Автор работы: k*********@gmail.com, 27 Ноября 2011 в 20:42, реферат
1227 ж. Шыңғыс хан қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін 1235 ж. Қарақорымда өткен монгол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Оны Жошының ұлы Бату басқаратын болды. Бату хан әскері еріксіз тайпалар өкілдерінен құралды. Басқару қызметтерін монгол феодалдары иеленді. Бату хан әскері 1236 жылы Камадағы Бұлғарды, Мордваларды талқандап, 1237-1240 жж. орыс жерлеріне келді. Рязань, Мәскеу, Владимир түбінде күшті шайқастар болды.
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Моңғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы.
Ұлыстардың құрылуы.
Монғол шапқыншылығы және этностық өзгерістер
XIV—XV ғасырлардағы этностық даму
Моңғолдар жаулап алуының зардаптары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Темучин тайпааралық күрес жағдайында өз айналасына нөкерлерді жұмылдыра біліп, ер жүрек жауынгер данқын иелену үшін көрші тайпаларға сәтті шабуылдап отырды. Темучин Моңғолияның бүкіл дерлік тайпаларын өз қол астына біріктірді. Ілгеріде Моңғолияны мекен еткен тайпалардың басым көпшілігі татар атымен (ең қуатты тайпа атауы бойынша) белгілі болса, енділікке мемлекеттіліктің нығаюына орай өздерін монғолмыз деп атай бастады. Бүл термин жалпылама этно саяси мәнге ие болды.
1206 жылдың көктемінде Онон өзені бастауларының бойында монғол шонжарлары - Темучиннің жақтастарының құрылтайы болды, бүл жиында ол моңғолдардың әміршісі - Шыңғыс хан деп жарияланды.
Көшпелі
шонжарлардың мүдделерін қанағаттандыру
үшін Шыңғыс хан жаулап алу жолына
түсті, нояндар табына «ішкі» қырқыстарға
қарағанда әскери олжаны шексіз көп
қармау және жаулап алғаннан соң диқаншылықпен
айналысатын бай әрі мәдениетті көрші
елдерді феодалдық тұрғыдан қанау мүмкіндігін
ұсынды. Монғол шонжарлары үшін соғыс
Монғол қоғамында әлеуметтік қайшылықтарды
әлсірету құралы ретінде де қызмет атқарды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР