Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының мәнің терен түсіну

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 11:23, реферат

Описание

Конституциялық құқық мемлекеттегі ең негізгі құқық саласы б.т. Барлық құқық саласы одан бастау алады. Заң ғылымдарында «мемлекеттік құқық» термині «кон. құқық» орнына қолданылады. «Кон. құқық» деп атаған дұрысырақ. Себебі «ме.құқық» термині келесі себептерге сәйкес тиімсіз, тұрғындардың барлығы құқықты салаға бөлуді біле бермегендіктен, оны барлық ішкі мемлекеттік құқық ретінде түсінеді.

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының мәнің терен түсіну.docx

— 22.40 Кб (Скачать документ)

    Қазақстан Республикасының  Конституциялық құқығының  мәнің терен түсіну

    1. Конституциялық құқық мемлекеттегі ең негізгі құқық саласы б.т. Барлық құқық саласы одан бастау алады. Заң ғылымдарында «мемлекеттік құқық» термині «кон. құқық» орнына қолданылады. «Кон. құқық» деп атаған дұрысырақ. Себебі «ме.құқық» термині келесі себептерге сәйкес тиімсіз, тұрғындардың барлығы құқықты салаға бөлуді біле бермегендіктен, оны барлық ішкі мемлекеттік құқық ретінде түсінеді.

       ҚР  Конституцияылық  құқығы – бұл ҚР конституциялық құрылысын  ондағы адам мен азаматтардың құқықтық жағдайын мемлекеттік  және жергілікті басқару  органдарының мәртебесін белгілейтін конституциялық құқықтың нормаларының жиынтығы. Конституциялық құқық келесі  институттарды қарастырады: азаматтық, конституциялық құрылыс, Президент, Парламент, Үкмет, Сот, Конституциялық Кеңес, жергілікті басқару органдары.

    1. Конституция сөзі латынның  «constitutio» – бекіту, орнату деген сөзді білдіреді. Алғашқы конституция 1787 АҚШ-та, кейін 1789 жылы Францияда қабылданды. Кәзіргі кезде кез келген мемлекетте өз конституциясы бар.

       Қазақстан өз басынан 4 конституцияны өткерді (1937, 1978, 1993, 1995ж.ж.). Конституция –  бұл ұлттық құқықтың басқа көздеріне  қарағанда қоғам мен мемлекетте ең жоғары заңдық күші бар нормалардың  жиынтығы.

       Конституция – бұл халықтың жалпы еркін білдіретін, ең жоғарғы заңды  күшке ие қоғамның әлеуметтік, экономикалың, қоғамдық, саяси және рухани ізгілік өмірінің маңызды қағидалары мен институттарын  бекітетін қоғамның және мемлекеттің  негізгі заңы.

       Оның  белгілері:

       1.     ең жоғарғы заңдық күші болады.

       2.     ол тұрақты болады.

       3.      ерекше заңдық мазмұны.

       4.     оның Республиканың бүкіл аумағына тікелей және тура қолданылады.

       Конституциялық  құқық ғылымында конституцияны  әртүрлі негіздер бойынша топтастыруға болады.

       1.                                                                                                 Мемлекеттік құрлыс нысанына қарай конституцияны біртұтас және федерациялық.

       2.                                                                                                 Мемлекеттің саяси режимінің сипатына қарай демократиялық және демократиялық емес.

       3.                                                                                                 Қолданылу ұзақтығына қарай  тұрақты және уақытша конституция.

       4.                                                                                                 Нысанына қарай жазбаша және ауызша. Жазбаша (Қ.Р.), ауызша (Ұлыбритания).

       5.                                                                                                 Оған өзгерістер мен түзетулер еңгізілу әдістеріне қарай қатаң және олқы деп бөлінеді. Қатаң конституцияны сайлаушылар қауымы тікелей референдумда не арнаулы құрылтай  жиналыстарында қабылдананды. Олқы конституция әдетте Парламенттер қабылдайды, ал оларға өзгерістер мен түзетулерді еңгізу жай заңдарға тәріздес.тәртіппен, яғни көпшілік дауыспен заң шығарушы орган еңгізеді.

       6.                                                                                                 Конституциялар федералдық және оның құрамына кіретін субъектілердің конституциясы болып та бөлінеді.

Конституциялық  құқықта конституцияның нысаны атты ұғым кездеседі. Конституциялық нысан деп оның объективті өмір сүруінің әр түрлерін айтамыз. Ол 3 элементтен тұрады: а) заңды; б) ішкі нысаны; в) сыртқы нысаны. ҚР Конституциясы заңды күші бойынша жазбаша болып табылады. Конституцияның ішкі нысаны – оның құрлымдық мазмұны, яғни құрлымдық бөлімдерге бөлу. Бұл преамбула, тарау, баптар, баптың бөліктері, бап бөліктерінің тарияғынан тұрады. ҚР Конституциясы преамбуладан, тоғыз тараудан, 98 баптан тұрады. Конституцияның сыртқы нысаны ерекше атаудан, тілден және стилін білдіреді. ҚР ата заңы конституция деп аталады. Ол заңды тілмен жазылған. Оның мәтіндік мазмұны ресми іскерлік стилде жазылған.  

       Жалпы алғанда тұлғаның кең құқықтық мәртебесі  қоғамның мүшесі ретінде жеке тұлғаның нормативтік актілерінде белгіленген  құқықтарының, бостандықтары мен  міндеттерінің жиынтығы.

       Конституциялық  құқықтық мәртебені әртүрлі негіздер бойынша топтастыруға болады:

       1)     Субъектісіне байланысты: а) адамның конституциялық мәртебесі. б) ҚР азаматының. в) шетел азаматының. г) азаматтығы жоқ тұлғалардың мәртебесі.

       2)     Құқықтар, бостандықтар мен міндеттердің көлеміне байланысты: а) негізгі. б) толық. в) шектеулі мәртебе.

       Конституциялық  құқықтық мәртебенің мазмұны:

       1)     Конституциялық құқықтар, бостандықтар және міндеттер.

       2)     Азаматтық..

       3)     Конституциялық құқық қаблеттілік.

       4)     Конституциялық құқықтар мен бостандықтарын іске асырудың кепілдіктері.  

    1. адамның конституциялық  құқықтары мен  бостандықтарын, міндеттерін  тікелей түрлері  бар.

       а) өзіндік құқықтар мен бостандықтар. өмір сүру, жеке бастың бостандығына қол  сұғылмаушылық, әркімнің өзін қай ұлтқа  жататының өзі анықтауға және оны көрсету – көрсетпеуге, әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы, ешкімнің тұрғын үйге қол сұқпайтындығы, әркімнің еркін жүріп тұруға және тұрғылықты мекенді қолауынша таңдап алуға, жеке тұрғылықты мекенді қалауынша таңдап алуға, жеке өміріне қол сұғылмауына, ақпарат көздерімен танысуға құқығы,

       б) саяси құқығы мен бостандығы. Мұның  жеке адамға қатысты құқықтар мен  бостандықтардан ерекшелігі – саяси  құқықтар мен бостандықтар тек қана ҚР азаматына берілген. Олар бірлесу  бостандығы, құқығы, тікелей, не өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысу, референдумға қатысу, сайлауға қатысу не сайлану, бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға  тұру, мемлекеттік қызметке кіруге азаматтардың тең құқықтары.

       в) әлеуметтік, экономикалық құқықтар мен  бостандықтар. Оларға меншік иесі болу, еркін еңбек ету, қызмет саласы мен  кәсіпті еркін таңдап алу, қауіпсіздік  пен гигиена талаптарына сай  келетін еңбек жағдайына ие болу. Білім алу, тұрғын үйге ие боу, шығар  еркіндігіне кепілдік, дем алу, денсаулықты  сақтау, денсаулық, ұясына байланысты әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы.

       г) мәдени құқықтар мен бостандықтар. Білім алу, шығармашылық еркіндік құқығы.   

       2. Азаматтық бұл – адамның мемлекетпен,  оның өзара құқықтары мен міндеттері  жиынтығын білдіретін тұрақты  саяси – құқықтық байланыс  б.т. Мемлекет өз азаматтарын  елден тысқары жерлерде қорғауға  және қамқорлық жасауға кепілдік  береді. ҚР азаматтығын алудың  бірнеше жолы бар:

       1)     Туғаннан алу (қан және топырақ қағидасы бойынша).

       2)     Натурализация. Заң бойынша белгілі бір тәртіптердің белгіленуі.

       3)     Халықаралық шарттарға сәйкес (жеңілдетілуі).

       4)     Оптация.

       5)     Азаматтықты қалпына келтіру.

       6)     Азаматтықты сыйлау.

       ҚР  азаматтығы келесі негіздер бойынша  тоқтатылады:

       1)     азаматтықты беруден бас тарту;

       2)     азаматтықтан шығу;

       3)     азаматтықтан айыру;

       4)     азаматтықты жоғалту;

       5)     оптация.  

       3.     Конституциялық құқық субъектілік – бұл азаматтың конституциялық құқықтар мен бостандықтарға ие болу және оларды жүзеге асыру мүмкіншілігі.  

4. Конституциялық  құқықтар мен бостандықтарды  іске асырудың кепілдіктері. Демократияның  аса маңызды сипатты белгісі  мынада азаматтардың құқықтары  мен бостандықтары жарияланып  қана қоймай, оларға әр түрлі  кепілдіктер де беріледі. Олар  экономикалық, әлеуметтік, саяси, заңдық  кепілдіктер болып бөлінеді.  

4.

       Мемлекеттік билік – бұл мемлекеттік-құқықтық құралдар, әдістер мен тәсілдер жүйесі. Осылардың көмегімен қоғам өмірін экономикалық, әлеуметтік жеке рухани салаларын басқаруды жұзеге асырырылады. Билік мемлекеттік буындар жүйесі арқылы көрінеді. Мемлекеттік билік  аппарат арқылы жүзеге асады. Аппарат  буындар жүйесінен тұрады. Оның ішінде ең елеулісі органдар. Мемлекеттік  органдар – бұл белгіленген тәртіппен  құрылған азаматтар ұжымы, ол бірінғай мемлекеттік аппараттың бөлігі.

       Мемлекеттік органдар қызметті іске асыру нысаны бойынша - өкілді, атқарушы, сот прокуратура  және өзге де бақылаушы-қадағалаушы  органдарға биліктік бөліну қағидасы бойынша. Заң шығарушы, атқарушы және сот билігі, өклеттік мерзімі бойынша  тұрақты, уақытша және т.с.с.

       Мемлекеттік билік органдарының мынадай негізгі  түрі ерекшеленеді. ҚР Президенті, ҚР Парламенті, ҚР Үкметі, Сот органдары.

       ҚР  Президенті – мемлекет басшысы, мемлекеттің  ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық  қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды  тұлға.

       ҚР  Президентінің кандидаттығына мынадай  қатаң талаптар қойылады: тумасынан  ҚР азаматы, 40 жасқа толған, мемлекеттік  тілде еркін менгерген әрі  Қазақстанда кемінде 15 жыл бойы тұратын, әлде бір діннің қызметкері емес, заңмен белгіленген ретте өтелмеген  соттылығы жоқ және сайлау құқығы: мемлекеттік органға және  жергілікті өзін өзі басқару органына сайлауға және сайлануға құқығы бар азамат қана сайлана алады. Бір адам қатарынан екі ретпен ҚР Президентінің жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтарды жасырын дауыс беру арқылы 7 жылға сайланады. Президенті өзінің міндеттерін атқару кезінде қылмыстық іс-әрекеті үшін тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап береді. Айып тағу және оны тексеру туралы шешім Мәжіліс депутаттарының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша депутаттардың жалпы санының көпшілігімен қабылданады.

Президент науқастығына байланысты өз міндеттерін жүзеге асыруға  қаблетсіздігі деген жағдайда қызметінен мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін.

       Парламент – ҚР заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

       Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және ҚР астанасынан  екі адамнан, тиісінше облыстың республикалық  маңызы бар қаланың және ҚР астанасының  барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан  құралады. Сенаттың жеті депутатын  ҚР Президенті тағайындайды. Сенат  депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде  жасырын дауыс жолымен сайланады. ҚР кемінде 5 жыл азаматы болған, жасы 30 толған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл стажы бар, тиісті облыстық, республикалық маңызы бар қаланың  не ҚР астанасының аумағында кемінде 3 жыл тұрақты тұрған азамат 6 жыл мерзімінде Сенат депутаты болады.

       Мәжіліс – Парламенттің төмеңгі палатасы. Ол 77 депутаттан тұрады. 67 депутат Респубилканың  әкімшілік аумақтық бөлінісін ескеріле отырып қрылған және сайлаушылардың саны шамамен тең сайлау округтері  бойынша сайланады. Ал қалған 10 депутатпропарцианалды  сайлау жүйесі және партиялық тізімдер негізінде сайланады. Депутаттарды сайлау жалпыға бірдей  тең төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүргізіледі. Республиканың жасы 25 толған азаматы 5 жыл өкілеттік мерзімге мәжіліс депутаты бола алады.

       Парламент Палаталарының бөлек отырысында мәселелерді әуелі Мәжіліске, ал содан соң Сенатта өз кезегімен  қарау арқылы заң қабылданады: республикалық  бюджетті және оның атқарылу туралы есептерді, мемлекеттік салықтар мен алымдарды  белгілейді және оларды алып тастайды және басқа да өклеттіліктерді жүзеге асырады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының мәнің терен түсіну