Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 17:40, доклад
XIII ғасырда Шыңғыс хан империясының құрылуына байланысты Қазақстандағы этностық жағдай елеулі өзгерістерге ұшырады. Шыңғыс хан жаулап алған кез, әсіресе алғашқы онжылдықтар жерді, елді, қала мәдениетін қатты күйзеліске ұшыратты.
Қазақстан жерін мекендеген түркі тектес тайпалардың біртұтас халық болып бірігуі монғол шапқыншылығына дейін аяқталуға жақын еді. Бұл үдерісті монғол шапқыншылығы бірнеше ғасырға баяулатып, шегеріп тастады.
Сонымен қатар монғол шапқыншылығы Қазақстанның және көрші аймақтардың этностық құрамына едәуір өзгерістер енгізді, этностық шекараларды өзгертті.
Шыңғыс хан жорығына дейінгі кезеңде Қазақстан жеріне найман, керей, меркіт, жалайыр тайпалары шығыстан келіп қоныстанса, монғолдарды жаулап алған кезеңде мұнда маңғыт, қиат, барлас, қоңырат, татар, т.б. тайпалар қоныс аударды