Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2012 в 16:34, доклад
Өзінің өткенін, тарихын зерттеу арқылы тарихи сана қалыптасады. Әуелі тарихи сана, одан кейін ұлттық сана қалыптасады. Ұлттың өзін-өзі тануы арқылы ұлттық сана қалыптасады.
Ерте заманда өмір сүрген бабаларымыздың өнердегі жетістіктерін зерттеп, зерделеп, ой елегінен өткізіп, жоғалғанын тауып, бұзылғанын қайта қалпына келтіріп, тарихтың терең сырларын ұғып, халық игілігіне беру, келешек ұрпақ алдында, олардың өнердегі жолында бабалар тәрбиесінің бағыттаушы рөлі болады деп білемін. Ата-бабаларымыздың бізге қалдырып, мұра етіп кеткен осындай рухани және материалдық байлығын сақтап қалу, келешек ұрпаққа өз қалпында жеткізу сіздер мен біздерге аманат етіліп отырғанда, оны абыройлы да саналы түрде атқарып шығу кең байтақ жер мен тарихи-мәдени мұраларды, ғажайып жыр-дастандары мен табиғаттың мол байлығын қалдырған ата-бабаларымызға көрсеткен құрметіміз болады. Қазақстанның батысы, Арал-Каспий өңірінде мыңдаған қазақтың мәдени-тарихи ескерткіштері бар. Бір ғана Шопан-ата жерасты мешітінің айналасында көзге көрінер екі мыңдай ескерткіш кездеседі. Ал, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау аймақтарында 100 мыңнан астам тарихи ескерткіш бар. Біз ең алдымен қазақтың сол ескерткіштеріне көңіл бөлуіміз керек. Табылған тарихи заттарды сөйлете білу, оның тарихи тереңіне үңіліп, я болмаса, әлемдік тарихпен салыстырып зерттеу – үлкен нәрсе. 360 әулие мекен еткен Маңғыстауда Қазақстандағы әулиелі орындар мен тарихи ескерткіштердің 80 пайызы орналасқан. Халықтың рухани көсемі болған әулие бабалар қалдырған тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңес те республикада алғаш Ақтауда құрылды.
Мәдени тарихи ескерткіштер – ұлттық сана көзі................................................. 2 бет
Маңғыстау – ескерткіштердің мол қазынасы..................................................... 3 бет
Маңғыстау тарихи-мәдени ескерткіштерін қорғау,
қалпына келтіру және жүйелеу жұмыстары............................................................... 5 бет