Сактандыру исинын Казакстанда дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 22:06, реферат

Описание

1917 жылғы революциядан соң барлық түрдегі және формадағы сақтандыру Қазақстанда мемлекеттік мо- нополия болып жарияланды. Сақтандыру қызметінің коммерциялық нарығы Республикада тек ХХ ғасырдың соңында ғана пайда болды. Олардың ұйымдық құрылымы кооперативтерден және серіктестіктерден акционерлік қоғамдарға дейін дамыды.

Содержание

Кіріспе
1.Қазақстанның сақтандыру нарығы
Негізгі бөлім
1.Сақтандырудың экономикалық мәні және қызметі
2. Сақтандырудың жіктелуі
Қорытынды
1. ҚР-дың сақтандыру ісін ұйымдастыру

Работа состоит из  1 файл

Сақтандыру ісінің Қазақстандағы дамуы.docx

— 30.51 Кб (Скачать документ)

             Сақтандыру  ісінің  Қазақстандағы дамуы  

         

                                         

 

 

                                              Жоспар:

  Кіріспе             

            1.Қазақстанның сақтандыру нарығы

   Негізгі бөлім              

          1.Сақтандырудың экономикалық мәні және  қызметі

          2. Сақтандырудың жіктелуі

  Қорытынды      

          1. ҚР-дың сақтандыру ісін ұйымдастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                  Сақтандыру  ісінің  Қазақстандағы дамуы  

             Қазақстанның сақтандыру нарығы 

      Қазақстанның ұлттық сақтандыру нарығының туын- дауы ХІХ ғасырдың екінші жартысына тұс келеді. Бұл ретте осы кезеңнің сақтандыру нарығы акционерлік сақтандыру компанияларымен ұсынылған, бірақ олармен қатар мемлекеттік сақтандыру да болды.

    1917 жылғы революциядан соң барлық түрдегі және формадағы сақтандыру Қазақстанда мемлекеттік мо- нополия болып жарияланды. Сақтандыру қызметінің коммерциялық нарығы Республикада тек ХХ ғасырдың соңында ғана пайда болды. Олардың ұйымдық құрылымы кооперативтерден және серіктестіктерден акционерлік қоғамдарға дейін дамыды.

     Сақтандыру қатынастарын реттеуші заңнамалық базаның болмауы сақтандыру нарығының даму процес- сін тежеді. Тек 1992 жылдың шілде айында Қазақстан Республикасының «Сақтандыру туралы» Заңы күшіне енді. Бұл ұйымдардың құрылу және сақтандыру нарығына кіру процессін барынша қарапайым еткен либералды заң болатын. Сол кезде Қазсақтанқадағалау – Қазақстанның сақтандыру қызметін қадағалау жөніндегі федералды қызметі құрылды, оған отандық сақтандыру нарығын бақылау құзыреті берілді. 1996 жылы Қазсақтанқадағалау ҚР Қаржы министрлігінің Сақтандыруды қадағалау де- партаменті болып қайта құрылды.

      1993 жылы Қазақстан Республикасының «Сақтандыру туралы» заңының қабылдануымен мемлекеттік сақтандыру заңнамаларының негізі қаланғанда, сақтандыру ұйымдарының саны 900-ге жетті, өкінішке орай олардың көбісін сақтандырумен тек атауы байла- ныстырушы еді.

      Заңмен қойылған талаптарды тек 13 сақтандырушы орындай алды. Сол жылы 38 сақтандыру компаниялары- ның бастамасымен Қазақстанның Сақтандырушылар Одағы құрылды. Қазақстан Республикасы Президентінің «Сақтандыру нарығын құру және дамыту жөніндегі ұйымдастырушылық-құқықтық шаралар туралы» 1994 жылғы 19 сәуірдегі жарлығы сақтандыру қызметіне мемлекеттік реттеу жүйесін енгізуге құқық берді.

       1994–1998 жылдар аралығында «Сақтандыру тура- лы» жаңа Заң қабылданды және көлік құралдарының иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мін- детті сақтандыру енгізілді. Республиканың сақтандыру нарығын дамытудың алғашқы тұжырымдамасы жарық көрді. Осы кезеңде сақтандыру компанияларының саны 70–150 аралығында ауытқып тұрды.

      Отандық сақтандыру индустриясының қалыптасуы Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекет- тік басқару органдарын оңтайландыру бойынша алға қойылған шаралары туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы жарлығы арқасында жаңа кезеңге аяқ басты. Аталмыш жарлыққа сәйкес сақтандыру органының қызметтері мен құзыреті Қазақстан Республикасының Ұлттық Бан- кіне берілді.

   Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің берген лицензияларына сәйкес 2008 жылдың 12 желтоқсанында республиканың қаржы нарығында 44 сақтандыру компаниялары қызмет етеді.

      Сақтандыру қызметтерінің көшбасшыларының бестігіне кіретіндер: «Евразия» СК, «Виктория» СК, «Қазақсақтандыру» ИСК, «Альянс-Полис», «Казкоммерц- Полис».

     Сақтандыру компаниялары қандай қызметтер ұсынады?

   Сақтандыру бағдарламалары өте көп – бұл өмірді, тұрғын үйді, автомобильді сақтандыру, азаматтық жауапкершілікті сақтандыру және т.б. Осыларға қысқаша тоқталып өтейік.

    Өмірді сақтандыру – бұл жеке сақтандырудың ең кең таралған түрі. Ең қарапайым мағынада өмірді сақтандыру – сақтанушының, сондай-ақ оның жақындарының өміріне қатер төнген жағдайда қаржылық сәттілігін сақтандыруға мүмкіндік беретін құрал.

      Бүгінде өмірді сақтандыру кең мағынаға ие болды. Бұл сақтандыру компанияларының тек өз өміріңізді ғана емес, сонымен бірге денсаулығыңызды сақтандыруға, сондай-ақ өз қаражатыңызды инвестициялап, өсіруге мүмкіндік беретін, сақтандыру өнімдерінің кең ауқымын ұсынуына байланысты. Бұл аралас сақтандыру деп аталады – мұнда тәуекел және жинақтау бөлімдері үйлеседі. Соңғысы туралы біз айтқан болатынбыз, бірақ осы тақырыпқа әлі ораламыз, себебі ол өз болашағыңыз – білім алу немесе бастапқы капиталды жинау мүмкіндігіне тікелей байланысты.

Өмірді сақтандырудың  басты артықшылығы аздаған мер- зімдік жарналарды төлей отырып, адам өзін өте қомақты сомаға сақтандырады.

     Бүгінде Қазақстанның сақтандыру компаниялары өмірді сақтандыру бойынша келесі бағдарламаларды ұсынады:

• Жинақталатын немесе белгілі  бір мерзімге өмірді сақтандыру

• Балалар мүддесінде өмірді сақтандыру (ақша баланың белгілі  бір жасына немесе өмірдегі бір оқиғасына  жинақталады)

• Зейнетақы сақтандыру (зейнетақыға шыққан соң өмір үшін жинақтау)

• Заем алушының – банктен  қарыз алатын адамның өмірін сақтандыру немесе басқа түрлер.

     Сақтандыру  полисі

      Өмірді сақтандыру туралы шарттың ең маңызды құжаты сақтандыру полисі болып табылады. Ол сіздің және сақтандыру компаниясы арасындағы шарттың болуының дәлелі болады, оның мазмұнын айқындайды, қатынастарды реттейді, сондай- ақ тараптардың міндеттері мен құқықтарын қамтиды.

Минимальды сақтандыру полисі келесі мәліметтерді қамтуы қажет:

• Аты-жөні, жынысы, жас мөлшері, кәсібі, әлеуметтік жағдайы

• Сақтандыру сомасының  мөлшері

• Сыйақылардың жалпы мөлшері

• Төлем мерзімі

• Төлем орны мен формасы

• Шарттың Қолданыс Мерзімінің Ұзақтығы

       Медициналық сақтандыру

       Егер сіз кенеттен сырқаттанып қалсаңыз не істеу керек? Өмірден алынған оқиға: Ержан деген жігіт Чикагодағы беделді колледжге оқуға барады. Бір күні кітапханада кітап оқып оты- рып ол бүйірінің қатты шаншығанын сезді. Ержанға колледж дәрігерлері жәрдем бере алмады: таблеткалар мен миксту- ралар көмектеспеді, ал ауыру үдей берді. Қаланың орталық ауруханасына баруға тура келді. Онда Ержаннан ең алды- мен сақтандыруы бар ма деп сұрады. Өкінішке орай, жігіт түсінікті жауап бере алмады, себебі ол оның сақтандырылған немесе сақтандырылмаған екенін білмейтін еді. Бәрі жақсы аяқталды, медициналық жәрдем дер кезінде көрсетілді. Кейін анықталғандай, Ержан колледжге түскен кезде автоматты түрде сақтандырылған болып шықты, бірақ осы бір қарағанда қарапайым заттарды білмеу оның өмірін қиып кете жаздады.

      Медициналық сақтандыру күнделікті өмірде қалай көмектесуі мүмкін?

     Қазақстанда жазғы кезеңдерде ел ішінде, сондай-ақ ше- телде қолданыс күшінде болатын, туристтердің медициналық сақтандыруы ерекше танымалдыққа ие болады.

      Қазақстандық сақтандыру компаниясының жетеші сарап- шысының ақпараты бойынша негізінен шетелге шығушы ту- ристтерге халықаралық үлгідегі сақтандыру полисі беріледі. Қажет болған жағдайда сақтанған тұлға барлық медициналық қызметтерді алады, ал Қазақстанға оралған соң, сақтандыру компаниясы сақтанған тұлғаның емделуі үшін жұмсаған барлық шығындарын өтейді немесе емдеуді жүргізген медициналық мекемеге тікелей төлейді

                Сақтандырудың экономикалық мәні  және  қызметі

     Сақтандыру экономикалық категория ретінде қаржының белгілі бір бөлігін құрайды. Бірақ қаржы табыстарды бөлістірумен байланысты болса, сақтандыру -қайта бөлістіру қатынастарынан бөлек барлық қатынасты қамтиды.

     Қоғамдық экономикалық қатынастар жүйесіндегі сақтандырудың жағдайын сипаттайтын белгілерге келесілер жатады:

•    Адамдардың жағдайы  және табиғи ерекшеліктері (ауру, қартаю, өлім, баланың дүниеге келуі)

•    Адамдардың тәуекелділік сипаттағы еңбек қатынасына қатысуы: (жарақаттану, мүгедектік)

•    Өндірістің қолайсыз жағдайлары (күннің қатты сууы немесе күрт ысуы);

•     Стихиялық  жағдайлар (катастрофа, өрт);

•     Халық шаруашылығының дамуындағы теңсіздік

            Сақтандырудың экономикалық категория  (санаты) ретіндегі негізгі нысандарын атап өтуге болады:

            1. Сақтық қатынастардың ақшалай сипаты

            2. Сақтандырудың қоғамдық өнімнің  құнын қайта бөлуге қатынасуы.

            3. Сақтандырудың іс  қимылы ақша қорларын жасап пайдаланумен қосарланып жүзеге асырылады.

            4. Сақтандыру қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы.

            Сақтандыру барысындағы қалыптасатын  ерекшеліктер оған келесі анықтаманы береді:           

            Сақтандыру – бұл қолайсыз  құбылыстар мен күтпеген оқиғалар  болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың ерекше аясы.

Қоғамдық өндірістің үзіліссіздігі шығындарды жабуды қажет етеді. Осыған байланысты қоғамда бөлістіруге қажетті қаражаттар болуы тиіс. Мұндай ақшалай қаражаттар сақтандыру ұйымында резервті және сақтандыру қорлары түрінде қалыптасады.

 Қолайсыз табиғи жағдайлармен  байланысты шығындардың ақшалай қаражаттармен жабылуы сақтандырудың жеке санатын – сақтандыру категория (санатын ) береді.

Сақтандыру мақсаты –  қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс үрдістерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады

Сақтандырудың негізгі ерекшеліктерін келесілер жатады:

1)    Қатынастардың  ықтималдылық сипаты

2)    Қатынастардың  төтенше сипаты

Сақтандырудың мәні оның қызметтері арқылы анықталады. Сақтандырудың келесідей қызметтері бар:

1.    Тәуекелділік  функциясы қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтыру белгілі бір тәуекелділікке келумен байланысты. 

2.     Сақтандырудың  ескерту функциясы да бар ол сақтану салдарының деңгейін, салдарын анықтайды

3.      Сақтандырудың  жинақтау функциясы ақшалай қаражаттардың жеткілікті болаған жағдайында жүзеге асырылады.

4.     Бақылаушылық  функциясы сақтық төлемдерін жмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды  қамтамасыз етуге байланысты болатын  тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.  Бұл функция сақтандыру қатынастарындағы   3-арнайы функцияның қалыптасуын сипаттайды.

Сақтандыруда сақтық резервтер мен қорларды қалыптастырудың екі әдісі қолданылады:

1)    Бюджеттік

2)    Сақтандыру

Бюджеттік әдіс бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.

Сақтандыру әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші  субъектлер мен халықтың жарналары  есебінен жасаудыалдын-ала қарастырады. Жарналардың мөлшері және  және оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың түріне, келісімнің шартына  қарай беліленеді.

Қоғамдық қорғауда бюджеттік әдіс, әлеуметтік сақтандыруда  – бюджеттік және сақтандыру әдісі, мүліктік және жеке сақтандыруда  – сақтандыру әдісі қолданылады.

Сақтандыру қорлары сақтанушылардың  жарналары, мемлекеттік бюджет қаражаттары, немесе материалдық қаражаттардың резервтері болып табылады.  Нарықтық  экономикада  сақтық қатынастардың едәуір бөлігі коммерциялық қатынастар болып табылады. Ең алдымен жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру категориясына қатысты, бұлардың қызметтер көрсетуі  өзгеше сақтық қызметтерін көрсетуді талап етеді.

Сақтандыру ұйымдарының  сақтандыру, коммерциялық аядағы инвестициялық  қаржыларды табыс алу үшін сақтандыру сақтандыру ісін береді.

             

        Сақтандырудың жіктелуі

    Жіктелу негізгі бір талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Бұл талаптар салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді.

    Сонымен қатар сақтандырудың келесідей нысандарын атауға болады:

Міндеттілік дәрежесі бойынша – міндетті және ерікті

Сақтандыру объектісі бойынша  -  жеке және мүліктік

     Сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша – жинақтаушы және жинақтаушы емес

      Сақтандыру объектісінің әртүрлілігіне сәйкес сақтандыру қатынастарының жиынтығын бес салаға бөлуге болады:

    1.    Мүліктік  сақтандыру

    1.    Әлеуметтік сақтандыру

    2.    Жеке сақтандыру

    3.    Сақтандыру жауапкершілігі

    4.     Кәсіпкерлік тәуекелділікті сақтандыру

    Міндетті сақтандыру- Заң негізінде жүзеге асырылатын сақтандыру түрі.  Ол сақтанушының есебінен жүзеге асады. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке сыныбы болып табылады.

    Ерікті сақтандыру- Тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын  сақтандыру түрі.

    Жеке сақтандыру – Сақтандыру объектісі ретінде адамның өмірі, денсаулық және еңбек қабілеті саналатын сақтандыру саласы.   

      Мүліктік сақтандыру- Мүлікті иелену, пайдалану және сатуға қатысты сақтандырушының сақтық төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру жиынтығы.   

      Жинақтаушы сақтандыру  кез-келген бағыттар бойынша сақтандыру ісінің жүзеге асырылуы.Ол сақтандыру келісімі арқылы жүзеге асырылады.

      Жинақтаушы емес сақтандыру қоры  сақтандыру жағдайы туындағанда ғана жүзеге асырылатын сақтандыру түрі.

      ҚР сақтандырудың салалар бойынша жіктелуі келесі түрде жүзеге асырылады.

  1.Салалар бойынша

  2.Түрлері бойынша

  3.Сыныбы бойынша

       Өмірді сақтандыру екі сыныптан тұрады.

•    Өмірді сақтандыру

•     Аннуитетті сақтандыру

      Жалпы сақтандыру  16 сыныптан тұрады.

  1.  Күтпеген жағдайдан сақтандыру

  2.Медициналық сақтандыру

Информация о работе Сактандыру исинын Казакстанда дамуы