Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 19:55, курсовая работа
Еркек пен әйелдің бас қосып, шаңырақ құруы – отбасының салт-дәстүрлік негізін қалап, оны жүйелеп, ұрпақтан – ұрпаққа аманат етіп қалдырған. Сол бойынша үйдегі адамдардың өзіндік орыны мен атқаратын қызметі, отбасы үшін жауапкершілігі бар. Егерде ол орындалмайтын немесе бұзылатын болса, отбасының берекесі кетеді, оны күйреуге әкеліп соқтырады. Ал мұны болдырмаудың сара жолы – жұптық жарасым, өзара түсіністік пен сыйластық.
Қазақ отбасында ер мен әйел – шаңырақтың негізгі іргетасы. Бұл іргетас үйленумен қаланып, нығаяды.
Мұсылман құқығы бойынша мұсылман ер адамға бір мезгілде төрт әйелге дейін үйленуге рұқсат берді. Бұл туралы Құранда былай баяндалады: «...Өздеріңе жаққан басқа әйелдерден екі, үш және төртке дейін үйленіңдер...»(Ниса 4/3) Бірақ, мұсылман құқығында ер адам әйелдеріне тең қарай алмаса, көп әйел алу харам (тыйым салынады) саналады. Бұл туралы Құранда былай айтылады: «..Сонда егер тең ұстай алмаудан қорықсаңдар, онда біреу алыңдар...» (Ниса 4/3). Яғни, көп әйел алуға ер адамның психологиялық, материалдық тұрғыдан дайындығы болып, әйелдерін бір-бірінен алаламайтын теңдік қағидасы негізінде қарауы тиіс. Мұсылман құқығы көп әйел алуға мынандай себептердің болуы керектігін алға тартады:
1. Физиологиялық тұрғыдан күшті болып, бірінші әйелінің келсімімен әйел алуға болады.
2. Бірінші әйелінің физиологиялық тұрғыдан кемістігі (тумайтын бедеу немесе әртүрлі ауруларға ұшыраса) болса, келесі бір әйелмен некеге тұруға болады.
3. Туған жерінен түрлі себептермен басқа елге өтіп кеткен жағдайда, алты айдан кейін басқа әйелмен некеге тұруға болады.
4. Әлеуметтік жағдайға орай, яғни, соғыс жағдайында ері қайтыс болған жесір әйелдердің ешқандай қараушысы болмаған жағдайда немесе жоқшылықтан зина жасауға баруы мүмкін басы бос әйелмен некеге тұруға болады.
Мұсылман құқығының жоғарғы себептердің негізінде төрт әйелге дейін үйленуге рұқсат беруі, мұсылман қоғамының көптеген әлеуметтік мәселелерінің оң шешілуіне мүмкіндік тудырды. Шайқастарда мерт болғандардың жесір қалған әйелдеріне өзге мұсылмандар үйленіп, олардың қамқоршысы болды. Нәтижеде, жесір әйелдердің отбасылық әлеуметтік мәселелері оң шешіліп, мұсылман құқығының бұл шешімі жесір әйелдердің жоқшылықтан жаман жолға түсуінің алдын-алды. Пайғамбарымыз (с.а.у) жесір қалған әйелдерге өзі де үйленіп, басқа мұсылмандардың жесір әйелдерге үйленіп, оларға қамқоршы болуын үндеді. Қолымыздағы деректерге қарағанда Пайғамбарымыз (с.а.у) төрт әйел емес, одан да көп (он бір әйел) әйелге үйленген. Пайғамбарымыз (с.а.у)-ға төрт әйелден де көп әйелге үйленуге Құран рұқсат берген болатын: «...Сондай-ақ, егер мүмін бір әйел өзін Пайғамбарға бағыштаса; Пайғамбар оны некеленгісі келсе, бұны; өзге мүміндерден ерекше саған халал еттік...» (Ахзап 33/50) Зерттеушілер Пайғамбарымыз (с.а.у) Айша (р.а) ғана қыздай алған. Қалған әйелдері жесір болғандығын айтады.
Исламға дейінгі араб қоғамындағы тұрпайы әдеттердің бірі, тайпалық дәстүр бойынша шеше, әйел, қыз, сәбилер мирас алалмайтын. Тек соғысуға жарайтын ер адам ғана мирас алатын. Осыдан араб қоғамында дүние-мүліктің ұрпақтан ұрпаққа қалдырылуы үнемі келіспеушіліктерді, ренішті тудыратын. Ал, мұсылман құқығы бойынша отбасының барлық мүшелері, яғни, ұл-қызы болсын белгілі мөлшерде мұрадан пай ала алды. Бұл туралы Құранның Ниса сүресінің 5-6 аттарында баяндалады.Исламға дейінгі араб қоғамындағы тағылық әдеттердің бірі, қайтыс болған адамның жесірін де, қайтыс болған адамның ағасы немесе інісі мұра ретінде қарап, оған зорлықпен үйленетін. Ал, мұсылман құқығы әйелдің еркі болмаса, зорлықпен әмеңгерлікке алуға тыйым салды. Бұл туралы Құранда былай айтылады: «Әй мүміндер! Сендер үшін әйелдерге зорлықпен мұрагер болуларың халал емес..» (Ниса 4/19) Мұсылман құқығы бойынша мұра алам деп бір-бірін өлтіргендерге мұрадан пай берілмеді. Бұл туралы Пайғамбарымыз (с.а.у): «Өлтірген адамға мұрадан пай жоқ» деген болатын. Сонымен қатар, мұсылман құқығында некесіз туылған балалар мұрагерлік құқығына ие бола алмады.Осылайша Исламға дейін әйел затын құмарға қандырушы бір сәттік ләззатқа балаған араб қоғамына Ислам түбегейлі өзгерістер әкелді. Исламның келуімен ескі тағылық, тұрпайы іс-әрекеттердің бәріне тыйым салынып, жеңіл жүріс пен көңіл көтеру, зина секілді азғынданудан ада, пәк, белгілі бір тәртіпке бағынған абыройлы отбасылар пайда болды.
Отбасылық құқық. Неке-екі жақтың, әйел мен еркектің келісімі негізіндегі нәтиже. Некенің шарты: екі адамның келісуі, неке жөнінде жұрт алдында және ашық түрде жариялау.
Құқықтанушылардың көпшілігі келесі жағдай некеге тұру үшін керекті деп есептейді: екі жақтың әлеуметтік теңдігі; мұсылман дінін тұтынуы; бостандықта, еркіндікте болуы, денсаулығы күшті, шындықты айтуы, жұбайының жұмысы бар болуы.
Молда неке қиярда кәмелетке толған мұсылманнан екі куәгер сұрайды.
Некенің түрлері. Сунниттерде тек бір неке. Ол мәңгілік және мерзімсіз. Шейіттер тағы уақытша неке қосады, бір жұбайының жақындығынан бастап ондаған жылдарға дейінгі аралықта. Бұл некеден туған балалардың өз мәртебесі бар. Бұл неке мұрагерлік алуға құқық бермейді.
Құран қандас туысқандардың некесіне тыйым салады. Туысқандарға жататындар: ана, әпкелер, екі жақтың апайлары, ағалары мен қарындастарының қыздары, асыраушысы, емшектес қарындастары, әйелінің анасы, яғни енесі, өгей қызы, өз баласының әйелдері, яғни, келіндері. Апалы-сіңлілерді бірден әйелдікке алуға болмайды. Құран еркек пен әкенің толық басшылығын қолдайды. Еркек әйелдерден жоғары тұрады. Себебі құдай дүниені оған бұрын берді. Сондықтан олар өз дүниесін әйелдер үшін жұмсайды.
Құран төрт әйел алуға дейін рұқсат етеді. Ері әйелін азық-түлікпен, баспанамен, киімдермен қамтамасыз етуге міндетті. Әйел дүниесінің жағдайы талапқа сай келуі және ерінің әйелмен бірдей қарым-қатынаста болуы талап етіледі.
Еркектерге үйінен басқа жерде тұруына да рұқсат берілген. Ал әйелі өзінің ар, ұят тазалығы мен еріне сенімділігін таза ұстауы керек. Неке заттық келісімге ұқсайды, әйел қандай да бір зат ретінде алынады. Ажырасу жағдайында кезектегі уақыт белгіленеді. Некелескен адамдардың ажырасу құқығы бүтіндей еркектің қолында.
Тек "Құранның" бір жерінде сатып алған қалыңмалын қайтарған жағдайда әйелге ажырасуға рұқсат етілетіні айтылған. Еркек үшін ажырасуға әйелінің кішігірім кінәсі де себеп бола алады. Ажырасу еш сылтаусыз болуы да мүмкін. Ажырасу жағдайында тек тиісті салт жорасын өткізсе болды. Бірақ ажырасқан әйел үш ай ерінің үйінде қала алады. Өйткені балалар ерінің қамқорлығында қалады. Құран бойынша ажырасудың үш түрі бар:
Талақ. Егер жұбайлар иддат кезінде бір-бірімен жанаспаса, ал оның бітуінен кейін үш ай ері әйеліне қайтармайды. Талақтың тұрақты қағидасы: "Сен аластатылдың! Сен кесілдің! Сен жабылдың! Тізгінің өз мойныңда! Өзіңнің руыңа барып қосыл! Сен айырылдың! Мен сені төркініңе қайтарамын! Мен сені жіберемін! Өз ісің өз қолыңда! Сен боссың! Төсекті босат! Таза бол! Кет, жоғал! Баста! Кет! Тұр! Жолдасыңды ізде!".
Иддат біткеннен кейін әйел үйден кетеді. Ері иддат ажырасуы бітіп, келесі некесінен кейін қайтарып ала алады.
Талақ-иддат біткеннен кейін салыстыру басталады.
Ажырасудың екінші түрі - Зихар (зихр-бел). Өзінің әйелін өз жотасы деп атай отырып, ері некені бұзады. Бұл ажырасу аяқталмаған, сатып алуынан кейін жоққа шығарылғанмен бірдей болуы мүмкін.
Ажырасудың үшінші түрі - айман. Еркек әйелімен жұбайлық қатынасқа түспеуге ант береді. Бұл аяқталған ажырасу.
Шариғат бойынша тағы екі ажырасудың түрі бар: олар ила және хульча. Ила-уәде, төрт ай ұстағаннан кейін, аяқталған ажырасу болады. Хульча - екеуінің ажырасуға келісуі, әйелдің сатып алынғандағы ақшасын төлеуге келісу жайындағы ажырасу.
Әйел шариғат соты арқылы ажырасуды талап ете алады. Бұл ажырасу аяқталған, қадидің араласуы кезінде егер еркек адам өзінің жұбайлық міндеттерін орындамаса, тиісті өтеуін төлемейді, өзара "келіспейтін жағдайда" ақшасын ұстауға бермейді2. Туысқандарының жұбайларды татуластыруға құқы бар, бірақ ажырасу мүліктік қарым-қатынастарға тәртіпсіздік енгізеді. Ажырасу кезінде мүліктердің бөлінуінің де құқықтық негізі бар. Құран еркекке, әйелі жоғына мүліктің көп мөлшерін беруді қостайды.
Мынадай жағдайда, егер өлшемі "некенің өтеуінде туысқандары мен оның әкесінің үлкендігі мен бағалығы тізімде тұратын болса, сол сияқты әйелінің жасы, әдемілігі, байлығы, ақылы, тұрғылықты жері мен ар тазалығы некелік шартта анықталған болса, ол мехр" беруге міндетті.
Егер мехр төленсе, онда оны қайтаруға мәжбүр етпейді. Шариғат сол сияқты еркектің әйелге ажырасу кезінде сыйлық беруін қостайды (киім немесе сәнді заттар). Бұл тартулар оның тұрмыстық жағдайына көмек беру үшін беріледі. Әйел көшеде бетін жауып жүрсін деген сөз "Құранда" анық айтылмаған. Олар ерінің рұқсатынсыз үйінен шыға алмады, ешкіммен таныса алмады.
Баланы адам ету ата-ананың борышы. Балалардың мынадай екі түрі әкесінің қарауына жатпайды:
1) Нәресте заңды некеден кейін туылғанымен, әкесі оны өзімдікі емес деп жариялаған жағдайда (дәлелсіз кезде);
2) Некесіз бала (Әкесімін деп мойындаған адамның заңды балам деп айтуға құқы бар).
Әке отбасын асырауға міндетті. Әйелінен ажырасып, анасы асырай алса да, әкесі ұлын 9 жасқа дейін, қызын 11 жасқа дейін асырауы керек.
2.2 Әйел мәртебесі.
Исламдағы әйелдің орны мен ролі туралы терең зерттелген шығармалармен көпшілік қауым жете таныс болмағандықтан, ислам мәдениетінде әйел адамның құқығы тым шектеулі деген жадағай түсінік қалыптасқан. Бұндай түсініктің қазіргі батыс. Исламға дейінгі кезеңде арабтарда әйелдің құқығын тым төмен еді. Әсіресе, арабтар қыз балаларды тірідей жерге көметін. Өлтіруге қимағандары қыздарын ұл балдарша киіндіріп, жұрттан жасырып ұстайтын. Бұлай әйелдің мәртебесін тым төмендететін себебі, қыздар өскенде жезөкшелік жасап, абыройымызға дақ түсіреді деп ойлайтын. Шынында да Исламға дейінгі жабайы араб қоғамында жезөкшелік ерекше асқынып тұрды. Кейбір арабтар ұлдарын текті ету үшін әйелдерін өз қолымен ақсүйек адамның төсегіне апарып жатқызатын. Жезөкше әйелдер жүкті болып қалған жағдайда, Кайф деген сәуегей келіп, еркектердің біріне мына баланың әкесі сенсің деп, оны зинадан туған балаға әке қылатын. Арабтардың «шиғар» деген некесі бойынша, қыздары бар арабтар бір-біріне қыздарын қалың малсыз беріп үйленетін. «Бәдел» деген неке бойынша, арабтар әйелдерін бір-біріне беріп айырбас жасайтын. Күйеуі өлген жесірді туыстарының бірі зорлықпен өзіне әйел ететін. Исламнан бұрынғы арабтардың азғынданғаны соншалықты, тіпті олар өгей шешелеріне дейін үйлене беретін еді.Ал, Ислам дінінің келуімен әйелге деген зорлық атаулы күшін жойып, әйелдер ерекше жоғары мәртебеге қол жеткізді. Исламның әйелге бұлай ерекше жоғары статус беруі, исламның прогрессивті маңызға ие дін екендігін айғақтайды. Ендеше исламның әйел заты үшін әкелген ізгіліктеріне тоқталып өтер болсақ.Исламдағы әйел затының мәртебесі туралы мұсылмандық сенім ғылымында (калам) көптеген ізгі көзқарастар бар. Атақты имам Матуриди пайғамбарлар тек қана еркек нәсілінен келеді, сондай-ақ, халиф, әкім, әмірші, қолбасы әйел затынан болмауы тиіс дегенмен, бірақ, әйел адам муфти бола алады деген болатын. Ал, ахлу сунна сенімінің келесі бір ірі өкілі имам Әшаридің пікірінше пайғамбарлар әйел затынан келген деп білді. Ол бұл пікіріне: «Біз Мұсаның анасына уахи еттік» (Таһа, 20/38). «Мұсаның анасына: «Оны еміз де оған бір нәрсе болады деп қорықсаң, онда оны дарияға салып жібер. Қорықпа да күйінбе! Расында оны саған қайтарамыз да оны пайғамбарлардан қыламыз» деп уахи еттік» (Қасас, 28/7) деген аяттарды дәлел ретінде келтірді. Сонымен бірге, имам Әшаридің пікірінше, әйел адам муфти, әкім және дін уағызшысы бола алады. Себебі, әмр бил-мағруф уа нахи анил-мүнкер (жақсылыққа бастау, жаманшылықтан қашыру) олардың да парызы саналады. Имам Әшари осы пікірінің негізінде Мәрием, Асия, Сара, Хажар, Хабба және Мұсаның анасын пайғамбар болуы ықтимал деп пайымдады.
Исламға дейінгі араб қоғамындағы ең азғын әрекеттердің бірі зинақорлық екенін жоғарыда айтып өттік. Ислам келгеннен кейін зинақорлыққа пышақ кесті тиым салынды. Пайғамбарымыз (с.а.у) зина жасауға тиым салып қана қоймай, бұл үкімнің мәнін тәптіштеп жан-жақты түсіндіретін.
Көш реформасы (хижра) болмай тұрып-ақ, Мекке кезеңінде Құран-Кәрім әйел мен еркек теңдігін былайша паш етті: «Шын мәнінде мен сендерден еркек, әйел амал істеушілердің амалын зая қылмаймын. Бір біріңненсіңдер» (Әли-Ғымран-195). «Ер немесе әйелден кім сенген бойда түзу іс істесе, әлбетте, оны жақсы тіршілікте жаратамыз. Әрі оларға істеген істерінен жақсырақ сыйлық береміз» (Нахыл-97). Хақ Елшісі (с.а.у) да әйел мен еркектің теңдігі хақында: «Әйелдеріңіздің сіздерде, сіздердің әйелдеріңізде хақтарыңыз бар» деген болатын.
Арабтардың қыздарын тірідей жерге көмуін Құран-Кәрім былай деп сынға алды: «Егер олардың біреуі қызбен шүйіншіленсе (әйелінің қыз тапқанын естісе), оны ашу қысып, беті қап-қара бола бастайды.Өзіне берілген жаман хабардың салдарынан, елден жасырынады. Оны қорлыққа шыдап ұстау немесе топыраққа көміп тастау керек пе, Ал, олар нендей жаман үкім береді» (Нахыл-58-59). Сөйтіп, Арабтардағы ең зұлым, ең азғын арам әдетке тыйым салынып, Ислам бұл қаскөйлікті тоқтатты.
Құранда әйелді қадірлеу туралы былай баяндалады: «Сендер үшін Аллаһ өз нәсілдеріңнен әйел затын жаратты. Әйелден бала, баладан немере көрдіңдер. Сендерге ризық етіп алуан түрлі шырынды жеміс өсірді. Сонда да болса олардың өтірікке бой ұрып, Аллаһ берген игілікке күпірлік ететіндері қалай?» (Нахл сүресі).
Ал, Алла Елшісі (с.а.у) мұсылмандарға әйел затына ерекше көңіл бөлу керектігі туралы: «Мұсылмандардың ең жақсысы, әйеліне дұрыс қарағаны», сондай-ақ, «Әйелдерге жақсы мінезде болыңыздар» деген болатын. Ислам әйелді өз апа-қарындасыңдай құрметтеуге шақырады. Бұл туралы Пайғамбарымыз (с.а.у): «Әйелдерге ер кісілер өзінің апа-қарындастарынша мәміледе болуы керек» деп насихаттаған болатын.
Әйел дегенде ана еске түседі. Ал, Құранда әкеге құрмет көрсетуді анадан бөліп-жарып айтпайды: «Сендерге Алла тек өзіне ғана бойсұнуды бұйырды, ата-аналарыңа жақсылық жасауды өсиет етті. Олардың біреуі немесе екеуі бірдей қартайса «түһ» деп, зекіп ұрыспаңдар. Екеуіне де мейірімді болыңдар. Екеуіне де зор мейіріммен, кішіпейілдікпен бас иіңдер. «Аллаһым, олар мені бала кезімде қалай мәпелеп өсірсе, Сен де оларға сондай рақымдылық ете гөр!» - деп айт» (Исра сүресі, 23-24). Осы аяттың тәпсірін жасаған Сәйид Кутуб әке-шешеге құрмет жайлы Хафыз Әбу Бәкір Бәззардың мына риуаятын мысал ретінде келтіреді: «Бір адам хажылық кезінде анасын арқалап алып Қағбаны тауап етеді. Бір кезде Пайғамбарымыз (с.а.у)-нан «Оның ақысын өтей алдым ба?» - деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у): «Жүкті болған кезінде алған бір тынысының ақысын әлі өтей алмадың», - деп жауап береді».
Ислам мемлекетінің ішкі функциясындағы үлкен өзгерістердің бірі, отбасылық қарым-қатынастың бір ізге түсіп, әйел мен еркектің, ата-ана мен балалардың құқықтар мен міндеттерінің орынды белгіленуі еді. Отбасы - адамның өз бақытын тауып, ұрпақтың жалғасуы, әрі ислам діні бойынша күнә деп саналатын жаман әрекеттерден қорғайтын бірден-бір қорған. Ислам діні бойынша отбасы түрі - патриархаттық негізде қалыптасты. Алайда, бұл қараңғылық дәуірдегі ер адамның отбасыдағы үстемдігінен өзгеше еді. Бірақ, отбасын басқаруда отағасы белгілі құқықтарға ғана ие болды. Мысалы, әке өз баласын сатуы мен өліміне шешім қабылдауына құқығы болмады. Осыған байланысты қараңғылық дәуірде орын алған жас сәбиді өлтіру әдетіне тыйым салынды. Сондай-ақ, мұсылман құқығында әйел күйеуінің алдында кейбір мәселелер бойынша тәуелсіз болды. Алайда, еркектің қоғамдағы атқарар жұмысы ауыр болғандықтан, әйелден кейбір мәселелерде үстемдікке ие-тін. Бұл жайында Құран былай дейді: «Еркек - әйелге билік жүргізеді. Себебі, Аллаһ оларды бір-бірінен артық етіп жаратқан және ерлер әйелдер үшін мал-мүліктерін сарп етеді. Жақсы әйел еріне бойсұнады, ерлері жоқ кезде бір Аллаһты пана тұтып, өздерінің абыройын сақтайды. Ал егер олардан жаман қылық көрсеңдер үгіт-насихат айтып, ескертіңдер, оған көнбесе төсекте бірге жатпаңдар. Онда да болмаса (соңғы шара ретінде) ұрыңдар. Егер бағынса, басқа жол іздеп оларды жәбірлемеңдер. Аллаһ сендерден ұлы, әрі үстем. Ерлі-зайыпты екеудің ынтымағы жараспай бара жатқанынан қауіптенсеңдер, онда ер жағынан бір әділ адамды, әйел жағынан бір әділ адамды жұмсаңдар. Аллаһ оларды татуластырар болса, онда араларының жарасып кетуіне дәнекер болыңдар. Аллаһ шынында да бәрін біліп, барлығынан хабардар болып тұрады» (Ниса сүресі, 34-35).
Құранның бұл үкімдерінің
басты мұраты - отбасының татулығын
сақтап, егер, әйел мен ердің арасында
келіспеушілік туындаған
Пайғамбарымыз (с.а.у) ер адам мен әйелдің кәмлет жасына толғаннан кейін мүмкіндікке қарай тез үйленуін уағыздады. Бұл туралы Ол (с.а.у) былай дейді: «Неке менің сүннетім. Кімде-кім менің сүннетіммен амал етпесе, менімен бірге емес. Үйленіңдер, себебі мен қиямет күнінде басқа үмбеттердің қасында сандарыңмен мақтанамын. Кімнің үйленуге шамасы жетсе, үйленсін»