Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2012 в 19:35, курсовая работа
“Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері” атты осы курстық жұмыста ақшаның пайда болуынан бастап, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы реформасы аралығын қамтып, ақша туралы жалпы мәліметтер берілген. Бұл жұмыс негізінен I, II және III бөлімнен тұрады. Әр бір бөлімде ақша туралы тереңдей мәселелер қозғалған.
Кіріспе
I. Ақшаның мәні мен қызметтері
1.1. Ақшаның пайда болуы мен қажеттілігі
1.2. Ақша түрлері
1.3. Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі мен қазіргі жағдайдағы дамуы
II. Ақша айналысы
2.1. Ақша айналысы мен заңы
2.2. Ақшаның метеалдық теориясы және металл ақша айналысы
2.3. Ақшаның номиналистік теориясы және қағаз ақша айналысы
2.4. Ақшаның базасы мен ақша массасы
III. Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесі
3.1. Ақша жүйесі жөнінде түсінік
3.2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі: қызметтері мен операциялары
3.4. Инфляция туралы түсінік
3.5. Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы және ұлттық валюта
- ұлттық валюта бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету және еліміздің сыртқы қарыздары өтеу үшін мемлекеттің валюталық резервтерін арттыру мақсатында айналысқа қосымша ақша эмиссиялау жолымен.
Чек вексель мен банкнотаға қарағанда коммерциялық банктердің құрылып, олардағы ағымдық шоттарда бос ақшалай қаражаттардың
жинақталуына байланысты несиелік және айналыс құралы ретінде біршама кеш пайда болды.
Алғашқы чектер 1983 ж. Англияда пайда болды.
Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.
Чектің мынадай түрлері бар:
ақшалай чек – банктен қолма-қол ақша алуға арналған төлем құралы;
атаулы чек – аударуға құқысыз белгілі бір тұлғаның атына жазылады;
ордерлі чек – бір тұлғаның атына толтырылған, бірақ индоссамент бойынша басқа бір тұлғаға беруге құқық береді;
мәлімдеуші чек – чекті мәлімдеушіге ондағы көрсетілген сомасы төленеді;
есеп айырысу чегі – заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылады;
жол чегі – туристік сапарларға арналған төлем құралы;
кепілдендірілген чек – банктің чекте көрсетілген соманы төлеуге кепілдендіруін сипаттайтын төлем құралы.
Чектің экономикалық сипаттайтын жаратылысы мынадай:
- біріншіден, ол банктен нақты ақшаны алуға қызмет етеді;
- екіншіден, ол айналыс және төлем құралы қызметін атқарады;
- үшіншіден, ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу құралы.
Электрондық ақшалар – компьютер торабының, ақпарттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.
Электронды ақшалар пластикалық карточка формасында болады. Олар екі түрлі болып келнді:
Дебеттік (төлем) карточка – банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлуге арналған төлем құралы.
Кредиттік карточка – оның эмитенті мен карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер дебеттік және кредиттік карточкалардың отандық және халықаралық түрлерін кеңінен қолдануда. Оларға «Eurokard», «Master Card», «Visa», «ALTYN», «Maestro» және тағы басқалар жатады.
Қазіргі кезде жалақы алуға арналған дебеттік карточкалар да кеңінен қолданылуда. Мұндай карточкалардың шоттары көбіне теңгемен ашылады.
Несиелік карточкалар бөлшек сауда айналымында және қызмет сферасында қолданылады. Қазіргі уақытта несиелік карточкалардың мынадай түрлері қолданылады: банктік, саудаға арналған, бензин сатып алуға арналған, туризм және ойын-сауық шараларын төлеуге арналған. Біршама кеңінен таралған түріне сауда карточкаларын жатқызуға болады.
[3, 8-17 бет]
ІІІ-тарау Теңге бағамын тұрақтандыру жолдары.
Осыдан он екі жыл бұрын, яғни 1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық валютамыз айналымға түсті. Ал бұл кезде елде инфляцияның деңгейі 2600 пайызға женкен-ді. Басында ұлттық валютамыздың АҚШ-тың 1 долларына шыққандағы бағамы 4,7 теңге болса, осы күнге дейін 30 рет құнсызданыпты.
Өткенге келсек, жылы жалпы қарыз көлемі ІЖӨ-нің көлемінен асып кетті.
Салааралық қарызды жабу үшін Ұлттық банк Үкіметке несие беруге тәжбүр болды. Соның салдарынан теңге он есеге дейін құлдырады. Негізінен мұндай жағдай қаржы рыногынан валюта сатып алу салдарынан туындаған. Осыдан барып Ұлттық банк берілген несиелерді кері қайтарып, валютаны сата бастады. Бұл сәл де болса теңге бағамының тұрақтануына әкелді. Десек те, мұндай шара теңге бағамын толыққандытұрақтандыра алмады. Бұдан кейінгі жылдарда жағдай қиындай түсті. Мемлекеттің өндірісшілер алдындағы қарыздары 10 миллиард теңге болса, ал ауыл шаруашылығы саласына қарызы 8 миллиард теңгеге жетті. Қажыгельдин басқарған үкімет тұсындағы жалпы ішкі қарыз 30 миллиардты құрады. Сол кезгі 1 доллардың 75 теңге болғаның ескерсек, онда бұл 400 миллион долларға жуық деген сөз. Доллар демекші, сол жылдары сырттан шикізатты сату арқылы келген валюталарды саудалау тікелей банк пен кәсіпорын арқылы, былайша айтқанда биржадан тыс жүргізілді. Тек осындай келеңсіздікті тоқтатқаннан кейін ғана жағдай біршама тұрақтанғандай болды. Бірақ, көп ұзамай 1998 жылы Ресей дағадарысы есік қақты. Солтүстік көршіміз рубльдің девальвациясы төрт есе өсіп, ал инфляция деңгейі 80-90 пайызға жетті. Үкімет пен Ұлттық банк теңге бағасын қалыпты ұстап тұру үшін бір жылдай шығындануға барғанын да айта кету керек. Соның салдарынан 1999 жылы теңгңнің девальвациясы – 60, ал инфляция 17 пайыз төңірегінде қалыптасты.Теңгені еркіне жіберген соң
ғана оның бағамы 80-нен 120-ға бір-ақ секірді.Дегенмен де Қазақстанның өзіндік қаржы-несие саясатын жүгізуінің арқасында қаржылық дағдарыс салдары онша күшті әсер ете қойған жоқ.
1999 жылдың соңына қарай экономикадағы жағдай біршама қалпына келе бастады. Мұнайдың әлемдік нарықтығы бағасының өсуі зейнетақы және өзге дек қарыздарды толық өтеуге мүмкіндік берді. Ұлттық банк несие үстемесін, яғни қайта қаржыландыру 25 пайыздан 18 пайызға түсіруге қол жеткізді.
“Қазақстан Республикасындағы екінші дәрежелі банктердегі салымдарын кепілдендірудің қазастандық қоры” ЖАҚ-ы құрылғаннан кейін арта түсті. 2000 жылы халықтың банктердегі салымдары 53 млрд. теңгеге жетті. Ал екінші дәрежелі банктердің экономикаға несие беру мөлшері сол жылы 148,7 млрд. теңгені құрады. Жағдай бұдан да кейінгі жылда да жақсарды. Елімізге осы жылдар ішінде тартылған инвестиция 5 млрд. долларды құрады. Экономикадағы өсім ІЖӨ-ге шаққанда 13 пайыз болды (2001 ж). Соның барысында 600 миллион долларлық сыртқы қарыздан құтылдық. Қазіргі кезде қаржы саласындағы жылдық оташа өсім деңгейі 50 пайызға артып отыр. Бұл өз кезіндегі эеономика саласына несие беруді 6 есеге дейін өсіруге мүмкіндік береді. Соңғы бес жыл қатарынан теңгенің бағамы тұрақтанып келе жатқаны да осы экономикадағы біршама реформалардың жүзеге асырылуынан деуге негіз бар. Атап айтқанда, салық ставкасын төмендету біршама кәсіпорындарға екінші тыныс берген сыңайлы. 2000жылы еліміздегі ақша көлемі 272,4 миллиард теңгеге жетіп, 1998 жылғымен салыстырғанда, 124 миллиард теңгеге артқан. Пайызға шаққанда теңге көлемі 83,4 пайызға өскен. Мұндай нәтиже сыртқы активтердің екі есе артуынан және банктер саласындағы жүйені реттеуден болғанын ескерсек, Ұлттық банк қаржы-несие саясатын бұдан да жақсартуға күш салып келеді. Теңге бағамының еркін жүруін сақтай отырып, Ұлттық банк 2004 жылы инфляция деңгейін 4-6 пайызға жетіп, ал 2005-2006 жылдары 3-5 пайыз төңірегіндегі ұстап қалуды көздеуде. Ақша
көлемін 2005 жылы – 16 пайыз, ал 2006 жылы – 17 пайызға дейін ұлғайтудықолға алмақ. Бұл жөнінде Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бисенғали Тажияқов қаржы-несие саясаты қаржы рыногында қалыпты жағдайдың сақталуына жәрдемдесетін болады дегенді алға тартады.
Әрине, бұл жерде ұлттық валютаны әлемдік валюталардың бірігуге бет алған роцестерінен бөліп қарау әбестік болар еді. Өйткені, басқа елдердің рыногында шығуды көздеген Қазақстан үшінсолд елдермен ортақ валюта құрар болса, онда бұл салық, банк жүйелеріндегі жұмыстарды айтарлықтай жеңілдетері белгілі. 2005 жылдан бастап біртұтас экономикалық кеңістік елдері щеңберінде валюта одағын құруға кірісу көзделуде. Бұл үшін осы ұйымға кіргісі келетін Достастық елдерінің жылдық орташа инфляциясы 5 пайыз, мемлекеттік қарыз ІЖӨ-ге шаққанда 50 пайыз, ал бюджеттің жетіспеушілігі 3 пайыздан артпауы керек. Сонда ғана ортақ валютаға бірігуге жол ашылмақ. Онда да кейбір мамандар мұндай ортақ валютаға бірігуге тек 2011 жылы ғана қол жеткізуге болатындығын айтады.
Қазіргі таңда Ресей экономикасының жоғары қарқынын, яки экрнрмикасының ІЖӨ-ге шаққандағы 7 пайыз екендігін ескерсек, Еуразия аймағында рубльдің ортақ валюта рөліне көтерілуге мүмкіндігі зор. Сонымен қатар қазақ теңгесінің де мұндай дәрежеге жетуге күш салары түсінікті. Олай болса, бұл аймақта ешбір елдің ұлттық дәргейіне тимейтін ақша атауының дүниеге келуіне алып келмк. Осы орайда бір айта кетерлік жайт, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл ортақ валютаның «алтын» деп аталуын қалайтынын білдірген болатын. БЭК-ке біріккен (Қазақстан, Ресей, Украина және Беларусия) ішінде соңғы екеуінің өз валюталарының жетекші рөлге шығуына талпыныс жасап жатпағанын, оның үстіне Қазақстан экономикасындағы реформалардың қалғандарына қарағанда, табысты жүзеге асып жатқандықтарын каперге алар болсақ, онда теңгенің Еуразия щеңберінде болса да Орталық Азияда жетекші рөлге ие болуына әлеуетті қазірден жетерлік. Қазақстан Даму институтының вице президенті Кеңес Қажымұратов та бұл пікірді нақтылай түседі. Ол теңге осы үрдісімен жүре
берсе, 6-8 жылдан соң күшейеді дегенді айтады. Сонымен қатар ғалым АҚШ валютасының әлемдік рыноктағы ықпалы төмендей беретінін сөзіне арқау ете келе, теңгенің Орталық Азия елдері ішінде ең тұрақты ақшаға айналарына сенімді екенін білдіреді.
Еліміз банктер жүйесін айтарлықтай дамытып үлгкрді деп сеніммен айтуға болады. Алайда, өндеуші кәсіпорындардың әлі күнге аяғынан тік тұрып кете алмай отырғандығын ескерсек, бұл салада атқарылатын істер қыруар. Негізгі табыс көзі шикізат сатудан түсіп жатқаны да жасырын емес. Елімізге келген валюта көлемінің шамадан артып кетуінен Ұлттық банк теңге бағамының өсуі мүмкіндігінің алдын алуға мәжбүр. Егер мұндай шаралар жүзеге аспаған жағдайда импорт көлемі артатын болады. Олай болса, отандық кәсіпорындардың өндірген тауарлары арзан да сапалы шетелдік тауарлардың бәсекесіне шыдас бермей, қоймаларда жатып қалуына алып келеді. Ал бұл өз кезегінде елдігіміздің тәуелсіздік нышаны болып табылатын теңгенің құнсыздануы жол салады. Мұндай құлдырауды болдырмау үшін Үкімет бірқатар шараларға барып отыр. Соның ішінде, әсіресе шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында кәсіпкерлерге жағдай жасауды қолға алды. Дамыған елдерде осы шағын және орта кәсіпкерліктен түскен салық ІЖӨ-нің 70 пайызына дейін құрайтын болса, сол себепті Қазақстанда да банк жүйесіне қолдау көрсеткендей, бұл саланы да өркендетеді деген сенім бар. Яғни, экономикадағы осы сала нығайған сайын теңгенің тауарлық тұрғыдан қамтамасыз етілуі де жоғары болары түсінікті. Тіпті, қазірдің өзінде теңге Орталық Азия елдерінде салмақты валюта ретінде қабылдана бастады. Ал қазақстандық кәсіпорындар шығаршан өнімдердіңтауарлық белгілері осы елдерде қолдан жасала бастауы – отандық өнеркәсіптердің әріптестеріне қарағанда әлдеқайда ілгері кеткендігін көрсетеді. Бұл жерде теңгені осы аймақтағы елдердің валюталарыменсалыстырудың өзі әбестік болар еді. Онда Қазақ теңгесі болашақта Еуразия кеңістігінде де салмақты олрын аларына көз жеткізу
қиын емес. Теңгені тәуелсіздіктің негізгі рәміздерінің бірі ретінде бағалайтынымыз да сол.
Қорытынды
Қорыта келгенде, ақшалар ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді десе болады. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды.
Тауар айналысының тарихи дамуы прцесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдары және тағы басқалар. Мұныңбарлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негіздеген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.
Эконмикалық категория ретінде ақшалар өндіріс және бөлу прцесінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді. Бұл жерде ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау және қорлану құралы, дүниежүзілік ақшалар.
Ақшаның өзінде, сондай-ақ оладың қызметтерінде жылдар бойы өзгерістер болды. Егер де бұрындары сатып алу – сату процесі жалпыға бірдей эквивалентпен алтынмен жүргізілсе, бұл күндері қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда.
Сонымен ақша жүйесі дегеніміз – бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекітілген ақша айналысын ұйымдастыру формасы.
Ал ақша айналысы деп – шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы.
Ақша айналысының объективтік негізінде де тауар өндірісі жатады. Тауар өндірісі тұсында тауарлар әлемі: тауар және ақшаға бөліне отырып, олардың арасында өзара қарама-қайшылықтар туады. Қоғамдық еңек бөлінісінің тереңдуіне және жалпы ұлттық және дүниежүзілік нарықтардың қалыптасуымен байланысты капитализм тұсында ақша айналысы да әрі
қарай дами түседі. Сонымен ақша, акпитал айналымына қызмет ете отырып, барлық жиынтық қоғамдық өнім айналысы мен айырбасында дәнекер бролады. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз формаларының көмегімен тауарлар айналысы, сондай-ақ несиелік және капиталдың қоғалысы жүзеге асырылады.