Моңғол шапқыншылығы

Автор работы: k*********@gmail.com, 27 Ноября 2011 в 20:42, реферат

Описание

1227 ж. Шыңғыс хан қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін 1235 ж. Қарақорымда өткен монгол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Оны Жошының ұлы Бату басқаратын болды. Бату хан әскері еріксіз тайпалар өкілдерінен құралды. Басқару қызметтерін монгол феодалдары иеленді. Бату хан әскері 1236 жылы Камадағы Бұлғарды, Мордваларды талқандап, 1237-1240 жж. орыс жерлеріне келді. Рязань, Мәскеу, Владимир түбінде күшті шайқастар болды.

Содержание

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Моңғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы.
Ұлыстардың құрылуы.
Монғол шапқыншылығы және этностық өзгерістер
XIV—XV ғасырлардағы этностық даму
Моңғолдар жаулап алуының зардаптары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

Моңғол шапқыншылығы.doc

— 232.50 Кб (Скачать документ)

     Монғолдардың  батысқа қарай жорығы, ең алдымен, Қазақстан жерінен басталды. Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы бүкіл әлемде бұдан жақсы жер, бұл ауадан таза ауа, бұл судан тәтті су, бұл көкмайса мен жайылымдардан кең жайылым жоқ деп білді.

     1237 жылы Шыңғыс ханның немересі Батый ханның бастауымен Шығыс Еуропаға аттанған монғол әскерінің құрамында көшпелі қыпшақтар мен басқа да түркі тайпаларының өкілдері едәуір көп болды. Осы жорықтың нәтижесінде, 1242 жылы Алтын Орда құрылды. Монғол әскері Жайықтан әрі өткен кезде оның қатарына оңтүстік орыс жерін мекендеген половецтер мен саксиндер де қосылған еді.

     Монғол  шапқыншылығы әсіресе Жетісудың, Шығыс Қазақстанның этностық құрылымын қатты өзгертті, бұрынғы этностық байланыстарды әлсіретті.

     Монғолдардың  жаулап алуы кезеңінде Сыр өңіріндегі қала, дала халқының саны күрт азайып кетті. Әсіресе Отырар, Сығанақ және Ашнас калаларының халқы монғолдарға қатты қарсыласқаны үшін аяусыз қырылған.

     1245—1247 жылдары Оңтүстік Қазақстан және  Жетісу жерінен жүріп өткен Плано Карпини былай деп жазады:

     "Біз кангиттер (қаңлылар) жеріне кірдік... Осы жерден, сондай-ақ Каманиядан (қыпшақ жері — Ә.Т.) біз өлген адамдардың шашылып жатқан бастары мен сүйектерін көрдік..."

     Моңғол шапқыншылығы бұл өңірде бұрын қалыптасып қалған шаруашылық-экономикалық, мәдени-этностық дамуды бұзды. Сонымен қатар монғол шапқыншылығы Қазақстан жерінің этностық құрылымына едәуір өзгеріс әкелген саяси фактор болды. Бір жағынан Қазақстан жеріне сырттан келген монғол, түркі тектес тайпалар қоныстанса, екінші жағынан жергілікті халықтың біраз бөлігі Шыңғыс ұрпақтарының жорықтарына тартылып, елімізден тыс аймақтарға қуды. Соның нәтижесінде, жергілікті түркі тектес рулар, тайпалар бір-бірінен ажырап қалды, бұрыңғы тұтастығынан айырылып, майдаланып кетті. Бұл үлкен ру, тайпалардың халық болып бірігуін қатты тежеді. Монғолдар шапқыншылығынан аяқталуға жақын қалған тайпалардың, тайпалық одақтардың халық болып бірігуі бірнеше ғасырға шегерілді.

     Монғолдардың  келуімен тайпалардың басқару жүйесінде, шаруашылық қарекетінде, тұрмыс – тіршілігін де, салт-санасында белгілі бір өзгерістер болды. Әсіресе оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлердегі қалыптасып қалған қала мәдениеті, егіншілік қатты күйзеліске ұшырады, кей жерлерде мүлде құрып, қайта бұрынғы қалпына келе алмай қалды. Дегенмен де қалыптасып келе жатқан халықтың мәдениеті мүлде тоқыраған жоқ. Олар түркілердің тілін, әдет-ғұрпын, дінін қабылдады. Бұл жөнінде XIV ғасырда өмір сүрген араб географы әл-Омари өте бейнелі жазған:

     "Ертеде бұл мемлекет (Алтын Орда — Ә.Т.) қыпшақтардың елі болған, бірақ өздерін татарлар жаулап алған кезде қыпшақтар солардың бодандарына айналған. Сонан соң бұлар олармен араласып, туыстасып кеткен де, қыпшақтардың табиғи және нәсілдік қасиеттері үстем болып шығып, олардың бәрі нақ қыпшақтар сияқты болып кеткен..." — дейді.

     XIV—XV ғасырлардағы этностық даму

     Алтын Орданың шығыс бөлігінің басым көпшілігін қыпшақтар, қаңлылар, керейлер, үйсіндер, кенегестер, арғындар, т.б. тайпалар құрады.

     Алтын Орда мемлекетінің аясында түрлі тайпалардан, қалыптасып келе жатқан халықтардан тұратын этностардың арасында өзара шаруашылық, мәдени аралас-құраластық күшейді. Қандас туыстық байланыстардың аумақтық — көрші-туыстық байланыстармен ауыстырылуы қазақтың жеке-жеке тайпаларының халық болып қалыптасуын тездетті. Монғолдардың езгісі, үстемдігі жағдайы түркі тілдес, туыстас тайпалардың жаулаушыларға қарсы ортақ қарсылығын, олардың өз арасындағы ынтымағын күшейтті, ендігі жерде өзара бірігу қажеттігін сезіндірді. Бұл, бір жағынан, жалпы түркілік этностық сезім мен сананың оянуына түрткі болды.

     XIVXV ғасырларда Қазақстан жері мен көршілес аймақтарда Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы мемлекеттері өмір сүрді. Аталған мемлекеттердің тұрғындары қазақ, өзбек, моголдар, ноғайлар деп аталған. Бұл атаулардың этностық та, саяси да мәні болды. Әдетте, халықтың атауын этионим десек, ал мемлекеттің атымен аталатын атауды политоним дейміз. Сонымен бұл атаулардың "қазақ", "өзбек" дегендері этноним болса, ал "моғолдар, ноғайлар" деген ұғым "моғол мемлекетінің халқы", "ноғай ордасына қарайтын халық" дегенді білдіреді, яғни этносаяси ұғым. Тарихи-этнологиялық әдебиетте белгілі бір тарихи-этнографиялық аймақта құрылған мемлекет тұрғындарын этносаяси қауымдастық деп атайды.

     XIVXV ғасырларда Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы, Моғолстан сияқты бірнеше мемлекеттердің құрамында болған қазақ тайпаларының халық болып топтасуы баяулап қалды. Бұл, әсіресе Моғолстанда баяу жүрді. Өйткені Моғолстан мемлекетінің этностық құрамы тіптен ала-құла болды. Оған қазақтың үйсін тайпасымен бірге қырғыздар, кейде Шығыс Түркістанның ұйғыр тайпалары да кірді.

     Ақ Орда мемлекетінің құрамына Қыпшақ одағындағы өте жақын туыстас тайпалар кірді. Сондықтан да Ақ Орда мемлекетінің аясында этностық, этномәдени, тілдік қатынастары әлдеқайда жылдам дамыды.

     Қазақстан жерін ерте дәуірде және орта ғасырларда мекендеген тайпалардың ішіндегі ең тұрақтысы қыпшақтар болды. Олар XI—XIII ғасырларда Қыпшақ мемлекеттік  бірлестігін құрды. Алтын Орда мемлекетінің құрамында да қыпшақтар негізгі этностық топ болды. XIV ғасырда Орда Ежен мен Шайбан ұлыстарын біріктірген Ақ Орда мемлекетінің негізгі халқын тағы да қыпшақтар құрады. Көшпелі өзбектер мемлекеті деп аталатын Әбілхайыр хандығы құрамында да қыпшақтар болды. Кейін, қазақ халқы қалыптасып болған кезде де, оның құрамындағы үлкен тайпаны қыпшақтар құрады.

     Қыпшақтар қазақ даласында ерте заманда  да, орта ғасырларда да үлкен саяси  және этностық біріктіруші рөл атқарған тайпа. Сондықтан шығыс авторларының жазбаларында қазақ жері ылғи да Қыпшақ даласы (Дешті Қыпшақ) деп аталады. Батыйдың әскери құрамасына қыпшақтармен қатар арғындар, наймандар, оғыздар, бүрақтар, ойраттар, қарлұқтар, қосшылар, үйсіндер, қоңыраттар, керейлер және барластар кірген. XI ғасырлардан бастап ежелгі қазақ жерінде қыпшақ тайпасы үлкен әскери, саяси ықпалға ие болғанын байқауға болады. Яғни, бұл кезеңде қыпшақтар қазақ тайпаларын этностық жағынан біріктіруші қызмет атқарған.

     Қыпшақ  этносаяси қауымдастығына кірген тайпалар бірлестігінің бірнеше ғасырлық тұрақтылығын байқаймыз. Әрине, сыртқы жаулаушылықтар салдарынан, әр кез әр түрлі мемлекеттердің құрамына бытырап, бөлініп кіру салдарынан олардың өзара этностық, мәдени, шаруашылық байланыстары әлсіреп, үзіліп те отырды. Бірақ бұл сыртқы факторлар қазақ халқының үздіксіз, тұрақты түрде қалыптасуын баяулатқанымен, тоқтата алмады.

     XIV ғасырдың 50—60-жылдары Ақ Орданы, яғни Шығыс Дешті Қыпшақты мекендеген тайпаларды қыпшақ деп атамай, көбінесе өзбек деп атайды. XIV—XV ғасырлардағы Шығыс Дешті Қыпшақтың жұртына қатысты "өзбек" атауы елдің аты емес, яғни этнонимде емес, мемлекеттің құрамына енген жергілікті түркі және сіңісіп кеткен монғол тайпаларының ортақ саяси атауы деп түсінген дүрыс. Көшпелі өзбектерге үш үлкен тайпа (халық) кіреді:

  • 1) шайбандықтар, яғни Мұхаммед Шайбаниға бағынған шығыс-қыпшақ тайпалары;
  • 2) Еділден Сырдарияға дейін көшіп жүрген қазақтар;
  • 3) маңғыттарНоғай ордасының халқы.
 

     Моңғолдар жаулап алуының зардаптары

     Шыңғыс-хан  әскерлерінің басқыншылығы жаулап алған елдер үшін өзінің зардабы жағынан ең ауыр апат болды, ол көптеген халықтардың экономикалық және мәдени прогресін, олардың саяси әлеуметтік, этникалық дамуын ұзақ уақыт тоқыратты. Орасан зор регионның экономикасы құлдырап кетті.

     Моңғолдардың  жаулап алуы салдарынан өндіргіш күштер талқандалып, адамдар жаппай қырылды, өркендеп тұрған қалалар жер бетінен  ғайып болып, материалдық және мәдени қазыналар жойылып кетті, ондаған  мың тамаша шеберлер мен қолөнершілер құлдыққа айналды. Жаулап алған елдерде індеттер таралып, жаппай жоқшылық басталды. Араб тарихшысы Ибн әл – Асыр моңғолдардың жаулап алуы туралы «бұл күн мен түн болып көрмеген, жаратылғанның бәрін жайлаған Орасан кесапат болды… жылнамаларда бұл секілді апаттың болғаны айтылмаған,» – деп жазды.

     Қалалардың  қирауы. Жергілікті халықтың қарсыласуын басу үшін Шыңғыс – хан жаппай қырып жою және күштеу, тұтас бір қалалардан түк қалдырмау тәсілдерін қолданды. Шыңғыс-ханның Орта Азияға баратын жолында жатқан Оңтүстік Қазақстанның Сырдария бойындағы қалалары мен қоңыстары бұл тәсілдің алғашқы құрбандары болды. Моңғол әскерлері отпен өртеп, қылышпен қырып өзіне жол ашып отырды. Араб және парсы деректемелері түрлі елдердің халқын моңғолдар түгелдей дерлік қырып тастаған 30-ға тарта қалаларының атын келтіреді. Мәселен, моңғолдарға дейінгі уақытта 200-ге тарта елді мекен қалалар болса, XIII-XIV ғғ., 20-ға жуық қана қала қалған. Тіпті жуас қала атанған Баласағұнның өзі түп орнымен жоқ болып кеткен. Оны Мұхаммед хандардың мына сөзінен де көруге болады: «Баласағұнның өзі тұрмақ, оның орны қайда екені белгісіз». Оның ішінде оңтүстік Қазақстаннан Отырар, Сауран, Сығанақ, Жент, Ашнас сияқты ірі қалалар қиратылып құрып кетті.

     Жетісуда  шаруашылықтың құлдырауы. Моңғол феодалдарының үстемдігі орнағаннан кейін туған ауыр зардаптарының әсері ешбір ұрыссыз – ақ басып алынған Жетісу жерлеріне күшті тиді. Бірақ, жазба деректемелер мен археологиялық мәліметтер Жетісудағы қала мен отырықшы – егіншілік егісінің едәуір бүлінгенін, егістік үшін игерілген жерлердің өлкеде моңғол үстемдігі орнығаннан кейін алғашқы ондаған жылдарда – ақ жайылымға айналдырғанын дәлелдейді.

     Француз королі IX Людовиктің моңғол ханы Мөңкеге  жіберген елшісі Рубрук моңғол шапқыншылығынан  кейін 30 жылдан астам уақыт өткен  соң, 1253-1255 жылдары Қазақстан территориясы арқылы өтіп бара жатып, егіншілік егісінің бұзылғандығы туралы, Жетісу қалаларының, оның ішінде Іле аңғарындағы қалалардың ғайып болғандығы туралы алғашқылардың бірі болып дәлелдемелер қалдырып кеткен.

     Ұлыстар құрылғаннан кейін Жетісуға моңғол көшпелілердің қалың топтарының келіп қоңыстануы салдарынан егіс танаптары, өңделетін жерлер күрт азайып, экономиканың көшпелі мал шаруашылығы секторы отырықшылық сектор есебінен күшейе түсті.

     Елді  мекендерді қирату, егістікті малға  таптату, бау – бақшаны, ирригациялық жүйелерді жойып жіберу, отырықшы – егіншілікпен шұғылданатын халықтың қырылып, босып кетуі, оның көрші қалалармен және егіншілікпен шұғылданатын өлкелермен, соның ішінде, Оңтүстік Қазақстанмен экономикалық байланысының күрт азаюы – осының барлығы Жетісудағы шаруашылықтың құлдырауына және қалалардың өмір сүруінің экономикалық негізінің әлсеруіне әкеп соқты.

     Тоқырау мен материалдық жағынан ғана әсерін тигізіп қоймай, Қазақстан  жеріндегі халықтардың қоғамдық жағынан рухани мәдениетінің дамуына үлкен кесел келтірді. Өйткені моңғол қоғамының даму деңгейі Қазақстандағы дамудың деңгейінен әлдеқайда төмен еді. Әскер күшіне сүйенген, жаулаушылыққа сай құрылған көшпелі әскери феодолизмнің шапқыншылығы Қазақстан жеріндегі әлеуметтік – экономикалық формацияның дамуына тәжеу жасады. Әсіресе, жаңадан халық болып қалыптасып келе жатқан халықтың құрамының шырқын бұзып, қазақ мемлекеттігінің пайда болу процесін екі ғасырға кешеуілдетті. Бұл шапқыншылық Қазақстан жеріне алым – салықтың ауыр зардабын, қайғы – қасіреттің, золық – зомбылықтың күшін орнатты. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     ҚОРЫТЫНДЫ

     Қорытып айтқанда, Шыңғыс – хан бастаған моңғол басқынщылығы жаулап алынған  елдер үшін өзінің кеселді зардабы  жағынан ең ауыр апат болды. Ол көптеген халықтардың экономикалық және мәдени прогресін, олардың саяси, әлеуметтік, этникалық дамуын ұзақ уақыт тоқыратты.

     XIII ғасырдың басында татар - монғол  тайпаларын саяси жағынан біріктірген  монғол феодалдық мемлекеті құрылды.  Бұл мемлекеттің негізін Темучин  қалады. Бір деректер бойынша ол 1162 жылы, келесі деректерде 1155 жылы Есугай бахадүр атты бай ноянның отбасында дүниеге келген. Ол қият тайпасының борджигин руынан болды. Оның анасы Оэлун қоңырат тайпасынан еді.

Информация о работе Моңғол шапқыншылығы