Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 22:06, реферат
1917 жылғы революциядан соң барлық түрдегі және формадағы сақтандыру Қазақстанда мемлекеттік мо- нополия болып жарияланды. Сақтандыру қызметінің коммерциялық нарығы Республикада тек ХХ ғасырдың соңында ғана пайда болды. Олардың ұйымдық құрылымы кооперативтерден және серіктестіктерден акционерлік қоғамдарға дейін дамыды.
Кіріспе
1.Қазақстанның сақтандыру нарығы
Негізгі бөлім
1.Сақтандырудың экономикалық мәні және қызметі
2. Сақтандырудың жіктелуі
Қорытынды
1. ҚР-дың сақтандыру ісін ұйымдастыру
3. Автомобилді, темір жол, ауа және су транспортын сақтандыру
4.Жүктерді сақтандыру
5.Мүлікті сақтандыру
6. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру
7. Көлік иелерін азаматтық-құқықтық сақтандыру
Аннуитеттік сақтандыру – Сақтандырушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек қабілетін(жасына, мүгедектігіне, науқастығына байланысты)жоғалтқан асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайда немесе сақтандырушының жеке табысының кемуіне немесе одан айрылуына әкеліп соққан өзге де жағдайларға байланысты зейнетақы немесе рента түрінде кезең-кезеңімен сақтық төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Медициналық сақтандыру-сақтандырушының медицина мекемесінен медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет көрсетулерді сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлернің жиынтығы.
Көлік құралдарын сақтандыру – көлік құралын иеленуге, пайдалануға байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне көлікті пайдалану барысында келтірілген зиянды сақтандыру болып табылады.
Жүктерді сақтандыру- жүктерді иеленуге, пайдалануға байланысты адамдардың мүліктік мүддедеріне жүктерді жоғалту салдарынан қалыптасатын зиянды сақтандыру болып табылады.
Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру – кезінде кәсіпкердің сақтанушы ретінде іс-қимыл жасайтын келісім-шарт жасаушы агенттерінің өз міндетттемелерін бұзуынан болған кәсіпкерлік қызметтің залалдар тәуекелі немесе кәсіпкерге байланысты емес жағдайлармен осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған залалдар тәуекелі.
Азаматтық –құқықтық жауапкершілікті сақтандыру – келісім-шарт бұзылған жағдайда сақтандырудың барлық түрі бойынша сақтандырудың жиынтығы. Сақтандыру органдарына жаңа тәуекелді сақтандыру түрлерін жасау құқығы берілген. Қазақстандағы сақтандыру ісінің құрамына ұзақ мерзімді жинақтаушы сақтандыру кіреді:
1. Аймақ өмірін сақтандыру
2.Жер сілкінісі уақытында сақтандыру
3.Әскер қатарына шақырушыларды сақтандыру
4. Туу жағдайында әйелдерді сақтандыру
5.Жеке меншікке тиіскен уақытта сақтандыру
6.Заңды тұлғалардың банктік депозитттерін сақтандыру
ҚР сақтандыру ісінің ұйымдастырылуы
Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік сақтандыру ісіне деген монополиялық үстемдік жойылған. Кеңестік дәуірде барлық мүліктік және жеке сақтандыруды жүзеге асыратын –Мемлекеттік сақтандыру болатын. Бүгінгі уақытта сақтандыру нарығында әр түрлі меншіктегі ұйымдар жетерлік.Олардың қызмет ету аясы тәуекелді сақтандыру аясын қамтиды: биржалық келісімдерді, жүктерді, несиені сақтандыру және коммерциялық, құқықтық және басқа да арнайы тәуекелдерді сақтандыру. Қазақстанда экспорттық несиелер мен инвестицияны сақтандыру бойынша мемлекеттік сақтандыру коперациясы құрылған. Бұл кооперацияның негізгі мақсаты қазақстандық тауар өндірушілерді және тауар экспортын әлемдік нарықта тәуекелден сақтандыру.
ҚР сақтандыру нарығының қатысушыларына келесілер жатады:
1) Сақтандыру ұйымы
2) Сақтандыру брокері
3) Сақтандыру агенті
4) Сақтандырушы
5) Аудиторлық ұйым
6) Өзара сақтандыру қоғамы
7) Сақтандыру қызметімен айналысатын кәсіпкерлік қызмет
Мемлекет ҚР Үкіметі негізінде ғана сақтандыру ұйымының құрылтайшысы бола алады. Жарғылық қорының 50% астамы мемлекетке қатысты ұйым сақтандыру ұйымының құрылташысы бола алмайды. Сақтандыру ұйымдары міндетті түрде келесі түрдегі ұжымдық органдарды қалыптастырады:
1) директорлар кеңесі – басқару органы
2) басқару – атқарушы орган
3) ревизиялық комиссия – бақылаушы орган
Жарғылық капиталдың минималды мөлшері мемлекеттік тіркеу уақытысында толығымен төленген болуы тиіс.
Төлем қәбілеттілік. Сақтандыру ұйымының өз міндеттемелерін толығымен уақытысында орындай алу мүмкіндігі.
Сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығы дегеніміз сақтандыру келісіміне сәйкес барлық міндеттемелерді жаба алу мүмкіндігін келісім –шарт уақытысының соңына дейін сақтау болып табылады.
Сақтандыру ұйымдарының қаржылық тұрақтылық көсеткіштеріне келесілер жатады :
1) Меншікті және жарғылық капиталдың минималды мөлшері
2) Активтердің құны және диверсификация деңгейі
3) Сақтандыру резервтері мен басқада жағдайлардың көлемі
4) Төлемқәбілеттілігі көрсеткіштері
5) Сақтандыру және
қайта сақтандыру
6) Сақтандыру қызметінің пайдалылығы
7) инвестициялық саясатты жүзеге асыру тиімділігі
Сақтандыру ұйымының төлемқәбілеттілігі мен қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері пруденциалды нормативтер мен міндетті нормалар мен лимиттер арқылы жүзеге асырылады.
Пруденциалды нормативтер мемлекеттік органдар арқылы бекітіледі және оның құрамына:
1) төлем қәбілетілігі нормативтері
2) қаржылық тұрақтылық нормативтері кіреді.
Сақтандыру ұйымдарының міндеттерінің көлемі өздерінің меншікті капиталының 10 пайызынан аспауы тиіс. Қазақстанның сақтандыру нарығы бүгінгі таңдақалыптасу кезеңінде. Экономикалық және құқықтық негізі бойынша ол әлемдік деңгейден көп артта қалуда. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде сақтандыру қызметінің түрлері –500ге жетсе, Қазақстанда бар болған-40. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, сақтандыру ісі бизнес аясының тиімді саласы болып табылады.