Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2013 в 23:01, контрольная работа
несие нарығыНесие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматгар да пайдаланады.
Несие — бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие мәні және қажеттігі
2. Несиенің қызметтері
3. Несие нысандары, олардың жіктелуі
4. Тұтыну несиесі
5. Ипотекалық несие
1. Несие мәні және қажеттігі
2. Несиенің қызметтері
3. Несие нысандары, олардың жіктелуі
4. Тұтыну несиесі
5. Ипотекалық несие
Несие мәні және қажеттігі
Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматгар да пайдаланады.
Несие — бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Экономикалық категория ретінде, несие — кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші - қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші - бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шарушылық субъектілері және халық жатады.
Қарыз алушы — бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір-бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әртүрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ, бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш — бұл өте ауқымды ұғым. Ал, қарыз алушы — бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.
Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне берілетін объекті де жатады. Беру объектісі - бұл құнның ерекше бөлігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді.
Несиенің қызметтері
Несиенің экономикадағы орыны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:
Несиенің қайта бөлу қызметі, кез келген елдің ұлттық экономикасының толыққанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінін, көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің, қаржының қайта бөлу қызметінен айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарыктық механизм негізінде жүзеге асырылады.
Несиенің айналыс шығындарын
үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы
несиенің экономикалық мәнінен туындайды.
Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай
қаражатгардың түсуі мен
Ал, келесі қызметі, яғни несиенің айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызметтің іске асу үдерісінде тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несйелік карточкалар көмегімен жүзеге асырылады. Несиенін, бұл қызметі арқылы ақша айналысының жылдамдығы мен қатар, айналыстағы ақша массасына жене телем айналымына да ықпал етеді.
Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндетгерді шешуде несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік береді.
Несиенің ғылыми-техникалық прогресті жеделдету қызметі ғылыми-техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да, несиенің кемегінсіз көптеген ғылыми-зерттеу орталықтарының (бюджеттік қаржыландыруда отырғандардан басқалары) жұмыс жасауы қиынға түседі.
Сондай-ақ несие өндіріске ғылыми технологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де аса қажет болып табылады. Себебі, ондай шығындар бастапқыда кәсіпорынның қаражатымен, оның ішінде орта және ұзақ мерзімді банктін, несиелері есебінен қаржыландырылады.
Несие нысандары, олардың жіктелуі
Несиенің нысандары, оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.
Несие нысаны — бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің яғни, әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің нысаны сол күйінде сақталады.
Несиенің екі нысаны бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені — коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені — банктік деп атайды.
Қалған несиенің түрлері осы екі нысанының тәжірибеде қолдануынан туады.
Коммерциялық несие — бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді
Коммерциялық несие — бұл вексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы нысаны. Несиенің бұндай нысанының басты мақсаты — тауарлардың өту үдерісін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу.
Мұнда қарыз алушы да және
оны берушілер ретінде кәсіпкер
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылғы төмендегідей:
қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметгі сатумен айналысатын кез келген занды тұлға бола алады;
коммерциялық несие тек қана тауар нысанында беріледі;
қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
коммерциялық несиенің орташа құны сол кезендегі банктік пайыз мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңи түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына қосылады.
Банктік несие — бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларга ақшалай турде берілетін несиені білдіреді.
Банктік несие — бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардын, нысаны болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген занды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты — бұл пайыз түрінде табыс алу.
Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
Қарыз алушылар категорияларына қарай:
1. Қаржылық институттарга берілетін несиелер:
макқатты қорларға;
банктерге;
қаржы-несиелік мекемелеріне.
2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
өнеркәсіп салаларына;
ауыл шаруашылығына;
саудаға;
дайындау ұйымдарына;
жабдықтау-сату ұйымдарына;
кооперативтерге;
жеке кәсіпкерлерге.
3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
Мерзіміне қарай:
қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
орта мерзімді (1 жылдан 3 —5 жылға дейін);
ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).
Тағайындалуы және пайдалану сипатына қарай:
негізгі қорларға жұмсалатын;
айналым қаражатына жұмсалатын.
4.Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
1. Қамтамасыз етілген:
кепіл-хатпен;
кепілдемемен;
кепілдікпен.
2. Сақтандырылған.
3. Қамтамасыз етілмеген:
сенім (бланктік)несиесі.
5. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
1. Стандартты несие — қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер;
2. Кумәнді несиелер — қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-санатты күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді, 5-санатты күмәнді.
3. Үмітсіз несиелер — қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі еткен ссудалар шотына жазылған несиелер.
6. Валютамен берілуіне қарай:
ұлттық валютамен;
шетел валютасында.
7. Берілу шартына қарай:
Тұтыну несиесі — бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
Ипотекалық несие—бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несие.
Халыққа берілетін ипотекалық несиені үш түрге бөлуге болады:
тұрғын үй құрылысына арналған жерді сатып алуға берілетін ипотекалық несиелер;
түрғын үй құрылысына және қайта құруға берілетін ипотекалық несиелер;
тұрғын үйді сатып алуға берілетін ипотекалық несиелер
Овернайт несиесі — өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиенің түрі.
Онкольдық несие — кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қыска мерзімді несие.
Банкаралық несие—банктердің бір-біріне беретін несиесі.
Овердрафт (ағылш. овердрафт — жоспардан жоғары) — клиенттің ағымдық шотындағы қаражат қалдығынан төлейтін төлемдер сомасы жоғары болған жағдайда банктің беретін қысқа мерзімді несиесінің ерекше нысаны.
Мұндай жағдайда клиенттің
шотынан қаражатты толық
Маусымдық несие — жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие. Маусымдық несие көбіне ауыл шаруашылығы өндірушілеріне егін салып, одан табыс алғанға дейінгі шығынды жабу мақсатында беріледі.
Лизингтік несие—банк клиенттерінің қүрал-жабдықтарды және техниканы жалға алумен байланысты берілетін несие.
Сенім несиесі — банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары корпоративтік клиенттерге берілетін несие. Мұндай несиелер қамтамасыз етусіз беріледі.
Консорциалдық несие — ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердін өзара қосылып беретін несиелері. Мұндай несиелер негізінен ірі жоабалрды несиелеуде бір банктің несиелеу шегінен асқан жағдайда қолданылуы мүмкін.
Инвестициялық несиелер — жаңа өндіріс орнын ашуға, ендірісті қайта құруға және кенейтуге арналған ұзақ мерзімді несие.
Инновациялық несие— банк клиентгерінінөндіріске озық технологияларды немесе нау-хауды игеруімен байланысты берілетін ұзақ мерзімді несие.
Вексельдік несие — банктің сенімді клиентеріне вексель нысанында берілетін қысқа мерзімді несиесі. Мұндай вексельдерді банктер шағарады және олардың номиналдыұ құны болады, сондай-ақ олардың бағасы жай банктік несиеге қарағанда біршама арзан.
Рамбурстық несие—шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат және дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.