Несие нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2013 в 23:01, контрольная работа

Описание

несие нарығыНесие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматгар да пайдаланады.
Несие — бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.

Содержание

Несие мәні және қажеттігі
2. Несиенің қызметтері
3. Несие нысандары, олардың жіктелуі
4. Тұтыну несиесі
5. Ипотекалық несие

Работа состоит из  1 файл

несие нарығы-контрольная.docx

— 48.79 Кб (Скачать документ)

Бастапқы кезде Компания қайта қаржыландырылатын тұрғын үй ипотекалық несиелері бойынша  несиелік үшін тәуекел және операциондық қызмет көрсетуден тұратын ақырғы сыйакы мөлшерлемесін белгілегенмен, кейіннен әр ай сайын өзінін, бағалау мөлшерлемесін  ғана белгілеп, ал банктер өздерінін, маржаларын өз бетгерінше белгілі бір  шектеу шегінде белгілеу тәртібіне  көшті. Сөйтіп, әр банктің жеке тұлғаларға тұрғын үй несиесінің бағасы өр түрлі  болып қалыптасты.

ҚИК-ның ипотекалық несиелеу бағдарламасы республиканың барлық аймақтарында қызмет етуде. Бастапқы қалыптасу  уақытымен салыстырғанда Қазақстандағы  халыққа берілген несиелер бойынша  ипотекалық несиелер нарығы жоғарғы  өсу қарқынына ие болуда.

Өсу қаркынының 2000 жылға дейінгі мардымсыздығы, біріншіден орташа жалақы мелшерінің төмендігімен, екіншіден несие бағасының жоғарылығымен және несиелеу мерзімінің қысқалығымен сипатталуда. Ал соңғы терт жылдағы күрт өсуіне халықтың табысының өсуі, банктердің несиелік ресурстарының ұлғаюы, жылжымайтын мүліктің өтімді кепіл затына айналуы сияқты факторлар ықпал еткендігін көреміз.

Ипотекалық нарықтың дамуына  күш беретін жаңа қаржы институттарына Ипотекалық несиелерді кепілдендіру қорын, несиелік бюро және ұлттық аумақта  ипотекалық сақтандырумен айналысатын  сақтандыру компаниялары жатады. Қазақстанда  ипотекалық несиелерді сақтандыруды Ипотекалықнесиені сақтандыру қоры және коммерциялық банктердің тапсырмасы бойынша сақтандырушы компаниялар жүзеге асырады.

Сонымен Қазақстандағы ипотекалық несие нарығының операторларына (қатысушыларына) мыналарды жатқызуға  болады:

өзінің ипотекалық бағдарламалары бар несиелік мекемелер;

ҚИК-тің бағдарламасы бойынша  және онымен бірге серіктес банктер  ретінде жұмыс жасайтындар;

езінің ипотекалық бағдарламалары бар және ҚИК-тің бағдарламасы бойынша  жұмыс жасайтын несиелік мекемелер.

Ипотекалық несиелерді сатып  алуға және оларға қызмет көрсетуге  байланысты компания мен серіктес банктер  арасындағы қатынас өзара жасалған Бас келісімшартка және ипотекалық куәліктерді сатып алу және қайта  сату келісімшарты, компанияның мүлкін сенімді басқару туралы келісімшарты немесе қызмет керсету туралы келісімшарты негізінде жүзеге асады.

ҚИК тұрғын үй ипотекалық несиесін беретін және оған қызмет көрсететін серіктес банктерге мынадай талаптар қояды:

Компанияның талаптарына  серіктес банктердің сай келуі;

Серіктес банктердің каржылық тұрақтылық сипаты;

Компанияныңсатып алатын ипотекалық несиелеріне қызмет көрсетуге  жұмылдырылатын серіктес банктер қызметкерлеріне  қойылатын біліктілік талаптары;

Компанияның сатып алатын ипотекалык несиелерін беру және қызмет керсетуге байланысты серіктес банктердің ішкі құжаттарына қойылатын талаптар.

Компания серіктес банктерге  қайта қаржыландыруды мынадай шарттар  орындалғанда ғана жүзеге асырады:

1. Екінші деңгейдегі банктерге  қойылатын талаптар:

банктердің ипотекалық несиелер беруге және оларға қызмет керсетуге  және өзге де банктік операцияларды  жүргізуге арналған лицензиясы болуы  керек;

банк екінші денгейдегі банктердегі  жеке тұлғалардын, салымдарын (депозиттерін) міндетті түрде ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) жүйесіне мүше болуға тиіс;

банк өтініш бергенге дейін 3 ай ішінде Ұлттық Банктің пруденциалдық  нормативтерін және орындалуға міндетті өзге нормаларды орындауға тиіс;

« Тәуелсіз халықаралық аудиторлық үйымдар тізіміне» енген тәуелсіз-аудиторлық ұйымдардың біреуімен әткен қаржылық жылдағы 1 жылдық қаржылық есебін тапсыруға тиіс.

2. Банктіқ операциялардыы, жекелеген түрлерін жүзеге асырушы

ұйымдарға койылатын талаптар:

ипотекалық несиелер беруге және оларға қызмет көрсетуге және езге де банктік операцияларды жүргізуге  арналған лицензиясы болуы керек;

Ұлттық банктің ең төменгі  жарғылық капиталға қоятын талаптарын орындауы тиіс.

3. Серіктес банктер қызметкерлеріне  қойылатын біліктілік талаптары:

Серіктес банктердің құрылымдық бөлімшелерінде компания ұсынған ипотекалық несиелеу бағдарламасы бойынша оқу  курсынан өткен кемінде екі маман  болуға тиіс;

ипотекалық несиелер беру және оларға қызмет көрсетуді жүргізуші  серіктес банктер қызметкерлерінің банк жүйесінде кемінде 2 жылдық тәжірибесі немесе ипотекалык несиелер беру және оларға қызмет көрсетуге байланысты 1 жылдық тәжірибесі болуы қажет.

4. Серіктес банктердің  ішкі құжаттарына қойылатын талаптар:

ипотекалық несиелерді рәсімдеу, беру және қызмет көрсету тәртібін реттейтін іштей құжаттары болуға тиіс;

ипотекалық несиелердің  қайтарылмау тәуекелін бағалау  әдістемесі болуы тиіс;

ипотекалық несиелерді беру және қызмет көрсету үрдісінде тәуекелдерді басқару әдістемесі болуы керек.

Бүгінгі күні ипотекалық несиелеудің  үлесі (тұтыну несиесімен қоса алғанда) банк несиелері құрылымында біршама  жоғары болып отыр. Экономикадағы  өсу тұсында банктеріміз әзінің активтерін осындай несие түріне бағыттауды дұрыс санайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиет тізімі

 

1. Баймұратов О «Қазақстан қаржы нарығы» Алматы 2007

2. Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулык. — Алматы: Жеті жарғы, 2011. — 368 бет.

3. Ілиьясов Қ.Қ, Құлпыбаев С «Қаржы» Алматы 2005


Информация о работе Несие нарығы