Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының мәнің терен түсіну

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 11:23, реферат

Описание

Конституциялық құқық мемлекеттегі ең негізгі құқық саласы б.т. Барлық құқық саласы одан бастау алады. Заң ғылымдарында «мемлекеттік құқық» термині «кон. құқық» орнына қолданылады. «Кон. құқық» деп атаған дұрысырақ. Себебі «ме.құқық» термині келесі себептерге сәйкес тиімсіз, тұрғындардың барлығы құқықты салаға бөлуді біле бермегендіктен, оны барлық ішкі мемлекеттік құқық ретінде түсінеді.

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының мәнің терен түсіну.docx

— 22.40 Кб (Скачать документ)

ҚР Президенті мынадай жағдайларда: Парламент  Үкіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент Премьер-министрді тағайындауға екі рет келісім бермегенде, Парламент  Палаталары арасындағы не Парламент  пен мемлікеттік өкметтің басқа  тармақтары арасындағы еңсерілмейтін  келіспеушілік салдарынан саяси  дағдарыс болғанда Парламентті тарата алады.

       Үкмет – ҚР атқарушы билігін  жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін  басқаратын және олардың  қызметіне басшылық жасайтын орган. ҚР Үкметі – алқалы орган. Оның құрамына Үкмет мүшелері – респубилканың Премьер-министрі, оның орынбасарлары, министрлер және республиканың өзге де лауазымды адамдары кіреді. Премьер-министрді ҚР Президенті Парламенттің келісімімен қызметке тағайындайды. Премьер-министр өзі тағайындалған кейін он күн мерзімінде Үкметтің құрылымы мен құрамы туралы ҚР Президентіне ұсыныс еңгізеді.

       Үкмет Президент алдында жауапты. Үкметтің өклеттік мерзімі Президенттің өклеттік мерзіміне байланысты.

       Үкмет өкілеттіктері: елдің әлеуметтік-экономикалық саясатының, қорғаныс қаблетін, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі  бағыттарын әзірлейді, мәжіліске заң  жобаларын еңзізеді, министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың  қызметіне басшылық жасайды.

       Сот билігін – сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген  өзге де нысандары арқылы тек сот  қана жүзеге асырады. ҚР Сот жүйесі жоғарғы соттан және жергілікті соттардан  тұрады.

       Жергілікті  соттарға мыналар жатады:

       1)     Облыстық және оған теңестірілген соттар. (Астана және республикалық маңызы бар қалалардың соттары, әскерлердің әскери соты).

       2)     Аудандық  (қалалық) соттар, біріккен күштердің (гарнизондардың, құрамалардың, армиялардың) әскери соттары.

       ҚР-да шаруашылық, салықтық, әкімшілік, отбасылық  және өзге де мамандандырылған соттардың  құрылуы мүмкін.

       Судьялар  сот төрелігін іске асыру кезінде  тәуелсіз және тек Конституция мен  заңға ғана бағынады. Сот төрелігін  іске асыру жөніндегі соттың қызметіне  қандай да болсын араласуға жол берілмейді.

Информация о работе Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының мәнің терен түсіну