Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 21:00, реферат
Қылмыстық құқық қылмыстық заңнаманың міндеттері мен қағидаттарын, қылмыс ұғымын, қылмыстық жауапкершіліктің негізін, қылмыстың түрлері мен белгілерін, жазаны, қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босатудың негіздерін анықтайтын заңды нормалардың жиынтығы.
Мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін қылмыстық қол сұғудан қорғау барысында туатын қоғамдық қатынастар қылмыстық құқықтың пәні болып табылады.
Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімі қылмыстың жеке түрлеріне қылмыстық жауаптылық негіздерін және осы қылмыстардың құрамының белгілерін, сондай-ақ оған тағайындалатын тиісті жаза түрлерін белгілейтін нормалардың жиынтығы болып табылады.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
А) Қылмыстық құқықтың негізгі ұғымдары
Ә) Қылмыстық кодекске жалпы сипаттама
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер
Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің басты міндеттерінің бірі өз азаматтарының бостандықтары мен заңды құқықтарын барынша қорғау болып табылады. Қазақстан мемлекеті адам құқықтары жөніндегі халықаралық нормаларды толық қуаттай отырып, оны бұлжытпай жүзеге асыруға толық кепілдік береді. Оның айғағы азаматтардың саяси, еңбек, әлеуметтік және басқа да құқықтарының ҚР Конституциясында толық, жан-жақты көрініс табуы болып табылады. ҚР Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады делінген Конституцияның 1, 2-тармағында. Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс (5-тармақ). Конституцияның 2-бөлімі адам және азамат, оның құқығы, бостандығы мен міндеттеріне тікелей арналған. Заңға сәйкес республиканың кез келген азаматының нәсіліне, ұлтына, тіліне, әлеуметтік тегіне, дінге көзқарасына тағы басқа да белгілеріне қарамастан құқықтар мен бостандықтар тендігіне кепілдік беріледі. Азаматтық құқық пен бостандыққа; саяси құқықтар мен бостандықтарға; экономикалық және әлеуметтік құқықтарға ҚР Конституциясында ерекше мән беріледі. Конституцияда жария етілген азаматтардың осындай құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қылмыстық заң өзінің басты міндеттерінің бірі деп санайды (1-бап) Айтылып отырған қылмыстың топтық объектісі болып азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары саналады.
Қылмыстың
тікелей объектісі-халықтар арасындағы
бейбітшілік. Мемлекеттердің бейбіт қатар
өмір сүруі және достығы. Объективтік
жағынан қылмыс басқыншылық соғысты
жоспарлау, әзірлеу немесе тұтандыру
арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстың
объективтік жағы бірнеше балама
әрекеттерден тұрады. Оның біріншісі-басқыншылық
соғысты жоспарлау. Жоспарлауға
халықаралық құқық нормаларына
қайшы түрде бейбіт тұрғындарға
қарсы соғыс әрекеттерін жүргізудің
арнаулы жоспарларын жасау, соғыс
әрекеттерін жүргізуге
Өз
Отанына сатқындық жасау әр уақытта
да ең ауыр мемлекеттік қылмыс ретінде
қарастырылған, Қазақ КСР-інің 1959 жылғы
Қылмыстық кодексінде мұндай қылмыстың
атауы- Отанға опасыздық деп көрсетілген
еді. 1997 жылғы Қылмыстық кодекс
бұл атауды Мемлекеттік опасыздық
деп жаңа атаумен алмастырады. Өйткені
Отан деген ұғым мемлекеттік емес
аумақтық ұғымды, яғни адамның туған
жерін бейнелейтін ұғым ғана еді.
Қазақстан Республикасының
Мемлекетке
опасыздық дегеніміз-соғыс
Қорытындылай келер болсам, қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімі курсының пәні дегеніміз-қылмыстың жеке түрлерін қылмыстық жауаптылық белгілеу және осы қылмыстың белгілерін, оларға тиісті жазаны анықтайтын нормалардың мазмұнын ашу болып табылады.Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің нормаларының нақты мазмұнын ашудың түпкі мәні олардың әлеуметтік-саяси бағытын анықтау болып табылады. Мұндай бағыттарды анықтау үшін ең алдымен қылмыстық заң нормаларын қабылдаудың қажеттіліктері мен себептерін, қылмысқа қарсы күресте осы қабылданған заңдардың атқаратын қызметі, қылмыстық іс-әрекеттердің қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтау, қылмыстық құбылыстың себептері мен оған жол беретін жағдайларды зерттеу қажет.
Пайдаланған әдебиеттер:
Уголовное права Республики Казахстан 1998; Уголовное право России. Особенная часть. Учебник под ред. Б.В. Здравомыслова М. Юрист. 1996.; Уголовное право Росийской Федерации. под ред. Козаченко И.Я. Особенная часть. М. Юрист. 1996.; Уголовное право Особенная часть. Учебник для вузов М. Норма. 1998.; Курс советского уголовного права. Л. 1973-1981. 3-5 т.; Курс советского уголовного права. М. 1970-1971. 4-6 т., А. Ағыбаев. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Оқулық. Алматы. Жеті жарғы, 2000 ж.
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
А) Қылмыстық құқықтың негізгі ұғымдары
Ә) Қылмыстық кодекске жалпы сипаттама
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер