Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2012 в 16:34, доклад
Өзінің өткенін, тарихын зерттеу арқылы тарихи сана қалыптасады. Әуелі тарихи сана, одан кейін ұлттық сана қалыптасады. Ұлттың өзін-өзі тануы арқылы ұлттық сана қалыптасады.
Ерте заманда өмір сүрген бабаларымыздың өнердегі жетістіктерін зерттеп, зерделеп, ой елегінен өткізіп, жоғалғанын тауып, бұзылғанын қайта қалпына келтіріп, тарихтың терең сырларын ұғып, халық игілігіне беру, келешек ұрпақ алдында, олардың өнердегі жолында бабалар тәрбиесінің бағыттаушы рөлі болады деп білемін. Ата-бабаларымыздың бізге қалдырып, мұра етіп кеткен осындай рухани және материалдық байлығын сақтап қалу, келешек ұрпаққа өз қалпында жеткізу сіздер мен біздерге аманат етіліп отырғанда, оны абыройлы да саналы түрде атқарып шығу кең байтақ жер мен тарихи-мәдени мұраларды, ғажайып жыр-дастандары мен табиғаттың мол байлығын қалдырған ата-бабаларымызға көрсеткен құрметіміз болады. Қазақстанның батысы, Арал-Каспий өңірінде мыңдаған қазақтың мәдени-тарихи ескерткіштері бар. Бір ғана Шопан-ата жерасты мешітінің айналасында көзге көрінер екі мыңдай ескерткіш кездеседі. Ал, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау аймақтарында 100 мыңнан астам тарихи ескерткіш бар. Біз ең алдымен қазақтың сол ескерткіштеріне көңіл бөлуіміз керек. Табылған тарихи заттарды сөйлете білу, оның тарихи тереңіне үңіліп, я болмаса, әлемдік тарихпен салыстырып зерттеу – үлкен нәрсе. 360 әулие мекен еткен Маңғыстауда Қазақстандағы әулиелі орындар мен тарихи ескерткіштердің 80 пайызы орналасқан. Халықтың рухани көсемі болған әулие бабалар қалдырған тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңес те республикада алғаш Ақтауда құрылды.
Мәдени тарихи ескерткіштер – ұлттық сана көзі................................................. 2 бет
Маңғыстау – ескерткіштердің мол қазынасы..................................................... 3 бет
Маңғыстау тарихи-мәдени ескерткіштерін қорғау,
қалпына келтіру және жүйелеу жұмыстары............................................................... 5 бет
МАЗМҰНЫ
М
а ң ғ ы с
т а у д ы
ң м ә
д е н и - т
а р и х и
е с к е р
т к і ш т
е р і
Мәдени тарихи
ескерткіштер – ұлттық сана көзі..........................
Маңғыстау –
ескерткіштердің мол қазынасы..................
Маңғыстау тарихи-мәдени ескерткіштерін қорғау,
қалпына келтіру
және жүйелеу жұмыстары.....................
Мәдени тарихи ескерткіштер – ұлттық сана көзі.
Өзінің өткенін, тарихын зерттеу арқылы тарихи сана қалыптасады. Әуелі тарихи сана, одан кейін ұлттық сана қалыптасады. Ұлттың өзін-өзі тануы арқылы ұлттық сана қалыптасады.
Ерте заманда өмір сүрген бабаларымыздың өнердегі жетістіктерін зерттеп, зерделеп, ой елегінен өткізіп, жоғалғанын тауып, бұзылғанын қайта қалпына келтіріп, тарихтың терең сырларын ұғып, халық игілігіне беру, келешек ұрпақ алдында, олардың өнердегі жолында бабалар тәрбиесінің бағыттаушы рөлі болады деп білемін. Ата-бабаларымыздың бізге қалдырып, мұра етіп кеткен осындай рухани және материалдық байлығын сақтап қалу, келешек ұрпаққа өз қалпында жеткізу сіздер мен біздерге аманат етіліп отырғанда, оны абыройлы да саналы түрде атқарып шығу кең байтақ жер мен тарихи-мәдени мұраларды, ғажайып жыр-дастандары мен табиғаттың мол байлығын қалдырған ата-бабаларымызға көрсеткен құрметіміз болады. Қазақстанның батысы, Арал-Каспий өңірінде мыңдаған қазақтың мәдени-тарихи ескерткіштері бар. Бір ғана Шопан-ата жерасты мешітінің айналасында көзге көрінер екі мыңдай ескерткіш кездеседі. Ал, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау аймақтарында 100 мыңнан астам тарихи ескерткіш бар. Біз ең алдымен қазақтың сол ескерткіштеріне көңіл бөлуіміз керек. Табылған тарихи заттарды сөйлете білу, оның тарихи тереңіне үңіліп, я болмаса, әлемдік тарихпен салыстырып зерттеу – үлкен нәрсе. 360 әулие мекен еткен Маңғыстауда Қазақстандағы әулиелі орындар мен тарихи ескерткіштердің 80 пайызы орналасқан. Халықтың рухани көсемі болған әулие бабалар қалдырған тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңес те республикада алғаш Ақтауда құрылды.
Елбасымыз айтқандай, қазақтың қасиетті жерінде, оның ішінде жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен Маңғыстау өңірінде ата-бабаларымыздың әулие тұтып, табынбайтын киелі орындары кемде-кем. Үш жүз алпыс әулиелі Маңғыстау өңірінде, Үстірт бойында аңыз өрген қорымдар, күмбез тамдар мен сағана тамдар, құлпытастар, қойтастар жаугершілік замандарда туған жерімізді білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап қалған ата-бабаларымыздың көзі іспеттес. Оларды көздің қарашығындай қастерлеп, бойтұмардай сақтап, міні қураса қалпына келтіріп, жаңғыртып, кейінгі ұрпақтың игілігіне беру- біздің қасиетті парызымыз.
Тәуелсіздік жылдары ішінде көптеген тарихи ескерткіштер қайта қалпына келтірілді, сондықтан да ол халықтың ықыласына бөленіп келеді. Мәдени-тарихи ескерткіштерді реставрация жасаудан бұрын олардың тұрған орнын анықтау, іздеу, ғылыми тұрғыдан бағалау, тарихын зерттеу, төлқұжаттарын жасау, қорғауға алу және қорғау аймағын анықтау жұмыстарын іске асыру қажет. Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін бұлар арнайы есепке алынып, ескерткіштерді қайта жаңғырту немесе тұмшалау жұмыстары белгіленеді.
Тарихи-мәдени
ескерткіштерді қорғау – ел
азаматтарының, келешек
Маңғыс
Бекет- ата. Бекет- ата ескерткіші – Маңғыстау, Үстірт, Жем бойындағы Бекет ата есімімен байланысты жерасты ғимараттарының ортақ атауы. XIX ғасырларда Үстіртті зерттеген типограф Э. Эверсман, А. Дюгаиель сияқты ғалымдар аңыз – әңгімелерді негізінде жинаған деректерін жазып қалырған. Ол 4 мешітті салған: Біріншісі, Құлсарыда – Ақ-мешіт, екіншісі Бейнеу ауылынан 20 километр жерде, үшіншісі – Үстірттегі Байшатыр, төртіншісі жерасты мешіті шың массивті Оғланды. Оның ішінде киелі акустика. Оғыландыдағы ғимарат жақсы сақталған. Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген бір тұмсығының үзіліп қалған шоқысына қашалған. Үш – төрт қанат киіз үй көлеміндей үш бөлме. Жерасты ғимараты маңында Бекет ата пайдаланған, бұлақтар, құдықтар бар. Бекет ата ескерткіші – дарынды сәулеткерліктің, биік талғамның куәсі. Бекет-Ата – діни, тарихи және сәулет ескерткіші.
Бекет-Атаға жол Шопан-Ата
Шопан-Ата. Шопан-Ата жер асты мешіті Оңтүстік Маңғыстау өңірінде, бағзы Хорезм керуен жолының бойында орналасқан. Солтүстік шығысқа қараған сай тұйығынан қашалған үлкен бөлмелер. Мешіт үсті тастақты жүлге. Жүлге бойынан суағарлар жасалып, олардың тоғысқан жерінен сиымдылығы 10-15 текше метрлік су қоймалары қазылған. Олар кезінде мешіт тұрғындарын бүкіл жыл бойы сумен қамтамасыз етіп тұрған. Мешіттің төменгі жағында құдық бар. Кіре берістің сол жақ қапталында жар бетінен төрт шаршы етіп қашалған бөлмелер орналасқан. Мешіт қабырғаларында айшықты нақыштар жоқ. Ел аңызы мешіттің салыну кезеңін Оғыз тайпаларының Маңғыстауға келе бастаған Мерзіміне меңзеді.
Қараман
– Ата. Қараман – Ата ескерткіші Маңғыстаудың
орта бөлігінде, ол үш бөлмеден тұрады.
Кіре беріс бөлме, оған жалғас намаз оқитын
үлкен бөлме. Онда төбені тіреп тұратын
ұстындар бар. Төбе сол жердің бетін алып
жатқан ұлутастан тұрады. Аңыз бойынша
Қараман – Ата, Шопан – Ата әулиетінің
інісі екен делінеді. Екі мешітті жалғастыратын
жер асты жолы болған, бірақ ол уақыт өте
құлап қалған. Қараман – Ата мешітінің
салыну кезеңін 13 ғасырға жатқызады.
Тарихи
ескерткіштердің үлкен топтың жераст
құрылыс орын алады. IХ-Х Шақпақ-ата
мешіті – ең ежелгісі. Көлемі жағынан
алтқанатты киіз үйден кішкене үлкен.
Қабырғалары кішкене
Шерқала жар. Маңғыстаудың қасиетті
жерлерін айтып, Шерқаланы да тыс қалдырмау
қажет. VIII-IХ ғасырда араб шапқыншылығы
кезінде шыңда жасалған бекініс-қала ретінде
белгілі болған. Адаммен жасалған тау,
қамалы арыстанды еске түсіретін, сондықтан
оны “арыстан–қала” деп атап кеткен
болатын. Ақтау
қаласынан 170 шақырым жердегі Шетпе кентіне
жақын орналасқан Ақмыш бұл әрі әсем табиғат
та, әрі соншалықты қызық тарихы да деуге
болады. Шағын орман (тоғай), сыңғырлаған
бұлақтар, жартас жасалымдарының таң қаларлық
пішіндері аясында зерек саяхатшы орта
ғасырлар дәуіріне жататын тарихи оқиғалардың
іздерін көруі мүмкін. Шерқала аты аңызға
айналған қасиетті жартастың қасында
тұлғасы қазақстандық тарихы үшін маңызды
болған Шыңғысханның үлкен ұлы Жошының
бекінісі орналасқан деп саналады. Шерқала
түрік тілінен «арыстан тауы» дегенді
білдіреді. Осында, баяғы заманнан
бері Шығыс пен Батыс аралығындағы керуен
жолында орналасқан Маңғышлақ қаласының
қираған қалдықтары қалған.
Қызылқала. «Қызылқала арқылы Ұлы керуен жолының белгілі бір тармағы жүріп отырып, Сарайшыққа, одан әрі қарай Шығыс Еуропа елдеріне өткен болса керек. Себебі, ол жерден сырттан, өзге елдерден келген заттар, шыныдан жасалған ыдыстар, бояулы ыдыстар шығып жатыр», дейді мамандар. Сонымен қатар, 30 литрдей сыйымдылығы бар қыштан жасалған бидай сақтайтын хум деген ыдыс, қолдан жасалған қазандар, су құйғыш ыдыстар да табылған. Археологтардың айтуларынша, табылған жәдігерлер Қызылқалада қос мәдениеттің қабысып өмір кешкенін көрсетеді. Мұнда қолдан бұйымдар жасаған көне мәдениет пен арнайы құралдардың көмегімен дайындалған жаңа заманғы мәдениет қатар өмір сүрген. Қазба жұмыстары барысында қыз-келіншектердің күміс, алтыннан жасалған әшекей бұйымдары да табылды. Сондай-ақ темірден жасалған қару түрлері мен оқ, жебе ұштары бар. «Яғни мұнда қақтығыс болып, заттар қиратылған», дейді мамандар.
Тарихи деректерге сүйенсек, аймақта 11-12 ғасырларда Мыңқышлақ шаһары болған. 11-ғасырдың аяғында қоршауға алынып, 12-ғасырдың басында қираған. Ортағасырлық «Қызылқала» қалашығының орны өткен ғасырдың 80 жылдары табылған болатын. Ал мұндағы қазба жұмыстары тек «Мәдени мұра» бағдарламасы өмірге келгеннен кейін ғана, 2004 жылы басталды. Еліміздің белді ғылыми институттарының мамандары мұнда 5 жыл бойы зерттеу жүргізіп, Қызылқаланың Шығыс пен Батысты жалғаған ірі сауда орталығы болғанын анықтады. Мұндағы бекініс қамалы күйген кірпіштерден қаланған. Ғалымдардың тағы бір ашқан жаңалығы, Қызылқала маңынан табылған көне түрік сына жазуы болды. Алғашқы болжамдар бойынша, ол Хазар-Оғыз нұсқасы мен Орхон-Енисей-Талас жазуларының арасындағы уақытта пайда болған.
Ақкетік. Маңғыстау есте жоқ ескі замандарда-ақ
әлемдік өркениеттердің маңызды бір байланыс
нүктесі болған. Осы өлке арқылы сан тарам
керуен жолдары өтіп, теңіз жағалауында
үлкен порттар өмір сүрген. Сол порттар
осы Ақкетіктің айналасында болған. Сондықтан
керуен жолдарының да келіп тірелер жері
Ақкетік болары түсінікті. Қолда бар деректерге
жүгінсек, 1600-жылдардың ортасынан бізге
жеткен тарихи мағлұматтар Маңғыстауда
үлкен екі порттың болғанын, оның бірі
Әжібаба – Қарабұлақта, екінші Қарашағыр
– Қамыранда болғанын айтады. Қамырандағы
порт тұрған жер қазір су астында қалған,
Әжібабадағы порттың сұлбасы бар. Ал шежіреде
оған қоса Теміртапқан – Байтақта, деген
порттың болғаны туралы деректер бар.
Өз заманында әз-Жәнібек ханның шақыруы
бойынша келген итальяндар да осы төңіректе
порт салғаны туралы мағлұматтар кездеседі.
Осының бәрі біздің өлкеміздің Батыс пен
Шығыстың, Оңтүстік пен Солтүстіктің ортасындағы
маңызды сауда және өркениет орталығы
болғанын дәлелдейді.
Маңғыстау тарихи-мәдени ескерткіштерін қорғау қалпына келтіру
және
жүйелеу жұмыстары
Маңғыстау облысы бойынша 449 ескерткіш мемлекеттік тізімге енгізілген, оның ішінде 21-і республикалық мәртебеге ие. Сол 449 ескерткіштің жартысынан көбі - қорымдарда сонау қола дәуірінен бастап, ерте темір дәуірі, орта ғасырлардың және жаңа заманның ескерткіштері. Облыстың 2006-2008 жылдарға арналған мәдениет саласын дамытудың аймақтық бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қарашадағы №1161 «Мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2006 жылдың 1 наурызындағы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына сәйкес әзірленген. Осы бағдарлама аясында, Түпқараған ауданына қарасты «Жамбауыл», «Кенті баба», «Қарағашты әулие», Маңғыстау ауданы аумағындағы орналасқан «Көкімбет», «Сисем ата», «Қостам» (Қосмола), Дауысты жеріндегі Дәулетүмбет күмбез тамы, «Масат ата» және Тобықты жеріндегі Бекет ата мешіті, Бейнеу ауданындағы Мықтыбай қойылымындағы Қансұлу күмбезі, сонымен бірге, Түпқараған ауданындағы «Кенті баба» кесенесі, «Қарағашты әулие», «Жамбауыл» қорымдарындағы ескерткіштерге» күмбездерін, Масат ата қорымындағы ескерткіштерге қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
2008 жылы облыс аймағында шашырай орналасқан археология, тарих, сәулет, діни-мемориалдық ескерткіштерін анықтау, зерттеу, қазіргі жағдайын жан-жақты фиксациядан өткізу мақсатында дала экспедициялары өткізіліп, мұрағат құжаттары мен кітапхана қорлары зерделенген. Сол экспедициялар нәтижелерінде 278 ден астам тарихи-мәдени ескерткіш зерттеліп, ғылыми төлқұжаттар жасақталды. Облыс аумағындағы ескерткіштердің электронды ақпараттық базасы бағдарламасын жасақтау үшін былтыр 1200 бірлік жәдігердің электронды ақпараттық базасы дайындалған. Ескерткіштерді насихаттау мақсатында Шопаната, Бекетата мешіттері, Қосқұдық елді мекені, Шақпақата жартасты мешіті, Түпқараған ғибадатханалары, Қызылқала, Үлкенқұдық ескерткіштері жайында жарнама буклеттер басып шығарылды. Бұған қоса алдағы уақытта да жалғасын табатын тарихи-мәдени мұралардың тізімі, ескерткіштің анықтама-сипаттама мәліметтері, фото-суреттері мен сызба-жоспарлары қамтылатын «Маңғыстау ескерткіштерінің жинағы» ғылыми-энциклопедиялық кітабын жасақтауға қажетті жұмыстар атқарылған. «2009 жылға «Мәдени мұра» Өңірлік-салалық бағдарламасы аясында Ырғызбай-Қарасай, Жезді, Көлеңкелі тауы, Желтау, Тасастау-Қайнар, Шағырлы, Тоқсанбай, Солтүстік Үстірт шыңдары аймақтарындағы тарихи ескерткіштер зерттелетін болады»,