Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2012 в 19:35, курсовая работа
“Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері” атты осы курстық жұмыста ақшаның пайда болуынан бастап, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы реформасы аралығын қамтып, ақша туралы жалпы мәліметтер берілген. Бұл жұмыс негізінен I, II және III бөлімнен тұрады. Әр бір бөлімде ақша туралы тереңдей мәселелер қозғалған.
Кіріспе
I. Ақшаның мәні мен қызметтері
1.1. Ақшаның пайда болуы мен қажеттілігі
1.2. Ақша түрлері
1.3. Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі мен қазіргі жағдайдағы дамуы
II. Ақша айналысы
2.1. Ақша айналысы мен заңы
2.2. Ақшаның метеалдық теориясы және металл ақша айналысы
2.3. Ақшаның номиналистік теориясы және қағаз ақша айналысы
2.4. Ақшаның базасы мен ақша массасы
III. Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесі
3.1. Ақша жүйесі жөнінде түсінік
3.2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі: қызметтері мен операциялары
3.4. Инфляция туралы түсінік
3.5. Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы және ұлттық валюта
Алғашқыда алтын монометаллизмі ақша жүйесі ретінде XVIII ғ. аяғында Ұлыбританияда қалыптасып, ол 1816 ж. Заң жүзінде бекітілді. Ал басқа мемлекеттердің көпшілігінде XIX ғ. соңғы үштігінде: яғни Германияда – 1871-1873 жж., Скандинавия мемлекеттерінде (Швеция, Норвегия, Дания) -1873 ж., Францияда – 1876-1878 жж., Австралияда 1892ж., Ресей және Жапонияда – 1897 ж., АҚШ-та 1900 ж. енгізілді.
Құн белгілерінің алтынға айырбасталу ерекшеліктеріне байланысты алтын монометаллизмінің үш түрі болады.
Алтын монетлы стандарт – оған негізгі төмендегі белгілері тән:
елдің ішкі айналымында алтын монеталар жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін атқарады;
алтын монеталарды еркін соғу рұқсат етілген;
айналымдағы несие ақшалары (банкнота, майда монеалл монеталар) көрсетілген құнымен еркін және шектеусіз алтын монеталарға айырбасталады;
алтынды, шетел валютасын елден еркін алып шығұға және елге әкелуге, сондай-ақ алтын нарығының еркін жұмыс істеуіне рұқсат берілген.
Алтын монеталы стандарт капитализмнің алғашқы сатысы – еркін бәсеке кезінде пайда болып, өндірістің, несие жүйесінің, әлемдік сауданың өркендеуіне және капиталды шетелге шығаруға жол ашты. Алтын елдің ішінде де, сыртқы сауда да еркін жүруі үшін мемлекеттің эмиссиялық банкінде алтынның сақтаудағы қоры болуы шарт.
Бірінші дүниежүзілік соғыс бюджеттің тапшылығынарттырады. Оны жабу мақсатында айналысқа шығарған ақша массасы эмиссиялық банктің сақтаудағы қорынан әлде қайда асып кетті. Сондықтан кембағалы ақшаларды (несие ақшаларын) алтын монетаға еркін айырбастау мүмкіндігі жойылды. Осы кезде алтын монеталы ақша стандарты соғысқа қатынасқан елдердің барлығында және басқа да көптеген мемлекеттерде жойылды. Банкнотаны алтынға айырбастау тоқталып,алтынды шетелге шығаруға тиым салынды. Алтын монета айналыстан шығып, қор жинау және байлық құру құралына айналды. Алтын монеталы стандарттың орнына алтын құймалы стандарт айналымға түсті.
Алтын құймалы стандарт – оның алтын монеталы стандарттан айырмашылығы бұнда алтын монета айналыста болмайды және оны еркін соғу жойылды. Алтын құймалы стандартта банкнотаның белгілі бір сомасы алтын құймасының белгілі бір салмағына айырбасталады. Мысалы, Ұлыбританияда салмағы 12,4 кг стандартты құйма 1700 ф.ст., ал Францияда 12,7 кг – 2105 мың франкке теңгерілді.
Алтын девизді (алтын валюталы) стандарт – ол банкнотаның девиздерге (яғни, белгілі бір шетел валютасына) айырбасталатын ақша жүйесі. Бұл жүйе Австрияда, Германияд, Данияда, Норвегияда және басқа да елдерде жүрді. Бұл кезде алтын монетаның еркін соғылуы жойылып, ол айна лыстан да алынып тасталды. Міне тек осындай қосалқы жолмен ғана алтын девизді ақша жүретін елдердің алтынмен байланысы сақталды. Ұлттық
валютаның тұрақтылығын бір қалыпта сақтау девиздік саясат әдісімен, яғни нарықта ұлттық валютаның курсының төмендендеуіне немесе жоғарылауына байланысты оған шетел валютасын сатып алу немесе сату арқылы жүзеге асырылады. Сөйтіп, алтын девизді стандарт кезінде бір елдің валютасы басқа елдердің валютасына тәуелді болды.
1929-1933 жж. әлемдік экономикалық дағдарыс нәтижесінде барлық мемлекеттерде әр кездері алтын монометаллизімінің барлық формасы жойылды. Мысалы, Ұлыбританияда -1931 ж., АҚШ-та 1933, Францияда 1936 ж. және с.с.
1944 ж. Бреттон-Вудсте құрылған Халықаралық валюта жүйесі еркін айырбасталатын валютасы бар мемлекеттердің қолдануы үшін мемлекетаралық алтын долларлы стандартты бекітті. Оның ерекшелігі, яғни алтын долларлы стандарт – тек АҚШ доллары алтынмен байланысын үзген жоқ, себебі бұл стандарт тек орталық банктер мен үкімет мекемелері үшін ғана бекітілді. АҚШ үкіметі өзінің алтын қорының азаюына байланысты 1971 ж. бастап алтын құмайларын долларға сатуды тоқтатты, сондықтан алтын доллары стандарт та айналыстан шықты.
1976-1978 жж. Ямайка Халықаралық валюта жүйесі алтынның айналыстан шығуын заң жүзінде бекітті. Ақша өлшемдерінің алтын құрамы және алтынның ресми бағасы қойылды. Халықаралық валюта қорымен оның мүшелері арсындағы есеп айырысудан да алтын алынып тасталды. Сөйтіп бүкіл мемлекеттерде алтынға айырбасталмайтын несие ақшалары жүйесі орнықты. [1, 57-62 бет] , [2, 46-47 бет]
1.2. Ақша айналымы туралы ұғым және оның құрлымы.
Көптеген шетел басылымдарына ақша айналымы деген ұғым кездеспейді. 90-жылдардың орта шеніне дейін ТМД-ға мүше елдердің басылымдарында “ақша айналымы” және “ақша айналысы” деген ұғымдарға анықтама беріліп, олар бір-бірінен дәл ажыратылды. Ақша айналымы деп тек
қолма-қол ақша емес ақшаның ақшаның қозғалысын білдіретін кең ұғым айтылды. Экономиканың әр үлгісі бұл ұғымдардың мәні мен құрлымын өзгертпей кейбір ерекшеліктер енгізді.
Жоспарлы – орталықтанған экономика жағдайында ақша айналымының ерекшеліктері:
қолма-қол ақша да, қолма-қол емес ақша да кәсіпорындардың шығаратын өнімдерін алдын ала бөлуге қызмет атқаратын. Барлық қоғамдық өнім өндіріс құралдары және тұтыну заттары (өнімдер мен қызмет көрсету) түрінде, яғни бірінші жағдайда материалды-техникалық жабдықтау жүйесі арқылы, ал екінші жағдайда қоғам мүшелерінің табысына (жалақы, зейнетақы және т.с.с.) сәйкес мемлекеттің сауда жүйесі арқылы бөлінді;
мемлекет заңмен ақша айналымын: қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақшаға бөліп, ақша айналымының қай түрі қандай бөлу жүйесіне қызмет атқаратынын белгіледі. Сөйтіп қолма-қол ақша қозғалысы халықтың ақшалай табысын бөлуді көрсетсе, ал қолма-қол емес ақша қозғалысы өндіріс құрал-жабдықтарын бөлуді көрсетті;
ақша айналымы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің объектісі ретінде директивалық заңдармен реттелді;
ақша айналымы біртектес мемлекеттік меншік формасына қызмет көрсетті;
ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері мемлекеттік банкте шоғырланып, мемлекеттік банк бақылау жүргізді;
мемлекеттік жүйелер алдын ала өнімге баға белгілеумен және көрсетілген қызметтерге тарифтер бекітумен де шұғылданды.
КСРО негізінде құрылған ТМД елдерінің нарықтық қатынастарға өту кезінде жүргізген іс-шараларын кейін ақша айналымында пайда болды. Шын
мәнінде ақша айналысы – ақша айналымының тек бір бөлігі, атап айтқанда “қолма-қол ақша айналысы”.
Нарықтық экономика үлгісі жағдайындағы ақша айналымына тән ерекшеліктер:
ақша айналымы негізінен шаруашылықтағы нарықтық қатынастарға қызмет жасайды, ол бөлу қатынастарының тек аз ғана бөлшегін қамтиды;
қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымдарын заңмен ажырату жойылды;
ақша айналымы мемлекеттің, коммерциялық банктердің, заңды және жеке тұлғалардың жоспарлы болжауының объектісі болып табылады;
ақша айналымы әр түрлі меншік формасы жағдайында жүреді;
ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері орталықтанбаған, яғни олар әр түрлі коммерциялық және мемлекеттік банктерде шоғырланған;
қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымы бір-бірімен тығыз байланыста жүреді;
қолма-қол ақша эмиссиясын Орталық банк жүргізіп, ал қолма-қол емес ақша белгілерін комерциялық банктер шығарады.
Сонымен, ақша айналымы деп қолма-қол және қолма-қол емес түрінде үздіксіз қозғалыста жүретін ақша белгілерін айтады. Бұл анықтама ақша айналымының қазіргі мазмұны сай келеді, себебі айналымда тек ақша белгілері жүреді.
Ал металл ақша жүйесінде әрі тауар, әрі ақша айналымы ретінде олардың құны айналымда жүрді. Себебі металл монетаның (алтын немесе күміс) өз құны өзінде көрсетілген (номинал) құнына сәйкес келгендіктен ақша құнының қозғалысы тауар құнының қозғалысымен бір уақытта жүрді. Сондықтан құн айналымы мен ақша айналымын біріктірді.
Қазіргі ақша айналымын құн айналымы деп айтуға болмайды. Оған себеп – қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша белгілерінің өз құны көрсетілген құнымен салыстырғанда өте төмен, тіпті жоқ деуге болады. Демек қазір құн айналымы деп тек тауар айналымын айтуға толық негіз бар.
Айналыста жүретін тек қолма-қол ақша, ол ақша айналымының тек бір бөлігі. Демек ақша айналысы деген белгілі бір мезгілде қолма-қол ақшамен өтелген барлық төлемдер сомасына тең ақша айналымының бөлігі. Ал ақша айналымы деген қолма-қол ақша мен қолма-қол емес ақша белгілерінің тауар айналымын және тауарсыз төлемдер мен шаруашылықтың есеп айырысуын қамтамасыз ететін ақшаның қызметі. [1, 30-32 бет], [8, 3 бет]
1.3.Ақша айналысы заңы және мәні
Ақша айналысы заңы – құн заңының айналыс аясындағы көрінісі. Ол – тауар –ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Айналыстағы ақшаның саны К. Маркс ашқан айналысы заңмен реттеледі. Тауар айналысына қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшері (А мөлш.) екі факторға: біріншіден, бір кезеңде, айталық бір жылда сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысына (Стб); екіншіден ақша айналымының жылдамдығына (А жылд.) байланысты өзгереді. Ақша айналысы заңы мына формуламен өрнектеледі:
Стб
А жылд.
Ақша айналысы заңының мәні – ақшаның айналыс құралы қызметін орындауы үшін қажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының
қосындысын бір аттас ақша өлемінің айналым санына (айналым жылдамдығы) бөлгенге теңесуі керек.
Ақша тек айналыс құралы ғана емес, сонымен бірге төлем құралы қызметін де атқаратындықтан айналысқа қажетті ақша мөлшері де несиеге сатқан тауарлар сомасына байланысты азаяды. Қарыз міндеттемелерінің бірсыпыра қолма-қол ақшасыз есеп айырысқанда өтеледі, яғни олар қарыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу жолымен де өтеледі. Сөйтіп несиенің даму дәрежесі ақша мөлшеріне кері әсерін тигізеді: тауардың неғұрлым көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа соғұрлым аз ақша мөлшері қажет. Одан басқа, айналыстан шығарылған әлдеқандай ақша мөлшері шаруашылықтың және халықтың тұрақты ақша қорын құрайды. Қорытындысында, айнылыстағы ақша мөлшерін анықтаушы заң формуламен өрнектеледі:
А мөлш.=------------------------
Онда:
А мөлш. – айналыс құралы және төлем
құралы қызметтеріне қажет ақша мөлшері;
Стб - сатылуға тиіс тауарлар бағасының сомасы;
Стбн - несиеге сатылған тауарлар бағасының сомасы;
Ст - қарыз және басқа міндеттемелер бойынша төленетін сома;
Сө - өзара өтелетін талаптар мен міндеттемелердің сомасы;
Ақ - ақша қоры;
Ажылд. – айналыс құралы және төлем құралы қызметтеріндегі ақша
айналымының орташа саны (айналыс жылдамдығы).
Осы теңдіктегі ел экономикасында сатылған тауарлар бағасынан айналыста әлдеқайда кем ақша массасының жүруінің себебі төлемеушілік проблемасының болуынан. Ол кезде Ст мөлшері теріс сан болады. Бірақ бұл
Қазақстанда және басқа да директивалы экономика үлгісінен нарықтық үлгіге өтуші мемлекеттерде кездесіп отырған кәсіпорындар арасындағы төлемеушілік проблемасы жай ақша массасын ұлғайтумен шешіледі дегенді көрсетпейді. Себебі төлемеушіліктің көптеген себептері бар: төлем тәртібінің босаңдығы, төлемеушіліктің тізбегінде потенциялды күйреушілердің (банкноттардың) болуы, күйреушілікттің тиімді тәжірбиесінің болмауы, жекеменшіктендіру процесінің аяқталмауы, төлем құралдарының дамуы.
Сөйтіп айналысқа қажетті ақша мөлшері өндірістің даму жағдайларына әсер ететін көп факторларға байланысты өзгереді: айналыстағы тауарлар мөлшеріне, тауарлар мен қызмет бағасының деңгейіне және т.б. Айналысқа қажетті ақша мөлшері ақша айналысының жылдамдығына кері пропорционалды өзгерелі. Ал ақша айналысына әсер ететін жағдайлар мыналар:
несиенің даму деңгейі, егер тауардың көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа сонша мөлшерде кем ақша қажет;
қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың дамуы;
ақша айналымының санының өсуі.
Айналысқа ақша екі формада эмиссияланады (шығарылады): қолма-қол ақша, яғни айналымдағы банкнота және майда монеталар; банктік айналымдағы ақша формасы, яғни банктегі шоттарға жазылған сома. Екі деңгейлі банк жүйесінде ақшаның бірінші формасын, яғни қолма-қол ақшаны монополиялы құқықпен орталық банк эмиссиялайды да, ал қолма-қол емес ақша белгілерін комерциялық банктер жүйесі шығарады. Егер банк клиенті – шоттағы ақшаны иесі өз қаражатын қолма-қол ақша формасында алса, онда банктік айналымдағы ақша белгілері нақты қолма-қол банкнотаға айналады. Керісінше, клиенттің шотқа жазу арқылы банкке ақша сомасын салуы қолма-қол ақшаның банктік айналымдағы ақша формасына айналуын көрсетеді.
Ақша айналымының екі жағының (қолма-қол ақша мен банктік айналымдағы ақшаның) бірлігі, олардың бір формасының екіншісіне
алмасуы жалпы ақша массасының құрамын анықтауы қажет етеді. Себебі ақша массасы ақша айналымының сандық көрсеткіші. Белгілі бір мерзім аралығында және белгілі бір күнге ақша айналымындағы сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша массасының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс-шаралар жүргізу үшін әр түрлі көрсеткіштер (ақша агрегаттары) қолданылады.
Өнеркәсібі өркенденген мемлекеттерде ақша массасы құрамын анықтау үшін негізгі ақша агрегаттарының төмендегі жиынтығы пайдалынылады: