Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 17:40, доклад
XIII ғасырда Шыңғыс хан империясының құрылуына байланысты Қазақстандағы этностық жағдай елеулі өзгерістерге ұшырады. Шыңғыс хан жаулап алған кез, әсіресе алғашқы онжылдықтар жерді, елді, қала мәдениетін қатты күйзеліске ұшыратты.
Қазақстан жерін мекендеген түркі тектес тайпалардың біртұтас халық болып бірігуі монғол шапқыншылығына дейін аяқталуға жақын еді. Бұл үдерісті монғол шапқыншылығы бірнеше ғасырға баяулатып, шегеріп тастады.
Сонымен қатар монғол шапқыншылығы Қазақстанның және көрші аймақтардың этностық құрамына едәуір өзгерістер енгізді, этностық шекараларды өзгертті.
Шыңғыс хан жорығына дейінгі кезеңде Қазақстан жеріне найман, керей, меркіт, жалайыр тайпалары шығыстан келіп қоныстанса, монғолдарды жаулап алған кезеңде мұнда маңғыт, қиат, барлас, қоңырат, татар, т.б. тайпалар қоныс аударды
XIII ғасырда Шыңғыс
хан империясының құрылуына байланысты Қазақстандағы этнос
Қазақстан жерін мекендеген түркі тектес тайпалардың біртұтас халық болып бірігуі монғол шапқыншылығына дейін аяқталуға жақын еді. Бұл үдерісті монғол шапқыншылығы бірнеше ғасырға баяулатып, шегеріп тастады.
Сонымен қатар монғол шапқыншылығы Қазақстанның және көрші аймақтардың этностық құрамына едәуір өзгерістер енгізді, этностық шекараларды өзгертті.
Шыңғыс
хан жорығына дейінгі кезеңде Қазақстан
жеріне найман, керей, меркіт,
Қазақстан жеріне басып кірген Шыңғыс
хан әскерінің құрамында болған
монғолдардың саны туралы нақты мәлімет
жоқ. Шыңғыс хан жорығына, оған сол кезде
бағынышты болған ұйғырлардың, қарлұқтард
Монғолдардың батысқа қарай жорығы, ең алдымен, Қазақстан жерінен басталды. Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы бүкіл әлемде бұдан жақсы жер, бұл ауадан таза ауа, бұл судан тәтті су, бұл көкмайса мен жайылымдардан кең жайылым жоқ деп білді.
1237 жылы Шыңғыс ханның немересі Батый
ханның бастауымен Шығыс Еуропаға
аттанған монғол әскерінің құрамында
көшпелі қыпшақтар мен басқа да түркі
тайпаларының өкілдері едәуір көп болды.
Осы жорықтың нәтижесінде, 1242 жылы Алтын
Орда құрылды. Монғол әскері Жайықтан
әрі өткен кезде оның қатарына оңтүстік
орыс жерін мекендеген половецтер мен сакс
Монғол шапқыншылығы әсіресе Жетісудың, Шығыс Қазақстанның этностық құрылымын қатты өзгертті, бұрынғы этностық байланыстарды әлсіретті.
Монғолдардың жаулап алуы
кезеңінде Сыр өңіріндегі қала, дала
халқының саны күрт азайып кетті. Әсіресе Отырар, Сығанақ және А
1245—1247 жылдары Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерінен жүріп өткен Плано Карпини былай деп жазады:
"Біз кангиттер (қаңлылар) жеріне кірдік... Осы жерден, сондай-ақ Каманиядан (қыпшақ жері — Ә.Т.) біз өлген адамдардың шашылып жатқан бастары мен сүйектерін көрдік..."
Моңғол шапқыншылығы бұл өңірде бұрын қалыптасып қалған шаруашылық-экономикалық, мәдени-этностық дамуды бұзды. Сонымен қатар монғол шапқыншылығы Қазақстан жерінің этностық құрылымына едәуір өзгеріс әкелген саяси фактор болды. Бір жағынан Қазақстан жеріне сырттан келген монғол, түркі тектес тайпалар қоныстанса, екінші жағынан жергілікті халықтың біраз бөлігі Шыңғыс ұрпақтарының жорықтарына тартылып, елімізден тыс аймақтарға қуды. Соның нәтижесінде, жергілікті түркі тектес рулар, тайпалар бір-бірінен ажырап қалды, бұрыңғы тұтастығынан айырылып, майдаланып кетті. Бұл үлкен ру, тайпалардың халық болып бірігуін қатты тежеді. Монғолдар шапқыншылығынан аяқталуға жақын қалған тайпалардың, тайпалық одақтардың халық болып бірігуі бірнеше ғасырға шегерілді.
Монғолдардың келуімен тайпалардың басқару жүйесінде, шаруашылық қарекетінде, тұрмыс – тіршілігін де, салт-санасында белгілі бір өзгерістер болды. Әсіресе оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлердегі қалыптасып қалған қала мәдениеті, егіншілік қатты күйзеліске ұшырады, кей жерлерде мүлде құрып, қайта бұрынғы қалпына келе алмай қалды. Дегенмен де қалыптасып келе жатқан халықтың мәдениеті мүлде тоқыраған жоқ. Олар түркілердің тілін, әдет-ғұрпын, дінін қабылдады. Бұл жөнінде XIV ғасырда өмір сүрген араб географы әл-Омари өте бейнелі жазған:
"Ертеде бұл мемлекет
(Алтын Орда — Ә.Т.) қыпшақтардың
елі болған, бірақ өздерін татарлар
жаулап алған кезде қыпшақтар
солардың бодандарына айналған.
Сонан соң бұлар олармен
Алтын
Орданың шығыс бөлігінің басым көпшілігін қыпшақтар, қаңлылар
Алтын Орда мемлекетінің аясында түрлі тайпалардан, қалыптасып келе жатқан халықтардан тұратын этностардың арасында өзара шаруашылық, мәдени аралас-құраластық күшейді. Қандас туыстық байланыстардың аумақтық — көрші-туыстық байланыстармен ауыстырылуы қазақтың жеке-жеке тайпаларының халық болып қалыптасуын тездетті. Монғолдардың езгісі, үстемдігі жағдайы түркі тілдес, туыстас тайпалардың жаулаушыларға қарсы ортақ қарсылығын, олардың өз арасындағы ынтымағын күшейтті, ендігі жерде өзара бірігу қажеттігін сезіндірді. Бұл, бір жағынан, жалпы түркілік этностық сезім мен сананың оянуына түрткі болды.
XIV—XV ғасырларда Қазақстан жері мен көршілес аймақтарда Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы мемлекеттері өмір сүрді. Аталған мемлекеттердің тұрғындары қазақ, өзбек, моголдар, ноғайлар деп аталған. Бұл атаулардың этностық та, саяси да мәні болды. Әдетте, халықтың атауын этионим десек, ал мемлекеттің атымен аталатын атауды политоним дейміз. Сонымен бұл атаулардың "қазақ", "өзбек" дегендері этноним болса, ал "моғолдар, ноғайлар" деген ұғым "моғол мемлекетінің халқы", "ноғай ордасына қарайтын халық" дегенді білдіреді, яғни этносаяси ұғым. Тарихи-этнологиялық әдебиетте белгілі бір тарихи-этнографиялық аймақта құрылған мемлекет тұрғындарын этносаяси қауымдастық деп атайды.
XIV—XV ғасырларда Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы, Моғолстан сияқты бірнеше мемлекеттердің құрамында болған қазақ тайпаларының халық болып топтасуы баяулап қалды. Бұл, әсіресе Моғолстанда баяу жүрді. Өйткені Моғолстан мемлекетінің этностық құрамы тіптен ала-құла болды. Оған қазақтың үйсін тайпасымен бірге қырғыздар, кейде Шығыс Түркістанның ұйғыр тайпалары да кірді.
Ақ Орда мемлекетінің құрамына Қыпшақ одағындағы өте жақын туыстас тайпалар кірді. Сондықтан да Ақ Орда мемлекетінің аясында этностық, этномәдени, тілдік қатынастары әлдеқайда жылдам дамыды.
Қазақстан жерін ерте дәуірде және орта ғасырларда мекендеген тайпалардың ішіндегі ең тұрақтысы қыпшақтар болды. Олар XI—XIII ғасырларда Қыпшақ мемлекеттік бірлестігін құрды. Алтын Орда мемлекетінің құрамында да қыпшақтар негізгі этностық топ болды. XIV ғасырда Орда Ежен мен Шайбан ұлыстарын біріктірген Ақ Орда мемлекетінің негізгі халқын тағы да қыпшақтар құрады. Көшпелі өзбектер мемлекеті деп аталатын Әбілхайыр хандығы құрамында да қыпшақтар болды. Кейін, қазақ халқы қалыптасып болған кезде де, оның құрамындағы үлкен тайпаны қыпшақтар құрады.
Қыпшақтар қазақ даласында ерте заманда да, орта ғасырларда да үлкен саяси және этностық біріктіруші рөл атқарған тайпа. Сондықтан шығыс авторларының жазбаларында қазақ жері ылғи да Қыпшақ даласы (Дешті Қыпшақ) деп аталады. Батыйдың әскери құрамасына қыпшақтармен қатар арғындар, наймандар, оғыздар, бүрақтар, ойраттар, қарлұқтар, қосшылар, үйсіндер, қоңыраттар, керейлер және барластар кірген. XI ғасырлардан бастап ежелгі қазақ жерінде қыпшақ тайпасы үлкен әскери, саяси ықпалға ие болғанын байқауға болады. Яғни, бұл кезеңде қыпшақтар қазақ тайпаларын этностық жағынан біріктіруші қызмет атқарған.
Қыпшақ этносаяси қауымдастығына кірген тайпалар бірлестігінің бірнеше ғасырлық тұрақтылығын байқаймыз. Әрине, сыртқы жаулаушылықтар салдарынан, әр кез әр түрлі мемлекеттердің құрамына бытырап, бөлініп кіру салдарынан олардың өзара этностық, мәдени, шаруашылық байланыстары әлсіреп, үзіліп те отырды. Бірақ бұл сыртқы факторлар қазақ халқының үздіксіз, тұрақты түрде қалыптасуын баяулатқанымен, тоқтата алмады.
XIV ғасырдың 50—60-жылдары Ақ Орданы, яғни Шығыс Дешті Қыпшақты мекендеген тайпаларды қыпшақ деп атамай, көбінесе өзбек деп атайды. XIV—XV ғасырлардағы Шығыс Дешті Қыпшақтың жұртына қатысты "өзбек" атауы елдің аты емес, яғни этнонимде емес, мемлекеттің құрамына енген жергілікті түркі және сіңісіп кеткен монғол тайпаларының ортақ саяси атауы деп түсінген дүрыс. Көшпелі өзбектерге үш үлкен тайпа (халық) кіреді:
Информация о работе Монғол шапқыншылығы және этностық өзгерістер