Бағалы қағаздар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 15:42, реферат

Описание

Қазақстанның орталықтанған – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертті.

Содержание

І.Кіріспе бөлім


1.Бағалы қағаздардың қалыптасуы мен дамуы

2.Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және оның құрылымы

ІІ.Негізгі бөлім

1.Бағалы қағаздар нарығының негізгі 3 моделі

2.Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын құру

3.Бағалы қағаздарды шығару механизмі

ІІІ.Қорытынды бөлім

1.Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының дамуын жетілдіру

IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Бағалы қағаздар.doc

— 142.50 Кб (Скачать документ)

1. бағалы  қағаздардың  айналысы қор  биржасынан және несие жүйесінен басталады, ал нақты капитал өндіріс  аясына қызмет көрскетеді;

2. жалған  капиталдың мөлшері бағалы қағаздардың  артылатын жиынтық бағасы, яғни  бағалы қағаздардың  бағалы  қағаздарды сатудан түскен табысының капиталға айналуымен анықталады. Ал өндірістік нақты капиталдан түскен пайда сол нақты капиталдың өз мөлшеріне байланысты болады. Жалған капиталдың пайда болуын К.Маркс «капиталдану» деп атады. Ал капиталдану – мүліктің немесе нақты  капиталдың ақша капиталына айналуы деген  ұғым. (К.Маркс, Ф.Энгельс. Шығармалар, 25 том, 2 бөлім, 9 бет) жалған капиталдың мөлшерінің өзгеруі нақты капитал көлемінің өзгеруіне дәл келмейді. Жалпы алғанда, қалған капитал нақты капиталға қарағанда шапшаң өседі. Бұл жағдай акционерлік кәсіпорындардың тез дамуына, бағалы қағаздардан түсетін  дивиденд пен процент мөлшерінің айырмашылығына және де  бағалы қағаздардың кездері тез ұлғаюына байланысты болады.

    Бағалы  қағаздар нарығының кейбір элементтері 20-жылдары KСPO-да жаңа экономикалық саясат кезінде болған. Ал қазipri егемен Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының алғашқы нұсқалары Кеңес Одағы заңдарының негізінде 10-жылдардың басынан бастап пайда бола бастады.

    Бағалы  қағаздар нарығы тек әдеттеп тауар-ақша қатыстары және меншік қатынастары жағдайында дамуы мүмкін.

    Бағалы  қағаздар ақша капиталының немесе басқа  материалды құндылықтардың орнына жүретін «символды» болғандықтан оны «қордың құндылықтары» деп те атайды. Сонымен қатар, бағалы қағаздар "қордың инструменті  немесе құралы" болып та есептеледі. Себебі  тек сол құралды пайдаланып, нақты құндылықтарға қол жеткізуге немесе сол құндылықтар бip субъектіден екіншіге ауысуына болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығы капитал нарығының, яғни ақша және басқа материалдық құндылықтардың нақты қызметін көрсетеді.

    Бағалы  қағаздар нарығы — нарықтық экономикада көтпеген кездейсоқ болатын процестердің реттеушісі. Бұл алдымен капиталды инвестициялау процесіне қатысты. Капиталды инвестициялау деген оның капиталға муқтаж өндіріс салаларына құйылуы, ал артық болған уақытта сол саладан кері алынуы. Капиталдың бұндай айналыс механизмі мынадан түсінікті. Мысалы, кейбір тауарларға немесе қызмет түрлеріне сұраныс өссе, онда соған сәйкес бағасы да өседi. Демек, оларды өндіруден пайда да өседі, сондықтан басқа салалардың өніміне сұраныс азайып, олардың экономикалық тиімділігі кеміп, ондағы капитал өніміне сұраныс өсіп тұрған салаларға құйылады. Бағалы қағаздар осы механизімнің қызметін қамтамасыз ететін құрал. Олар уақытында бос капиталды сату-сатып алу арқылы тиімді өндіріске бағыттап отырады.

    Экономикасы дамыған мемлекеттерде бағалы қағаздар міндетімен қосымша капитал алу анағұрлым жеңіл. Акция не облигация сиякты бағалы қағаздарды шығаруға және оларды  тіркеуге екі жеті, эмиссиялық проспекткісін шығарып және нарыққа қатысушылардың оларды талқылауына 2-4 жеті  оларды сатып алу-сатуға және есеп айырысуға 2-3 жеті, уақыт кетеді екен. Қорытындысында 1,2 ай ішінде эмитент өзіне қажетті капиталды жинап, оны басқару құқына ие болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығы - экономикалық өрлеуді көп жағдайда қаржыландыратын ең оңай және ең қолайлы қаржы көзі.

    Елде  дамыған бағалы қағаздap нарығы қалыптасуы үшін оның құрамдас бөліктері болуы қажет. Олар:

    1. сұраныс пен ұсыныс;

    2. делдалдар мен басқа қатысушылар;

    3. нарықтық инфрақұрылым яғни коммерциялық банктер, қор  биржалары, инвестициялық институттар және с.с.;

    4. нарықты реттейтін және өзін-өзі реттейтін жүйелер.

    Hapықтың   осы құрамдас бөліктері уақытта  несінен құрылып болды. Бұл жөнінде елімізде экономикалық жүйені реформалауды терендету жолында қабылданған. Дегенмен, экономиканың  дағдарысы жағдайында толыққанды бағалы қағаздар нарығы болуы мүмкін емес.

    Бағалы  қағаздар нарығының даму деңгейі  көп жағдайлықтың әл -  ауқатына байланысты. Ceбeбi бағалы кағаздарға сұраныс халықтың тұрмысын айқындайды. Сондықтан халықтың табысының өcyi - Қазақстанда бағалы кағаздар нарығы дамуының басты шарты.

    Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының құрылымы және бағалы қағаздардың өтімдісі қандай деген сұрақ туындағанда онда, елімізде  қалыптасқан жағдай сипаттағанындай бағалы қағаздадың көлемдісі және ең өтімдіci мемлекеттік қарыз міндеттемелері. Мемлекеттік қарыз  міндеттемелері нарықынан ерекшелігі оған қатысушыларға байланысты:

    Біріншіден, мемлекетік бағалы қағаздардың эмитент Қаржы министрлігі;

    Екіншіден, ұлттық банк-оның, сонымен бipre мемлекеттік бағалы қағаздарды дилері. Дегенмен, бағалы қағаздар нарығының бұл қатысушылар мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару мен оларды айналымға түсіру шарттарын анықтаушылар.

 Бағалы қағаздар нарығының одан әрi дамуы акционерлік қоғамдардың пайда болуымен және мемлекеттің эмиссиялық қызметімен байлнысты. Бағалы қағаздарға кең көлемде капитал жұмсау 20ғ. ортасында өpicтeй бастады. Осы кезде нарыққа катысушылар да белгілі бола бастады. Алғашғыда бағалы қағаздармен жеке адамдар (трейдер-аторней) жєне банк қызметкерлері айналысты. Кейіннен бұл іске құқықтық тұлғалар да кірісті.Қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды топқа бөлуге болады (олар әpi эмитенттер, әpi трейдерлер):

    Бірінші топ, бағалы қағаздар нарығына негізгі  қатысушылар: мемлекет, жергілікті әкімшілік (органдары), ұлттық жане халықарлық компаниялар. Бұндай компаниялардың халық арасында жоғары атағы бар. Сондықтан олар шығарған бағалы қағаздар ешбір қиындықсыз өтеді. Нарық  қағаздарды көп мөлшерде қабылдауға әрқашан дайын. Бұл қағаздар, әсіресе, мемлекеттік және жерплікті әкімшіліктің қағаздары, сатып алушыға жоғары табыс түсірмейді. Дегенмен, халыктың кейбір топтары (мысалы, зейнеткерлер, жалғыз басты адамдар, асыраушысынан айырылған отбасылар және с.с. табысы аздар) беретін табысы аз болсада, ceнімді қағаздарға өз қаржыларын жұмсауға мүдделі. АҚШ-та оларды "көк түбірлі" ("голубые корешки") деп атайды.

    Екінші топ, инвестициялық институттар, немесе, бағалы қағаздар операциясын жүргізетін қаржы-несие институттары. Олар:  коммерциялық және инвестициялық банктер, сақтандыру коғамдары, зейнетақы қорлары және с.с. ұйымдар.

    Үшінші  топ, жеке инвесторлар, яғни жеке адамдар, оның ішінде шағын кәсіпорындардың бағалы қағаздары қашан қауіптi. Статистика деректері дәлелденгендей олардың  ¾  бөлігі ашылмай жатып жабылып қалады, тек  ¼  бөлігі ғана кейбір табысқа жетеді екен. Әлемде кейбір шағын кәсіпорындар табысты және болашағы бар екенін дәлелдеді, мысалы, электронды-есептегіш техникалар, ракеталар, жоғары сапалы үй заттарын және сол сияқты өнім шығаратын өндірістер. Сондай-ақ кейбір шағын кєсіпорындары экспорт операцияларымен де табысты шұғылдануы (мысалы, жүннен тоқылған және теріден тігілген киімдер, галантерея заттарын шығарушылар). Сондықтан халықты бірсыпыра тобы тәуекелге бел буып, жоғары дивиденд үміттеніп, осы кәсіпорындардың акциясын сатып алуда.

    Төртінші  топ, бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары, яғни брокерлер мен дилерлер. Олардың қолындағы хабарлар, керекті байланыс құралдары бағалы қағаздарды жүргізуге жеңілдік береді. Дилерлер қолында капиталы болғасын көптеген операциялар жүргізеді. Дағды бойынша, брокерлер мен дилерлер сатып алған қағаздарды өзінде көп ұстамайды. Олар нарық конъюнктурасы қолайлы  болғанын сезсе, бағалы қағаздарды сатып жібереді. Себебі олардың ic-әрекеті –алыпсатушылық.

    Бағалы  қағаздар туралы Қазақстан Реапубликасының қазіргі заңдар. Қазіргі заңдар Республикада Конституциясы негізделген. Олар мемлекеттік және жеке меншікті мойындап, оларды бірдей қорғауға кері болады. Қазақстан Республикасында «Бағалы қағаздар туралы» заң 5 наурыз 1995 жылы шыққан. Ал 2.07.2003ж. өзгерістер енгізілген. Сонымен қатар,  заңдар кәсіпшіліктің еркіндігін қамтамасыз етумен бірге бәсекенің адалдығын қорғайды. Осы негізгі бастамаларды біріктіретін Республиканың Азаматтық кодексінің (1994 жылы желтоқсанның 27 қабылданған) жалпы бөлімінде бағалы қағаздар мүліктік игіліктің бір түрі ретінде азаматтық құқықтық объектісі болып еркін айналымға арналғаны танылған. Азаматтық кодекстің 3 бөлімнің 2 бабында бағалы қағаздардың мазмұны көрсетіліп, олардың түрлері анықталып, бағалы қағаздарды шығарудың және оларды біругуге біздің негізгі ережелері мен талаптары бекітілген.

    Бағалы  қағаздар - ең алдымен мүлікті иемденуге  құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі. Бағалы қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі түрі болуы мүмкін:  не заң жүзінде бекітілген жеке құлжат түрі, есепшотқа  енгізілген жазу түрі. Егер басқа адамға иемденуші бірлсе бағалы қағаздардың екінші түрі бойынша ерекше  бірлік толтырылып беріледі. Оны иемдену құқын беретін   құжатты сертификат деп атайды. Шығаруы жөнінен бағалы қағаздар, нарықтық және нарықтан тыс болып та екіге бөлінеді. Нарықтан тыс бағалы қағаздар - әлеуметтік-нарықтық қатынастардың дамуы негізінде пайда болған қағаздарды ерекше түрі. Оларға жинақ облигациялары, зейнетақы қорларының облигациялары депозиттік (салым) облигациялар және с.с. жатады. Жинақ облигациялары негізінен жеке тұлғалар арасында орналастырылады. Зеинетақы қорларының  облигяциялары және зейнетақы облигациялары, оларға, мысалы, АҚШ-та жалданбай-ақ өз алдына қызмет істейтін адамдардың ақшасына шығарылған облигациялар жатады. Ал депозиторлы облигациялар қысқа мерзімді, орта мерзіді, ұзақ мерзімді болып үшке бөініп, тек жергілікті басқру органдарын ғана сатылады. Бұл ұйымдар шамалы болса да табыс єкелетін, бірақ салық телеуден босатылған өздерінің  облигацияларын шығаруы мүмкін.

    Бағалы қағаздарды шығаруды мемлекет органдары қатаң бақылап отырады. Оларды шығарушылардың барлығы Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі жанындағы қағаздар жөніндегі тіркеуден мемлекеттік тіркеу номерін алуы қажет.

    Бағалы  қағазлар нарығын реттейту  мемлекеттің  ең маңызды міндеті. Ондағы мақсаты-байғалы қағаздармен келімімге қатысушылардың заңды мүдделері мен құқын сақтауды қамтамасыз ету. Бағалы қағаздар нарығында қызмет атқаратын қаржы институттарының ісін бағыттау мен реттеу мемлекеттік органдарға жүктелген. Республикада ондай органдар бойынша Бағалы қағаздар жөніндегі комиссия, Қаржы министрлігі, ұлттық банк Мүлікті басқару жөніндегі Мемлекеттік комитет және Жекеменшіктендіру жөніндегі Мемлекетік комитеті саналады. Осы бағалы қағаздар нарығының реттетін мемлекетік органдардың  ең негізгісі - Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық  комиссияның құрамы 1995 жылдың қаңтарында анықталып, сол жылғы 21-дегі Республика Президентінің «Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы» жарлығына сәйкес оның құқықтық статусы, қызметі және өкілеттігі бекітілді.

    Бағалы  қағаздар нарығын мемлекетік реттеу ғылыми негізделіп, алдын ала дайындалған концепция жүгінгені дұрыс. 

    Еліміздегі нарықтық бағалы қағаздардың рөлі күннен күнге артып, ең бастысы мемлекеттік қарыздағы бағалы қағазға айналып келеді. Олардың жүзеге асыруының жүйелілігі жөнінде бірнеше себептер түсіндірілуде:

    Біріншіден, құнды қағаздармен қамтамасыз ету  елдің, үкіметтің мүліктерін, сондай-ақ болашақтағы бюджеттік түсімдерді неғұрлым қаражатпен қамтамасыз етеді;

    Екіншіден, сауданың уақытты механизміне байланысты екінші реттегі олардың жоғары айналымдылығын арттырады;

    Үшіншіден, нарықтың өтпелі кезеңінде дейін үкімет ішкі займдар шығару тәжірибесін меңгерссе де, қазіргі құнды қағаздардың орны бөлек;

    Төртіншіден, Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі  арасындағы байланыс құнды қағаздарды ұйым шығару мен оларды енгізу жөніндегі жекеленген даярлықты талап етпейді;

    Бесіншіден, бұл сектордың құнды қағаз  нарығындағы кәсіпқой қадрлардың даярлығы деңгейінің жоғарлылығында.

    Ең  бастысы – мемлекеттік құнды  қағаздардың пайда болуы мемлекеттің ішкі қарыздарын реттеуде әрі қаржыландыруда. Бәрінен бұрын инфляцияны асқындырмау қажеттілігі үшін кәдеге асады. Оның қолданысы ел экономикасының қарыздарының жиынтығын өзгертуге, өзара қарыздану аумағын Қазақстан Республикасы көлемінде азайтуға септігін тигізбекші. Басқаша айтқанда, эмиссиялық әрекеттің ролін төмендегідей, бюджеттік дефицитті қаржыландырудың тиімді жолы болады. Екінші бір жағдайда бағалы қағаздар елдің қаржы – несие жүйесін қалыптастырудың қажеттілігі болмақ. Сондай-ақ бірінші кезекте Қаржы Министрлігі осы құралды пайдала отырып, валюталық базарда ақша аумағын әрі несие нарығын ұлғайту мүмкіншілігіне қол жеткізіледі делінуде. Нақты ұсынған мемлекеттік қарыздағы бағалы қағаздар айналым мелекеттік проценттің деңгейін өзгерте отырып, инвесторлар жағынан сұранысты арттырып, немесе азайтуына болады. Бұл өз кезеңінде валюталық әрі несиелік нарығы қаржы-қаражатын реттейді деп күтілуде.

    Қазақстан қор нарығының қалыптасу жағдайындағы бағалы қағаздармен жасалатын операциялардың жоғары тәуелдігі өз кезегінде оларды төмендетуге қолайлы құралдарды іздестіруді қажет етеді. Олардың біріне – опциондық сауданың дамуы жатады.

    Өнеркіәсіптік кәсіпорындарды акционерлеу барысында  опциондар кеңірек дамыды. Осыған байланысты акционер енетін кәсіпорындардың акцияларын жеңілдікпен сатып алу құқығы қамтамасыз етіледі. Опционды сатушы, оның акцияларының сату нарығына белгілі бір кепілдік алады. Тиісті бағалы қағаздардың меншік иесі болмай-ақ, бірақ оларға құқық алатын опционды иеленуші, қатыс нәтижесіне айналғанға дейінгі уақытқа бұл құқықты қолына ұстап қалады. Қолайсыз жағдай туған кездері опционды иеленуші тиісті кантрактіге сәйкес тез арада қайта сата отырып, зиянды төмендетеді.

Информация о работе Бағалы қағаздар