнымен қатар өлкенің ежелгі тұрғындары өнімділгі төмен тек қана қора басына есеп жасалған қол суларын үй орнындай етіп қазып, түбі құмсақ құламалы болса жүзген, жыңғыл, сексеуіл сияқты бұталармен сыпыра қазандық жасап, іргесін шегендеп, қауіпсіз халге келтірген апан құдықтар да болған [4, 32-44 б.б.]. Осыған қарағанда, Үстірт пен Маңғыстау құдықтары сонау темір ғасыры тұсынан пайда бола бастаса керек. Маңғыстау құдықтарына арнайы тоқталмас бұрын алдымен құдықтың физикалық және географиялық ерекшеліктеріне назар аударалық. Жер шарының негізгі бөлігін су құрайтын болса, оның ішінде адамзат үшін тіршілік көзі болып табылатын бұл жер асты суы екені географиялық деректерден белгілі [5, 108 бет].
Жер асты суы жер – қыртысын құрайтын тау жыныстары аралығындағы су. Жер асты сулары қалыптасу жағдайына, тереңдігіне және арын күшінің мөлшеріне қарай қалқыма су, грунт және артезиан суы болып үш топқа бөлінеді. Бізге керегі Грунт суы. Себебі қалған екеуі біздің зерттеу обьектімізге тікелей қатысы жоқ. Сонымен Грунт суы табиғи қоры қалқыма суға қарағанда тұрақты, жер бетіне жақын кеуекті, жарықты, карсты қабаттардағы арынсыз су болып келеді [6, 652-653 б.б.]. Мұндай суды ерте заманнан бері құдық қазып кеңінен пайдаланғандықтан, «құдық суы» деп атайды. Ол жер бетінен 1-5 метрден 50-70 метрге дейінгі тереңдікте кездеседі немесе өзен, көл, теңіз маңында, сайларда, тау төбе, қырат бөктерлерінде тұма бұлақ болып жер бетіне еркін шығып жатады. Табиғи мұндай ерекшелктерін ежелден білген қазақ халқы оның ішінде Маңғыстау өңірінң қазақтары малды суғару үшін арнайы құдықтар қазған. Әрине егер географиялық картаға назар салсақ, Маңғыстау түбегінде өзен көлдер көзге түспейді, әрі бұл өңір бұрынғы теңіз табаны болғандықтан, ағын судың сирек кездесуі заңды құбылыс деп қарауды қажет.
Дерек көздері Маңғыстау құдықтарының (Үстіртте) және Қарақалпақ Автономиялы Республикасы мен түркіменстан шекарасына дейінгі жерлерде Арал мен Каспий аралығында) байырғы қыстақтар мен керуен жолдарының бойына орналасқан. Маңғыстау мен Үстірт құдықтарының дені таспен өріліп, ауыз жағы шегенделген. «Шеген» дегеніміз бұл – Құдықтың аузын шегендейтін құрсау тас, қима ағаш, өрме тал, ал шегенде бұл – құдықтың қабырғасын таспен не ағашпен өріп шығару яғни нықтау, нығарлау. [7, 911 бет]. Мұндай құдықтардың әрқайсысының ара қашықтығы 40-45 кмден аспайды. Маңғыстау, Үстірт құдықтары басқа өңірлердегі құдықтарға қарағанда берік әрі терең. Маңғыстау құдықтарына қарап отырсақ, құдық қазу, құдықшылық өнердің ғасырлар бойы сақталып келе жатқандығын анықтайды. Олар шыңырау тереңдігімен ерекшеленеді. Мысалы бұл жердегі терең құдықтар Ұзын шыңырауы тереңдігі 61,9 метр, Тойынаш шынырауы теренд. 56,4 метр, суға дейнг. теренд. 50,1 , Ал Жүзадым шыңырауы тереңдігі 61 метр т.б. Мұндай құдықтардың қуаң дала мен жартылай шөлейт жерлердің табиғи климаттық жағдайына, көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығында маңызы болды [3, 357 бет].
Құдық пен шыңырауды қазуға көп еңбек жұмсалған. Олар құламайтын болып таспен өріліп, аузы «әйкелмен» көмкерілген. «Әйкел» бұл – құдықтың кенересі құламау үшін қойылған ортасы тесік дөңгелек тас. Әбден қазылып болған құдықтың аузын таспен «әйкел» деп аталатын қақпақ қиып орнатады, қақпақтардың ортасынан долы сиятындай етіп дөңгелек теск қалдырады [8, 397 бет]. Бұл жердегі «долы» деп отырғанымыз құдықтың өлі топырағын сыртқа шығаруға арналған теріден, қалың матадан тігілген ыдыс. Долының арқаны шығырға ілініп, оны түйемен тартады [9, 704 бет]. Құдық түбіндегі адамның қауіпсіздігі үшін қазылу кезінде қашыртқылар дайындалған. «Қашыртқы» деп отырғанымыз артық суды басқа жаққа бұратын, қашыратын, не бір жерге жинайтын желі, шұңқыр, немесе су жүретін кішкене арық [10, 533 бет]. Тебін су далаға кетпес үшін, әйкелдің айналасы топырақпен көміліп, дөңестелген. Астаудың астына арнайы «дере» жасалған. «Дере» бұл – мал суаратын науаны көтеріп тұратын төрт қазық тағалы қондырғы. Екінші бір мағынасы, бұл – құдыққа бораған құм, шөп шалам түспес үшін айнала биік етіп топырақтан жасалған қорған [9, 645 бет]. Мұндай құдықтар ешбір жөндеусіз ғасырлар бойы тұра береді. Мысалы, Сам құмының оңтүстігін ала 150 шақырым жерде атақты құдықшы Мамыртай қазған әйгілі құдықтар осы уақытқа дейін сақталған. Ақсақалдардың айтуынша, Мамыртай құдықтарының қазылғанына қазір 200 жылдан асқан көрінеді. Кейбір малды ауылдар бір жерден екі құдықты қатар қаздыратын да, өнімділігін арттыратын. Мұндай қос құдықтың бірі «Мәміш құдығы» Маңғыстауда осы күнге дейін сақталып, халық игілігііне пайдалануда. Әдетте қос құдықтың арасы олардың тереңдігінен оншақты метрдей ғана артық болады. Екі құдықтың да долы байланған көн арқандарының ұштары бір ғана көліктің (түйе, жылқы, өгіз) беліне бекітілетін де, екі құдық арасында ерсілі қарсылы жүргізіледі де отырады. Нәтижесінде көлік беттеп келген құдықтың долысы құдық түбіне жетіп, суға батады да, екінші құдықтың суға толы долысы сыртқа тартылып шығарылады. Одан соң көлік кері айналады. Сөйтіп, көліктің ерсілі қарсылы жүруінің нәтижесінде, екі құдықтан алма кезек су тартылып шығып жатады, әрбір құдықтың басындағы бір – бір адам долыдағы суды дереу астауға ақтарып, долыны қайтадан құдыққа тастап тұрады (сызбаны қараңыз).
Қос құдықтың басында еңбекті бұлайша ұйымдастырудың тиімділігі: біріншіден, су су тарту процесі жалғыз құдықтан су тартумен салыстырғанда екі есе жылдамдайды, екіншіден, екі құдық өз алдына жеке пайдаланылса төрт кісі, екі көлік керек болар еді. Ал қос құдықты пайдаланғанда бір көлікпен үш адамның еңбегі ғана жұмсалады [11, 50 бет].
Енді құдықты қазғанда сонша тереңдікте адам қалай дем ала алады, ауа қысымы төмендеп адамның денсаулығына қауіпті емеспе, осы мәселені физикалық қасиеттерін зерттей отырып, қарастырсақ. Жалпы орташа адамның сырқы толық ауданы 1.6 m2, яғни жер бетінде тұрған осындай адамның бүкіл денесіне 16000 кг тонна салмақ түседі. (таңқаларлық жағдай) Бірақ адам сондай қысым түсіп жатқанын сезбейді, себебі адамның ішкі қысымы да соған тең, сондықтан бір – бірін теңдестіреді. Ал енді құдықтың ішіне түскен адам, құдық тереңдігін шамамен 60 метр деп алсақ және сол құдықта қандай қысым болады, әрі ол адамға қауіпті ме? Ғылымда белгілі жер бетіндегі атмосфералық қысым яғни теңіз деңгейіндегі қысым 101325 Pa.
1. – Жер бетінен төмендеген сайын қысым жоғарылайды. Әрбір 12 метр сайын қысым 133.3 Pa-ға өсіп отырады. Олай болса 60 метр тереңдікте қысым 666.5 Pa-ға өседі.
2. – Енді осыны жер бетіндегі қысымға қоссақ, 60 метр тереңдіктегі қысымды аламыз. 101991.5 Pa.
3. – 60 метр тереңдіктегі қысым жер бетіндегі қысымнан аз ғана айырмашылығы бар екен. Яғни адам денаулығына ондай тереңдікте ешқандай қауіп жоқ [12] .
Маңғыстауда құдық қазуды кәсіп еткен рулар мен әулеттер болған. Өлкеде XIX ғасырдың 70 жылдарында 812 тұщы, 322 ащы барлығы 1139 құдық болған. Ал, олардың саны 1899 ж. – 1211 тұщы, 2957 ащы, барлығы 4168 құдыққа жетіпті [13, 23 бет]. Жалпы деректерге қарап отырсақ терең құдықтар тек Маңғыстау өңірінде ғана емес, Қызылқұмда, және Бетпақдалада да кездеседі. Олардың суы таза және салқын боуымен қатар, көбіне қыщқылдау (тұзды) болып келеді [11, 49 бет]. Әлихан Бөкейханов Ф. А. Щербина экспедициясы құрамында жүріп, сол экспедицияға қатысты еңбектерінде, дәл осы Маңғыстау құдықтарына тоқталып өтеді. [14, 140 бет].
Маңғыстау құдықтары жайында (Көптам өңіріндегі құдықтар) 1832 жылы А.Левшин жазды. Левшин өз еңбектерінде Маңғыстау құдықтарына қатысты тікелей тоқталмаса да, Кіші жүз қазақтарының көшіп қону мәселесін сөз қылғанда дәл осы құдықтарды мысалға келтіреді. [15, 97-98 стр.].
Бүгінде Маңғыстау, Үстірт аймақтарында төмендегідей құдықтар әлі күнге дейін жергілікті халықтың пайдасына жарап тұр. Бұлар: Жаңаөзен қаласынан шығысқа қарай 40 шақырым жерде Қызылсай құдығы. Бұл құдықтың тереңдігі 70 метрге жуық. Бірақ бұл шыңыраудан халық суды арнайы насоспен (су сору құрылғысымен) алады. Екінші құдық Шопан ата маңында орналасқан, бұл құдықтың тереңдігі шамамен 50 метр. Дәл осы құдықтан шығысқа қарай 60 шақырым жерде келесі Құланды шыңырауы орналасқан. Аталған шыңыраудан шығысқа қарай 50 шақырымдай жерде Сауысқан шыңырауын кездестіреміз. Бұл құдықтан тағы да шығысқа қарай жүре берсеңіз келесі шыңырауды жолықтыруға болады. Бұл бүгінде мал ауылы пайдаланып отырған «Жабай ұшқан» шыңырауы. Бұл шыңыраудың тереңдігі шамамен 40 метрге жуық. Суға дейінгі тереңдігі ілгеріде қазған кезде 37 метрге дейін барған. Яғни бұдан шығар қорытынды – құдық суының тереңдігі 2,5 метрге барады. Шыңыраудың іші таспен шегенделіп, өрілген. Аузының диаметрі шамамен 40 – 50 см құрайды. Бастапқы қазылған кездегі диаметрі 1,5 метр болса, кейін ішін таспен, шыбықпен өру кезінде тарылып, жоғарыдағы көлемге ие болған. Ал суды арнайы арқанмен тартып шығарады. Пайдаланып отырған Жаман адай руы [I].
Жаңаөзеннен шығысқа қарай Сенек жерінде «Шел оқты» жерінде тағы бір шыңырау орналасқан. Құдық тереңдігі шамамен 30 – 40 метрді құрайды. Аталған шыңырауды бүгінде жергілікті тұғындар пайдаланылып келеді. Бір қызығы аталған шыңырауды жергілікті тұрғындар қатты киелі тұтады. Себебі бұл құдыққа денесіне жара шыққан науқастарды арқанға байлап, тігінен түсіріп, суда 10 – 15 минуттай ұстайды. Ал құдық аузын киізбен жауып тастайды. Нәтижесінде науқас көп жағдайда ауруынан айығып кетеді деседі. Жергілікті халықтың түсінігінше құдық суының бізге белгісіз бір қасиеті бар секілді. [II]
Шопан ата жеріндегі шыңырауды бүгінде сол жердегі мал шаруашылығымен айналысатын жергілікті адай руының өкілдері пайдаланып келеді. Тереңдігі шамамен 20 – 30 метрді құрайды. Құдықшыны арқанмен тікесінен шыңырауға түсіріп, беліне бел яғни күрек байлайды. (Маңғыстау халқы күректі–бел деп атайды. М. Ш.) Сол арқылы қазылған топырақты шелекке салады. Ал жоғарыда тұрғандар топырақ толы шелекті жоғары тартып алады. Осылай су шыққанша қаза береді [III].
Жаңаөзен аймағында әлі пайдаланып отырған «Қақпақты», «Шектібай», «Жүзадым» атты құдықтар бар. Кейбіреулерінің суы тұзды, кейбіреулері тұщы су. Құдықты екі адам қазады, қазуға кететін уақыт шамамен екі үш ай. (Бұрындары құдық қазуға шамамен алты ай кеткен деген де деректер бар. М. Ш.) Шыңырау тереңдігі қырық метрден бастап, кейде жүз метрге дейін барады [IY].