Маңғыстау құдықтары: қазылу технологиясы мен пайдалану ерекшеліктерінің кейбір мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 18:02, статья

Описание

В этой статье, учитывает труды некоторых ученных и сравнивая информаций местных копателей колодцев, рассмотрены колодцы и технология копания колодцев , которые занимают очень важную роль в кочевой жизни казахов живущих в западной регионе Казахстане, особенно Мангистауском регионе.

Работа состоит из  1 файл

Маңғыстау құдықтары қазылу технологиясы мен пайдалану ерекшеліктерінің кейбір мәселелері.doc

— 261.00 Кб (Скачать документ)

Соншалықты тереңдікте құдықшылар қараңғылықты қалай сейілтеді? Ол үшін мақтаны ширатып, майлап шырақ ретінде жағатын болған. Ал кейде жоғарыдан түскен көмескі сәулемен де қазуға тура келетін кездері кездеседі. Түбіне яғни суға жеткенде таспен өріп, шегендеп тастаған. Бұл айналасының топырағы құламасын әрі су көміліп қалмасын деген қауіптен жасалады. Құдықтың аузы да дәл солай таспен өріліп шегенделеді. Ал құдық ішінде қазылған топырақты шығару үшін қауға пайдаланылады [YI]. «Қауға» дегеніміз – бұл жергілікті тұрғындардың диалектісі ретінде қарастырсақ, Арал маңын жайлаған қазақтарда шелек деген мағына береді. Бірақ жасалу материалы темір, ал Түркіменстанға жақын қазақтарда бұл сөз құдықтан су шығару ыдысы, бірақ мұның жасалған материалы темір емес, керісінше түйенің мойын терісінен жасалған ыдыс [16, 404 бет].

XX ғасырдың басында  Қараш руының бір атақты құдықшысы  осында алты ай жатып шыңырау қазыпты. Жұмыс аяқталса керек. Әлден уақытта құдықшы төменнен арқанды жұлқып, сыртқа шығарыңдар деп белгі береді. Белгі үсті-үстіне қайталанады. Құдықшының өйткен себебі, құдықты қазу кезінде кенет ашылып кеткен көзден бұрқыраған су толып барады екен. Енді болмаса, суға кетуі кәдік. Асығып, абдыраған сырттағылар тұсауымен ұзаңқырып кеткен бас белгі нардың орнына жақындағы нарды ұстап шығырға жегеді. Құдықшыны тартып шығарып келе жатқанда, нар үркіп, құдықшы тасқа соғылып мерт болады. Содан Аққотты-Нар атанып кетеді». Осы хикая негізінде кейіннен Ә.Кекілбаев «Шыңырау» повесін жазған [17, 49 бет].

Сонымен жоғарыдағы құдық, шыңыраулар жайындағы ойымызды сараптай келе, қарастырған деректерден жалпы қорытынды шығарсақ.   Біріншіден бұл құдықтардың көшпелі халықтың өмірінде маңызды орын алғанын байқаймыз, екіншіден құдық қазу бұл жай еріккеннің ермегі емес, керісінше үлкен өнер деп қарау керек. Себебі жүз қадамдық шыңырау қазу кез келген азаматтың қолынан келе бермейтін іс. Мұндай істі жүрегінің түгі бар және бұл істі шындап сүйетін адамдар ғана атқара алады. Сондай ақ, бүгінде ғылыми техникалық прогрес заманында, кез келген тереңдіктен су шығару құрылғылары пайда болған соң, халық шыңырау қазу ісінен кейіндеп қалып бара жатқаны мәлім. Ендігі жерде тарихшылардың алдағы  міндеттерінің бірі, бір заманда халық ішінде зор құрметпен аталған құдықшылар есімін қайта жаңғырту, әрі қазылған құдықтарды, олардың орналасқан аймақтарын әлі де тереңірек зерттей түсу, сонымен қатар,  бүгінге дейін сақталған шыңыраулардың жай күйін зерттеп ғылыми айналымға түсіру болып табылады. Сондай ақ көнекөз қариялардың, оны ішінде дәл сол құдық қазу өнерін жанына серік еткен ұста шеберлердің құдықты қазуда пайдаланған аспаптары мен қолданған тәсілдерін де тереңірек әрі ауқымды зерттеу тарих ғылымында кезек күттірмейтін мәселелердің бірі деп білеміз.

 

 

                               Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

  1. Шәлекенов У. Х. Түріктердің отырықшы өркениеті. – Алматы. 2003. 320 – бет.
  2. «Қазақстан» Ұлттық энциклопедия. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2004. – 696 бет. 6-том.
  3. Марғұлан Ә.Х. Шығармалары. – Алматы. 2010. – Т.9 – 472б.
  4. Е. Ломакин. О полуострове Мангышлаке и путях оттуда в разные пункты Закаспийского края.
  5. Энциклопедический словарь юного георафа-краеведа. – Москва. 1981. – 384 стр.
  6. Қазақ Совет энциклопедиясы. – Алматы. 1975. Т – 7. 648 – бет.
  7. «Қазақстан» Ұлттық энциклопедия. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2001. – 720 бет. 3-том.
  8. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2006. 2-том. – 744 бет.
  9. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2007. 4 – том. – 752 бет.
  10. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2008. 9 – том. – 744 бет.
  11. Х.Арғынбаев. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. – Алматы. 1969. – 171 бет.
  12. Fundamental of Physics, Jearl Walker, 8th edition, chapter 15, pag. 445
  13. Маңғыстау энциклопедиясы. – Алматы: Атамұра, 1997. – 384 бет.
  14. Бөкейханов Ә. Таңдамалы. – Алматы: 1995. 478 – бет.
  15. Левшин А. И.   Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких орд и степей. – Алматы, «Санат», 1996. 656 стр.
  16. Қазақ тілінің аймақтық сөздігі – Алматы: «Арыс баспасы», 2005. – 824 бет.
  17. Ә.Спан. Е.Сатыпалдиев. Маңғыстау деген - бұл аймақ - Мангистау: становление индустрии и люди. Астана. Парасат. 1999.

 

 

                                           Информаторлар тізімі

 

    1. Шамурадов  Еділ. 23 жаста. Жаңаөзен қаласының тұрғыны. Руы Адай, Ескелді.
    2. Таджикулов А. 46 жаста. Шетпе ауылының тұрғыны. Руы Адай.
    3. Айтқалиев Жарқынбек. 26 жаста. Ақтау қаласының тұрғыны. Руы Беріш.
    4. Байдаулетов Хамза. 62 жаста.  Жаңаөзен қаласының тұрғыны. Руы Қоңырел қожа (құдықшы)
    5. Шамурадов Айтуар. 50 жаста. Жаңаөзен қаласының тұрғыны. Руы Адай, Ескелді.

 

 

 

 

 

                                   

 


Информация о работе Маңғыстау құдықтары: қазылу технологиясы мен пайдалану ерекшеліктерінің кейбір мәселелері