Орта ғасырдағы Араб Халифатының мемлекеттiк құрылысы мен құқық жүйесi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2011 в 18:49, реферат

Описание

Орта ғасырлардағы әлемді дүр сілкіндіріп, ІҮ-Ү ғасыр дүниенің үш бөлігіне – Азия, Африка, Еуропа құрлықтарына үстемдік орнатқан мемлекеттердің бірі – Араб халифаты болды. Бұл мемлекет алдымен арабтардың өздерін біріктіріп, содан соң Кіші және Орта Азияны, Сотүстік Африканы, Пиреней (түбегі) жарты аралы мен Закавказье елдерін жаулап алды. Халифаттың тарихы – бұл тек арабтар мен арабия жарты аралының ғана емес, сондай-ақ бір кездерде оның құрамына кірген Иран, Орта Азия, Сирия, Египет, Ирак, Грузия, Армения, Әзербайжан т.б. халықтар мен елдерінің тарихы.

Содержание

І.КІРІСПЕ

ІІ.Арабтар мемлекетінің құрылуының алғы шарттары

1.Ислам дінінің қалыптасып, араб тайпаларының бірігуі

ІІІ. Халифаттың құрылуы, жаулап алушылықтары

2.1.Араб халифатының құрылуы

2.2.Алғашқы Төрт тақуа халифтарының тұсындағы Араб жаулап алушылықтар

Работа состоит из  1 файл

Араб халифаты.docx

— 63.51 Кб (Скачать документ)

                                                    ІV.ҚОРЫТЫНДЫ 

      Сонымен  бітіру  жұмысын  аяқтай  отырып  мынадай  қорытындылар   жасауға  болады. Осыдан он төрт   ғасыр  бұрын, яғни  ҮІІ ғ. басында  Мұхаммед  пайғамбар  жариялаған  жаңа дін  исламмен  біріктірілген арабтар  Аравия  түбегінен  кең тарихи сахнаға шықты.  Пайғамбардың ізбасарлары, яғни халифтер  тұсында  олар Пиреней  тауларынан Инд өзеніне  дейін  созылып жатқан орасан зор территорияда, көне  мәдениеттердің жұртында жаңа  этникалық өркениет және ұлы империя  құрды. Бұл  мемлекет Ұлы Македондық  Александр заманынан  кейін  алғаш  рет Шығыс  пен Батыс, эллинистік  Жерорта  теңізі елдері, үнді – Иран және әлемі бірікті.  Қасиетті  құран  мен рухтанған орта ғасырлық арабтар  ҮІІ-ҮІІІ ғғ. көптеген елдерді  еш  қиындықсыз-ақ бағындырды, басқа  “варвар” халықтардың  жаулаушылықтарын  өзгеше, арабтардың жаулап  алушылықтыры жаппай қырып-жою, қиратушылықтарымен жүрмеген. Араб жаулап алушыларын күні азған ескі өркениеттерді қиратып  орнына жаңа, прогресшіл өркениет орнатқан халықтардың ұлы қоныс аударуының құрамдас бір бөлігі ретінде қарастыру. Халифатқа кірудің оған кірген барлық халықтар үшін айтарлықтай ақ салдары  болды.

      Арабтар түркілер жеріне жаулап алу жорықтарын жасаған жоқ, бұл жерлерді басып  алу арабтардың жоспарында болмаған. Бұған себеп – халифат билеушілері, көреген саясаткерлер ретінде ежелден-ақ жауынгер халық ретінде аты шыққан түркілерді күшпен өзіне бағындыра  алмайтынына көзі жеткен еді. Орталық  азия жерінде жүздеген арабтардың жалғыз шайқасы Талас түбіндегі шайқас түркілерге қарсы емес, керісінше  түркілер мен бірлесе отырып Қытайға  қарсы бағытталды.Негізінен арабтар  мен Орталық Азияны мекендеген түркілердің  өзара қарым-қатынастары бейбіт жақындасу бағытында дамыған. Араб ғалымдары Орталық Азия мен тарихы мен географиясын зерттеуге үлес қосты. Араб миссионерлерінің ұрпақтары (қожалар) түркі халықтарының құрамына сіңісе отырып, түркілердің этникалық  жағынан қалыптасуында маңызды  роль атқарды. Арабтардың енгізген ислам  діні ортағасырлық түркілер қоғамының  біртұтастығын одан әрі нығайтуын  қамтамасыз еткен идеологиялық қызметін атқарды. Түрік тайпалары исламды  өз еркімен қабылдады. Олардың ортасындағы  діни, рухани үгіт-насихат бейбіт сипатта  болды. Бұл аймақта ислам көне түрік наным-сенімдерін синтезге түсіріп, ондағы бірқатар әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді  өз бойына сіңіріп алды. Орталық  Азия көшпелілердің исламға жаппай өтуі Х-ХІІІ ғ. аралығында жүрді.

      Біз қарастырып отырған дәуірде орталық  Азия халықтарын саудаға деген қатынасы өзгереді. Бұл жағдай бір жағынан  исламның саудаға қатынасы мен түсіндірілсе, екінші жағынан әр түрлі елдер  арасындағы шекараларды жойып, мұсылмандар  үшін баж салығын төмендеткен  халифаттың ұлы жібек жолы бойы мен  сауда керуендерінің еш қауіп-қатерсіз, еркін түрде жүруіне ықпал етуіне деп түсінеміз. Халифаттың басқа да аймақтары сияқты Орталық Азия халықтарына да араб тілі мен жазуы енді.

     Сөйтіп  арабтар  мемлекетін   ислам  дінінің  негізін   қалаушы  Мұхаммед  пайғамбардың  атымен  байланысты. 661 – 750 жж.  Аралығында  ол  мемлекетті  Омейядтар   әулеті,  751 жылдан – Аббастар  әулеті  басқарды.   Мемлекет  “халифат”  яғни  “орынбасар”  “пайғамбардың”  болды.  Араб  халифаты  сегізінші   ғасырдың  ортасына  қарай  Шығыста   Қытайдан – Батыстан  Франктер  мемлекетіне  дейінгі  ұлаңғайыр   жерді  алып  жатты.

     Халифаттағы  барлық  жер   әуелде  халифтың  меншігі   болып   есептелді.  Ол  енді   наместниктер  арқылы   басқарды. Наместник   өзі  қызмет  атқаратын   мерзіміне  қарай   пайдалануға  жер  үлесін  алып  отырды.  Халықтан  жиналған  салықтардың   есебінен  ол  шенеуніктер  мен  әскер   ұстады.   Бертін   келе  халиф   жердің  бір  бөлігін  шонжарлардың  тұрақты  иемденуіне  берді.

     Халифатта  құлдар  еңбегі  де  кеңінен  пайдаланылды.  Бірақ  еңбекші  халық   бұқарасының  басым  көпшілігі   құлдар  емес,  тәуелді  шаруалар  болды.  Халиф  өз  басшыларымен  ерекше  еңбек  сіңірген  қызметкерлеріне   жер  үлестіріп  беріп   отырды.  Ол  үлес  “ихта”  деп   атады.  Ихта  үшін  оның  иесі  салық  төлейтін  болды.  Омар  халиф  /634 – 644 жж./ ол  иелікті   меңгеруге  міндетті.  Егер  бос  жатса,  өкімет  қайта   алып  қоятын  болды.

     Ұшыр – жан  басынан  жиналатын   жер  салығы.  Жизья – ислам   дініне  енбеген  халықтар  төлейтін  ақшалай  салық   болды.  Мұсылмандар  мешіт   пен  дінбасылардың  пайдасына   зекет  жинап  отырды.  Харадж  деген  егін  салығы  болды.  Ол  жиналған  өнімнің  үштен   бірін  құрайтын.

     Жаулап  алынған  елдердің  тұрғын  халқына  қару  асынуға   рұқсат  етілмеді.  Олар  өздерінің   киген  киімдерімен  де  арабтарға   ұқсамауға  тиісті  болды.  Жаулап  алушылар  мұсылман  емес  халықтардың   бәріне  қосымша  салықтар  салып,  өз  әскерлерін  азық  – түлікпен  қамтамасыз  етуді   міндеттеді.

     Халифаттағы  Мұхаммед  пайғамбардың  өсиетін  бұрмалаушылық,  әділетсіздікке  жол  беріле  бастауы  мемлекеттің   әлсіреуіне  әкеліп  соқты.  1055  жылы  Бағдадты  селжук    түріктері  басып  алса,  1258  жылы  араб  халифатын   монғолдар  құлатып  тынды.  Халифаттың  құлауының  негізгі   себептерінің  бірі  әлеуметтік  теңсіздіктің  күшеюі,  арабтардың  дін  тазалығы  үшін  күресуші  жауынгерден  жеке  өз  басының   пайдасын  ғана  ойлаушы  пенделерге  айналуда  деген  тұжырым   жасауға  болады.  

                                     V.ПАЙДАЛАНҒАН   ӘДЕБИЕТТЕР   ТІЗІМІ 
 

                                                               ДЕРЕКТЕР:

      1  Ибн – Хосров.  Сафар –  Намэ // Хрестоматия  по  история   средних  веков / Под. ред.  Н.П.  Грацианского  и  С.Д.  Сказкина. – М.,  1963  - С. - 238 –  239. 

     2   Ибн – Исхак.  Житие   посланника  божьего // Хрестоматия,  1949  Т. – І.  – С. 247 – 250. 

         3   Құран. – Медина,  1991.

     4   Ал – Белазури.  Книга   завоеваний //  М.А.  Медиников.  Палестина  от  завоевания  ее  Арабами . . .  – СПб.,  1897.  – С.  – 115 – 120.

     5 Смасет – Намэ.  Книга  о   правлеыи  Везира  ХІ  столетия  Низам  аль-   Мулька.   – М. – Л.,  1949.  – С .  375 – 380.

  1. Арабские  источники  ХІІ – ХІІІ  вв.  – Л.,  1985.  – С.  286 – 288.

                                              ЗЕРТТЕУЛЕР

      7  Крачковский Н. Ю.  Аш –  Шанфара.  Песнь  пустыни  // Избранные  произведения.    Т – ІІ. – М. –Л.,  1956. –  С.  10 – 12.         

     8  Анри.  Ламменс.  Ислам   бесігі.  -  Рим. 1914. – С. 50 – 52.

     9  Арабский  Восток  и  Магриб.  Сб. статей. М., 1977. – С. 244 – 246.

  10 Арбские   страны:  История,  Экономика –  Политика.  М., 1986. – С. 278 – 280.

  1. Арабская  республика.  Египет.  М.,  1990. – С. 350 – 352.   

   12.  Бартольд В.В.  История   изучения  Востока   в Европе  и России.  Л., 1925. – С. 56 – 57.

    13 Бартольд В.В.   Ислам.  ПГ.,  1918.  – С. 70 – 74.

    14 Беляев Е.А.     Арабы,  Ислам   и  Арабский  халифат  в   раннные  средневековье.  М., 1966.  – С. 287 – 289.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 

    15  Васильев А.А.    Византия   и  Арабы. Л.,  1925.  – С.  48 – 50. 

    16  J.  Fьck,  Dic  arabischen  in  Europa.  Leiprig.  1955.  – S. 4 – 6.

    17 Эинштейн А. Д.    Арабы   и  Возникновение  халифата.  М.,  1969.  – С.  70 – 72.

  1. Жумагулов К.Т.    Проблемы  исследования  Евразийской   историй  //  Исторический   наука  а ХХІ  веке:  Материалы  международных  Бекмохановских  чтений.   24 – 25  мая  2001 г.  -  Алматы : 2001. – С.  120 – 126.
  2. Жумагулов К.Т.    Гунны  в Европе.  К  современной  постановке   и  трактовке   проблемы  // Вестник  КазНУ.  Серия   историческая.  Вып. 9.  Алматы., 1998.
  3. Жумагулов К.Т. К  современной   трактовке  истории   Гуннов  в Европе //  Материалы  научной сессии  МИ-АН  РК. “Уроки  отечественной  историй  и  возрождение  Казахстанского   общества.  Алматы:  Казахстан.  1999.
  4. Жумагулов К.Т.    Об  историко – политических  взглядах  И.Г. Гердера //  Вестник  КазНУ.  Серия   историческая.  Вып. 14. -  Алматы:  КазНУ,  1999.
  5. Вопросы   истории  и  литературу  в  Исламе.  М., 1962. – С. 72 – 74.
  6. История  Востока.  ІІ – том.  М.,  1995.
  7. Ирмияева  Т.Ю.  От  халифата  до  блистательной  парты.   Перм,  2000. – С.110 – 111.
  8. Болышакова  О.Г.  История  Халифата.  ІІ-  том.  М., 1989.  – С. 270 – 280.

     26  Пигулевская  Н.В.  Арабы   у  границ  Византии  и   Иран  в ІҮ – ҮІ  вв.  М.  – Л.,  1964.  – С. 34 – 42.

     27 Жумагулов  К.Т.   Завоевание  Аттилой  Северной  Италии  //  Вестник  КазНУ.  Серия   историческая.  Вып. 16. -  Алматы:  КазНУ,  2000.

     28 Медников  Н.А.  Палестина   от   завоевания  ее  арабами   до   крестовых  походов   по  арабским  источникам.  СПб., 1897.  – С. 54 – 56.

     29 Надирадзе  Л.И.  Вопросы   общественно – экономического  строя  государства  арабов  и  халифата  ҮІІ – ҮІІІ  вв. В  Советской  историографий  //  Историография   стран   Востока.  М:  МГУ. 1969. – С.  57 – 82.

    30  Нысанбайұлы   Р.  Пайғамбарымыздың  Ислам   мемлекетін  құруы // Ислам   әлемі.  1998.  –  № 1.  2 – 5 бб.

     31  Пигулевская  Н.В.  Зарождение  феодальных  отношений  на  Ближнем  Востоке.    М.  – Л., 1958.  – С. 3 -  9. 

     32  Резван  Е.А.  Религиозно –  Социальная  ситуация  в  Аравии   на  рубеже  ҮІ – ҮІІ  вв.  и  ее  отражение  а   Коране  //  Науч.  Конфер. “Общественные   движения  и  их  идеология   до  капиталистических  обществах   Азий.   М.,  1984.  – С. 64 –  66.

  1. Тортаев  С.Ә.  Орта  ғасырлардағы  Шығыс  елдерінің  тарихы.  Алматы, 2000. – 61 бб.

                                    МЕРЗІМДІ  БАСЫЛЫМДАР

  1. Сипенкова  Т.М.  К  истории   завоевания   Закавказья  арабами  //  Вопросы  историй   стран  Азий / Сб. Статей.  Л., 1965.  – С. 143 – 155.

                                                   АВТО РЕФЕРАТ

  1. Қартабаева  Е.Т.  Араб   Мұсылман   мәдениеті.  Автореферат.  Алматы, 2002.

                                                     ЗЕРТТЕУЛЕР

  1.  Чистякова   Т.А.  Арабский  Халифат. М.,  1962.  – С.  80 – 82.
  2. Чуракова  М.  Завоевания  Северной  Африки  Арабами. ПС., 1958. Вып. 3  - С. 107 – 126.
  3. Якубовский  А.Ю.  Востание  Муканы.  Л.,  1948.  – С.  24 – 26.
  4. Папова  В. Бахтин Ю.  Мұхаммед   пайғамбардың  өмірі.  Тарихи  толғау.  Алматы,  1994. 12 – 16 бб.
  5. Гольдциэр И. Культ святых  в Исламе.  М., 1962.
  6. Соловев В.  Магомет,  жизнь и религия.  Алматы,  1990.  – С.  70 – 75.
  7. Ахмедов А.  Социальная  доетрина  Ислама. М.,  1980.
  8. Тарнау  И.  Изложение мусульманского  законоведения.  М.,  1991.
  9.   Ислам :  Историографические  огерки. М., 1991.
  10.   Завования Арабов  //  История средних веков.  М., 1980.  – С. 142 –154.
  11.   Кляшторный  С.Г., Султанов  Т.И.  Казахстан:  летопись  трех  тысячалетий. – Алматы,  1992. –79 б. 
  12. Каиржанов А.К.   Мир древних тюрков. –Алматы,  1999. – 24 б.
  13. Бартольд  В.В.  Сочинения. (В 9-ти  томах).  Т.2.  Ч.1.  –М., 1963. – С. 39.
  14.   Бұлұтай М.Ж.  Ата-баба  діні. Түркілер  неге  мұсылман  болды. – Алматы,  2000.  77 б.
  15. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі: (Диуани лұғат ат-түрк). Аударғандар Қ. Бекетаев, Ә. Ибатов. – Алматы, 1993. 173 б.    

Информация о работе Орта ғасырдағы Араб Халифатының мемлекеттiк құрылысы мен құқық жүйесi