Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 21:00, реферат
Қылмыстық құқық қылмыстық заңнаманың міндеттері мен қағидаттарын, қылмыс ұғымын, қылмыстық жауапкершіліктің негізін, қылмыстың түрлері мен белгілерін, жазаны, қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босатудың негіздерін анықтайтын заңды нормалардың жиынтығы.
Мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін қылмыстық қол сұғудан қорғау барысында туатын қоғамдық қатынастар қылмыстық құқықтың пәні болып табылады.
Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімі қылмыстың жеке түрлеріне қылмыстық жауаптылық негіздерін және осы қылмыстардың құрамының белгілерін, сондай-ақ оған тағайындалатын тиісті жаза түрлерін белгілейтін нормалардың жиынтығы болып табылады.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
А) Қылмыстық құқықтың негізгі ұғымдары
Ә) Қылмыстық кодекске жалпы сипаттама
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер
Қылмыстық құқық қылмыстық заңнаманың міндеттері мен қағидаттарын, қылмыс ұғымын, қылмыстық жауапкершіліктің негізін, қылмыстың түрлері мен белгілерін, жазаны, қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босатудың негіздерін анықтайтын заңды нормалардың жиынтығы.
Мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін қылмыстық қол сұғудан қорғау барысында туатын қоғамдық қатынастар қылмыстық құқықтың пәні болып табылады.
Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімі қылмыстың жеке түрлеріне қылмыстық жауаптылық негіздерін және осы қылмыстардың құрамының белгілерін, сондай-ақ оған тағайындалатын тиісті жаза түрлерін белгілейтін нормалардың жиынтығы болып табылады.
Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінде қылмыс туралы ұғым, жаза түрлерінің тізбегі, қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың жалпы принциптері (қағидалары) сөз болса, ал Ерекше бөлімде нақты қандай қоғамға қауіпті іс-әрекеттің қауіпті қылмыс болатыны жасалған қылмысқа қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің нормаларымен белгіленген нақты бір жаза түрін тағайындау мәселелері қарастырылады.
Қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімі өзара тығыз байланыста болады, осы екі бөлімнің жиынтығы Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығын құрайды.
Қылмыстық
құқықтың өзін Жалпы және Ерекше бөлім
деп бөлудің себебі, осы пәнді
ғылыми-әдістемелік тұрғыдан терең
оқытудың қажеттігінен туындап отыр.
Өйткені Қылмыстық құқықтың Жалпы
бөліміндегі теориялық
Жалпы
және Ерекше бөлімнің бірлігі сот
тәжірибесінде айқын көрінеді. Жалпы
бөлімнің нормаларын басшылыққа алмайынша
Ерекше бөлімнің нормаларын қолдану
мүмкін емес, немесе Ерекше бөлім нормалары
болмаса Жалпы бөлім
Қылмыстық
құқықтың Ерекше бөлімінде көрсетілген
Қылмыстық құқықтың нақты белгілі
бір бабы бойынша қылмыстық құқықтың
Ерекше бөлімінде көрсетілген
Әділсоттылықты, заңдылықты жүзеге асыруда Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің маңызы ерекше.
Қылмыстық құқықтың 19-бабының 3-тармағында көрсетілгендей қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлы деп танылады.
Қылмыстық
заңның осы нормасының өзі адамды
қылмыстық жауапқа тарту үшін
және оны қылмыс жасағаны үшін кінәлы
деп табу үшін оның жасаған іс-әрекетінде
белгілі бір қылмыс құрамының
белгілері болуы керек
Адамды қылмыстық жауапқа тарту оның іс-әрекетінде белгілі, нақты бір немесе бірнеше қылмыс құрамының белгілері бар болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Мысалы, кісі өлтіру, бұзақылық, тағылық, әйелді зорлау, т.б. Қоғамға қауіпті, қылмыстық заңға қайшы істелген іс-әрекетті нақты бір қылмыс құрамына жатқызу және осы әрекетке Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптар бойынша құқықтық баға беруді қылмыстық құқық теориясы қылмысты саралау-деп атайды. Қылмысты дұрыс саралау құқық қолдану органы қызметкерінің қызметтік борышы, негізгі міндеті.
Қоғамға қауіпті, қылмыстық құқыққа қайшы іс-әрекеттерді Қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімдеріндегі баптарға дәлме-дәл жатқызу, дұрыс саралау-заңдылық принципін бұлжытпай жүзеге асырудың шарты болып табылады. Егер нақты бір іс-әрекетті, мысалы ұрлықты, бір сот ұрлық деп, екіншісі тонау, ал үшіншісі қарақшылық деп сараласа, бұл заңдылық жөніндегі конституциялық принциптің өрескел бұзылғандығы болып саналады. Сондықтан да қылмысты дұрыс саралаудың өзі мемлекеттің жаза мәселесін қолдану саласындағы қызметінің дұрыс жүзеге асырылуының алғышарты болып табылады. Қылмысты дұрыс саралаудың нәтижесінде қылмысты іс-әрекетті жасаған кінәлі адамға жөнсіз жеңіл немесе ауыр жаза қолданылуы мүмкін.
Қылмысты дұрыс саралау қылмыстылықтың жағдайын, деңгейін, құрылысын, қозғалысын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. Істелген қылмыстың статистикалық есебін нақты белгілемейінше, ол құбылыспен тиімді күрес жүргізу мүмкін емес. Сол себепті де қылмыспен тиімді күрес жүргізу үшін оның жағдайын, сандық, сапалық көрсеткіштерін, жасаған қылмыстардың мәнін, қылмыскердің тұлғасын толық ашу керек. Бұл мәселелерді анықтамай тұрып, қылмыспен күрес жүргізу өзінің оңды нәтижелерін бермейді. Қылмысты дұрыс саралау сот төрелігін әділ жүзеге асырудың кепілі және заңдылық, әділеттілік принциптерінің іске асырылуының басты шарты болып табылады. Құқық қорғау және құқық қолдану органдары беделінің мәртебесінің биік болуы да істелген іс-әрекетке дұрыс, заңды баға беруіне де тікелей байланысты.Заңға негізделген әділ үкім сот органдарының беделін нығайтады.
Қылмысты дұрыс саралау-жеке адамдардың Қазақстан Республикасы Конституциясында, басқа да заңдарда көрсетілген құқықтарын, бостандықтарын қорғаудың кепілі болып табылады.
Адамның
және азаматтың құқықтары мен
бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады.
Қазақстан Республикасының
Тікелей объектілерінің ерекшеліктеріне қарай жеке адамға қарсы қылмыстар мынандай түрлерге бөлінеді:өмірге қарсы қылмыстар; адам өлтіру (96-б); жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі (97-б); жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру (98-б); қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (99-б); қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (100-б); абайсызда кісі өлтіру (101-б); өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу (102-б), денсаулыққа қарсы қылмыстар; жеке адамның бостандығына қарсы қылмыстар; жеке адамның ар-намысына және адамгершілікке қарсы қылмыстар; жыныстық қылмыстар.
Адам
өлтіру-материалдық құрамға
Адам өлтіруге оқталу, яғни кінәлының әрекеті ол өлімнің болатынын сезетінін, оның болуын тілегендігін, бірақ оның еркінен тыс себептер бойынша ол болмай қалғандығы бойынша анықталады. Мұндай кезде оқталу тек қана тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Кінәлының ниетінің түрі туралы мәселені шешкенде соттар жасалған қылмыстың барлық жағдайларына сүйенуі және атап айтқанда: қылмыстың тәсілі мен қаруын, денеге салынған жарақаттың санын, сипаты мен оқшаулауын (мысалы, адамның өмірлік маңызды органын жарақаттау), кінәлының қылмыстық әрекетті тоқтату себебін, сондай-ақ кінәлының қылмыс істеу алдындағы және одан кейінгі мінез-құлқын оның жәбірленушімен арақатынасын ескеруі тиіс.
Жәбірленушінің
өліміне әкеліп соқтыруы кінәлы үшін
белгілі болып табылатын
Өзін-өзі өлтіруге жеткізу (ҚК-тің 102-бабы)Қылмыстың мәні-қорқыту, қатыгездікпен қару немесе жәбірленушінің адамдық қасиетін кемсіту жолымен тұлғаны өзін-өзі өлтіруге немесе өзін-өзі өлтіруге қастандық жасауға жеткізуде. Қылмыстың объективті жағы-қорқыту, қатыгездікпен қарау немесе жәбірленушінің адамдық қасиетін ұдайы кемсіту жолымен тұлғаны өзін-өзі өлтіруге немесе өзін-өзі өлтіруге қастандық жасауға жеткізумен сипатталады. Сондықтан да, қорқыту сипаты барынша әр түрлі болуы мүмкін деп айтуға болады: күш қолданумен, бостандығын шектеумен немесе бостандығынан айырумен, тіршілік ету құралына айырумен және т.б.
Жәбірленушіге қатыгездікпен қарау, оны ұрып-соғудан, азаптау, денеге жарақат салудан, оны тамақтан, үй-жайдан айыру, бостандығын шектеуден ж.т.б. көрінеді. Жәбірленушінің адамдық қасиетін ұдайы кемсіту, кінәлының жәбірленушімен екі жүзділік қарым-қатынаста болуы: оның жеке басын кемсіту, оның кемшіліктерін келеке қылу, оны басыну, оны масқаралайтын мәліметтер тарату ж.т.б. жағдайларда орын алады. Сонымен қатар мұндай фактілер біреу емес, ұдайы, яғни екі реттен көп болуы тиіс. Жоғарыда аталған әрекеттер әрекет жасау жолымен, сондай-ақ әрекетсіздік жолымен де жасалуы мүмкін.
Жәбірленушінің өзін-өзі өлтіруі немесе өзін-өзі өлтіруге қастандық жасауы осы қылмыстың объективті жағының міндетті белгісі болып табылады. Кінәлының мінез-құлқы мен аталған зардаптың арасында себептік байланыс анықталуға тиіс.
Адамды ұрлау (125-бап) Адамды оның еркінен тыс жағдайда заңсыз, қасақана басып алып оған иелік етіп, ұрлаушылардың билігінде ұстаудың адам ұрлау деп айтамыз.
Қылмыстың
тікелей объектісі-адамның жеке
бостандығы, қосымша тікелей объект-
Бас бостандығынан заңсыз айыру (126-бап) Бұл құрам Қылмыстық кодекстің 125-бабында көрсетілген қылмысқа ұқсас. Одан айырмашылығы адам өзі тұратын жерден басқа жерге ауыстырылмайды, оған өлтіремін немесе денсаулыққа зиян келтіремін деп қорқыту арқылы еркін жүріп-тұруға шек қойылады, егер бұл талапты орындамаса оған ескертілген зиянның келтірілуі есіне салынады.Қылмыстың тікелей объектісі-адамның жеке басының бостандығы, қосымша тікелей объектісі-адам өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі. Қылмыстың жәбірленушісі кез келген адам болуы мүмкін. Объективтік жағынан қылмыс адамды, оны ұрлауға байланысты емес жағдайда бас бостандығынан айырумен сипатталады.Яғни жәбірленушінің еркін- қалауынша жүріп-тұруына тыйым салынады немесе оны бір тұрғын жайға жауып қояды не байлап, қорқытып зорлықпен ұстайды, өз тілегі бойынша адамдармен кездесу мүмкіндігінен айырылады. Қылмыстың жасалу тәсілі жәбірленушіні күш қолданып немесе күш қолданбақшы болып қорқыту болып табылады. Қылмыс құрамы формальдық. Адам бас бостандығынан заңсыз айырылған уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп танылады. Заңсыз бас бостандығынан айыру мерзімі қылмысты саралауға әсер етпейді. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет әр түрлі: қызғаныш, кек алу, бұзақылық т.с.с. болуы мүмкін.Қылмыстың субъектісі-16-ға толған жай адам.Лауаазым адамдарының мұндай әрекеттері Қылмыстық кодекстің тиісті басқа баптары бойынша саралануға жатады.